Политология / региональные политические процессы

 

Нурсултанова Л.Н., Байсарин О.

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева, Астана

ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің жүйелік және кешенді талдауындағы қатынастар мен энергетикалық саладағы зерттеулер

XXI ғасырдың алғашқы онжылдығында, әлемдік қауіпсіздік, ұлттық мемлекеттердің дамуын, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси қарқындарын анықтайтын, энергетикалық қауіпсіздіктің аймақтық және жаһандық проблемаларын шешуге орасан көңіл бөлуде. Халықаралық қатынастардың заманауи жүйесі жаңа геосаяси және геоэкономикалық ақиқаттармен сипатталады.  Дәстүрлі емес және әскери емес жаһандық және аймақтық деңгейдегі қауіптердің өсуімен, сондай-ақ елдер мен аймақтардың өзара байланыстарының күшеюінен, базалық энергетикалық қорлардың сарқылу процессі де қатар өрбуде. Мұның барлығы қауіпсіздік санатының "ерекше" дәрежесін бере отырып, әлемдік саясаттың күн тәртібіндегі энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін алға тартады [1].

        Жаһандану процессінің күн санап ілгерілеуіне байланысты, мемлекеттердің ұйымдары мен кеңестерінің артуынан, олардың елдер мен ұйымдармен өзіндік саясаттарының тиімді жүзеге асуы әрі энергетикамен қоса, жалпы мүдделерінің өзара ұғынысуларын қолдайтын қарым қатынастарды бекітетіні жөніндегі фактілерді жоққа шығармаймыз. Қос субаймақтық байланыстар – Еуропалық кеңес пен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық және әлемдік деңгейлердегі маңыздылығы айқындала түсуде, бұл ұйымдардың саясаты мен жеке ұстанымдары энергетикалық қауіпсіздік саласында жүзеге асуда.

Қазақстанның ШЫҰ  толықтай құқылы мүше-мемлекет ретінде тіркелуі және қатысуы,   ЕК серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қоюы  – еліміздің аймақтық саясатының шынайылығымен негізделген қос өзара байланысқан  үдерістер. Орасан зор Еуроазиаттық құрлықтағы ынтымақтастықтың дамуына, өз мемлекеттері айналасындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнату бойынша біркелкі мақсаттарды ұстанатын, сипаттары бойынша екі бөлек ұйымның қызмет етуіне ықпал болады. 2007 ж. Астана қаласындағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің жүргізілуі және аймақтарға арналған ЕК Орталық азиялық стратегияларының қабылдануы орынды әрі әділетті еді. Оған қоса 2011 ж. 15 маусымында Астанада мемлекет басшылары мен үкіметтің қатысуымен өткен, ұйымның 10-жылдық мерейтойына арналған ШЫҰ саммиті ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР белсенді қатысуының елеулі үлесінен құрылған ШЫҰ нығайтуға қажетті тиісті шаралардың бәрін жасап жатқанын ескерді. Сыртқы саясатымыздың бірден-бір басымдылығы Шанхай ұйымы шеңберіндегі еларалық қарым-қатынастар болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ Энергетикалық клуб жұмыстарының маңыздылығын: "Қазақстан Клубтың ең әуелгі төрағасы ретінде жоғарғы деңгейдегі топтардың отырысын ұйымдастыра білді. Тараптардың одан әрменгі белсенді қатысуларын күтеміз» -деп өз сөзінде аңғартты [2].

        ШЫҰ құрылғаннан бастап ол өзінің қызметке қабілеттігі мен едәуір қор қарымын көрсете білді. Бүгінде ол консультативтік құрылымнан, бірден-бір беделді аймақаралық ұйымға айналды, оның ондаған жылдар бойғы ықпалы мен әсері жөнінде Еуропалық Кеңеске дейінгі, еуропа елдерімен қоса халықаралық құрылымдар мен бірқатар елдердің еселеп өсіп жатқан қызығушылығы куәлік етеді. Заманауи энергетикалық тегеуріндердің кешендік, өзара байланысқан сипатын тани отырып, бүгінде елдер мен аймақтардың, халықаралық ұйымдардың алдында, экономика, қаржы, энергетикалық және сауда-саттық қауіпсіздігі салаларындағы үйлестірілген қадамдардың барлық әрекеттерін жүзеге асыру бойынша міндеттері тұр.

