ӘОЖ 33:311.313

 

АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ОРНЫ

 

Нурманалиева Г.А.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.

 

Нарықта он жылдық трансформациялық жоспарлы экономикада құрылымдық қайта құруда өтпелі кезеңнің қиын тапсырмаларының бірі екенін көрсетеді, ол құрылымдық дағдарыспен бірге жүреду. Құрылым элементтер қалпының орналасуын және олардың жақтары мен қасиеттерінің араласуын көрсетеді.Құрылымдық өзгеріс – ең алдымен әлеуметтік – экономикалық өзгерістер, экономикалық жүйенің өзгеурі және олар мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1.Жүйеқұраушылық меншік байланыстар сапалы қайта құрылуы, егер 20 жыл бұрын меншік мемлекеттік 90% болса, ал қазір жалпы ішкі өнімнің 80% мемлекеттік емес секторларда өндіріледі.

2.Қызмет көрсету үлесі өсті 37 ден 48% жалпы ішкі өнім , ол жалпыцивилизация тенденцияларына сәйкес келеді.

3.Шағын бизнес үлесі өсті, ол дамыған елдердің сипатына сай.

Барлық құрылымдар, соның ішінде экономикалық өзінің дамуында келесі этаптардан өтеді: туылуы, өсуі, жетілу кезеңі, регрессивті қайта құрылу (кризис), жоғалу және күйреу. Туылу мен өсуін ұйымдағы бұрын құрылымдар сияқты кертартпа элементтер мен жақтардың күрес процессі, жүйелік сапа өзгерулерінің процессі ретінде қарастыруға болады. Жетілу кезеңі құрылымның тұрақты жағдайы яғни ұйымдастыру процессі мен істі бұзу арасында тепе-теңдіктің болуы. Регрессивті қайта құрылу істі бұзу процесін көрсетеді, мұнда ол, өз кезегінде жаңа құрылымға орын береді. Аймақтық экономикада салалардың құрылымдық өзгерістері өндірісте ірі масштабты диверсификация процессін яғни өндіріс территориясында пайдалануға  шыққан қуат орнына жаңа тиімді өзгерісті енгізу. Нарық экономика құрылымдық өзгерістер тұрақты жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп салаларында және аймақтар деңгейлерінде де орын алады.

Сонымен қатар экономикадағы құрылымдық өзгерістер материалды заттай (салалық ұдайы өндіріс, технологиялық) және экономикалық жүйенің әлеуметтік – экономикалық құрылымы, олардың элементтері арасындағы байланысты көрсетеді. Критерий белгісі ретінде орындайды. Құрылымдық өзгеріс құрылымындағы әрі қарай өзгеріс экономикалық жүйенің күйреуіне алып келетін болса аяқталды деп есептеуге болады.

Экономикада құрылымдық өзгерістер элементтердің, үлестер, пропорция және сапалы экономикалық жүйелерді сипаттайтын өзгеру формасында пайда болады, сондықтан құрылымдық өзгерістер – бұл жүйелік өзара байланысқа өзгерістер (элементтер арасындағы экономикалық өзгерістер) ол негізгі бірінші сандық модификацияға, ал ары қарай сапалы жүйе сипатын алып келеді (сурет 1)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1. Экономикалық жүйенің трансформация процесінде құрылымдық өзгерістердің орны

 

Құрылымдық өзгерістердің мынандай түрлерге бөлінеді: мега, макро, мезо, микро және нано өзгерістер.

Экономикалық құрылымдағы жергілікті өзгерістердің көбісі (мысалы басқа кәсіпорында өндірістің жаңаруы) ғаламды өзгерістерге қосылады да жалпы экономикалық өмірдің барлық көзқарсын танымайтындай етіп өзгертеді. Ол өз кезегінде жергілікті экономикалық құрылымдар ғаламды макро және мега өзгерістер импульсін сезінеді және әрі қарай құрылымдық процестің өзгеруіне еніп кетеді (тб. 1)

 

   Экономикадағы құрылымдық өзгерістер топтастыру критерийлері

 

Белгісі

Өзгеріс типтері

Уақытша

Мысалы, аграрлы қоғамның индустриалландыруға одан әрі ақпараттыққа өзгерістердің өту этаптары.

Территориалды

Экономикадағы құрылымдық өзгерулер аймақтарды, облыстарда, елдер және т.б.территорияларда.

Деңгейлі

-мега өзгеріс (әлемдік шаруашылық деңгейі)

-макроөзгеріс (ұлттық экономика деңгейі)

-мезоөзгеріс (аймақаралық экономика деңгейі)

-микроөзгеріс (фирма, салалар деңгейіндегі құрылымдық өзгерістер)

-наноөзгеріс (индивидтің, үйшаруашылығының тұтынушылық және экономикалық қызығушылық өзгерістері)

Өзгерістердің темпы мен масштабы

Эколюциялық және революциялық өзгерістер: бір жағынан құрылымдық өзгерістер үздіксіз, шаруашылық қызмет сияқты, екінші жағынан экономикалық құрылымда эволюциялық өзгерістер тез арада жаңару процесімен үзіледі.

