Заркенов М.С.
Қазақстан
Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау
органдары академиясы, Қазақстан Республикасы
Табиғи монополия салаларындағы сатып алуды
өткізудің форматын өзгерту
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрінің «Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді
(бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті
деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары
ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу
қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында (бұдан
әрi – Қағидалар), жалпы табиғи монополиялар салаларында
сатып алуды өткiзу тәртiбi айқындалған [1].
Аталған Қағидаларда тендерді тек қағаз
жүзінде (веб-портал көмегінсіз) өткізу тәртібі
қарастырылған.
Өз кезегінде, бұл Қағидалар бойынша сатып
алудың қағаз жүзінде
өткізілуі бүгінгі күні біздің мемлекетімізде
жұмыс істейтін электронды мемлекеттік сатып алуға
қарағанда ескірген және қазіргі уақытқа
лайықты емес.
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтар
айындағы «Қазақстанның үшінші
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
атты Қазақстан халқына Жолдауында:
«Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру.
Квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия және жер қойнауын
пайдалану салаларында сатып алу шараларын өткізу әдістерін
түбегейлі қайта қарастыру керек», — делінген [2].
Осыған орай, бізбен Қағидаларды мемлекетімізде бекітілген
мемлекеттік электронды сатып алуды өткізу қағидаларына
сәйкестендіру арқылы табиғи монополия салаларында сатып алу
үрдісін электронды түрде өткізілуі ұсынылады.
Еуразиялық экономикалық одақ барлық одақтас
мемлекеттер арасында тауарлардың, қызметтердің,
капиталдың және жұмыс күшінің еркін
қозғалуын қарастырады. Осы төрт еркіндік
евразиялық интеграцияның мәнін құрайды.
Соған қоса, Евразиялық экономикалық комиссия
қызметтерінің басты бағыттарына табиғи монополия
салалары, энергетикалық, бәсекелестік саясаттары және т.б.
жатады [3].
Осылайша, табиғи монополия салаларындағы сатып алуды электронды
түрде жүргізудің маңызы соншалық, осы
қарастырып отырған саламыз нарықты кеңейтіп аталмыш
одақтың бірыңғай сатып алу жүйесіне кіруіне
мүмкіндік береді және оның келешекте серпінді дамуына
жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазіргі таңда, шет елдерде компьютерлік байланыстар
арқылы экономиканың қаржы және сауда мәмілелері
жүзеге асырылатын электронды коммерция іске асырылып, жетілдірілуде. Ол
әр түрлі санаттағы нысандар жүзінде жүзеге
асырылады. Мысалы, бізбен ұсынылып отырған интернет алаңы
«B2B» нысанда коммерциялық ұйымдар арасындағы
қарым-қатынасқа қатысты. Ондағы электронды
сауда-саттық қызметі кез келген сауданы жедел және ашық
жүргізеді. Сондай-ақ, бұл тапсырыс берушіге интерактивті
түрде тапсырыстың орындалу процесін бақылауға
мүмкіндігі бар.
Аталған электронды коммерцияның келешектегі
артықшылықтарына:
-
ғаламдық
көлемде жүргізілуі;
-
шығынның
шағымдалуы;
-
жеткізілімнің
жақсаруы;
-
демалыс,
мейрам күндеріне қарамастан тәулік бойынша порталдың
ашық болуы, яғни кез келген уақытта тапсырыс беру
мүмкіндігі бар;
-
дербестенуі;
-
тауарды
тез арада нарыққа шығаруы;
-
жасалған
мәмілелердің ашықтығы;
-
әр
түрлі келіссөздерге жұмсалатын уақыттарды үнемдеуі
жатады.
Әлем бойынша электронды коммерция жаңа экономиканың ажырағысыз
бөлігі. Коммерциялық ұйымдардың көбісі
бүгінгі күні интернет желілері арқылы тауарларды,
қызмет түрлерін сатып, кәсіпкерлік қызметтерін
жүзеге асыруда. 2012 жылдың өзінде, тек электронды
коммерцияның тұтынушылар сегментінде жалпы сатып-алудың
әлемдік көлемі 1 триллион АҚШ доллары шегінен асып кетті
және тұрақты өсуі сипатталады. Ал, сол жылы Европада
электронды коммерцияның нарығы 312 млрд. евро көлеміне жетті.
