ТҰТЫНУШЫЛАР
ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ- ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЕЛДІҢ
БАСТЫ МІНДЕТІ
Нурлыбай Назерке, Шайхыслам Бақжан
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері,
Қазақстан, Қызылорда қ.
Жусупбекова Мадина Қойшыбайқызы
ғылыми жетекші,з.ғ.к.
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан, Қызылорда қ.
Тұтынушылардың
құқықтары адамның негізгі азаматтық
құқықтарының бірі болып табылады.
Тұтынушылар құқықтарын қорғау
мәселесі тек Қазақстанда ғана емес бүкіл
әлемде мәселе болып отыр.
Егер тарихқа көз
жүгіртетін болсақ, тұтынушылардың
құқықтарын қорғау элементтері
бұрыннан да белгілі болған. Мысалы, Хаммураппидің заңы
(біздің дәуірге дейінгі ХVІІІ ғасырда). Бірақ оларды
норма негізінде бөлек қарастыру жақында пайда болды. 1962 жылдың
15 науырызында АҚШ-тың президенті Джон Кеннеди
«Тұтынушылардың құқықтары туралы билін»
еңгізген. Бұл құжат тұтынушының
мәлімет алуға, өз құқықтарын
қорғауға мүмкіндігі бар екендігін туралы белгіледі.
Сондықтан, қазіргі таңда бұл күн -
Бүкіләлемдік тұтынушылар құқықтарын
қорғау күні болып аталады. Бұл құжатта
«тұтынушы» ұғымы сипатталған және
тұтынушылардың құқытарын
қорғаудың келесі алты құқықтары
қарастырылған:
- ақпаратқа
құқығы;
- қауіпсіздікке
құқығы;
- тандау
құқығы;
- тындалуға құқығы;
- зиянды өтетуге
құқығы;
-тұтынушылық білім
алуға құқығы [1].
Осыдан соң осындай
заңдар басқа елдерде де қабылданды.
Біздің мемлекетте де бұрын
тұтынушы құқықтарын қорғайтын арнайы
заң болған жоқ. Тұтынушылардың
құқығын қорғайтын «Тұтынушылар құқықтарын
қорғау туралы» ҚР арнайы Заңы 2010 жылдың 4
мамырында қабылданды. Бұл заң тұтынушылардың
құқықтарын қорғаудың
құқықтық, экономикалық және
әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз
және сапалы тауарлармен (жұмыспен, көрсетілетін қызметпен)
қамтамасыз ету жөніндегі шараларды анықтайды және
реттейді. Осы заңның 1 бабына сәйкес «тұтынушы –
жеке, отбасында, үй ішінде және кәсіпкерлік қызметпен
байланысты емес өзге де пайдалануға ғана арналған
тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс
беру немесе соларды сатып алу ниеті бар не тапсырыс беретін, сатып алатын
және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға» деп белгіленген [2].
Қазіргі таңда
қай салада болмасын тұтынушының өз
құқығын білуі, өмірде кездесіп жататын
көптеген келеңсіз жағдайларда көмектеседі. Күн
сайын халыққа қызмет көрсету орталықтарында
(дүкен, базар, шаштараз, өндіріс және т.б. тұтынушы
құқығы жиі бұзылып жатады. Соның ішінде
көп кездесетіні азық-түлік сапасыздығы.
Күнделікті күйбең тіршілікте
қарапайым тұтынушының құқығына
нұқсан келтіретін жайттар жиі кездесіп жатады. Таңертен сатып
алған сүтіңіз кешкісін іріп кетсе, ал сатушы оны ауыстырудан
бас тартса, нанның салмағы тиісті мөлшерден кем болса, тіпті,
қалалық көліктерде төлеген ақшаңызға
билет берілмесе, мұның бәрі – тұтынушы
құқығын шектейтін әрекеттер. Алайда бұл тек
ұсақ-түйек қана [2].
Қазақстан Республикасының
«Тұтынушылардың құқығын қорғау
туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, «тұтынушының
тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) пайдаланудың,
сақтаудың, тасымалдаудың және кәдеге
жаратудың белгіленген шарттарына сай оның тұтынушы
өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне,
қоршаған ортаға қауіпсіз болуына
құқығы бар. Тауардың (жұмыстың,
көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге тиіс талаптар міндетті болып табылады және Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу саласындағы
заңнамасына сәйкес белгіленеді» делінген [2]. Осы заң аясында әрбір
тұтынушы сапалы тауармен, жұмыс және қызметтермен
қамтамасыз етілу құқығын кеңінен пайдалана
алады.
Тұтынушы алған заттың сапасын,
жиынтықтылығын, бағасын, мөлшерін тексеруге
құқылы. Бұл жағдайда сатушы бақылау
өлшеу құралдарын, бағасы туралы құжатты
беруге тиіс. Егер керек болса, сараптама жасауға ықпал етуге
міндетті [3, 17б.].
Тұтынушы тауарды дербес таңдап алуға құқылы.