       Энергетикалық қауіпсіздіктің түпкі мәселелерінің негізінде әлем бойынша теңдей таралмауымен сипатталатын көмірсутектік ресурстардың қолданысы, оларға деген сұраныстың артуы (шамамен 90 пайыз), сондай-ақ мемлекеттердің құбыржелілік саясаттарынан туындайтын жаһандық әрі аймақтық қарама-қайшылықтардың күрделенуінде жатыр [3, 318-324].

       Энергетикалық фактор мемлекет дамуының негізінде жататындықтан, оның энергетикалық жүйесінде анықталатын экономикалық және ұлттық қауіпсіздігі мен тұрақтылығы ретінде қандай да бір өндіруші - елдердің, тұтынушылар немесе транзиттік елдер тобының құрамына енуі болып табылады.

       Энергетикалық ресурс нарығының жаһандық сипаты, өзара қарым-қатынас пен дипломатияның жаңа деңгейіне шығуына, мемлекеттердің серікестік топтарға бірлесуіне алып келеді. 1970 жылдардан бергі құрылған батыс елдерінің саясатымен байланысты, қарым-қатынас тізбегі мен классикалық құрылымнан біртіндеп шыға бастау, энергетикалық фактор ұғымының ресурстармен қамтудың әскери-саяси құралы ретінде өзгеруі, сондай-ақ ішкі экономикалық қажеттіліктерін қамтуға бағытталған дамушы елдер саясатының назарының сыртқы әрекеттерге алмасуы салдары, елдер арасындағы дипломатиялық қатынастың жаңа деңгейін қалыптастырады.

       Энергетикалық зерттеулер проблематикасының академиялық дискурсының алдында аймақтық кешен желілерінің құрылуы көмегімен жаһандық энергетикалық қауіпсіздік архитектурасының қалыптасуымен байланысты энергетикалық саладағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың жаңа амалдары мен механизмдерін жасау қажеттігі секілді өткір мәселе тұр. Қазақстанның гeографиялық ахуалы, сондай-ақ энергетикалық қауқары, шектес мемлекеттер аймақтары арқылы экспорттық құбыр желілерінің құрылуы қажеттіліктерімен байланысты жүргізілетін энергетикалық және құбыржелілік саясат экономикасы мен көпвекторлы сипат құрылымындағы қуат ресурстарының үлесін анықтайды.

         Қазақстан, өзінің трансформациялық даму сатысын аяқтай отырып, экономиканың дамуы мен әлемдік дағдарыс қауіптерін алдын алу және экономикалық қатынастардың халықаралық жүйесіне интеграциялануының одан әрі сапалы серпілісі үшін жаңа  міндеттерін алға тартуда [3]. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді және тұрақты дамуының стратегиясы, Орталық Азияның аймақаралық интеграциялану мәселелерінде еліміздің ұзақмерзімді басымдылығын байқатқан кезекті дамудың жаңа сатысын анықтап берді.  Стратегиялық серіктестікті нығайту және энергетикалық қарым-қатынастың тиімді диалогының дамуы, қауіптер мен тегеуріндерге төтеп берудің бірлескен күштері, аймақтың әрі аймақтық интеграцияның дамуын қамтудағы Қазақстан және аймақ елдерінің мүдделіліктерін айқын көрсетеді.

        Осыған байланысты, саяси ілімде ҚХР мен РФ Орталық Азия аймағындағы теориялық тәжірибелік аймақтық саяси аспектілерін ұғынуға әрі қандай да бір аймақтық ұйымдардың құрылымдары, мақсаттары мен міндеттерін зерттеуге арналған ұлттық мүдделер саласын нақтыландыруға мүмкіндік беретін зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі қаралуда.

        Орталық Азия елдері қазірдің өзінде аймақтағы интеграциялық жобалардың  едәуір тәжірибесіне ие. ШЫҰ ерекшелігі ретінде энергетикалық тізбектің тұйық шеңберінің болсын, дамуы энергетикалық кешеннің құрылуымен жеңілдеген сыртқы транзиттік арналар да болып табылады. Айтарлықтай энергетикалық қарқынға ие ШЫҰ, аймақтық кешендік қауіпсіздіктерін біріктіре отырып, өз алдына ел аймақтарының экономикалық дамуларының потенциалдық моделін ұсынады. 

