ӘОЖ: 336.71

 

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ СЫРТТАН  ТАРТЫЛҒАН  РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

 

э.ғ.к.,доцент Молдабекова А.Ш

 

Тартылған қаражаттар банктің активті операцияларын жүзеге асыру үшін ақша қажеттіліктеріне, әсіресе несиелеудің 90%-ын жабады. Олардың маңызы өте зор. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын тарту арқылы коммерциялық банктер халық шаруашылығының қажетті айналым құралдарына қажеттілігін қамтамасыз етеді, ақшаны капиталға айналдырады, халықты тұтынушылық несиемен қамтамасыз етеуіне көмектеседі.

Меншікті және тартылған ресурстар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің корреспонденттік шотында тіркеледі. Бұл активті шот, сондықтан ресурстар осы шоттың дебетінде, ал салынған құралдар бұл шоттың кредитінде көрініс табады.

Осылайша, дебеттік қалдық көлемі банктің бос резерв көлемін айқындайды. Бос резерв көлемі қаншалықты үлкен болса, сол дәрежеде банк тұрақты деп есептеледі, бірақ соншалықты аз табыс алады. Керісінше, егер банктің бос резерв көлемі неғұрлым аз болса, соғұрлым банк көп табысқа ие болады, бірақ тұрақтылық деңгейі төмен болады. Сондықтан, кез келген корреспонденттік шоттағы ресурстар қалдығын оңтайландыруға талпынады.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, банктің меншікті ресурстары ең алдымен банк тұрақтылығын айқындайды.

Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылған ресурстар аккумуляция жолымен келесідей топтастырылады:/1/

-        депозиттер,

-        депозиттік емес тартылған ресурстар.

Коммерциялық банктердің тартылған ресурстардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды, яғни заңды және жеке тұлғалардың банкке салған ақша қаражаттары және олардың банк заңы бойынша және шот жүйесі бойынша қолданылуы.

Депозиттік емес тартылған ресурстар – бұл банктің ақша нарығындағы меншікті қарыз міндеттемелерін сату жолымен немесе банк қарыз түрінде алатын ресурстары. Депозиттік емес көздердің депозиттерден ерекшелігі, біріншіден персоналды қасиеті, яғни нақты клиенттің салымы емес, ол нарықта бәсекелестік негізде пайда болады, ал екіншіден бұл ресурстарды тарту инициативасы банктің өзінен шығады. Депозиттік емес тартылған ресурстарды көбінесе ірі банктер қолданады. Депозиттік емес ресурстар ірі сомаларда пайда болады және олар көтерме қасиетін иемденеді.

Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және капиталға айналдыру функциясын жүзеге асыру барысында, банктер ақшалай табыстар мен жинақтарды салымдар түрінде тартады. Тартылған қаражатты банк мекемесі  заңды және жеке тұлғаларды несиелендіру үшін қолданады. Банктің  функциясы есеп-төлем механизмі болып табылады. Төлемдерді өтеу үшін банк өз клиенттері үшін есеп және төлемдерге байланысты операцияларды жүзеге асырушы делдал ретінде болады. Коммерциялық банктердің эмиссиялық-құрылтай функциясы бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру арқылы жүзеге асырады. Экономикалық жағдайды әрдайым бақылап тұруға мүмкіндігі бар коммерциялық банктер өз клиенттеріне кеңес беру қызметін көрсетеді.

Банктің жүргізетін операциясының экономикалық негізі ақша қаражаттарының қозғалысы құрайды. Нарықтық экономикада коммерциялық банктердің барлық операцияларын негізгі 3 топқа бөлуге болады:

-        пассивті операциялар (банкке ақша қаражаттарын тарту және ресурстарын қалыптастыру бойынша операциялар)

-        активті операциялар (банк ресурстарын орналастыру)

-        активті-пассивті операциялар (белгілі төлемдерді төлеп, клиенттің банкке тапсырысы бойынша комиссиондық операциялары)

 Коммерциялық банктер, басқа да шаруашылық субьектілер сияқты, өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін белгілі ақша қаражат сомасын, яғни ресурстарды иемденуі қажет. Экономиканың қазіргі замандағы даму жағдайында ресурстардың қалыптасуы маңыздылығы бойынша бірінші кезекте.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:/2/

-      депозитік қаражаттар;

-      депозиттік емес тартылған қаражаттар.