Сатушы оған ықпал етуге міндетті. Тұтынушы алған сапалы
азық түлік емес тауарды, егер ол белгілі бір себептерге байланысты
оны қанағаттандырмаса немесе керекті қасиеттерге ие болмаса
ауыстырып алуға құқылы. Бұл жерде 14 күндік
мерзім белгіленген. Бірақ бұл жерде бір айтып кететін
жағдай-тауарды ауыстыру үшін оның тауарлық келбеті,
тұтыну қасиеттері, пломбалары тауар немесе касса чектері
сақталуға тиіс. Сонымен қатар мүлдем ауыстыруға
жатпайтын тауарларды бар. Олар: 1) шұлық носки өнімдері; 2)
ішкі киімдер; 3) косметика бұйымдары.
Сатушы тұтынушыларға тауар жөнінде керекті және
шынайы мәлімет беруге міндетті. Мысалы оның бағасы, сапасы,
тұтыну қасиеттері туралы. Егер азық түлік өнімі
болса оның құрамы, каллориясы, денсаулыққа зиян
заттар және сақтау мерзімі туралы мәліметтерді беруге
міндетті. Тұтынушы сатып алып жатқан тауары жөнінде және
өндірушісі туралы толық және нақты мәлімет
алуға құқылы. Бірақ, өкінішке орай,
күнделікті өмірде сатушылар тауар туралы ақпаратты
толық немесе мүлдем бермейді. Әрине осы кезде
тұтынушының белсенділігін де айта кету керек. Ол тауар туралы
ақпарат беруді сұрау керек. Бұндай кезде
тұтынушылардың құқықтық
сауаттылығының үлкен рол атқарады.
Затта әсіресе азық түлік, дәрі дәрмектерде
оның шығарылған мерзімі және тұтыну немесе
жарамды мерзімі анық көрсетілуі тиіс. Әрбір тауардың
маркасы болуға тиіс. Онда өндірушінің аты жөні,
орналасқан жері, нормативтік-техникалық
құжаттарының белгісі болуы тиіс.
Егер тауар кооперативпен немесе
кәсіпкер азаматпен жасалған болса, оның этикеткасында патент
көрсетілуі керек және оны берген мекемеде көрсетілуі тиіс.
Егер тауарға жалған және толық емес мәлімет
берілсе және ондай затты тұтыну кезінде тұтынушы зардап
шеккен болса, тұтынушы зиянды өтетуге құқылы.
Тұтынушының сатып алған тауары оның өміріне,
денсаулығына және мүлігіне зиян келтірмеуге тиіс. Егер тауар
өмірге, денсаулыққа
мүлікке зиян келтірмеу салдарынан арнайы сақтауды талап
етсе, тауар өндіруші оны
сатушыға, ал сатушы тұтушыға жеткізуге міндетті.
Сонымен қатар, аталған
Заңның 25-бабында көрсетілгендей тауар (мысалы,
азық-түлік) туралы ақпаратта келесі көрсеткіштер
міндетті түрде көрсетілуі қажет:
- тауардың аты;
- түрлері, қажеттіліктері;
- тауардың талаптарға, техникалық
регламенттерге және басқа да құжаттарға
сәйкестігі туралы белгі;
- тауардың тағамдық,
биологиялық және энергетикалық құндылықтары
туралы мәліметтер;
- құрамы;
- тағам құрамында ГМО бар немесе
жоқ екендігі туралы мәлімет;
- өндірушінің тауарлық белгісі;
- тауардың шыққан елі;
- тауарды алу жағдайы;
- тағам өнімдерін дайындау
нұсқаулары;
- өндірілген күні және орны,
пайдалану мерзімі, сақтау мерзімі;
- өндірушінің аты, өндіріс орны,
мекен- жайы;
- көлемі.
Сонымен бірге, тұтынушы қандай да бір
тауар сатып алып жатса, сатушыдан кассалық түбіртек талап етуге
құқылы. Себебі, сатып алған тауар сапасыз болып
шықса, ал түбіртек болмаса, тұтынушының дәл сол
жерде сауда жасағанын ешкім дәлелдей алмайды.
Сондай-ақ, «Тұтынушылар
құқығын қорғау туралы» Заңның
14-бабында: «Кепілді мерзім ішінде тауардың сапасы өзіне сай емес
болса, тұтынушы сатып алынған бағасын мөлшерлес
азайтуды, тауардың кемшіліктерін ақысыз алып тастауды немесе тиісті
сапасы бар тауарға ауыстыруды, шығынның орнын толтыру туралы
келісімшартты бұзуды талап етуге құқылы». Егер, тауарды
ауыстырудың қажеті болмаса, төлеген ақшаны
қайтарып алуға құқылы.
«Тұтынушылардың
құқығын қорғау туралы» Заңының
28-бабына сәйкес, сатушы (өндіруші, орындаушы)
тұтынушының тауарды ерікті түрде таңдауын
қамтамасыз етуі қажет және тұтынушыны тауардың
көптеген түрін, мөлшерін сатып алуына үгіттемеуі
қажет. Сатушы тауарды сату кезінде өлшеу құралдарын
қолдануға тиісті.
Егер, тұтынушы тарапынан тауардың
салмағына, санына немесе қандай да бір параметріне
көңілі толмаған жағдайда сатушы (өндіруші)
тұтынушының өзіне өлшеу құралдары арқылы
өлшеуге мүмкіндік беруге міндетті.
