ЕРЛI-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ МҮЛІКТІК
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
құқық
магистрі, аға оқытушы Алимкулова А.С.
Халықаралық
гуманитарлық-техникалық универститеті
Шымкент қ,.
Казақстан
Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастары
оларға тиесiлi болған мүлiктi меншiктеу және
бiр-бiрлерiне өзара материалдық қолдау көрсету
мiндеттерiнен туындайды. Құқықтық
қатынастардың бiрiншi түрi Кодекстің
«Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк құқықтары мен
мiндеттерi» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екiншiсi –
Кодекстің «Ерлi-зайыптылардың және бұрынғы
ерлi-зайыптылардың алименттiк мiндетемелерi» деп аталатын
19-тарауындағы нормалармен реттеледi.
Ерлi-зайыптылардың меншiк
құқығының регламентациясы, немесе басқаша
айтқанда олардың мүлiктiк режимi жаңа кодексте елеулi
өзгерiске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бiр ғана режим қарастырылған
едi. Жаңа Кодексте ерлi-зайыптылардың заңды мүлiктiк
режимi де, ерлi-зайыптылар мүлкiнiң неке шартымен бекiтiлген
шарттық режимi де көзделiнедi.
Дегенмен, некеге тiркеу кезiнде неке шарты жиi
қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлi-зайыптылар
мүлкiнiң заңды режимi – олардың ортақ бiрлсекен
меншiк режимi қолданылады.
Бұған дейiн де аталғандай, «Неке
және отбасы туралы» Кодекстің 2-бабы ерлi-зайыптылар
отбасындағы құқығының тең болу
принциптерiн айқындайды. Осы ортақ принциптiң пайда болуына
ерлi-зайыптылардың некелескеннен кейiнгi бiрге тұрған
ғұмырында жинаған мүлiкке тең
құқылығы ықпал етедi. «Неке және отбасы
туралы» Кодекстің 32-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде
тұрған кезде жинаған мүлкi олардың бiрлескен
ортақ меншiгi болып табылады.
Ерлi-зайыптылар мұндай меншiкке тең
құқықпен билiк етедi және пайдаланса, екiншi бiр
затты – ерi тұтынады, үшiншi бiр затты олардың екеуi де
пайдаланады. Бiрақ, сырт көзге олардың ортақ
мүлкiне жататын заттардың барлығы де ерлi-зайыптылардың
екеуiне де бiрдей болып саналады.
Кодексте ерлi-зайыптылардың некеде
тұрған кезде жинаған мүлiктерiнiң жалпы тiзiмi
берiлген. Бұған ерлi-зайыптылардың табыстары (жалақысы,
зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсiпкерлiк
қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негiзiнде
жиналған мүлiктер (ортақ мүлiк, сондай-ақ
ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi) және
т.б. жатады.
Жалпы тәртiп бойынша ерлi-зайыптылардың
құқықтық жағынан тең болуы
олардың қайсысы қандай затты иемденуiне, ол заттың
қандай мақсатқа арналғанына және кiмнiң
атына жазылғанына ьайланысты емес. Ерлi-зайыптылардың
құқықтық жағынан тең болуына
олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты
үлес қосқаны да әсер ете алмайды.
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiкке құқығы
некеде тұрған кезенде үй шаруашылығын жүргiзудi,
балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған, немесе
басқа да тиесiлi дәлелдi себептермен жеке кiрсi болмаған жұбайға
да тиесiлi екендiгiн арнайы ескертедi.
Бiрге тұрған кезде жинаған ортақ
мүлiктен басқа, ерлi-зайыптылардың әрқайсысына
тиесiлi жеке мүлкi болады және оған өздерi дара билiк
етедi. Мұндай жеке дара мүлiктерге ерi мен әйелiнiң
некеге тұрғанға дейiнгi немесе ерлi-зайыптылардың
некеге отырғаннан соңғы жеке мiндеттемелерi бойынша
алған заттары, ерi мен әйелiнiң сый ретiнде алған,
немесе мұрагерлiк жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары
(сырт киiм, аяқ киiм, т.б.) ерлi-зайыптылардың некеге тұру
кезiнде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат
заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда,
басқасының бәрi жатады. Мысалы, әйелiнiң
құндыз мантосы, ерiнiң алтын сағаты, т.б.
