ӘОЖ: 336.71
КОРПОРАЦИЯЛЫҚ
ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Тараз қ.
э.ғ.к., доцент А.Ш.Молдабекова, оқытушы
Нурманалиева Г.А.
Корпоративтік табыс
салығы бойынша салық салу обьектісінің екінші түрі
төлем көзінен салық салынатын табыстар болып табылады
және бұған да бірнеше
мәрте өзгертулер жасалады.
Бүгінгі таңда төлем көзінен
салық салынатын табыстардың құрамы;
1)
Қазақстан
Республикасының резидент заңды тұлғасы,
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме
арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға
Қазақстан Республикасының резидент заңды
тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес
заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;
2)
Резидент еместердің,
резиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған
табыстары;
3)
Қазақстан
Республикасының резидент заңды тұлғасы,
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын
резидент емес заңды тұлға Қазақстан
Республикасының қызметін тұрақты мекеме арқылы
жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға
төлейтін сыйақы.
Қазіргі кездегі төлем көзінен
салық салуға жатпайтын табыстар:/1/
-
мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша
сыйақы;
-
орналастырылган зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетакы
қорларына, өмірді сақтандыру саласында қызметін
жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық
және акционерлік инвеетициялық қорларға және
орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына төленетін инвеетициялық табыстар;
-
сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының
аумағында жұмыс өтейтін қор биржасының ресми
тазімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша
сыйақы;
- қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктік
қарыз операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға
төленетін несиелер (қарыздар) бойынша сыйақы;
- несиелік серіктестіктерге төленетін
несиелер бойынша сыйақы;
-
Қазақстан Республикасыны секьюритилендіру туралы заңнамасына
сәйкес құрылған арнаулы қаржы компанияларына
төленетін несиелер (қарыздар) бойынша сыйақы;
- резидент лизинг берушіге төленетін
қаржы лизингі бойынша сыйақы;
- репо операциялары бойынша сыйақы;
- микронесиелік ұйымдарға
төленетін микронесиелер бойынша сыйақы;
- сыйақы:
-
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметін
жүзеге асыратын ұйымдар бойынша;
- бағалы қағаздар
нарығында кәсіби қызметін жүзеге асыратын ұйымдар
арқылы заңды тұлғаларға төленетін
борыштық бағалы қағаздар бойынша;
- коммерциялық емес
ұйымдарға төленетін салымдар бойынша сыйақы.
Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік
табыс салығын есептеу mapmiбi
Төлем көзінен
ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық
агенті төлем кезінен салық салынатын төленетін табыс сомасына
10 пайыздық және резидент еместерге Салық кодексінің
194 бабында керсетілген ставканы қолдану жолымен айқындайды.
Салық агенті төлем
көзінен ұсталатын табыстарды төлеу кезінде төлем
көзінен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен
орнына қарамастан, ұстап қалады.
Заңды
тұлғаның құрылымдық бөлімшелері
төлем кезінен салық салынатын табыстарды төлеген
жағдайда, олар салык агенттері бола алады.
Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік
табыс салығын аудару тәртібі тәртібі.
Салық агенттері төлем жүзеге асырылған ай
аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен
кешіктірмей, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс
салығының сомасын аударуға міндетті. Төлем көзінен
ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару
салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты
мекеме аркылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға
төлем кезінен ұсталған корпоративтік табыс
салығының сомасын бюджетке аударуды тұракты мекеме
орналасқан жер бойынша жүргізеді.
Төлем көзінен
ұсталған корпоративтік табыс салығы жөніндегі есеп-
қисап.
Салық aгенттері төлем
көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының
сомасы бойынша есеп - қисапты төлем жүргізілген
тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-шен кешіктірмей табыс етеді.
Қазақстан Республикасында қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес
заңды тұлғаның
таза табысы.
