Сейділдахан Бағила Диханқызы, Демеубаева
Ақмарал Оспановна
ҚР ауыл шаруашылығын
несиелендірудің түрлері мен әдістерін талдау
Жақында
Үкімет агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың
салааралық «Агробизнес-2020» бағдарламасын қабылдады.
Бұл бағдарлама бір жылдан астам уақыт жан-жақты
талқыланып, әзірленген болатын. Еліміздің
аграрлық саласын дамытуға арналған аса маңызды
құжаттың қабылдануы, әрине, бұл
саланың көрігін қыздырып, жұмысын жандандыра
түсуге зор ықпалы болар деген сенімдеміз. Себебі, алдағы 8
жылға жоспарланған бағдарлама ауыл шаруашылығының
жаңа тынысын аша түсер ауқымды шараларды қамтып отыр.
2013-2020 жылдарға
арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың салааралық
«Агробизнес-2020» бағдарламасы еліміздің ДСҰ-ға
келешекте кіруі қарсаңында, сондай-ақ Кеден одағы
жағдайында бәсекелестіктің күшеюіне байланысты
әзірленіп отыр. Онда көктемгі егіс және жинау
жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық техникаларын
сатып алу үшін және жалдау және ауыл шаруашылық
машиналарының қосымша бөлшектерін, ұрықтарды,
гербицидтерді, жанар-жағармайларды сатып алу үшін
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл
шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендірудің ішкі ережелері
бекітілген [1].
Бағдарламаның
негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін төрт бағыт
бойынша жұмыстар жүргізілмек. Оның біріншісі -
қаржылық сауықтыру. Ол кредиттер мен жобаларды қайта
құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ, бар
борыштарын өтеу үшін ауылшаруашылық тауар
өндірушілерін қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша, мемлекет кредиттік жүктемені жеңілдетеді және
көптеген ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің
қаржылық тұрақсыздығын болдырмайды.
Екіншісі -
агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қызмет пен
жұмыстарды, тауарлардың қолжетімділігін жоғарылату
бағыты. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне
кеңес қызметін, білімдік, қаржылық, жұмыс,
тауарлардың экономикалық қолжетімділігін жоғарылату
бойынша мемлекеттік қолдау механизмдері арқылы міндеттер
қойылған. Мұнымен АӨК субъектілерінің жаңа
мемлекеттік қолдау механизмдеріне, біріншіден, АӨК басымды
инвестициялық жобалар үшін
инвестициялық субсидиялар, екіншіден, қаржылық институттар
алдында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру
және сақтандыру қызметтерін субсидиялау, үшіншісі -
берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жатады.
Сондай-ақ,
өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы
шикізатын қайта өңдеу және қамтамасыз ететін
салалардың өнімдерінің өндірісін субсидиялау бойынша
жұмыс өз жалғасын таппақ.
Ал үшінші
бағыт бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік
қамтамасыз ету жүйелерін дамыту шеңберінде
фитосанитарлық қауіпсіздік жүйесін дамыту, ветеринарлық
қауіпсіздік жүйесін дамыту міндеттерін шешу жоспарлануда.
Шаралар
фитосанитарлық және ветеринарлық зертханалар
құру және жабдықтауға, фито және
ветеринарлық қауіпсіздіктің диагностикасы мен мониторингі,
жануарларды бірегейлендіру, аурулардың таралу қаупін
төмендету, сондай-ақ, жайылымдық мал шаруашылығы
үшін жайылымдарды суландыруға бағытталмақ.
Төртінші
бағыт шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік
реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ауқымды шаралар
легі күтіп тұр. Айталық, ауыл шаруашылығына агрохимиялық
қызмет көрсету тиімділігін арттыру, АӨК субъектілерін
ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту, ауылшаруашылық
дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру, АӨК
субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету
жүйесін дамыту, ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу
жүйесін дамыту, АӨК-тегі мемлекеттік бақылау және
қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру,
органикалық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен оның
айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау жұмыстары осы
төртінші бағыт бойынша жүзеге асырылмақ.