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып саналады.
Некенiң iс жүзiнде тоқтатылуына
байланысты бөлек тұрған кезде ерлi-зайыптылар өзара
келiсiм бойынша иелiк ете алады. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы
жалпы мүлiкке байланысты өз бетiнше келiсiм жасай алады. Бұл
жерде жаңа Кодекстің талап етуi бойынша басқа
жұбайдың келiсiмiн алуы қажет. Ортақ мүлiкке
байланысты нотариалды рәсiмдеудi талап ететiн мәмiле жасау
үшiн (мәселен, тұрғын үйдi сату кезiнде) екiншi
жұбайдың жазбаша келiсiмi қажет.
Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы некенi
тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған
кезiнде де жалпы ортақ мүлiктi бөлiсудi талап етуге
құқылы. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн
бөлiске салғанда, олардың үлестерi тең болуы
тиiс. Жоғарыда көрсетiлгендей, отбасының жалпы табысына
ерлi-зайыптылардың әрқайсысының қосқан
үлесiнiң көлемi жалпы ереже бойынша ескерiлмейдi. Сонымен
бiрге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелетке толмаған
балалардың мүдделерiн немесе ерлi-зайыптылардың
бiреуiнiң мүдделерiн ескере отырып ерлi-зайыптылардың
үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеу
құқығы берiлген.
Ерлi-зайыптылардың талап етуiнен басқа
ортақ мүлiктi бөлу несие берушi ерлi-зайыптылардың
бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы кредит
берушiнiң талабын мәлiмдеуi жағдайында да жүргiзiлуi
мүмкiн.
Ортақ мүлiктi бөлген кезде
ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың
берiлетiнiн сот айқындауы керек.
Егер
ерлi-зайыптылардың бiрiне берiлетiн зат құны жағынан
оның үлесiнен артып кетiп жатса, онда екiншiсiне бұл
үшiн тиiстi өтемақы төленедi.
Ерлi-зайыптылардың заң бойынша жеке
құқықтары мен мүлiктiк
құқықтары болады. Осы жерде осы
құқықтарының туындау негiзi болып, олардың
үй болып, некеге тiркелген күнi саналады. Ол неке мiндеттi
түрде жергiлiктi Азаматтық хал актiлерiн тiркеу орындарында
жүредi.
Ерлi-зайыптылардың тiркеу күнiнен соң
отбасындағы теңдiгiне негiзделген неке қатынастары
басталады. Ерлi-зайыптылар тең
құқықтарды пайдаланады және тең мiндеттер
атқарады. Бұл бiздiң Ата Заңымыз Конституциямыз
бекiткен қағидасы.
Ал қазақтың
әдет-ғұрып,салт дәстүрiнде де
мұсылмандық шариғат заңында да ер адамдарға
басымдылық берiлген. Адамдар қауымдасып жасайтын
қоғамдар күштi әрi берiк болуы үшiн әйел
мен еркектiң өзара қарым-қатынасын неке арқылы
шариғи тәртiпке келтiрдi, қажеттерiнiң қамтамасыз
етiлуiне осы үлгiде рұқсат бердi.
Еркек пен әйелдiң бiр шаңырақ
астында өмiр сүруi шариғи некеге негiзделедi. Бұл
бұйрық - әлемнiң заңы , адамдардың көркем
мiнездi болуы мен сау-саламат қоғамдарда өмiр сүруi
үшiн.
Мүліктерге
ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тиісінше өзі билік етеді
(сата алады, пайдаланады, және сыйлай алады). Сонымен бірге
тұрған жағдайда қалдырса немесе неке және отбасы
кодекстерының негізгі бастауына қайшы келсе неке шартын
заңсыз деп тану туралы мүмкіндігі туралы ереже.
Бірлескен өмір кезінде жиналған мүлік
ортақ меншік болып табылады.