       ШЫҰ дамуы аймақ пен әлемдегі трансформациялық процесстерге конструктивтік ықпал ету потенциалына ие Еуразиядағы аймақтық қауіпсіздік кешенін ұсына отырып, өз бағытының айқын контурын ұстанады. Ұйымның аймақтық дамуына, Ресеймен қатар Қытай да елеулі рөл атқарады. Пост-Маолық кезеңнің бас кезінде идеологиялар мен революциялардан, прагматизм мен реформаларға сыртқысаяси бағытта концептуалды ауыса отырып, ҚХР өзінің сыртқы саясатының трансформациясын паш етті. Аталмыш кезең Қытайдың қоршаған әлемінің ғылыми талдауы мен өзге елдердің саясаттарын және принциптерін зерттеу ісі жаңа толқынның бастауына жол ашты. Еуропалық Кеңесті қоса отырып, көлік дәліздері мәселелерімен байланысты, аймақтағы ұлы державалардың стратегиялық мүдделерінің ұштасуы, Орталық Азия елдері мен аймақтарындағы ШЫҰ рөлінің қайта қаралуына алып келеді.

       Еуропалық Кеңес, Орталық Азия елдерінің аймақтық саясатындағы саяси аспектінің маңыздылығын ескере отырып, энергетикалық қауіпсіздік, терроризм, ислам экстремизмі, есірткі трафигі мен бақылаусыз миграция қауіптері мәселелерін шешу ісіне орасан көп мән береді. ЕК субаймақтық құрылым ретінде ШЫҰ серіктестіктің айқын сызығын сызбағанына қарамастан, оның қатысушылары арасындағы қарым-қатынастар қостараптық форматта жүзеге асуда. ШЫҰ мен ЕК аймақтық қауіпсіздік кешендерінің өзара тәуекелдігі мен өзара толықтырылуы, құрылымдардың бір-бірінің ықпалының өзгеруіне әсер етеді.

      Еуропалық Кеңес мемлекеттерінің экономикалық интеграциясы мәнмәтінінде ЭХК аясындағы құқықтық шеңберлер мен технологиялардың дамуы бойынша энергетикалық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты тереңдетуге арналған өзара схемалардың серияларымен, көмірсутек тасымалдары кедергілерін алдын алудың

ХЭА бастамаларымен бірлескен аймақтық энергетикалық қарым-қатынастардың негіздері құрылды.

        ШЫҰ аймақтық кешені шеңберіндегі аймақ мемлекеттерінің көмірсутектік болсын, гидроэнергетикалық болсын әлеуетін біріктіретін бірыңғай энергетикалық жүйенің құрылуы, мемлекетаралық қатынастардың проблемаларын азайтуға мүмкіндік береді және аймақтың бейбіт, тұрақты дамуы үшін негіз болады.

       ЕК энергетика саласындағы серіктестік бойынша жанжақты үкіметаралық келісімдерінің құрылуы, көмірсутек тасымалдарының қауіпсіздігін қамтып, инвестициялық тәуекелдерді төмендетті және Орталық Азияға өзінің рөлі берілген, Шығыстық серіктестік бағдарламасын белсенді дамытуға жол ашты.

       Батыстық тарихнамада ішкі энергетикалық қажеттіліктерді қамтумен және Ресейдің жалпыеуропалық газ нарығына ықпалын азайтумен байланысты еуропа мемлекеттерінің сыртқы саясатына арналған айтарлықтай жұмыстар көлемі бар.       Еуропа зерттеушілерінің арасынан ең алдымен Д. Ергин, Г. Глисон, М. Мерлингтің еңбектерін алға тартқан орынды .

        М. Мерлинг өзінің ЕК қауіпсіздік саясаты жөніндегі жұмысында, ресей қуат тасымалдағыштары импортының жоғарғы тәуелдігін назарға ала отырып, құрылымдық және саяси факторлардың құрылымдары болып табылатын Еуропалық Кеңестің күрделі алаңдаушылық танытулары мен РФ өзара қарым-қатынастық ерекшеліктері турасында сөз қоғайды. ЕК проблемалары Орталық Азияның, Оңтүстік Кавказдың, Молдавия мен Украинаның қарымды экспортшылары және транзиттік арналары ретіндегі геоэкономикалық маңыздылықтарын ұлғайтты.