Корпоративтік
табыс салығы бойынша салық салу обьектісінің үшінші
түрі – Қазақстан
Респуцбликасында қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент
емес заңды тұлғалардың таза табысы болып табылады
және корпоративтік табыс салығының үстіне 15
пайыздыцқ ставка бойынша салық төлейді.
Корпоративтік табыс салығы сомасын еептеу.
Таза
табысқа салынатын корпоративтік табыс салығын және
төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын
қоспағанда, корпоративтік табыс салығы кезеңі
үшін тәртіппен есептеледі.
Бюджетке төлеуге жататын
корпоративтік табыс салыгының сомасы бұл салықты төлем
кезінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған
кезде төлем кезінен ұтыс, сыйақы түріндегі табыстан
ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына
азайтылады.
Осы ережелер төлем
көзінен салымдар бойынша сыйақы түрі деп табыстан
ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша қызметін әлеуметтік салада
жүзеге асыратын ұйымға, коммерциялық емес
ұйымдарға қолданылмайды.
Егер төлем
көзінен сыйақы түріндегі табыстан ұсталған
корпоративтік табыс салығының сомасы бюджетке төлеуге жататын
корпоративтік табыс салығының сомасынан артық болса, табыс
көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының
сомасы мен бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс
салығының сомасы арасындағы айырма кейінгі он салық
кезеңін қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады
және осы салық кезеңдерінің бюджетіне төлеуге
жататын корпоративтік табыс салығының сомасы бірте – бірте
азайтылады.
Салық
төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс
салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері.
Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруші заңды тұлғалар және селолық
тұтынушылар кооперагивтері үшін арнаулы салық режимін
қолданатын салық төлеуші корпоративті табыс салығын есептеуді
жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін
төлемақыны есептеу ерекшеліктерін ескере отырып жүргіеді.
Аванстық төлемдер сомасын есептеу.
Салық төлеушілер
корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді
ағымдағы салық кезені ішінде есептейді және
төлейді.
Kopпоративтік табыс салығы
бойынша аванстық төлемдерді есептемеуге және төлемеуге
құқылы:/2/
1) тузетулер ескеріле отырып, алдыңғы
салық кезеңін алдындағы салык кезеңіндегі жылдық
жиынтық табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгіленген
және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында
қолданыста болатын айлық есептік керсеткіштің 325000
еселенген мелшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;
2) жанадан
құрылган (пайда болған) салық төлеушілер -
әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған
салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кешнгі салық
кезеңі ішінде;
3) салық
төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген
Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілік
құрмай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асырылған салық кезеі ішінде, сондай –ақ кейінгі салық
кезені ішінде.
Аванстық
төлемдер омасы ағымдағы салық кезеңі ішінде
тең үлестермен төленеді.
Алдыңғы
салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша
декларацияны табыс еткенге дейінгі кезең ішінде төлеуге жататын
корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
сомасының есеп – қисабы есепті салық кезеңінің
бірінші тоқсаны үшін есепті салық кезеңінің 20
қаңтарынан
кешіктірілмей, салық төлеуші орналасқан жердегі салық
органына табыс етеді (2012 жылы 1 кантарға дейін тоқтатылады).
Алдыңғы салық
кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны
табыс еткенге дейшін кезен iшінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша
аванстық төлемдер сомасы еткен салық кезең үшін
аванстық төлемдер сомаларының есеп-кисабында есептелген
аванстық телемдердің жалпы сомасының төрттен бipi мелшерінде есептеледі.
Алдыңғы салық
кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны
табыс еткеннен кейін кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс
салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының
есеп-қисабын ecenті салық кезеңінің екінші,
үшінші, төртінші токсандары үшін салық төлеуші оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн
ішінде табыс етеді.
Алдыңғы салық
кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны
табыс еткеннен кейшін кезең үшін төлеуге жататын
корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен
салық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы
сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі (2013 жылы
1 қаңтарға дейін тоқтатылады).