Бұл цифрлар электронды коммерцияның ерекшелігі үлкен потенциалға ие екенін көрсетеді [3].
Электронды сатып алудың көптеген жағымды жақтарын
мысал ретінде https://mp.com.kz
адресінде қызмет көрсететін ҚР коммерциялық
сатып алу жүйесінің веб-порталынан да аңғаруға
болады. Аталған электронды сауда алаңының ерекшелігі
тендерлер үдерісінің жедел және жеңіл іске асырылуында,
сонымен қатар, қызықтыратын жаңа тендерлер
жөніндегі хабарламаларды әлеуетті қатысушылардың
электронды пошталарына таратуында байқалады.
Осылайша, аталған сатып алуды электронды түрде өткізу
сатып алу үрдісін жеңілдетеді, сыбайлас жемқорлық
тәуекелін азайтады, тапсырыс берушінің, әлеуетті өнім
берушінің құқықтарын және заңды
мүдделерін қорғайды, сатып алуға
қатысушылардың жауапкершілігін арттырады, сатып алуға
қатысушылар арасында заңсыз баға келісіміне келуге тосқауыл
қояды, қажетті іскерлік ақпаратты жылдам және
жеңіл іздестіруін, ақпараттардың ашықтығын
қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Евразиялық экономикалық
одақтың дамуына жаңа ерекше серпін береді және
электронды сауда нарығында табыс көлемі біршама өседі.
Осыған қоса, оның заңды түрде қабылдану
нәтижесінде сатып алуды толықтай электронды форматта өткізуге
ауысу, тиісті сауда алаңы құрылу, яғни талаптарға
сай веб-портал құрылу, қажетті мемлекеттік органдардың
немесе Евразиялық экономикалық одақтың ақпарат
жүйелері құрылуы жоспарланған веб-порталға
біріктірілу, уәкілетті органдарға кеңінен талдау
жүргізу мәселелерін шешеді. Ол, сатып алудың конкурстық
өтінімдерін қарау кезінде негізсіз қайырып тастау
сияқты келеңсіз жағдайларды болдыртпау үшін
өтінімдерді алдын ала қарау институтын енгізу арқылы
әлеуетті өнім берушілерге қысқа мерзімде
өтінімдерін тиісті конкурстық және біліктілік талаптарына сай
етіп, сәйкестендіруге құқық береді. Сонымен
қатар, негізсіз өтінімді қайырып тастау деректерін болдыртпау
мақсатындағы тағы бір шарасы ретінде, аталған
веб-порталды мемлекеттік кірістер органының ақпараттық
жүйесіне біріктіру арқылы салық төлеушiде
Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегiнiң,
мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқ
(бар) екені туралы анықтамасын алуға мүмкіндігі болуы
нәтижесінде, өтініммен бірге берілетін құжаттар тізімін
қысқартуға болады. Яғни, өтініммен бірге
берілетін құжаттар тізімін Қағидалардан
қысқартуға мүмкіндік туады.
Осы ұсынылып отрыған барлық ұсыныстардың
Еуразиялық экономикалық одақ нарығында келешегі бар.
Өйткені олар, интеграция елдерінің нарықтарына тауарлар мен
сервистік қызметтерді экспорттау мақсатында басты рөл
атқарады. Оның жағымды жақтары
қоғамның моральдық және материалдық тонусын
көтеруге және Еуразиялық экономикалық одақ
біздің еліміздің әлеуметтік жағдайын
жақсартуға ықпал етеді.
Әдебиет тізімі:
1.
Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20
қаңтардағы № 18 санды «Реттеліп көрсетiлетiн
қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды
бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн
қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу
қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
2.
2017
жылғы 31 қаңтарындағы мемлекет басшысы
Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
атты Қазақстан халқына жолдауы;
3.
Портал
информационной поддержки юристов и специалистов по государственным закупкам, http://gz.mcfr.kz/article/853-euraziyaly-ekonomikaly-oda-ayasynday-memlekettk-satyp-aludy-zekt-mseleler;
4.
Википедия,
https://ru.wikipedia.org/wiki/электронная коммерция.