       Ж. Бугажски, Ресей экономикасының жылсайынғы 7% өсімін, мемлекеттің көмірсутектерінің Еуропалық нарыққа монополиялануына  назар аңғартады. А. Матвеева, РФ мен ЕК арасынағы кикілжіңдік потенциалын талдай отырып, ЕК энергетикалық саладағы саясатының трансформациясы мен ресейлік-украиндық газ дағдарысынан кейінгі қуатпен қамту мәселелеріің Орталық Азия тарапына ауысуын ескереді. А. Орбан өзінің жаңа ресей империализмі жұмысында «Газпромның» мақсаты Орталық Еуропаның қуатпен қамтылуларының әртараптану амалдарын тойтару деген қорытындыға келеді. ҚХР сыртқы саяси басымдылықтары мен Каспийдің рөлі М. Лантен, Т.Гранттың жұмыстарында көрініс табады [4].

       Орталық Азиядағы Еуропалық саясаттың талдауы мен Қытайдың рөлі жөніндегі жұмыстар Д. Дориан, С. Бланк, Д. Энкельманның еңбектерінде жарық көрген . Д. Энкельман азаматтық құндылықтар мен экономикалық реформалардың алға жылжуы қуаттасымалдағыштардың тұрақты жөнелтілуінің кепілі үшін жағдайларды құру негізінің саясаты туралы Еуропалық Кеңңестің Орталық  азия стратегиялары жөніндегі өзінің қызықты баяндамасын ұсынады. Оған қоса, Орталық Азия аймағы өзінің гомогенді дамуы бойынша қарастырылуына қарамастан, экономикалық дамудағы айырмашылықтарды ЕК түрленген тәсілі анықтайды.

       О. Антоненконың ЕК пен ШЫҰ серіктестігінің келешегі жөніндегі жұмысы көңілден шығуда. О. Антоненконың пікірінше, ЕК даймақтағы кепілдік пен қауіпсіздікті қамтуда мүдделі, Шанхай құрылымдарымен қатынастардың дамуына бағытталуы қажет. Дәл осы мақсаттар немістің бұрынғы сыртқы істер министрі Ф. Штайнмайермен 2006 жылы, үш стратегиялық мүдделерді сақтап қалу туралы сөзінде айтылды: тұрақсыз Ауғанстан, Пәкістан және Иран елдеріне жақын; ислам іргетасы мен энергетикалық ресурстардың мол қоры сақталған. Берілген саясат негізіне аналитикалық міндеттердің шешімі жататын, ШЫҰ-мен серіктестіктің сақталуына арқау болуы қажет .

ШЫҰ қарама-қайшылық сипат, О. Антоненконың пікірінше,  ЕК ұқсас мемлекетүсті органның болмауымен және қос ұйымның көшбасшыларының келіспеушіліктерімен байланысты ол ШЫҰ бастамасындағы экономикалық жобалардың жүзеге асуының үлкен тежеуіне алып келеді. Егер ҚХР экономикалық құрамдастықтың тұтастығын көретін болса, онда Ресей үшін әскери қауіпсіздік мәселелері маңыздырақ.

       ЕК осал тұсы, автор ескергеніндей, ШЫҰ қатынасы бойынша келісілген және нақты стратегиялардың жоқтығы болып есептеледі. Өзара диалог пен түсіністіктерге негізделген жаңа амал Қытай мен Ресейдің ОА маңызды мақсаттарын түсінуге жол береді. Оған қоса, ресейлік сарапшы, қос құрылымның қарым-қатынасы жетістігі, ЕК жөнелтілген энергетикалық қорлардың кепілдерін алуға мүмкіндік береді деп есептейді.

       ЕК пен ҚХР қатынастары туралы Г. Вакердің, ҚХР қатынасы бойынша бірыңғай және ойластырылған позициялардың болмауы жөніндегі тоқтамға алып келетін жұмыстарында көрініс табады . Аталған тезис, неміс ғылым және технологиялар Қорының сарапшысы (SWP) Н. Годехардтпен расталады. 2003-2005 жылдары кезеңдеріндегі оң нәтижемен сипатталған қатынастар, ҚХР Еуропалық қауіпсіздік Стратегиясына, Азиядағы үш стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде қосылуы, ГФР екіжақты қарым-қатынасы мен мүдделеріне негізделіп, ол жөнінде тұрақты кездесулердің жоғарғы деңгейі куәлік етеді. Алайда, 1990 бастап 2005 жылға дейінгі қолайлы кезең, ҚХР жаһандық тұрақтылыққа қауіп ретіндегі онжылдықтармен алмасты.