Алдыңғы салық
кезеңінің қорытындылары бойынша залал шеккен немесе
салық салынатын табысы жоқ салық төлеушілер
алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс
салығы бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап
күнтізбелік жиырма күн ішінде салық органына
ағымдағы салық кезеңіндегі корпоративтік табыс
салыгының болжамды сомасын негізге ала отырып, аванстық төлемдер
сомасының есеп-қисабын табыс етуді.
Алдыңғы салық
кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны
табыс еткеннен кешнін кезец үшін төлеуге жататын корпоративтік
табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының
қосымша есеп - кисабы салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірмей табыс тілуі мүмкін.
Алдыңғы салық
кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны
табыс ету мерзін ұзарту кезінде:
1) алдыңғы
салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша
декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге
жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
сомасы осында белгіленген тәртіппен, оның ішінде салық кезеңі үшін
корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі
ұзартылған кезең үшін есептеледі.
2) алық
төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін
корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан
кейінгі кезең үшін төленуге жататын аванстық
төлемнің болжамды сомасын негізге ала отырып көрсетілген декларацияны
табыс ету мерзімі ұзартылғанын кезең үшін
аванстық төлемнің сомасы төлейді.
Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлем
жөніндегі берешек – көрсетілген декларацияны табыс ету мерзімі
ұзартылатын кезең үшін аванстық төлемдердің
алдыңғы салық кезеңінен арналған корпоративтік
табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін теленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық
төлемдер сомасының есебімен есептелген сомасы мен
алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс
салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылатын
кезең үшін төленген аванстық төлем сомасы
арасындағы оң айырма.
Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімдері
мен тәртібі. Салық
төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді
орналасқан жері бойынша
жүзеге асырылады.
Қазақстан
Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы
жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар
корпоративтік табыс салығын төлеуді тұрақты
мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Салық төлеуші салық
кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс
салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген
мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге
асырылады.
Бүгінгі таңда корпоративтік табыс
салығының ставкалары:
- салық
төлеушінің табыстары мен
шығыстар сомасына және ауыстырылатын залалдары сомасына
азайтылған салық салынатын табысы 20 пайызық ставка бойынша
салық салынады.
- ауыл шаруашылығы
өнімадерін өндіруші заңды тұлғалардың
табыстары мен шығыстар сомасына және ауыстырылатын шығындар
сомасына азайтылған салық салынатын табысы ауыл шаруашылығы
өнімін, бал ара шаруашылығы өнімін өндіру
жөніндегі, сондай- ақ өзі өндірген аталған
өнімді қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі
қызметті жүзеге асырудан алынған жағдайда, мұндай
табыс 10 пайыздық ставка бойынша салық салынады;
- резидент еместердің
Қазақстан Республикасындағы кездерден алатын табыстарын
қоспағанда, төлем кезінен салық салынатын табыстар
төлем кезінен 10 пайыздық ставка бойынша салық салынады;
- резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы
кездерден алатын, осындай резидент еместердің тұрақты
мекемесімен байланысты емес табыстарына Салық кодексінің
194-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салынады;
- Қазақстан
Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы
жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлганың таза
табысы корпоративтік табыс салығына қоса 15 пайыздық ставка
бойынша салық салынады.
Корпоративтік
табыс салығы үшін 1 қаңтармен 31 желтоқсан
аралығындағы күнтізбелік жыл –салық
кезеңі болып табылады.
Егер ұйым
күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның
құрылған күнінен батап күнтізбелік жылдың
аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық
кезеңі болып табылады.Бұл жағдайда ұйымның
әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күні оның
құрылған күні болып есептеледі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Құлпыбаев С., Мельников
В.Д., Қаржы негіздері: Оқулық.-Алматы IEM, 2009.-670 б
2.Молдабекова А.Ш., Қаржы,
ақша айналымы және несие: Оқу құралы.-Алматы:
«Үш Қиян» 2012.-516 б