Бюджеттік несиені
ұсыну тиісті несиелік келісімдермен Қазақстан
Республикасының несие беруші және несие алушы арасындағы
келісім заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады. Несиені
беру немесе берілмеу туралы соңғы шешімді (қорытынды)
әкім немесе оның орынбасарымен жүзеге асыралады.
Несие- несиенің
барлық принциптерін орындайтын, облыстық бюджеттен
қалалық бюджетке немесе аудандарға берілетін қаржы. Бюджеттік
несиелеуді облыстық коммуналдық меншік және қаржы
департаменті жүзеге асырады, өз кезегінде облыстық
коммуналдық меншік және қаржы департаменті қаржыны
қалалық және аудандық әкімдерге қайта
аударады.
Су және ауыл
шаруашылық Департаменті облыс, аудан және қала әкімдерімен
несиелік қаражаттарды қайта аудару жөнінде және
оның белгіленген мерзімде қайтарылуы жөнінде келісімге
отырады.
Несие нольдік пайызбен соңғы
несие алушыға беріледі. Бюджеттік несиелеудің міндетті талабы несие
берушіні қорғау, кепілдік мүлікпен несиелік тәуекелді
барынша төмендету болып табылады.
Бюджеттік несиелер
ағымдағы жылға шектеулі сомада ұсынылады.
Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі
қалпына келтіруде халықаралық қайта құру
және Даму банкінің және Азиялық Даму Банкінің
қаржыларын пайдаланады. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге
жанар-жағар майлар, ұрық, минералды тыңайтқыштар,
гербицид, дәрілер, ауыл шаруашылық машиналары үшін
бөлшек заттар алады.
Ауыл шаруашылық
тауар өндірушілерді бюджет есебінен көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстарына жанар-жағар май, ұрық, минералды
тыңайтқыштар, ауыл шаруашылық машиналарына бөлшек
заттар, гербицидтер т.б. алуға құрылған
бағдарламаның нақтылығы соншалық,
соңғы несие алушының банктік немесе банктік емес мекемелер
алдында қарыздарының болмауы, ҚР заңдылығына
сәйкес салық және басқа да міндетті төлемдер
бойынша салық комитетінің алдында тағы басқа да қарыздарының
болмауы тиіс.
Соңғы несие
алушы бағдарламаны (бюджеттік несиелеу) жүзеге асырушыларға
және қала, аудан әкімдеріне құжаттардың пакетін
ұсынуы тиіс. Ондай құжаттарға құрылтайшылық
құжаттар (жарғы, куәлік, стат. картасы, патент,
құқық беруші құжаттар), кепілдік келісімі, мөлшердің
шегі берілген өткізілген құжаттардың көлеміне
сәйкес, оны қала және аудан әкімдері аңықтайтын
құжаттар жатады.
Бюджеттік несиелеу несие
алушыларға (ауыл шаруашылығын тауарларын өндірушілерге)
несиені ұсынуда келесі принциптерді ұстанады:
жергілікті деңгейде бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы бағдарламаны және оның
тәртібін жариялайды; несиелік келісімдердің түзілуі (сонымен
бірге кепілдік келісімі); конкурстық комиссия соңғы несие
алушыны таңдауда конкурс жариялайды.
ҚР Ауыл
шаруашылық министрлігі және Халықаралық Қайта
Құру Және Даму банктерімен және Азиялық Даму
банктері есебінен несие алған ауыл шаруашылық тауар
өндірушілер беделді, кәсіби шаруашылықтар болуы тиіс. Соңғы
несие алушы бюджеттік несиені жанар-жағар майға (кем дегенде 80%
жалпы несие ресурстар көлемінің) ұрық, минеральды
тыңайтқыштар, гербицид, ауыл шаруашылық машиналарын
қосалқы бөлшектер, жалдау ақы немесе ауыл
шаруашылық машиналарын сатып алуға болады.
Пайдалынылған
әдебиеттер тізімі.
1.
2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін
дамытудың салааралық «Агробизнес-2020» бағдарламасы. А.
2013.
2.
Оспанова Г.С. Экология.А., А. 2002.
3.
Туляева Р.Х. Прогнозирование состояния окружающей среды при размещении
твердых отходов. Шымкент.,1998.- М.О.Әуезов атындағы
ОҚГУ.