Құрамында
алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктер
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Арынова К.Ш., Оспанова А.Т.
Өсімдіктердің
дәрілік қасиеті жөніндегі ақпараттар ең алғаш қытай кітаптарында кездеседі. Сонымен
бірге өсімдіктерді дәрілік мақсатқа
пайдаланғаны жөнінде мәліметтерді – еуропалық,
қытай, грек, орта азиялық, латын тіліндегі ертедегі мәдени
естеліктерінен табуға болады [1].
Қызылорда облысының флорасында өсімдіктердің шамамен 819 түрі кездеседі, оның
ішінде 50 – ге жуығы
дәрілік өсімдіктер болып табылады. Ондай өсімдіктерге:
итсигек бұйырғын, қызыл мия, ұсақ жапырақты
ақсора, кәдімгі адыраспан, кәдімгі жантақ, кәдімгі
болатжапырақ, ақмия, далалық шырмауық, жатаған
бидайық, түктіаталықты тікенбұта, орыс тікенбұта
т.б. жатады [2].
Топырақтың
сипаты мен климаты өсімдіктер құрамында түрлі
химиялық заттардың болуына әсер етді. Көп
жағдайда олар өсіидіктердің улылығын туғызады, ал
өсімдіктердің улылығы олардағы химиялық
заттардың құрамына байланысты. Көпшілік жағдайда
өсімдіктердің құрамында: алкалоидтар, гликозидтер,
органикалық қышқылдар
т.б. кездеседі.
Алкалоидтар өсімдік
организмінде түзілетін, жоғары биологиялық, күрделі
табиғи органикалық азот құрамды қосылыстар.
Олардың сілтілік қасиеті болады. Сілтілік қасиетіне
байланысты (арабша «Alcali» сілті, грекше eidos - ұқсас) деген
сөзден аталған. Бұл атауды 1819 жылы Мейсньер алғашқы
рет енгізіп, XVIII ғасырдың
аяғында француз фармацевттері анықтаған. 1892 жылы Функруа
Цинхона қабығынан алкалоидтар жинағын алған, ал Боме
1797 жылы құрамында наркотин бар опииден «кристалды тұзды»
бөліп алған. 1802 жылы Дерон наркотин мен морфиннен тұратын
алкалоидтар қоспасын алды. 1804 жылы Сесьюмен опииден морфин алып,
оның физикалық қасиеттерін зерттеген. Тек қана герман
аптекарі Сертьюрнер 1806 жылы апиин құрамындағы алкалоид
морфинді бөліп алып, оны ұйықтататын әсерін
байқады. 1810 жылы ол морфиннің табиғи негізін және
оның қышқылдармен тұз түзетін қасиетін
дәлелдеді.
Алкалоидтардың ашылуымен
медицина және химияда жаңа дәуір басталды. XIX
ғасырдың басында барлық елдердің фармацевтері мен
химиктері маңызды
алкалоидтардың қатарын ашты.
Алкалоидтардың
өсімдіктердегі сапалық және сандық
анықтаудың XIX ғасырда Юрьев университетінің профессоры
Г.Драгендорф қызметкерлерімен өндеді. Бірақ XIX
ғасырдың 80-ші жылдарына дейін алкалоидтардың
құрылысы белгісіз болған. А.М. Бутлеров органикалық қосылыстардың
құрылысын анықтау арқылы оларды синтездеу мүмкін болды. Ресей елінде алкалоидтар химиясының негізін
академик А.П.Ореховтың басқаруымен алкалоид институты
үлкен үлесін қосты. Ол өзінің шәкірттерімен
бірге 1500-ден астам өсімдіктерді зерттеп, олардан 400-ден астам
жаңа алкалоидтар тапты, оның ішінде белгілі құрылысты
120.
Құрамында азот бар
қарапайым қосылыстар метиламин, үшметиламин, және
басқа жай аминдер, сондай-ақ аминоқышқылдары және
олардың өнімдері, сілтілік қасиеті болса да алкалоид қатарына
жатпайды.
