УДК: 796.2

 

Спорт ойындардың қимыл-қозғалыс

мағынасы

Бекбергенова Жанар Ешеналиевна

 магистр, аға оқытушы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Бекбергенова Анар Ешеналиевна

Оқытушы, Тараз сервис және технология колледжі

 

Біздің еліміздегі өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінің тәжірибесі ойын балалар мен жасөспірімдердің жоғары құқықтық және дене сапаларының маңызды құралы екенін көрсетеді.Ойындар  мектепке дейінгі балалар мен мектептегі кіші жастағы балалардың дене тәрбиесінде ерекше үлкен орын алады.Себебі, олар қозғалыс қабілеттерінің  кешенді дамуына қалыпты дене дамуына денсаулықты жақсарту мен сақтауға жағымды әсер етеді.

Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының басты мазмұны ойыншылардың әр түрлі қозғалыстары мен әрекеттері болып табылады. Оларды дұрыс басқарған кезде жүрек тамыр, бұлшық ет, тынысалу және ағзаның басқа да жүйелеріне жақсы әсер етеді.Қозғалмалы ойындар функционалдық қызметті жақсартады, дененің әр түрлі ірі және кіші бұлшық еттерін әр түрлі динамикалық жұмысқа тартады. Дене буындарындағы қозғалыстарды жоғарлатады.

Денсаулықты жақсарту қатынасындағы ерекшелігі қозғалмалы ойындардың қыста да, жазда да таза ауада өткізу болып табылады.Таза ауадағы қозғалыс кезінде оттегінің артуымен бірге заттардың алмасуы күшейеді,бұл бүкіл ағзаға жағымды әсер етеді.

Ойында қолданылатын дене жаттығуларының әсерінен  заттардың алмасуының барлық түрі белсендіріледі (көміртектік, белок, майлылық және минералдық). Бұлшық еттің жұмысы ішкі секреция бездерінің функцияларын ынталандырады. Қозғалмалы ойындар мұндай жағымды тазалық және денсаулықты жақсарту маңызына тек айналысушылардың жастық ерекшеліктерін, дене дайындығын ескере отырып, дұрыс қойылған жаттығуларда ғана ие болады.

Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары жүктеменің дәл мөлшерлену мүмкіндігін ескеру керек. Себебі, әр қатысушының әрекетін алдын ала көре алмайсың. Ойындағы тұрақты ауысып тұратын жағдайлар  өзара әрекеттің жоғары эмоционалдығы жеке қатысушылардың жаттығуларының мазмұнын бағдарламалауды және жүктемені көлемі және бағыттылығы бойынша дәл реттеуді жояды. Сондықтан дене жүктемелерінің оптималды болуын қадағалау керек. Ойындарды жүйелі түрде жүргізгенде балалардың ағзасын оған бірте бірте үйрету үшін интенсивті жүктемелерді қолдану керек.

Ойындар айналысушылардың жүйке жүйесіне жағымды әсер етуі тиіс. Бұған оптималды жүктемелермен сондай-ақ ойынның ойыншыларда жағымды эмоция тудыратындай етіп ұйымдастыру арқылы қол жетеді, жағымсыз эмоцияларға әкелетін дұрыс ұйымдастырылмаған ойын  жүйке үрдісінің қалыпты жүруін бұзады, қорқыныш пайда болады, бұл өз алдына денсаулыққа зиянын тигізеді.

Қозғалмалы ойындардағы ережелер  қатысушылардың өзара әрекетін реттеуге артық қозуларды жоюға септігін тигізеді. Ойын ережесіне сай нақты обьективті төрешілік ойыншыларда жағымды эмоцияларды туғызады. Қимыл-қозғалмалы ойындарды тұрақты түрде пайдалану жүйке үрдістерінің динамикалық стеоритиптерін шығаруға көмектеседі. Бұл қозғалыстардың орындалуын жеңілдетеді.

Жаз және қыс кезіндегі таза ауадағы ойындар балаларды шынықтыруға көмектеседі. Қазіргі уақыттағы ақпарат ағымының күшеюі сабақтардың уақытысының көбеюімен , бұлшықет күшін қажет ететін әрекеттерінің азаюымен қозғалыс белсенділігінің төмендеуімен байланысты өсіп келе жатқан ұрпақты  гиподинамия байқалады. Қозғалмалы ойындардың кеңінен қолданылуы қозғалыс белсенділігінің тапшылығын өтейтіндіктен гиподинамияның төмендеуіне септігін тигізеді.

Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары сондай-ақ, стационарлар мен санаториялардағы ауру балалардың денсаулығын жақсарту үшін арнайы емдік мақсатта да қолданады.Ойын жеке тұлғаны қалыптастьырудағы үлкен орын алатын алғашқы қызмет. Ойындарда балалар жинақталған тәжірибесін көрсетеді, берілген жағдайлар, өмір жөнінде өзінің көзқарасын тереңдетеді. Бала үлкендер секілді қызмет үрдісінде әлемді таниды. Педагогтар өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге дайындауда қозғалмалы ойындардың үлкен білім беру маңызын көрсетеді.Себебі, бала ойын кезінде дамиды.

Ойын қатысушыларды жаңа сезімдермен, түсініктермен, көзқарастармен байытады.

Педагогтың қолында ойын баланың жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Олар оның көзқарасын кеңейтеді бақылаушылығын, тапқырлығын, талдау көргенін салыстыру қабілетін, осының негізінде оны қоршаған ортадағы бақыланған жағдайлардан шешім шығаруын дамытады.

Қозғалыс құрылымына байланысты спорттың жеке түрлерінен жақын ойындар білім беру мағынасына ие.Мұндай ойындар спорттың бір түрінің алдын ала үйренген техникалық және практикалық әдіс-тәсілдерін дамытуға және нақтылауға қорытуға бағытталған.Қозғалмалы ойындарда кеңістік және уақыттық қатынасты дұрыс бағалау қабілеті және ойынның жиі ауысатын жағдайларына тез және дұрыс әрекет етуді дамытады.

Жергілікті жердегі ойындар туристке, тыңшыға, ізкесушіге қажетті қабілеттердің қалыптасуына көмектеседі. Кішігірім заттармен ойналатына қозғалмалы ойындар мектепке дейінгі жастағы балаларға  және төменгі сынып оқушылары үшін ерекше қажетті тері-тактилді  және бұлшық ет қозғалыс сезімталдығын жоғарлатады, қол және саусақтардың қозғалыс функцияларын дамытуға көмектеседі.

Оқушылардың біздің еліміздегі ұлттық ойындармен танысуы үлкен білім беру мағынасына ие.Олар балаларды ұлттық мәдениетпен, салт-дәстүрмен таныстырады.Қозғалмалы ойындарда қатысушылар әр түрлі ролдерді ойнайды, бұл олардағы ұйымдастырушылық қасиеттер мен білімнің дамуына көмектеседі.

Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары бойынша жарыстар қатысушыларды жарыстардың ережесімен ұйымдастыруымен таныстырады.Бұл білім мен қабілет балаларды жарыстарды өздері өзкізуге үйретеді.

Ойынның білім беру жағы педагог, тәрбиеші, бұған тиісті көңіл аударған жағдайда ғана биікте тұрмақ.

Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының дене қасиеттерін тәрбиелеуде маңызы зор. Жылдамдық, күш, төзімділік, икемділік сондай-ақ, қозғалмалы ойындарда дене қасиеттері кешенді түрде дамиды.Қозғалмалы ойындардың көбі қатысушылардан жылдамдықты талап етеді.

Жылдамдық пен күшке бағытталған ойындар күштілікке тәрбиелейді.Қозғалыстардың бірнеше рет қайталануымен үзіліссіз қозғалыс қызметімен күшпен энергияның жұмсалуымен байланысты ойындар төзімділікті дамытады.

Қозғалыстардың бағыты жиі өзгерумен байланысты ойындар үлкенділікті тәрбиелеуге көмектеседі.

Ойында бір ойыншының екіншісіне, бір команданың екіншісіне қарсы әрекеттері болғаны орынды. Осымен байланысты ойыншылардың алдында өз уақытында шешуді талап ететін әр түрлі мақсаттар пайда болады. Бұл үшін қалыптасқан жағдайды қысқа мерзімде бағалап дұрыс әрекетті таңдап, оны орындау керек. Осының әсерінен ойындар өзін-өзі тануға көмектеседі.

Ойыншылар арсындағы нақты қарым-қатынас тек жарыстың жалпы сипатын өзара серіктестіктің психологиялық үйлесімділікті ғана емес, сондай-ақ көптеген ойын әрекеттерінің орындалу ерекшеліктерін, интенсивтілікті анықтайды.

   

Әдебиеттер

1. История физической культуры и спорта. В.В.Столбова. М. ФиС. 1983.

2. Р.П.Коровкин – Ежелгі дүние тарихы.

3. Страницы олимпийского дневника. А. Кулеков М. ФиС 1987.

4. Б.Р. Голоншапов. История физической культуры и спорта. М. Академия 2001.

5. Олимпия. К.Мазурин М. 1992.

6. М.Таникеев. Казахские национальные виды спорта и игры.

7. М.Рахимгулов. Спорт начинается в народе.

8. К.Ахметов. Қазақстанның физкультура мен спорты.

     9. М.Танекеев, А.Асарбаев. Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорт тарихы. Оқу құралы. Алматы.