      Еуропа зерттеушілерінің бірқатар жұмыстары Қытай мен «Әлемдік дамудағы үлкен стратегиясына арналған», Э. Голдстайн өзінің Қытай стратегиясы жөніндегі талдауында сыртқы саясат пен ұлт мүдделері құрамдастарын байланыстырушысы ретіндегі кең түсінігін береді. Одан бөлек, ҚХР тарихи мұрасымен байланысты, әскери, экономикалық және дипломатиялық сипаттағы нақты бастамалар анықталады [5].

      Қытай сарапшыларының ҚХР әлемдік саясат пен өзінің рөлінің сайлануы турасындағы қытай сарапшыларының академиялық дискурстар талдауын түсіндірген неміс зерттеушісі Н. Нозельттің еңбектері ескерусіз қалмады.     

      Сонымен, қытай сарапшыларының ұстанымдарына сәйкес, XXI алғашқы онжылдығы халықаралық саясаттың қос негізгі тенденцияларымен сипатталды. Оның екеуі де халықаралық жүйе факторлары арасындағы энергетикалық ресурстардың жіктелуімен байланысты. Батыстың теоретикалық дискуссиялары полюстердің болуымен немесе олардың әлемдік саясаттан тыс қалуларымен байланысты, қытай қоғамының эталондық моделі ретінде «бір ірі мемлекет пен көп державалар» ұғымы болып табылды.  Осыған орай, болжамдырақ қытай сценарийі бірполярлы құрылымнан көпполярлы, көпсубъектілі құрылымға біртіндеп ауысуы болып табылады. Одан бөлек, қытай сарапшыларының айтуына сәйкес, әлемдік саясаттың негізгі акценті, Азия тарапына қарай ығысатын болады, және қағида бойынша Оңтүстік және Солтүстік арасындағы жаһандық қарама-қайшылықтар жөніндегі концепцияның батыстық және батыстық емес аймақтармен ауысуы орын алады [6,11-12].

Ресейлік историография Орталық Азиядағы ЕК саясатына; ШЫҰ мен ЕК қатысушы-мемлекеттерімен екіжақты қатынастарға арналған, кең жұмыстар қатарымен ұсынылған.

ОАР-дағы Қытайдың сыртқы саясаты мен стратегиялары мәселелеріне М. Носов, С. Лузянин, А. Медведев, А.Строков, О. Столповский және А. Лымарь секілді ресей зерттеушілерінің бірқатар жұмыстары арналған [7].

    Ресейлік сарапшы С. Лузянин, Ресеймен қабылданған ОА елдерімен көліктік, бағалық және өндірістік сұрақтармен түйісетін ШЫҰ экспортшылары мен импортшыларының қарым-қатынасын жүзеге асыру механизмін құру және энергетикалық жүйені қалыптастыру бойынша бірқатар басымдылықтарды ескереді.  Жеке энергетикалық құрылым ұйымдарына арналған инвестициялық ресурстардың шектелу фактілерін мойындай отырып, автор мұнайгаз ресурстарын барлау және әзірлеу ісінде қытай капиталының қатысу қажеттілігін көреді .

Отандық тарихнамада ҚХР сыртқы саясаты мен стратегияларына, Орталық Азиядағы Ресейдің стратегияларына, ОА елдерінің энергетикалық саясатына арналған бірқатар жұмыстар көлемі бар, атап айтқанда М. Лаумулин, К. Сыроежкин, А. Акимов, М. Губайдуллина, Р. Изимов, Б. Дуйсебаевтың еңбектерін ескеруге болады .

       ЕК-тің Орталық Азиядағы стратегиясы саясаты М. Лаумулин, К. Байзакова, К. Исаев, Г. Мовкебаеваның жұмыстарында қарастырылған [8].

       Энергетикалық қауіпсіздіктің жалпы концептуалдық аспектілеріне келетін болсақ, маңызды жұмыстарды Каратаева Л.Р., Сайфуллина А., Тажин М. ұсынады .

