Психология
и социология/8. Педагогическая психология
Исабекова Т.Ш. – Абай
атындағы ҚазҰПУ, «Тұлға психологиясы» ҒО
ғылыми қызметкері
(Қазақстан, Алматы қ.)
Қазіргі бала тәрбиесіндегі
діннің психологиялық аспектілері
Еліміз егемендік алғаннан кейін
дін саласында «діни сенім бостандығы» жарияланды. Яғни, әрбір
адам өзі қалаған дінді ұстануға, оны зерттеуде,
насихаттауда еркіндікке ие болды. Соның ішінде Қазақстан
халқының 70 пайызы ұстанатын және қазақ
халқын сан ғасырлардан бері жан-жақты сусындатып келген
ата-баба діні Ислам дінінің орны ерекше.
Қазақ халқы «Ислам» дінін өз
халқының діні ретінде ұстанғанына да мың жылдан
аса уақыт өткен. Дәлірек айтқанда, VIII ғасырдан
бастау алғанымен, Х ғасырдың екінші жартысында арғы
қазақ тайпалары тарихи шынайы таңдау жасап, ислам дінін
қабылдады. Міне, осы кезеңнен бастап қазақ жері ислам
өркениеті тараған аймаққа айналды. Ислам – әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін
дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам»
сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың
заңдарына) [1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам»
– толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды
орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып
есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады.
Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран
Кәрім – классикалық әдеби араб
тілінде Аллаһ тарапынан түсірілген.
Ислам діні – мемлекеттік бірлік пен
билікті нығайтушы, адамдарды жақындастарушы,
қоғамның рухани-адамгершілік нормаларын реттеуші,
бауырмалшылық пен ұйымшылдықты уағыздаушы дін.
Ислам діні – ең
соңғы, кәміл, Алла тағаланың разылық
танытқан діні. Ол тек қана иман мен ғана шектеліп
қалмай жүректегі иманды іс жүзіне асыруға, осы іс жүзіне
асырылған ізгі амалдар арқылы адамды кемелдікке жетелеуді
көздеген. Сондықтан өмірдің барлық тұстарын
қамтитын сенімдік, құқықтық әрі
мінез-құлықтық нормаларды қамтыған [2].
Ислам дінінде барлық нәрсе
адамның игілігін көздейді. Алла үшін деп жасайтын бүкіл
құлшылықтарымыз, ізгі әрекеттеріміздің
барлығы да жеке адам және қоғамның мүддесін
көздейді.
Адамдарды ислам діні білімге, еңбек етуге,
сабырлылыққа, шыншылдыққа,
қайраттылыққа үндейді.
Бірде пайғамбарымыз
Мұхаммедтен (с.ғ.с.) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең
жақсы адам кім?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Ең жақсы
адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деп жауап
берген.
Демек, қазір біздің
қоғамға өз ісінің майталман маманы бола білген
иманды, жанашыр, дәстүрлі құндылықтарды
құрметтейтін парасатты жастар қажет. Білім мен көркем
мінезді, ар мен ұятты өз бойына ұялатқан адам
еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қоспақ.
Біз жастарымызды осыған тәрбиелеуіміз керек. Олардың дүниетанымы,
құндылықтар әлемі, рухани болмысы, наным-сенімі
еліміздің болашағының айқын үміті болып саналады.
Осы бағыттан алғанда, қазақ елінің қазіргі
қалыптасып дамуы, осыдан бір ғасыр бұрыңғы тарихи
жағдайлармен өте көп ұқсастықтарға
ие. Ол кезде де қазақ зиялылары Ресей империясының рухани
езгісінде болған, туған халқын еркіндікке,
бостандыққа, тәуелсіз ел болуға шақырды.
Бұл мақсаттың басты кілті ретінде олар рухани
бостандықты белгілеп, ата дінімізді ислам дінін терең игеріп,
ондағы құндылықтарды, имандылықты жүзеге
асыру үшін қайта жаңғырту қажеттіктерін
алға тартты.
Мектеп мұғалімі балаға
сабақ берумен қатар оны ізгілікке баулыса, ата-ана ұлы мен
қызының тәрбиесін жіті қадағаласа, дін
қызметкерлері көркем уағыздарымен имандылыққа
ұйытса, қарияларымыз бен зиялы ағаларымыз тәлімін айтса
– бала көргені мен естігеніне амал ете бастайды. Сондықтан, ғұламалар «баланы
тәрбиелегің келсе – әуелі өзіңді
тәрбиеле», «ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген
сөздері бала тәрбиесінде алдымен өзін-өзі тану,
өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі реттеу және
т.б. психологиялық
мәселелерге зор мән беру керектігін меңзейді. Бұл
мәселе қазіргі кезде аса маңызды болып табылады [3].