 

 

 

 

 

 

 


1-сызба. Коммерциялық банктің тартылған ресурстары.

 

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит — бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар — бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен таратылатын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, делозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Тартылған қаражатарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді.

Коммерциялық банктің депозиттік саясаты салым иелерінің ақшалай қаржаттарын депозитке тарту және тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен байланысты банктік саясатты білдіреді.

Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды.

Депозиттік саясат - банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді.

Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады.

Коммерциялық банктердін депозиттік саясатының басты мақсаты - ҚР заңына сәйкес депозиттік операциялардың жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктін қажетті деңгейіне қолдау көрсету.

Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуға тиіс:

-         банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту;

-         меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру;

-         банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сәйкес және өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;

-         барлық салым иелеріне қатысты өлшемді және икемді саясат стану.

Депозиттік саясаттың үғымын екі тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің және өзге де кредиторлардың ақшалай қаражаттарын тартумен, сондай-ақ қаражат көздерін анықтаумен байланысты банктің қызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражаттарға деген қажетін қанағаттандыру мақсатында тартылған қаражаттарды іздестіру шараларын білдіреді.

Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барасында өзінің әлеуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет.

Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет.

Коммерциялық банктің депозиттік саясатын құру кезеңдерінің әрбірі басқаларымен тығыз байланысты және олар депозиттік  үрдісті  ұйымдастыруды дұрыс жүргізу, тиімді депозиттік саясатты құру үшін міндетті болып табылады. Банктің депозиттік саясатының механизмін дайындау процесінде банктің әр түрлі құрылымдық бөлімдері қатысады. ҚР екінші деңгейлі банктерінің 2011-2012 жж сырттан тартылған қаражаттарын 1-кестемде қарастырамыз.

 

  1- кесте

         ҚР екінші деңгейлі банктерінің 2011-2012 жж сырттан тартылған қаражаттары

 

Көрсеткіштер

2011 жыл

2012  жыл

 

Ауытқуы

(+;-)

Өсу

қар.

%

Сомасы, млрд тг

Үлес салмағы(%)

Сомасы, млрд тг

Үлес салмағы (%)

1

2

3

4

5

6

7

Банкаралық салымдар

237,0

1,9

215,0

2,0

-22

90,7

Ұйымдар мен басқа банктерден алынған займдар

1 247,5

10,0

548,5

5,1

-699,0

43,9

ҚР Үкіметінен алынған займдар

47,5

0,4

58,4

0,5

10,9

 

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған займдар

 

98,7

 

0,8

 

77,8

 

0,7

 

-20,9

 

78,8

Заңды тұлғалардың салымдары

4 066,5

32,4

4 574,4

42,7

507,9

112,4

Жеке тұлғалардың салымдары

1 937,4

15,5

2 250,9

21,0

313,6

116,1

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары

1 795,5

14,3

25,4

0,2

-1 770,2

1,4

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар

1 307,6

10,4

1 577,9

14,7

270,3

120,6

Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары

534,7

4,3

577,2

5,4

42,5

107,9

Басқа міндеттемелер

1 264,4

10,0

810,0

7,6

-454,4

64,0

Барлығы

12 536,8

100

10 715,4

100,0

1 821,5

422,3

 

         Екінші деңгейлі банктердің сырттан тартылған қаражаттарының барлығы 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 1 821,5 млрд. теңгеге немесе 14,5 %- ға азайды. Міндеттмелер құрылымында заңды тұлғалардың салымдары – 507,9 млрд. теңгеге немесе 12,5 %-ға, жеке тұлғалардың салымдары – 313,6 млрд. теңгеге немесе 16,2 %-ға көбейді. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары – 1 770,2 млрд. теңгеге немесе 98,6 %-ға, басқа бантерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған займдар 699,0 млрд теңгеге немесе 56,0-ға азайды.

