Қазақстан Республикасының мұнай – газ саласындағы экономикалық тәуекелділік жағдайға сәйкес оптимальды шешім қабылдау және таңдау

 

магистрант Налибаев А.П.,э.ғ.к.Ерниязова Ж.Н.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемелекеттік университеті, Қызылорда қаласы,

Қазақстан Республикасы 

 

Қазақстан Республикасының мұнай – газ компаниялардың экономикалық қызметтегі тәуекелділік түрлерін талдай отырып, оларды төмендетудің және басқарудың негізгі әдістерін оптималды түрде таңдау және қабылдау қажет.  Тәуекелділікті басқару бизнесті тұрақты және тиімді түрде қамтамасыз ету үшін қажет.

Тәукелділікті басқарудың негізгі міндеттері:

-   кәсіпкер үшін бизнес құнын жоғарлату.

-   кәсіпкерлік қызметтегі операцияларда тәуекелділік деңгейін шектеу.

-  кәсіпорынның экономикалық тәуекелділікпен байланысты шығындарды кәсіпорынның өзіндік қаражаты есебінен өтеу мүмкіндігі.

-     бизнестің стратегиялық оперативтік тұрақтылығын қамтамасыз ету.

-    тәуекелділіктің барлық түрлерін есептей отырып, өндірістік кәсіпорынның ресурстарын тиімді үлестіруді қамтамасыз ету.

-     кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттардың ішінде, тәуекелділікті басқару шешіммен байланысты, бекітілген шараларды және әдістерді анықтау.  

-     өндірістік кәсіпорынның күтілмеген шығындарды төмендету.

Өндірістік кәсіпорында барлық экономикалық тәуекелділікті төмендету үшін,  басқрушы тәуекелділікті басқарудың оптималды әдісін таңдау қажет. Жоғарыда қарастырылған тәуекелділікті басқару әдістерін талдай отырып,  қазіргі кездегі әлімде және Қ.Р- да қолданылатын әдістерді бөліп көрсетуге болады:

-    тәуекелділіктен бас тарту әдісі

-    тәуекелділікті ықшамдау (локализация) әдісі

-    тәуекелділікті үлестіру әдісі

-    тәуекелділікті өтеу әдісі

 

 

 


Скругленный прямоугольник: Сенімді серіктестен бас тартуСкругленный прямоугольник: Қызметті стратегиялық жоспарлауСкругленный прямоугольник: Өндірістік кәсіпорындардың қызметін әртараптандыруСкругленный прямоугольник: Кепіл субъектілерін  таңдауСкругленный прямоугольник: Венчурлік кәсіпорындарды құру 

                     Сурет 1 - Тәуекелділікті басқару әдістерінің жіктелуі

 

Шаруашылық тәжірибеде көбінесе, тәуекелділіктен бас тарту әдісі қолданылады. Бұл әдісті қолданатын кәсіпкерлер сенімсіз серіктестермен келісім – шартты бұзып, сенімді контрагенттермен қызметті жалғастырады. «Бас тарту» тактикасын қолданатын шаруашылық субъектілер сенімсіз инновациялық және басқа да жобалардан бас тартады.

Тәуекелділікті үлестіру әдісте жалпы  экономикалық тәуекелділікті өндірістік кәсіпорынның  қатысушыларына үлестіреді. Өндірістік кәсіпорындар экономикалық тәуекелділікті төмендету үшін, басқа кәсіпорындарды және жеке тұлғалардың қызметін қолданылауы мүмкін.  Бұл үшін, үлкен акционерлік қоғамдар, қаржылық - өндірістік топтар және компаниялар құрылу мүмкін. Кәсіпорындардың интеграциясы вертикальды түрде ұйымдастырылады. Вертикальды ұйымдастыру – біріңғай бағалық саясатты жүргізу мақсатта бір саладағы компаниялардың бірігуі.

     Тәуекелділікті өтеу әдісі – алдын – ала болжауды қамтамасыз ететін, қауіпті жағдайларға қарсы күрестің бағыты. Бұл әдіс алдын – ала аналитикалық әдісті талап етеді. Бұл әдісте стратегиялық жоспарлау жүргізіледі. Стратегиялық жоспарлау бойынша, ірі масштабты жұмыстар белгісіздік жағдайдың салдарларын жойып, нарық секторындағы кәсіпорын үлесін жоғарлату мүмкін. 

Тәуекелділікті басқарудың негізгі әдістемелік қағидасы - тәуекелділікті бағалау және оны төмендету әдістерін салыстыру қызметі болып табылады. Тәжірибеде көбінесе, экономикалық тәуекелділікті басқарудың сақтандыру, әртараптандыру және резервтеу әдістері қолданылады.

  Қорыта келгенде, өндірістік саладағы экономикалық тәуекелділікті басқару қызметтің негізгі қағидасы - өндірістік кәсіпорынның тиімділігі болып табылады. Тәуекелділікті басқару қызметінің нәтижесінде, қаржылық тәуекелділік шығындардың төмендеуі – ағымды жылдың нәтижелерінің базистік жылдың нәтижелерінің қатынасымен анықталады.

Әдебиеттер тізімі

1.     Шапкин А.С., Экономические и финансовые риски: оценка, управление, портфель инвестиций / Москва 2006, С 6

2.     В.Н. Вяткин, Ю.А. Гализа, Ю.Ю. Екатеринославский, Риск – менеджмент Учебник/ Москва, 2003, С 10

3.     Кузнецов А.И. Expert Decide для Windows 95, Windows 98 и Windows NT. Версия 2.0. Руководство пользователя / Под редакцией В.Г. Шуметова. — Орел: ОРАГС, 2000. — 24 с.