Әдетте отбасындағы мүлік ерлі-зайыптылардың
екеуінің еңбегінің
нәтижесінде жиналады. Кейде зайыбы жұмыс істемеуі,
үй-шаруасындағы еңбекпен бала тәрбиесімен айналысуы
мүмкін. Тіпті осындай жағдайдың өзінде ердің
кірісі де ортақ мүлік болып есептеледі. Әрине , егер отбасында
мүліктің кімдікі екендігі туралы егесулер туған
жағдайда, олар мүліктің тағдырын шешу жөніндегі өтінішпен
сотқа жүгіне алады.
Сот мүліктін пайда болуына қатысты
барлық мән-жайды ескере отырып, мәселені әділетті шешуі
тиіс. Сот ерлі-зайыптылардың тәртіп жағдайын (екеуі де
салтанатты өмір салтын ұстана ма
немесе бірі жағымсыз қылықтарға бой
ұрған ба , ішімдікке
салынған емеспе және т.б.),бір-біріне деген, балаларына деген
қатынасын ескереді. Ортақ мүліктегі кейбір заттар
(пәтер, машина, және т.б.)
ерлі-зайыптылардың бірінің атына жазылады. Тіпті, осындай
жағдайдың өзінде ол заттар ортақ мүлік болып
табылады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің
келісімінсіз ол заттарды сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мұраға
қалдыруға құқығы жоқ. Ерлі-зайыптылар
ортақ мүлік тағдырын өзара келісіп шешуі тиіс.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана
иелігінде мүлік те болуы құқығы жоқ.
мүліктерге ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тиісінше
өзі билік кезде жинаған етеді(сата алады, пайдаланады, және
сыйлай алады).Сонымен бірге тұрған жағдайда қалдырса
немесе неке және отбасы кодекстерының негізгі бастауына қайшы
келсе неке шартын заңсыз деп тану туралы мүмкіндігі туралы
ереже.
Бірлескен өмір кезінде жиналған мүлік
ортақ меншік болып табылады.
Әдетте отбасындағы мүлік ерлі-зайыптылардың
екеуінің еңбегінің
нәтижесінде жиналады. Кейде зайыбы жұмыс істемеуі,
үй-шаруасындағы еңбекпен бала тәрбиесімен айналысуы
мүмкін. Тіпті осындай жағдайдың өзінде ердің
кірісі де ортақ мүлік болып есептеледі. Әрине , егер
отбасында мүліктің кімдікі екендігі туралы егесулер туған
жағдайда, олар мүліктің тағдырын шешу жөніндегі өтінішпен
сотқа жүгіне алады. Сот мүліктін пайда болуына қатысты
барлық мән-жайды ескере отырып, мәселені әділетті шешуі
тиіс. Сот ерлі-зайыптылардың тәртіп жағдайын (екеуі де
салтанатты өмір салтын ұстана ма
немесе бірі жағымсыз қылықтарға бой
ұрған ба , ішімдікке
салынған емеспе және т.б.),бір-біріне деген, балаларына деген
қатынасын ескереді. Ортақ мүліктегі кейбір заттар (пәтер, машина, және т.б.)
ерлі-зайыптылардың бірінің атына жазылады. Тіпті, осындай
жағдайдың өзінде ол заттар ортақ мүлік болып
табылады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің
келісімінсіз ол заттарды сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мұраға
қалдыруға құқығы жоқ. Ерлі-зайыптылар
ортақ мүлік тағдырын өзара келісіп шешуі тиіс.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана
иелігінде мүлік те болуы Ерлі-зайыптылар ортақ мүлік
тағдырын өзара келісіп шешуі тиіс.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана
иелігінде мүлік те болуы мүмкін.Оған неклескенге дейінгі
мұралыққа қалдырған, әлдекімнің
сыйлаған мүліктері жатады. Олар ортақ мүлік болып
табылмайды. Ол ортақ мүліктен басқа ерлі-зайыптылардың
әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған
өздері дара билік етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен
әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе
ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке
міндеттемелері бойынша алған заттары ,ері мен әйелінің сый
ретінде алған немесе мұрагерлік жолмен иеленген заттары, жеке
пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім,т.б.) ерлі-зайыптылардың
некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса
да қымбат заттар мен басқа да сән салтанат заттарын
қоспағанда, басқасының бәрі жатады. Алайда бірге
тұрмыс құрған кезде алынған құнды
заттар жалпы ортақ меншік болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы некені
тоқтатқан сәтте де сондай-ақ некеге тұрған
сәтінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге
құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін
бөліске салғанда олардың үлесі тең болуға
тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасының жалпы табысына
ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан
үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен
бірге жекелеген жағдайларда сотқа кэмелетке толмаған
балалардың мүдделерінің немесе ерлі-зайыптылардың
біреуінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптыларынын
улестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы
берілген.
Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа
ортақ мүлікті бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың
біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі –
зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит
берушінің талабын мәлімдеу жағдайында да жүргізілуі
мүмкін.
Ортақ мүлікті бөлген кезде
ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың
берілетінін сот айқындауы керек.
Егер ерлі-зайыптылардың біріне берілетін зат
құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса,
онда екіншісіне бұл үшін өтемақы берілуге тиіс.
Неке және отбасы туралы заң бойынша
ерлі-зайыптылардың меншігі бірлескен ортақ меншік режимімен
реттелумен қатар соңғы жылдары нарықтық
қатынас орнап, меншік нысандары көбеюмен байланысты ерлі-
зайыптылардың келісуімен жасалған неке шартымен де реттеледі.
Неке шарты бойынша ерлі-зайыптылар немесе некеге
отырғысы келетін жастар кодексте белгіленген бірлескен ортақ меншік
режимін өзгертуге, өздерінің барлық мүлкіне не
жекелеген түрлеріне бірлескен, үлестік немесе бөлектелген
меншік режимін белгілеуге құқылы. Сондықтан, Некеге
тұрушы адамдардың немесе ерлі-зайыптылардың некедегі
және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік
құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім –
неке шарты деп аталады.
Неке шарты некеге тұрғанға дейін де,
одан кейін де кез келген уақытта жасалуы мүмкін. Мәселен,
өзара некеге тұруды мақсат еткен қыз бен
жігіттің, болашақ ерлі-зайыптылардың некеге тұрмаса да
неке шартын жасауларына әбден болады. Бірақ ол некеге
тұрған соң ғана күшіне енеді. Неке шарты жазбаша
түрде жасалады және ол нотариалды куәландырылуы тиіс.
Неке шарты біздің елімізде енді-енді кеңінен
тарап келе жатыр. Оның негізгі себебі – нарықтық
қатынастарға байланысты қыз бен жігіттің некеге
тұрғанға дейін ортақ мүліктері, ірі ақша
жинақтары немесе қымбат мүліктерінің болуында. Неке
тұрғысы келетін жастар және ерлі-зайыптылар неке шартын
жасауға міндетті емес, ол әркімнің өз еркі.
Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар
мүлкі мен болашақтағы мүлкі жөнінде жасалуы
мүмкін. Неке шартына ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу
жөніндегі өздерінің құқықтары мен
міндеттерін бекіту, бір-бірінің кірістеріне араласу әдістерін,
отбасылық шығын тәртібін айқындау, неке
бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың
әрқайсысына тиесілі мүлікті белгілеу, сондай-ақ
ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты
өзге де кез келген ережені енгізуге құқылы. Яғни
неке шарты ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын
ғана реттейді.
Неке шарты, егер заң актілерімен басқаша
көзделмесе, жастары 18-ге толған, әрекет қабілеттілігі
бар азаматтардың арасында жасалуы тиіс. неке шартын өсиет
қалдыру сияқты қатаң әрі жеке сипаттағы
мәмілелердің қатарына жатқызуға болады.
Сондықтан, неке шарты некеге тұрушы адамның заңды
өкілінің қатысуымен немесе сенімхат бойынша жасалмайды.
Ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша неке шарты кез
келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Оны
өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім жазбаша түрде
жасалып, нотариалды куәландырылуы тиіс. Заң бойынша, неке шартын
орындаудан бір жақты бас тартуға рұқсат берілмейді.
Ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болмаған жағдайда,
екеуінің бірі неке шарты өзгерту немесе бұзу туралы талап
арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Неке шарты
ерлі-зайыптылардың құқықтық және
әрекет қабілеттіліктерін шектемеуі тиіс.
Құқықтық
қабілеттіліктің мазмұнына мүлікті мұраға
қабылдау және оны өсиет ету, кәсіпкерлік
қызметпен айналысу, меншігінде мүлкі болу, мәмілелерді жасау
және т.б. жатқызылады. Мысалы, неке шартында жұбайы
өзіне кәсіпкерлік қызметпен айналыспау немесе
өзінің барлық мүлкін өзінің жұбайына
ғана өсиет ету сияқты міндеттемелерді қабылдауға
тиісті емес. Неке шартында жұбайы ерлі-зайыптылардың
өздерінің мүліктік құқықтары мен
міндеттерін белгілеуге құқық беріле отырып,
олардың өзге тұлғалардың
құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол
бермеу мақсатында неке шартының еркіндігіне нақты шектеулер
қойылады. Егер шарттың талаптары ерлі-зайыптылардың бірін
өте қолайсыз жағдайға қалдыратын болса, онда олардың
бірінің талабы бойынша сот неке шартын толық немесе ішінара
жарамсыз деп тануы мүмкін.
Шартты кез-келген мерзімге жасауға болады,
бірақ «Неке және отбасы туралы» Кодекстің 41-бабына
сәйкес неке шартының күші бұзылған сәттен
бастап жойылады, яғни, АХАЖ органдары арқылы бұзған
ерлі-зайыптылардың некелері азаматтық хал актісі кітабына тіркелген
сәттен бастап бұзылды деп есептейді.
Некелері сот арқылы бұзылған
ерлі-зайыптылардың некесі соттың шешімі шығып, ол заңды
күшіне енген сәттен бастап бұзылды деп саналады. Сонымен
бірге, мынандай жағдайларда ерлі-зайыптылардың арасында неке шартын
жасауға заңсыз болады.
1. Егер шарт ерлі-зайыптылардың
құқықтық және әрекет
мүмкіндіктеріне, сондай-ақ, олардың сотқа шағыну
құқығына шек қоятындай етіп жасалынса, мәселен,
неке шартына ерлі-зайыптылардың өз мүліктерін кімге
өсиет етіп қалдыруына шек қойылса;
2. Ерлі-зайыптылардың балаларына қатысты
құқықтары мен міндеттеріне шек қойылса
(олардың балаларды тәрбиелеу үлгісіне);
3. Еңбекке жарамсыз, көмекті қажет
ететін жұбайлардың құқығына шектеу
қойылса;
4. Ерлі-зайыптылардың біреуінің
жағдайын төмендететін немесе отбасы заңының
заңға қайшы келетін басқа да жағдайлар
көрсетілсе. Неке шартының тағы бір ерекшелігі – оны
кез-келген уақытта ерлі-зайыптылар өзара келісе отырып бұзуларына
немесе өзгеріс енгізуіне болады.
Бірақ өзгерістерді
біржақты жасауға тыйым салынған. Сондай-ақ, неке
шартының өзгеруіне күйеуінің тұрмыстық
жағдайының төмендеуі себеп болуы мүмкін. Неке шартын
жасаған кезде нотариус екі жаққа мынаны ескертеді: егер
ерлі-зайыптылардың біреуі неке шартын орындай алмайтын болса, ол туралы
өз кредиторларын хабардар ету керек.
Сонымен қатар, неке шарты жалпы
тәртіп бойныша АК-тің 367
бабында көрсетілген міндеттемелердің тоқтау негіздері бойынша да тоқталуы мүмкін.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасының Неке және отбасы туралы Кодексі-А.,ЮРИСТ,2016
2.
ҚР
Азаматтық Кодексі Алматы Юрист 2015ж.
3.
Анкольская
М.В. Семейное право М.,2002г.
4.
Сергунина Б.Т.
Брачный договор А., 2002 г.
5.
Осеров Н.Н.,
Ынтымаков С.А. Отбасы құқығы. Практикум 2003ж.