            Шетел валютасындағы салымдар ағымдағы жылдың желтоқсан айында 322,4 млрд. теңгеге немесе 11,3 %-ға азайды.

Банк секторының жиынтық міндеттемелері ағымдағы жылдың желтоқсан айында 1,1 млрд теңгеге азайды. Заңды тұлғалардың салымдары өткен айда 30,3 млрд. теңгеге немсе 0,7 %-ға, жеке тұлғалардың салымдары -53,5 млрд. теңгеге немесе 2,4 %- ға өсті.

Кестедегі мәліметтер келесі төмендегі 1-суреттерде көрсетілген.

1- сурет. ҚР екінші деңгейлі банктерінің 2011-2012 жж сырттан тартылған қаражаттарының жиынтығы

2- сурет. 2011-2012 жж банкаралық салымдар мен басқа банктерден алынған займдар

 

3-сурет. ҚР коммерциялық банктердің соңғы екі жылдағы ҚР Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарынан алған қарыздары

 

Қазақстанда депозиттік нарықтың қалыптасуы және дамыған процестерін 3 негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1- кезең  жинақтар нарығының дамуы басталды, дәл осы уақытта теңге бағамы тұрақтанып және айлық инфляция деңгейінің төмендеуі байқалды. Ресми мәліметтер бойынша, қолдағы бар ақша қаражаттары мен жинақтар көрсеткіші 5096,2 млн.теңгені құрады.

Шын мәнінде халықтың жинақтары аталған сомадан анағұрлым жоғары болды, олардың көлемі 1,5-2 млрд. АҚШ долларын құрады. Қалық өз қаражаттарын дұрыс және сенімді сақтау үшін тәсілдер іздей бастады.

Осы кезеңде бәсекелестік коммерциялық банктер арасында ғана бола қоймай, сонымен қатар басқа да коммерциялық құрылымдар бұқаралық ақпарат құралдарында заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын тарту үшін үлкен жарнаманың компанияларын құрды, халықты қызықтыру үшін жоғары пайыздық мөлшерлемелерді немесе басқа да табысты шарттарды ұсынды, дегенмен олардың қызметі халықты алдау екендігі тез айқындалды. Сондықтан, халық өз сенімін көбінесе банктерге артты, сол себептен банктер өз несиелік, депозиттік саясаттарын жақсартуға үлкен көңіл бөле бастады.

Салымдар мен депозиттер бойынша банктік пайыздар өз нәтижелерін көрсете бастады. Бұл мәселе ақша құралдарын банкке салу керектігіне тағы да көз жеткізді. Банктер депозиттер аша бастады: мерзімді немесе талап еткенге дейін, мерзімді депозиттер 3,6,9-айлық, 1-3 жылдық, 3-5 жылға дейін немесе10 жылдан астам уақытқа қабылдана бастады.

2 -кезең инфляция деңгейі 26-28%-ы құрады.

Депозиттер бойынша банктің пайыздық мөлшерлемесі 2 жағдайға байланысты: инфляция деңгейін жабатын пайыз және депозитордың ақша құралдарын қолданғаны үшін төленетін пайыз. Инфляция деңгейін жабатын пайызды анықтау қиын, себебі оған көптеген факторлардың әсерін есептеу керек. Ал екінші пайыз мөлшерлеме депозиттің көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады.

Депозит барлық мерзімді депозиттердің 55%-н құрады. Ең көп орын алған депозиттер 3 ай мерзімдегі мерзімді депозиттер болды, олар барлық мерзімді депозиттердің 40%-н немесе жалпы депозиттердің 16%-н құрады. Барлық депозиттердің 60% депозиттері халық салымдары болды, бұл халықтың банкке деген сенімінің артуын білдіреді. Ең көп салымдар Шығыс Қазақстан облысында, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау қалаларында байқалды.

3- кезеңде қаржылық сектор дамудың жаңа сатысында, яғни сапалы сатысында тұрды.

Банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары 7,86%-ға төмендеді, ал ұлттық валютада 6,24%-ға көбейді.

Шетел валютасында жалпы салымдар көлемі 7,071 млн.теңгеге азайды, ал ұлттық валютада керісінше көбейді, бұл жағдай халықтың салымдарды ұлттық валютада салуына үлкен сенімін артқанын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделi де қарқынды дамып келе жатқан жүйе бола отырып, iшкi және сыртқы факторлардың әcepін әр уақытта өзiне қабылдап отыр.

 

2- кесте

            Екінші деңгейдегі банктер клиенттерінің салымдары, оның ішінде шетел валютасында

 

Көрсеткіштер

2011 жыл

2012  жыл

Өсу қар, %

сомасы, млрд тг

оның ішінде шетел валюта-сында

сомасы, млрд тг

оның ішінде шетел валюта-сында

сомасы

Оның ішінде шетел валюта-сында

Заңды тұлғалардың салымдары

4 066,4

1 767,1

4 574,4

1 539,8

112,4

87,1

Жеке тұлғалардың салымдары

1 937,4

1 096,4

2 250,9

1 001,3

116,2

116,1

Салымдардың барлығы

6 003,8

2 863,5

6 825,3

2 541,1

113,6

88,7

        

          Жоғарыдағы 2-кестеде Қазақстан банктерінің 2011-2012 жж клиент салымдарының құрылымы берілген.

            Салымдардың барлығы өткен жылы 6 003,8 млрд теңгеге тең болса, 2012 жылы 6 825,3 млрд теңгені құрап, ағымдағы жылы 13,7 %- ға өсті. Ал шетел валютасымен салынған депозиттердің көлемі керісінше төмендеген. 2011 жылы шетел валютасындағы салымдардың сомасы 2 863,5 млрд теңгені құраса, 2012 жылы 2 541,1 млрд теңгеге тең болған. Өткен жылға қарағанда есеп беру жылы 11,3 %- ға төмендеген.

            Заңды тұлғалардың депозиттері 2011 жылы 4 066,4 млрд теңгеге тең болса, 2012 жылы 4 574,4 млрд теңгені құраған. Оның ішінде шетел валютасымен салынған салымдардың көлемі өткен жылы 1 767,1 млрд теңгені, есеп беру жылы 1 539,8 млрд теңгені құрап, ағымдағы  жылы 12,9 %- ға кеміген. 

            Жеке тұлғалардың салымдары өткен жылы 1 937,4 млрд теңге болса, есеп беру жылы 2 250,9 млрд теңгені құрап, ағымдағы жылы 16,2 %- ға өскен. Ал шетел валютасымен қабылданған салымдардың мөлшері 2011 жылы 1 096,4 млрд теңгеге тең болса, 2012 жылы 1 001,3 млрд теңгені құраған.      

 

4-сурет.  Екінші деңгейдегі банк клиенттері салымдарының құрылымы

          5- сурет. 2011-2012 жж шетел валютасындағы жеке және заңды тұлғалардың салымдары

 

Банктің ресурстық әлуетін кеңейту және депозиттік базаңы күшейту үшін келесілер ұсынылады:

  1. Халықтың әртүрлі табыс деңгейіне бағдарлана отырып салымдардың бар тізбесін кеңейту.
  2. Жинақ сертификаттарын шығаруды игеру.
  3. Халықтың мерзімдік салымдарын болжамбаған кері алудың жағымсыз әсерін азайту бойынша шараларды қабалдау.
  4. Инфляциялық жоғалтуларды өтеу мақсатында орналастырылған салымдар бойынша сәйкес табысты алдын-ала төлеу.
  5. Клиенттер үшін жаңа ісмет телемаркетинг қызметін енгізу.
  6. Банк қызметін активтендіру

 

Қолданылған  әдебиеттер

      1.Молдабекова А.Ш., Қаржы, ақша айналымы және несие: Оқу құралы.-Алматы: «Үш Қиян» 2012.-516 б

     2.Мақыш С.Б., Банк ісі: Оқулық.- Алматы: «ИздатМаркет» 2007.-467 б