Ахметқалиева Ләззат Жанатқызы

«Тұран» университетінің оқытушысы,

гуманитарлық ғылымдар магистрі

 

Орыс аудиториясында қазақ тілінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру мәселелері.

Қазақ тілін орыс аудиторясында деңгейлеп оқыту жүйесі қазіргі таңда қалыптасып келе жатыр. Әсіресе, екінші тіл ретінде қазақ тілін үйрету еуропалық білім беру стандарттарына сай А1(бастауыш деңгей), А2 (жалғастырушы деңгей), В1(орта деңгей), В2 (ортадан жоғары деңгей), С1 (жоғары деңгей)  деңгейлеріне бөліп оқыту толыққанды болмаса да бір жүйеге түсіп келе жатқан жайы бар. Дегенмен қазақ тілін бұл жүйеге толықтай бейімдеп оқытудың да өзіндік мәселелері жоқ емес. Біріншіден, жоғарыда аталған бес деңгей бойынша сапалы оқулықтардың аздығы, екіншіден, тіл үйренушілерге тіліміздегі күрделі оралымдар, тікелей аударуға келмейтін ұғымдарды меңгеріп кету ерекше қиындық тудыртады және сол түсініктерді бекітуге, үйренуге арналған практикалық жаттығу түрлерінің толыққанды қамтылмағандығын аңғарамыз. Үшіншіден, техникалық, я болмаса тілге қатысы жоқ гуманитарлық салада жұмыс жасап жатқан немесе оқып жүргендерге грамматиканы практикада қолданудың тиімді әдістемесі мен технологиясының тапшылығы да  күрделі мәселелердің бірі.

Жоғарғы оқу орнының орыс аудиториясындағы педагогикалық тәжірибиесіне сүйенетін болсақ, қазақ тілінің дәстүрлі формада үйретіліп келе жатқан грамматикасы тіл үйренушілер мектеп табалдырығынан әлсін-әлсін біледі, бірақ қазақ тілінде сөйлеу дағдысы қалыптаспаған. Грамматиканы білетін, қазақша түсінетін, алайда сөйлемейтін жастар мен ересектер саны көп. Қазақ тілінің даму жолында бұл үлкен кедергі.  Осы тұста деңгейлеп оқытуда сөйлеу тіліне үлкен мән берудің маңызы зор.

Қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында біраз оқулықтар (мысалы, орысша-қазақша тілашарлар, Ұлттық тестілеу орталығы шығарған бес деңгейлі тыңдалым (аудирования), лексика-грамматикалық, оқылым (чтение) бөліктерін қамтыған оқулықтар, жақынарада шығып жатқан «Ситуативті қазақ тілі») мен орталықтар және ғаламтордағы онлайн білім беру курстары да баршылық. Ғаламтор желісін шарлап көрген кез келген еліміздің азаматы бүгінгі күні мемлекеттік тілді дамыту жолында жасалған түрлі kitap.kz, uchim.kz, soyle.kz  сияқты  онлайн курстардың бар екеніне және мұндай сайттардың санының өсіп келе жатқанына көз жеткізе алады. Бұл аталған сайттар сөздік қорды молайтып және сөйлеу дағдысын тіл үйренуші өз бетімен қалыптастыруына септігін тигізеді. Айтып кететін бір жайт, тіл үйренушілерге ресурстар бар, енді сол ақпараттың ұсынылу сапасы және жаңа үлгілері мен әдістері, технологиясы жеткіліксіз. Осы тұста тіл мамандары кез келген жаңа стандартқа сай шығып жатқан оқулық бойынша  әдістемелерді қатар ұсынып отырса мәселенің бір шамасы дерлік шешімін табар еді. Және де дәстүрлі грамматикасыз тілді үйренуге болатын жаңа әдістер қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие.

Қазақ тілін үйретуде бір шоғыр мәселелердің басын аша келе, А2 және В1 деңгейінде оқып жүрген орыс аудиториясына төмендегідей жаттығу жұмыстарының үлгісін ұсынғым келеді.