       Ресей, Қытай және Батыстың саясатын талдай отырып, қазақстандық сарапшы К. Сыроежкин мемлекет қарым-қатынастары сипатының прагматикалық және қатаң амалдарға қарай ауысуы жөнін де аңғарады. РФ-ның Орталық Азия аймағында және посткеңестік кеңістіктегі өсуші ықпалын ескере отырып, бұл енуі мәжбүрлі әрі өзара тиімді болып табылатын, ҚХР мен болсын, батыс елдерімен болсын аймақтағы бәсекелестіктің сақталуына алып келеді. ОА көшбасшы елдерінің геосаяси акторларының қарсылықтарын теңгеруді ескере отырып, өзара заманауи шешімдермен шешілетін, аймақтық интеграция мен қауіпсіздік келешектерінің бұзыуына алып келеді. Көмірсутек шикізатының сатылымына икемделген елдер Б. Дүйсебаев аңғарғандай, бағаның күрт төмендеуінен туындайтын ресурстық құлдырау синдромына шалдығады [9].

          Г. Мовкебаева, ЕК-ің ЦА-дағы саясатының келешегі туралы талдауында энергетикалық саладағы сыртқысаяси курстың 6 негізгі принциптерін бөліп жарады. Оған қызметтердің бірлігін, ұлттық нарықтардың интеграциясын, ынтымақтастықты, тұрақтылық пен дереккөздердің алуандығын, сондай-ақ қос маңызды позиция: диверсификация мен кейінге ысырылмайтын әрекеттердің ғылыми-техникалық прогрессін жатқызғаны орынды. Трансформацияны басынан кешірген Еуропалық Кеңес үшін ең бірінші басымдылық, ішкі аймақтық энергетикалық нарықтың құрылуы болып табылады, ол жайында 2011 ж. ақпанындағы Еуропалық Кеңес отырысындағы Ж. Баррозудың сөйлеген сөздері дәлел бола алады.

          К. Байзакова, өзінің ЕК-тің ОА-мен саяси-құқықтық негіздегі серіктестігі талдауында, , Еуропалық концепцияның жаңа мемлекеттермен қарым-қатынасын қалыптастыру ісі ЕК посткеңестік мемлекеттермен тікелей байланысқа түсе бастаулары сәтінен 1991 жылы басталған деген қорытындыға келеді. Одан бөлек, ЕК серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қоя отырып, мемлекеттердің еуропалық экономикаға одан әрі интеграциялануы үшін іргетасын қалады [10].

           Қорытындылай келе, еуропалық кеңес энергетикалық  тақырыбы бойынша тарихнама кең ауқымда зерттеліп,  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының азиялық болсын, еуропалық болсын энергетикалық нарықтары жүйесіндегі мүдделерге жататын, біріктірілген энергетикалық нарықты қалыптастырудағы құрылым құрушы ұйымдар ретінде , теориялық қорытындылардың маңызын  ашады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Современная мировая политика: Прикладной анализ / ред.А.Д.Богатуров. – М.: Аспект Пресс, 2015. – 588б.

 2. Назарбаев Н. Приветственная речь по случаю 10-летия ШОС // Казахстанская Правда , №118-119 (26539-26540) 08.04.2014

3. Концепция Внешней политики РК на 2014-2020 годы, утвержденная Указом Президента РК от 21 января  2014 № 741 // Официальный интернет ресурс  МИД РК

4. Merlingen M. EU security policy : what is it, how it works, why it matter? -2012.-355 б.

5. Қазақстан мен ШЫҰ екіжақты қарым-қатынастары // Дипломатия жаршысы .-2012.  –№ 1(23). 68 б.

6. Matveeva A. EU stakes in Central Asia // Chaillot paper. – July, 2016. - №91 //http://www.iss.europe.eu/uploads/media/cp091.pdf

7. Orban A. Power, Energy and the Russian Imerialism // Praeger Security Internateional, 2008.  – 249 б

8.Носов М. ЕС – Китай : на пути к глобальному партнерству // Современная Европа , 2005 - №2. -39-51 б

9. Кузьмина Е. Экономические интересы ЕС в ЦА // Казахстан –Россия-Европейский Союз : перспективы стратегического партнерство

10. Лузьянин С. Еуразиялық Қауіпсіздік: кооперация немесе қақтығыс қызығушылқтары?  // Еуропалық Одақ – Казақстан-Ресей: Қытаймен қарым қатынастар жағдайы. ред.  Б.Султанов. – Алматы : КИСИ при Президенте РК, 21 маусым 2014. – 228 б.