Өзгерістер сипаттамалары

Қайтымсыз және айналымды: құрылымдық өзгерістердің айналымдылығы ол экономикадағы циклдік процес көрінісі ретінде түсіндіріледі, қайтымсыз құрылымдық өзгерістер дамыған жүйеде ол прогрессивті экономикалық өсу, құрылымы бұзылған жүйеде – экономикалық құлдырау.

 

Әртүрлі экономикалық жүйелер деңгейінде  құрылымдық өзгерістерді зерттеу теориялық негізде өткізілген талдауда келесідей қорытынды жасауға әкелді.

-    Экономикадағы құрылымдық өзгерістер материалды – заттай (салалық, өндірістік, технологиялық) және экономикалық жүйенің әлеуметтік – экономикалық құрылуын, олардың элементтерінің байланысы жаңа сандық пропорциялардың құрылуына алып келетін және әлеуметтік – экономикалық жүйелер сапасын көрсетеді.

-    Экономика құрылымдағы өзгерістер шаруашылық жүйелердің әлеуметтік – экономикалық сипаттамасы сапалы өзгеру формалары сонымен қатар құрылымдық элементтер орны, пропорциялары мен үлесі шығады.

-    Экономикадағы құрылымдық өзгерістер маңызы экономикалық қызуғышылық құрылым өзгерістері және экономика субъектілері тұтынушылары болып табылады.

-    Басқа критерийлерге байланысты (географиялық, тарихи, уақытша және т.б.) құрылымдық өзгерістер типтері бөлініп шығады, олардың әрқайсысы экономикалық құрылымды сипаттайды.

-    Экономикадағы барлық құрылымдық өзгерістер өзара байланысты және бір бүтін жүйені құрайды.

Экономиканың шикізаттық салаларын басқаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа-бағытталған өнім өндіріс алатын экономика дамуының жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз ету басымды міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта республикада 2003-2015 жж-ға арналған индустриялды-инновациялық  даму стратегиясы жасалды, оның алдыңғы жылдардағы маңызды жолдары сервистік-технологиялық бағыттағы экономиканы қалыптастыру негізіне болуы қажет.

Индустриалды-инновациялық  саясаттың мақсатына қол жеткізу өндеу өнеркәсібіндегі қосымша құнды тек өнім өндіруін көлемін ұлғайту  жолымен ғана емес, сонымен бірге адам және өндірілген капиталды үнемдеу есебінен көтеруге мүмкіндік береді. Бұл өнімді қайта өндіру үдерісіне және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауына оң әсерін тигізеді. Бұдан басқа, босап қалған еңбек ресурстарын, энергия мен материалды жаңа өндіріс құруға бағыттауға болады. Қабылданған Қазақстанның индустриялды-инновациялық   даму стратегиясының ертеректе өнеркәсіп дамуы облысында өнделген құжаттардан айырмашылығы ол мемлекеттің жеке сектормен мемлекеттің экономикасының дамуына заңды нақты араласу шаралары көмегімен белсенді қарым-қатынаста болуы. Ол мемлекеттің не және кімге өндіру және объектілерді қайда соғу керектігі жөнінде үстемдік етуді көздемейді. Индустриалды-инновациялық  дамудың негізгі қорғаушы күші жеке сектор болуы қажет, ал мемлекет оларды инновациялық процеске қатыстыра отырып, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жеке кәсіпорындардың модернизациялануына мүмкіндік туғызу мәселелерінде катализаторы және бастаушысы болады [2]. 

Жасалған стратегияда экономиканың дамуының нақты анықталған басымды секторлары жоқ. Негізгі басымдық бәсекеге қабілетті потенциалды, оның ішінде экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін экспортқа – бағытталған өндірісті дамыту және құру.

 

                                                         Әдебиеттер

 

1. Назарбаев Н.А. «Стратегия вхождения Казахстана в число пятидесяти развития Казахстана. АльПари, №3, 2005г.

2.Назарбаев Н.Ә. «Дағдарыс арқылы жаңарудан дамуға». ҚР Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан», 6 наурыз, 2009 жыл.  

3.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: «Білім», 1997                                                      

4.  Назарбаев Н.Ә «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2010 жылғы 28 ақпан , Ақжол, 2007 жыл 3 наурыз.

5.   ҚР Президентінің 2006 "ҚР 2006-2015 жылдарға индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы" 2006 жылдың 17 мамырынан N 1096 Қаулысы.