1-тапсырма. Асты сызылған сөздерді төменде берілген қажетті сөздермен алмастырыңыз.

1.Вкратце бұл әңгіме адамның рухани байлығы туралы баяндалған. 2. Мұнда отырғандардың барлығы каждый по отдельности бастық. 3. Неожиданно кенішімізге аудиттен тексеріс келді. 4. Оның маған айтарға сөзі жоқ, қарауға мүлдем нет совести. 5. В одно мгновение жұмыс уақыты өте шықты. 6. Сіздің одно слово аталған мәселені шешеді. 7. Ұжымымыздың наилучший қызметкері жақында басқа жұмысқа ауысып кетті. 8. Есепші маңызды құжаттарға подписывать керек еді. 9. Жазған шығармаңыздың начало и конец жоқ. 10. Достар қиын жағдайларда помогают. 11. Лапылдаған оттан құтқарушының все лицо күйіп кетіпті. 12. Образованный адам өзіне де, өзгеге де әділетті келеді.

 

Сөздер: бас-басына, бет-аузы, оның беті жоқ, қас пен көздің арасында, беткеұстары, көзі ашық, қол қою, аяқ астынан, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бір ауыз сөз, қол ұшын беру, бас-аяғы.

 

2-тапсырма. Асты сызылған сөздерді күрделі тіркестермен алмастырып айтып көріңіз.

1.Ол соншалықты тез сөйлейді, мен ешнәрсе түсінбедім. 2. Алмаз Еркежанға қадалып қарады. Бәлкім, ұнатып қалған болар... 3. Кейбір адамдар көп жағдайды елемейді. 4. Асан бүлдіріп қойған ісі үшін ұзақ ұялып жүрді.  5. Тексеріс кезінде өз міндеттерін дұрыс атқармаған қызметкерлерге ұйым басшысы қатты ұрысты. 6. Кеше ғана ауыр сөз айтқан адам бүгін ұялмай амандасып жүр. 7. Тіл алмаған баланы ата-анасы ұрыспай қоймайды. 8. Ол күні бойы бұлтиып, үндемей жүрді. 9. Студенттер үйіндегі кезекші жоғарғы қабаттағылардың тәртібін бақылап қарап жүрді.  10. Асқар үстел үстінде жатқан қағазға қарамай, кабинетінен шығып кетті.

 

Күрделі сөз тіркестері: көзін алмау, бетінен оты шығу, көз салмау, көзге ілмеу, басынан сипау/сипамау, жұмған аузын ашпау, көзінен таса қылмау, беті бүлк етпеу, аузы-аузына жұқпау, ит терісін басына қаптау.

 

3-тапсырма. Берілген портретке қарап мына тіркестер арқылы сипаттап көріңіз және суреттен қандай ұлы тұлғаларды танып тұрсыз.

1.   Мұрын –қолағаштай, құс, пұшық, тәмпіш, таңқы, қыр;

2.   Картинки по запросу сәкен сейфуллинКөз – күлім, қой, қысық, бота;

3.   Шаш – бұйра, қалың, қолаң, қысқа, толқын;

4.   Қас  – қою, қиғаш, жұқа;

5.   Құлақ–қалқан, жымырайған, кішкентай;

6.   Ерін –жұқа, қалың;

7.   Маңдай –ашық, кең, тар.

 


Картинки по запросу бейімбет майлин

 

Қорытындылай келе,  жоғарыда құрастырылған тапсырмалар арқылы тіл үйренуші тұрақты тіркестерді ойда бекітіп, порттреттерді сипаттай отырып, қазағымыздың біртуар ұлы тұлғаларымен танысып, сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Романенко Е. Разговорный Казахский Легко: пособие для начинающих с упражнениями и ответами. - Алматы: ИП Романенко Е.И., 2007. -136 с.

2. Ермекова К., Кадыр С. Танымгер 2: Изучаем казахский легко! – Алматы: Мектеп, 2011. –  48-51 б.