Алкалоидтар құрамына
көміртек, сутек, азот, оттек атомдары да кіреді. Жай алкалоидтар
құрамында 10-ға дейін, ал күрделі алкалоидтар
құрамында 50-ден астам көміртек атомдары болады.
Медицинада алкалоидтардың маңызы өте
зор. Өткен ғасырдың белгілі фармакохимигі Е.А. Шацкий былай
деген: «Темірдің ашылуы дүние жүзінің мәдениетінде
қандай болса, осы жүз жылдықта алкалоидтардың ашылуы
медицина үшін маңызы сондай». Мемлекеттік фармакопеяда 738
мақалалардың ішінде 83 мақаласы 11% алкалоидтарға
арналған.
Қазіргі кезде өндірістік масштабта 100-ден
астам алкалоидтар өндіріледі. Синтез арқылы кейбір алкалоидтар
алынады: атропин, кофеин, эфедрин, теобромин, сальсолин т.б.
Алкалоидтардың көп санының ішінен бір бөлігі
ғана оқып танылғандықтан бөлініп алынған
заттар ғалымдарға дәл классификациясын беруге мүмкіндік
бермейді. Американдық ғалым Манске Р.Г. фармакологиялық
классификациясын ұсынды. Мысалы: спазмолитикалық,
қабынуға, қатерлі ісікке, гипертонияға қарсы т.б.
Басқа ғалымдар алкалоидтарды тұқымдасына, туысына
қарай мәселен, амаралис немесе кейбір ерекше құрылысы
бойынша тропан, стрихнин т.б. бөледі.
Көп авторлар
алкалоидтарды негізінен гетероциклдің табиғатына
қарай яғни химиялық
жіктеуді ұсынады. А.П. Ореховтың ұсынысы бойынша
алкалоидтар көміртек - азот
қаңқасы құрылысына қарай төмендегідей бөледі.
1.
Пиридин және пиперидин туындылары.
2. Пирролизидин және пиперидин туындылары.
3. Хинолин туындылары.
4. Изохинолин алкалоидтар. Изохинолин және оның
тетрагидротуындылары көптеген табиғи қосылыстардың
құрамында болады.![]()
5. Индол туындылары.
6. Пурин туындылары.
7. Дитерпенді алкалоидтар.
8. Стероидты алкалоидтар
(гликоалкалоидтар).
9. Ациклді және бүйір
тізбегінде азоты бар алкалоидтар.
Қазіргі кезде алкалоидтардың 5 мыңға
жуығы анықталған. Әсіресе алкалоидтарға
Алқа, Сағалдақтар, Бұршақтар, Кендірлер, Түйетабандар,
Көкнәрлер тұқымдасының өсімдіктері бай келеді. Және бұл
өсімдіктер тұқымдастары Қызылорда өңірінде
жиі кездеседі.
Әдебиеттер:
1. Кукенов
М.К. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана. Алматы.
Ғылым", 1994 - 165с.
2. Т.Л.Бурсова, А.Т.Байкежеева. Экология
лекарственных растений Кызылординской области, Кызылорда, 2008 – 103 с.
3 . Чиков П. С. Атлас ареалов и ресурсов
лекарственных растений СССР. — М.: Картография, 1983. — 340 с.
4. Лекарственное сырье
растительного и животного происхождения. Фармакогнозия / Под. ред. Г.П.
Яковлева. – СПб.: СпецЛит, 2006. – 845 с.: ил.
2. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П.
Фармакогнозия. Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ОАО Издательство
«Медицина», 2007. – 656 с.: ил.
5.
Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Учебное пособие / Под
ред. И.А. Самылиной, А.А. Сорокиной. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство»,
2007. – 672 с.
6.
Алтамышов А. Лекарственные богатства (природного происхождения) Фрунзе «Кыргызстан»,
1974 г.