Тойынбетова Меруерт Бейсенбаевна, Демеубаева Ақмарал Оспановна

 

Қазақстандағы су шаруашылығы жүйелерінің экономикалық жағдайы

 

Қазақстандағы су шаруашылығы жүйелерінің күрделі ахуалы ел экономикасы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіре бастады. Адам дамуы туралы бұл жолғы есеп Қазақстан экономикасы мен тұрғындарын сумен қамтамасыз ету тақырыбына арналған.

БҰҰ сарапшыларының пайымдауынша, адам дамуының индексіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі - тұрғындардың сапалы ауыз суға қол жеткізу мүмкіндігі болмақ. БҰҰ Даму бағдарламасының мәліметіне сүйенсек, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету деңгейі Қазақстанда жылына 1 мың текше метрді құрайды. Сумен қамтамасыз етудің ең төменгі деңгейіне саналатын бұл көрсеткіш елдің экономикалық дамуына кері ықпалын тигізе бастады. Қазақстандағы жалпы тұщы су қоры 539 текше шақырымға бағалануда. Бұл орайда өзен суларының 56 пайызы ғана еліміз аумағында қалыптасатындықтан, бұл фактор Қазақстанның көршілес мемлекеттердің әрекетіне тәуелділігін арттыра түсуде.

Өзен суларының көлемін салыстыра бағалау нәтижесі соңғы 20 жылда еліміздегі өзен суларының жалпы көлемі 25,3 текше шақырымға азайғанын айғақтап берді. Экономикалық мақсатта пайдалануға жарамды қолда бар су қоры 43 текше шақырымнан аспайды. Ылғал тапшы жылдары бұл көлем 25 текше шақырымға дейін азаяды.

ТМД елдерінің арасынан сумен қамтамасыз етілу деңгейіне қарай Қазақстан соңғы орында. Күн райының ахуалына байланысты жер бетіндегі сулардың 90 проценті көктем маусымында түзіледі, бұл көлемді ұстап қалуға қолданыстағы су қоймаларының қуаты жетіспейді.

Өнеркәсіп жоғары деңгейде дамыған Орталық (ҚР көлеміндегі жер беті суларының небәрі 3 пайызына) және Солтүстік (4 пайыз) өңірлер суға айрықша мұқтаж. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Ақтөбе облыстары сынды негізгі мұнай өндіруші облыстарда тұщы су мүлдем дерлік жоқ. Бұл факторлар Қазақстан аумағындағы байлық қорларын толыққанды пайдалануға жол бермейді.

Сапасыз су тұтыну да республика тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай әсер етуде. Мәселен, Қазақстан тұрғындары арасында кездесетін ауру түрлерінің 80 пайызы су сапасының төмендігіне тікелей немесе жанама түрде байланысты. Атап айтсақ, Қазақстан тұрғындарының 50 пайызы қаттылық нормаларына сай келмейтін суды, 5 пайызы тазалық және гигиеналық талаптарға сай келмейтін суды тұтынуға мәжбүр. Республика ауылдарының басым бөлігінің тұрғындары (72,4%-і немесе 3 млн.-ға жуық адам) орталықтандырылмаған су көздерінен, басқаша айтқанда, жай құдықтар, бастаулар мен артезиан құдықтарының суын пайдаланады.

Су құбырларының 40 пайыздан астамы қажетті су тазарту қондырғыларының кешенімен қамтамасыз етілмеген. Су тарату желілерінің 70 пайызы тозығы жетіп, түрлі апаттар мен судың ластануы белең алуда.

Су тұтыну құрылымына талдау жасағанда, негізгі су тұтынушы ролін ауылшаруашылығы атқарып, судың 77 пайызы әжетке жаратып отырса, коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа судың небәрі 5 пайызы ғана пайдаланылады. Мамандардың пікірінше, су үнемдеудің орасан зор потенциалы дәл осы жерде байқалады. Ауылшаруашылығы саласының су тұтыну мөлшері 1970-ші жылдардың орта шенінен бері мүлдем өзгермеген. Соған қарамастан, Жалпы Ұлттық Өнім құрамындағы бұл саланың иемденетін үлесі 23-тен 9 пайызы дейін азайған. Ауылшаруашылығы саласында озық технологияларды пайдалану - саладағы су тұтыну мөлшерін анағұрлым азайтуға түрткі болуы тиіс.

