ӘОЖ
- 159923
ЖҮЗУДІҢ
АДАМ ӨМІРІНЕ ПАЙДАСЫ
Шарипова Г.К., Әлмұратова
Б.Б.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан -
2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты
өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап
көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003
жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі
таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін
дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Суда жүзе білу - өмірге өте
қажет. Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып
келеді. Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі
тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары
арқылы адамның ілгері жылжуы. Суда жүзудің пайдасы
–адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен
қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін
шынықтыруға көмектеседі. Суда жүзудің пайдасы
жайында Миннесота Университетінің ғалымдары зерттеу
жүргізген. Олардың айтуынша, жас кезінде суда жүзіп
үйренген адамның миы кеш "қартаяды" екен.
Сондай-ақ, олар бойды сергітіп, жағымсыз әсерлерден арылудың
бірден-бір жолы – осы.Жүзу адам ағзасына тигізетін пайдалы әсері
жағынан басқа спортқа қарағанда ерекше орын
алады. Жүзумен тұрақты шұғылданған
адамның бұлшық еті үйлесімді жетіледі, жүйке
тамыры нығаяды, денедегі зат алмасу, тыныс алу мен қан айналу
жүйесінің қызметі жақсарады.Судың ішінде адам
салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді
де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары
ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып,
қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
Жүзу –
жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін жетілдіруге
жақсы әсерін тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде
шұғылданып жүрге адамның жүрек соғуы
минутына 72-ден 48-50-ге дейін сирейді, ал қанның көлемі
жүрек бір соққанда 70-80 мл-ден 120-140 мл-ге дейін көбейеді.Жүзу
тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысы
дағдыландырып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын
ұлғайтады. Мысалы, жүзумен жүйелі түрде
шұғылданып жүрген спортшылардың өкпесінің
сыйымдылығы 4000-7000 см 3 дейін, кейде одан да көбірек
ұлғаяды.
16
ғасырдың басында жүзу спорттық сипат алды.
Алғашқы жарыс 1515 жылы Венецияда өткізілді. XIX ғасыр
соңында жасанды бассейндердің салына басталды. Олимпиялық
ойындар 1896 жылдан, дүние жүзілік чемпионаттар 1973 жылдан,
еуропалық чемпионаттар 1926 жылдан өткізіледі.
Суда
жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар.
Кроль – еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және
баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады).Сондай-ақ
жүзудің қолданбалы, су астында жүзу, синхронды
(көркемдік) жүзу т.б. түрлері болады. жүзудің
тұрмыстық, емдік, ойын түрлері де бар. Баттерфляй жүзу
түрін 1934 ж Дэвид Армбрустер
ойлап тапқан болатын.
Қазақстанда
жүзу спортының дамуы Алматыда Дене тәрбиесі
институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт
және туризм академиясы) ашылуымен тікелей байланысты болды. Оның
түлектері 1946 жылы Бүкілодақтық жоғары оқу
орындары арасындағы жарысқа қатысты. 1947 жылы алғаш
рет жүзуден республикалық біріншілік ұйымдастырылып
(Тастақ тоғанында), оған Алматы, Атырау, Орал қалалары
жүзгіштері қатысты. Сол жылы Қазақстан
тұңғыш рет КСРО біріншілігінде бәсекеге түсті.
1948 жылы Алматыдағы Мәдениет және демалыс саябағында
студенттердің күшімен 27 метрлік ашық бассейн жасалды, онда
екінші республикалық біріншілік өтті. Ю.Кабин, В.Минаев,
Б.Елқондиевтер бірнеше рет Қазақстанның чемпионы
атанды. Құрамына қазақстандық Г.Николаев енген
КСРО жүзгіштері 16-Олимпия ойындарында (Мельбурн, 1956) 4x200 метрлік
эстафетада Кеңес Одағына алғашқы қола медальді
әкелді. 1957 жылы Қарағандыда тұңғыш
жабық бассейн іске қосылды. Тәуелсіз Қазақстан
дербес қатысқан Барселонада өткен 25-Олимпия ойындарына
(1992) 7 жүзгіш, ал Сиднейде өткен 27-Олимпияға (2000) 8
жүзгіш қосты. Олардың бәрі дерлік Азия құрлығының
үздіктері аталды. Ал 2016
жылғы Рио олимпиадасы және паралимпиада да Қазақстанның спорт тарихында алтын әріппен
жазылады. Суда жүзуден алтыннан
алқаны ала отырып, барша Қазақстандықтарды
қуантқан спортшыларымыз Дмитрий Баландин мен Зульфия
Ғабидуллина Жүзу адам ағзасына тигізетін пайдалы әсері
жағынан басқа спортқа қарағанда ерекше орын
алады.
Елбасы Н. Ә.
Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық
бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды
басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ
Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған.
Расында да, бүгінгі таңда еліміздің
ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне
ерекше мән беруде.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан
ғылымы», 2 том, 2009–2010 ж.
2. Брусиловский
М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт очерктері".
Алматы, "Кітап", 2001ж.
3. www.akorda.kz
Наука без
границ |
28.03.2017 |
30 марта- 07
апреля 2017 г. |
Великобритания |
|