Берікбаева Ш.Е., Кенбаева Г.К.
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Алматы,
Қазақстан
БОЛАШАҚ КӘСІПТІК
ОҚЫТУ ПЕДАГОГЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Елбасының кезекті Жолдауы кез келген
салаға жаңа жобалар мен тың бастамалар әкелері
сөзсіз. Еліміздің жаңа бағыты бұл жолы инновациямен
тікелей байланысты болып отыр. Өркендеген мына заманда, Елбасының инновацияны
халық игілігіне тиімді пайдалануды тапсырып отырғандығы бекер
емес. Дамыған елдермен тең дәрежеге жету,
тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап алдыға
қойған ең үлкен мақсаттардың бірі. Сол
себепті, Елбасының міндеттеген үш тілділік
бағдарламасы,соның ішінде ағылшын тілін жетік
меңгеру аса маңызды. Жаңа инновацияны
«ұлттық» деңгейге жеткізу, Қазақстанның
алдынан жаңа белестер ашады. Сондықтан да, Елбасы Үкіметке
«Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді
тапсырды.
«Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг,
цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау,
білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы
салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің
өзінде дамыған елдердің экономикаларының
құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға
жаңа сапа дарытты» - деп атап көрсетті Жолдауында [1].
Осыған
орай қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі
реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен
жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына,
өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына,
жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз
болары анық.
Қазіргі
білім беру жүйесінің мақсаты бұл - білікті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматын, білімнің сапалы да саналы түрде
берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың, зиялылар
қауымының деңгейіне байланысты. ХХІ ғасырды адамзат «ақпарат
ғасыры», «білім ғасыры» деп
бағалап жүр. Өйткені ел болашағының кілті –
бүгінгі жас ұрпақтың қолында болса, жас
ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік
нұрын себуші – ұстаздардың қолында.
Қазақстан Республикасының
2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы еліміздің индустриалдық-инновациялық даму аясында білім беру саласына
жаңа тұрпаттағы міндеттерді жүктеп көрсеткен [2].
Бүгінгі инновациялар педагогика ғылымы мен
практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі
құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің
жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы
қызметін атқарады. Педагогикалық жаңалық -
жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес,
педагогикалық үдеріс элементтерінің
бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен
тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. Бұл
маңызды мәселе әсіресе
жоғары мектеп, оның ішінде болашақ кәсіби
оқыту педагогтарды даярлау үшін құнды.
Болашақ
кәсіптік оқыту педагогтарға қойылып отырған
талаптар мен міндеттер өте жоғары. Ғылым мен техниканың
жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,
адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің
басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі
ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Олар
инновациялық іс-әрекеттерді шебер меңгеру үшін,
оқыту әдістерінің барлық саласын, өзгерісті жетік
білулері қажет.
Қазіргі заманғы
оқыту тәжірибесінде бұл идея жүзеге асырылмайды: себебі,
кәсіби оқыту мамандарының инновациялық
іс-әрекетінің ерекшеліктері анықталған жоқ,
көптеген кәсіби білім беру мамандарында инновациялық
ұйымдастыру тәжірибесінде болашақ мамандарды дайындау
үдерісі айтарлықтай қиын. Кәсіби оқыту
маманының педагогикалық даярлығына қойып отырған
уақыт талабы мен оның жоғары оқу орындарында
кәсіби даярлық үдерісінде толық іске асырылмауы
арасындағы қайшылықтар
байқалды. Осы қайшылықтардың шешімін табу
мақсатында қоғамның инновация саласындағы
мамандардың кәсіби кадрларын даярлау, тетіктерін әзірлеу
құралдары, инновацияларға кәсіптік білім мамандарының даярлығын
қалыптастырудың технологиялары, сондай-ақ,
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі күнгі жоғары оқу
орындарының басты міндеті – бәсекеге қабілетті білікті
мамандарды дайындау. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу
орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді.
Сол талаптардың маңыздыларының бірі педагогикалық
үдерісінде инновациялық іс-әрекетті
жүргізу қажеттілігі.