Бұрынғы көшпенді
қазақтарға ислам мәдениетінің ықпалы орасан
зор болды. Атап айтсақ:
1. Иманға негізделген биік өнегелілікке
шақырды.
2. Ақиқаттың, әділдіктің,
теңдіктің, бостандықтың және бейбітшіліктің
қағидаларын үндеді.
3. Ислам дінінің құдіретін танытатын
дәлелдеріне назар салуға шақырды.
4. Бауырмалшылыққа, сүйіспеншілікке,
жауапкершілікке, өзара бір-біріне жәрдемдесуге үйретті.
5. Ата-анаға деген ерекше
құрметке баулыды.
6. Білімді болуға шақырды.
Ислам ілімін меңгерген ғұламалар халық арасында ерекше бедел мен
ықыласқа ие болды.
Қазақ мәдениетінің майталмандары
атанған ақын-жыраулар, күйшілер, билер қырдағы
ислам өркениетінің көрнекті өкілдері атанды,
олардың діни білімдері ерекше болды. Қожа Ахмет Яссауи мен Асан
Қайғыдан бастап Шәкәрім мен Міржақып Дулатовқа
дейінгі қазақ мәдениетінің барлық өкілдері
ислам руханиятының тасымалдаушыларына айналды.
Қазақ
зиялыларының барлық өкілдері мұсылмандықты
ұлттық-мәдени өмірдің қажетті бөлігі
деп санады. Олар осы діннің мәдени, гуманистік және
ұйымдастырушы кезеңін өркендетуге ұмтылды.
Міржақып Дулатовтың «исламға қалай жол ашамыз» деген
жан айқайы осы дінге деген ерекше құрмет белгісін
танытады.
Ислам діні, жоғарыда атап өткеніміздей,
білімді қуаттайды. Оны иманның серігі етіп,
маңыздылығына, қажеттілігіне мән беріп, беделін
көтереді. Сонымен қатар ғылымға бас иіп, ғалымдарды
ардақтауды бұйырады.
Еліміздегі дініміз бала
тәрбиесінің көздерін тереңнен алады, оның жеген
тамағының адал болуы, ақ пен қараны, күпіршілік
пен имандылықты түсіндіре отырып, Алланың аманат ретінде
берген өміріне бей-жай қармауды, қандай жағдайда
болмасын шүкіршілік ете білуді, бұдан да қиын кездерде
өмір сүрген адамдардың ғибратты өмірлерін
үлгі ете отырып, өмірді Алланың сынағы деп
түсінуді, материалдық құндылыққа қарағанда
рухани құндылықтың маңыздырақ екендігін
дәріптеуді үйретеді. Осындай имандылық,
дүниетанымдық құндылықтармен
қаруланған ата-ананың баласы да, отбасы да кез-келген
қиындықтарға қарсы тұра алатындығында
күмән жоқ.
Сонымен, ислам діні тек белгілі бір
құлшылықтар түрлерін атқаруды ғана
әмір етумен шектелмей, сонымен бірге адам баласына аса қажет
ғылым-біліммен айналысуды да көздейді.
Қорыта келгенде түркі даласын, оның
ішінде сан ғасырлық өз тума мәдениетін жасап, оны
өмірлік ұстанымы етіп жүрген қазақ халқы
туралы қалам толғағандар әлі де мұсылмандық
мәдениет аясында жазылған және тарихи еңбектерде
сақталып қалған мұраларымыз мол. Еліміздің,
дініміздің мәдени мұраларының
құндылықтарын бағалай отырып, оның бала
тәрбиесіндегі пайдалы, маңызды қырларына барынша назар
аударып, жас буынды соның нәрімен сусындатқан жөн.
Исламдық
тәрбиені тек діни тұрғыдан діннің талаптары ретінде
түсіну де қателік. Ынтымақ пен бірлік қоғамда тек
көркем мінезді қалыптастырады. Ал, көркем
мінездің ең көркем үлгілері тек ислам дінінде.
Елдің татулығы – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі.
Сондықтан ұрпақ тәрбиесін оттың
төңірегін қамтитын әңгіме емес,
ұлттың ұлттық мүддесі деп түсінгенде
тәуелсіздігіміз тұғырлы болмақ.
Әдебиеттер тізімі:
1. http:/ /www.bilimtarihi.gen.tr
2. https://kk.wikipedia.org/wiki/Ислам
3.Ислам және
Қазақстан.//Руханият,-Алматы 2003.