Тұтынушы
құқығының қорғалуы оның
өмірінің қауіпсіздігін, денсаулығының жақсы
болуын, ақшасының далаға кетпеуін қамтамасыз етеді,
осыны тұтынушының өзі ұмытпаса екен.
Қазіргі кезде «Тауар қайтаруға немесе
ауыстыруға жатпайды» деген хабарламаларды кез келген сауда нүктелерінде
кездестіруге болады. Алайда бұл хабарламалардың қаншалықты
заңды күші бар екенін аңқау тұтынушы біле
бермейді. Тауардың қай жерде, мейлі арзан базарда немесе
қымбат дүкенде сатылғанына қарамастан, сіздің
құқығыңызды қорғайтын арнайы
«Тұтынушылар құқығын қорғау туралы»
заңның барын естен шығармағаныңыз жөн.
Дегенмен, бүгiнде көп жағдайда
заңды тұрғыдан сатушылар да, тұтынушылар да өз
құқықтары мен мiндеттерiн толық бiлмейтiнi
байқалады. Мәселен, тұтынушы тауарды сатып алу кезiнде
сатушыдан төлем жөнiндегi чектi талап етуге
құқылы. Бiле бiлсек, бұл бiлместiк тек қана
сатушы мен тұтынушыға ғана емес, мемлекеттiң
салық заңнамасында көзделген тәртiптi де бұзуда.
Жабайы сауданы ауызға алмай-ақ қоялық, басқа сауда
нүктелерiнде дәл осы тәртiп толық жөнге
салынған ба? Жалпы, Қазақстанда тұтынушылардың
заңдық құқығы қай деңгейде
қорғалуда? Жауапсыз сатушы жазаланып жатыр ма? Тұтынушы
қандай жағдайда құзырлы орындарға шағым
түсiре алады?
Мамандардың пiкiрiнше, тұтынушылардың
құқықтарын және заңды мүдделерiн
қорғау тиiстi мемлекеттiк органдар мен сот орындарына өз
құзыреттерi шеңберiнде жүзеге асыру жүктелген.
Әйтсе де, республикадағы сауда-саттықта
құқықтық сауаттылық төмен.
Өзiнiң заңдық құқығын бiлмейтiн
тұтынушылар мен заңды белден басатын сатушылардың саны
көп. Өз құқығын қорғау
үшiн құзырлы орындарға шағымдануды
ұсақ-түйек санайтын тұтынушылар да жеткiлiктi.
Жығылғанға жұдырық, түскен арызға
немқұрайлы қарап, созып алатын құқық
қорғаушылар да бар.
Жасыратын түгi жоқ, сауда орталықтарында,
қара базарда, әсiресе, жабайы сауда нүктелерiнде күн сайын
тұтынушылардың құқығы сан рет бұзылуда.
Мәселен, азық-түлiктiң сапасыздығы,
көпшiлiк өнiмнiң халықаралық стандарттарға
сай еместiгi, кейбiрiнде қазақ тiлiнде толық мағлұмат
бермейтiнi, тiптi өнiмдердiң құрамы сыртында
көрсетiлген жарнамасынан алшақ кететiнi де бар. Заң
жүзiнде сатушы мен тұтынушы тең құқылы
болғанымен, таразы басы тең болмай тұрғаны
өкiнiштi-ақ [4].
Сонымен
қорытындылай келе бүгiнгi таңда жиі бұзылатын
тұтынушылардың құқықтарын реттеуге
байланысты келесі негiзгi мәселелерді шешу ұсынылады:
- тұтынушылар құқығын
қорғау саласындағы бiртұтас саясаттың
жоқтығы;
- тұтынушы
мен тауарлар және қызмет көрсету саласы
өкiлдерiнiң өзара байланысын реттейтiн
қазақстандық заңнамалардың әліде болса
шалағайлығы,
- тұтынушылардың
сауатын ашу жүйесiнiң дамытылмауы;
- халықаралық
тәжiрибемен ынтымақтастықтың жолға
қойылмауы;
-
осы мәселеге байланысты Бұқаралық ақпарат
құралдары жұмыстары одан әрі күшейтулуі
қажет етеді.
Сонымен
қатар, тұтынушылар құқығын
қорғайтын арнайы мемлекеттік органдар бар, бірақ олар
өз құзыреттілігін толыққанды жүзеге
асырмайды. Сондықтан, осындай органдардың жұмысын
күшейту қажет.
Міне
осы мәселелерді шешіп, оны қамтамасыз етсек iстiң
нәтижелi болатынына сенімдіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Омаров Н. Защита прав потребителей в Казахстане.
// http://articlekz.com/article/.
2. Қазақстан Республикасының 2010
жылғы 4 мамырындағы №274-ІV «Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау туралы» Заңы.
(2016.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).
3. Жайлин А.Г. Қазақстан
Республикасының Азаматтық құқығы. Алматы:
Данекер, 2003.
4. Аликулова А. Тұтынушылар
құқығын қорғау – ортақ мүдде.
// http://stud24.ru/economics/ttynushylar.