Студенттерде инновациялық іс-әрекетке
дайындықты қалыптастыру үшін болашақ кәсіптік
оқыту педагогтарының инновациялық іс-әрекетке
дайындықтарын қамтамасыз ететін авторлық бағдарлама
(дәрістер) және «Кәсіптік оқыту педагогтарының инновациялық
іс-әрекеті» деген ПОӘК әзірленді. «Кәсіптік
оқыту педагогінің инновациялық іс-әрекеті» пәні
бойынша оқу-әдістемелік кешен жоғары оқу орнының
5B012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне
қатысты жасалған.
«Кәсіптік оқыту педагогінің
инновациялық іс-әрекеті» пәні таңдау бойынша
компоненттің элективті пәндер циклына кіреді және 5В012000 «Кәсіптік оқыту» бакалаврын
даярлаудағы негізі болып табылады.
Дайындалған авторлық
бағдарлама (дәрістер) және «Кәсіптік оқыту
педагогтарының инновациялық іс-әрекеті» ПОӘК - бұл кәсіптік оқыту
педагогтарын инновациялық іс-әрекетке дайындаудың
процессуалдық және мазмұндық компоненттерінің
бірлігін жанамалайтын педагогикалық құралдар жүйесін
білдіреді, және кәсіптік оқыту педагогтарының
инновациялық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың
ғылыми-әдістемелік негізі болады. «Кәсіптік оқыту
педагогтарының инновациялық іс-әрекеті» курстың
оқу-әдістемелік кешеніне мыналар кіреді: бағдарлама,
болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының
инновациялық іс-әрекетті меңгерулері бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар, кәсіптік оқыту педагогтарының
инновациялық іс-әрекеттерінің өлшемдері және
көрсеткіштері.
«Кәсіптік оқыту педагогтарының
инновациялық іс-әрекеті» бағдарламасының мақсаты
студенттерде инновациялық іс-әрекетке деген оң
көзқарасты, кәсіптік оқыту педагогтарының
инновациялық іс-әрекеттерінің мәнін және
құрылымын түсінуді, кәсіптік оқыту
педагогтарының инновациялық іс-әрекеттерін
ұйымдастырудағы инновациялық іс-әрекеттің
рөлін және қызметін сезінуді дамыту болып табылады.
Бағдарлама
бес тақырыптан тұрады, олардың әрқайсысы
үшін мазмұны, технологиясы, дидактикалық
құралдары, бағалау шаралары дайындалған. Сонымен
қатар дайындалған тақырыптар кәсіптік
оқыту педагогтарын инновациялық іс-әрекетке дайындау
сатыларына сәйкес келеді: уәждемелік-мақсаттық, ақпараттық-танымдық,
операциялық-іс-әрекеттік, процессуалдық-шығармашылық
және рефлексивтік-бағалаушылық.
Педагогикалық білім берудің
қазіргі тұжырымдамасы болашақ мамандардың инновациялық
іс-әрекетін арттыру, терең ғылыми кәсіптік –
педагогикалық дайындыққа жету үшін жағдай жасау
қажет деп шамалайды.
Тәжірибе барысында арнайы курс
бағдарламалары бойынша өткізілген
сабақтар мен жаттығулар жоғары оқу орындарындағы студенттердің терең
білім алып, кәсіби-шығармашылық тұрғыдан
өзін-өзі дамытып, жоспарланған жұмыстарды
қызығушылықпен орындап, меңгеріп шығуына
және кәсіби біліктілігін толықтыруына септігін тигізетіні
анықталды, сонымен қатар теориядан алған білімдерді практика
жүзінде жүзеге асыруына көмектескендігін қалыптастыру
эксперименті растады.
Қоғамның барлық салаларында
инновациялық іс-әрекеттерінің тереңінен енгізудің қолданыс аймағы уақыт
өткен сайын артып, оларды жоғары мектеп жүйесінің білім
беру үдерісінде пайдалану, сөйтіп жоғары кәсіби
мамандарды сапалы даярлаудың маңыздылығын күн
өткен сайын артып отыр. Осындай шарттардың барлығы
жоғары оқу орындарында оқыту мазмұнына сапа және
деңгей бойынша қойылатын талаптарға ықпалын тигізді.
Әдебиеттер:
1. «Қазақстанның
үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31
қаңтар.
2. Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан. -
2010. - 16 қазан.