БҰҰ Даму бағдарламасы сарапшыларының пікірінше, аталған өзекті проблемаларды шешуге Қазақстанның мүмкіндігі толық жетеді. "Бүкіл проблеманың түйіні - адамдардың суға деген адамдық қарым-қатынасын қалыптастыруда болмақ",- деді Ф.Акчура [1].

Қазақстандағы су шаруашылығы жүйелерінің  мақсаты - Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі су нысандарының қазіргі экологиялық жағдайын талдау негізінде кіші өзендер, суару каналдарындағы табиғи сулардың ластану себептері мен деңгейін анықтау және олардың ластануы мен лайлануына қарсы шараларды ұсыну.

Жұмысты жүргізуде далалық және зертханалық әдістер қолданылды. Далалық жағдайда су нысандарының және оның жағалауындағы топырақтың физикалық және химиялық қасиеттері, сондай-ақ кіші өзендер мен суару каналдарының ластануы және лайлану дәрежесі анықталса, зертханалық жағдайда су мен топырақтың құрамын талдау жүргізілді. Өндіріске енгізу Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу мен ауыл шаруашылығы департаменттерінің ұсынысымен облыс аумағындағы су нысандарының жағалауына қолдануға қабылданды.

Енгізу бойынша ұсыныстарды су нысандарының егін алқаптарынан құйылатын сулардан ластануынан, лайлануынан қорғау мақсатында пайдалануға болады, сондай-ақ ғылыми тұрғыдан ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерін өсіруде агрохимикаттарды ұтымды пайдалану қаралды. Экономикалық және экологиялық тиімділігі. Кіші өзендер бассейндері мен су нысандары жағалауына суды қорғайтын орман алқаптарын отырғызу жүйесін бітірген жағдайда агроценоздың дамуы үшін тиімді жағдай туады және ауыл шаруашылық өндірісіндегі антропогендік факторлар жойылады. Су жағалауындағы орман алқаптарының экономикалық тиімділігі оның жыл сайынғы су мен топырақты тазарту қасиетінен, жарқабақтың құлауына, су қоймаларының лайлануына және топырақтың тозуына тосқауыл болуынан және т. б. қорғау эффектілерінен құралады. Жұмыстың нәтижелері мен жаңалығы: бірнеше жылдық жан-жақты ізденістер мен алынған нәтижелерді талдау негізінде алғаш рет Қазақстанның Оңтүстігіндегі табиғи сулардың экологиялық жағдайы анықталды; кіші өзендер мен суару каналдарының агрохимикаттардан ластану және лайлану дәрежесі көрсетілді, жағалаудың топырағы мен жер асты сулары құрамындағы тұздардың таралуы, сондай-ақ арам шөптермен бөгелуі жөніндегі мәліметтер кеңінен қаралды; ғылыми тұрғыдан монодоминанттық экологиялық жүйенің сұр топырақтың физикалық және химиялық құрамына әсері анықталды; алғаш рет Оңтүстіктің суармалы жерлеріндегі су нысандарының егін алқаптарынан құйылған сулардан ластануына қарсы су жүйесін қорғау шараларының ең маңыздысы - орман алқаптарын өсіру қажеттілігі анықталды; жағалаудағы ағаштардың тазарту, қорғау қасиеттері, олардың жер асты суларының деңгейіне, канал арнасының  лайлануына, сондай-ақ булануына әсері берілді; табиғи суларды лайлану мен ластанудан қорғау үшін жағалауға орман алқаптарын өсіру шаралары көрсетілді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

1.     Оспанова Г.С. Экология.А., А. 2002.

2.     Асанов А.А. Оңтүстік Қазақстандағы су қорларының экологиялық жағдайы және оларды агрохимикаттармен ластануынан қорғау. А. 2009.

3.     Туляева Р.Х. Прогнозирование состояния окружающей среды при  размещении  твердых отходов. Шымкент.,1998.- М.О.Әуезов атындағы ОҚГУ