ЭКОНОМИКАДАҒЫ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Нурманалиева Г.А., оқытушы,

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ

 

Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстар халық шаруашылығын уақытша бос жинақтары мен (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы.

Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі  бойынша анағұрлым дұрысы несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.

Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады. Олардың ролі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтанда дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары бірақ пайдасы төмен болады ал, керісінше егер бос жатқан қаражаттардың шамасы аз болса онда тұрақтылығы төмен пайдасы жоғары келеді Сондықтан да әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы үнемі ықшамдауға ұмытылады.

Банктер өзінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бер.

Капиталдың жеткіліктілік термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі –бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді.

Нарықтық қатынастарға өту, бірінші кезектегі міндеттер ретінде қаржы-несие жүйесін қайта құруды және қаржы нарығын қалыптастыруды болжайды. Мұндай нарықтың негізгі субьектісі болып банк қатысады. Банк –бұл дербес заңды болып саналатын, тұтынушыларға нақты қызмет көрсететін, аз өнімдерін алға жылжытуды жүзеге асырушы және кіріс алуға мүдделі кәсіпорынның айрықша үлгісі болып саналады.

Банктер экономиканы басқарудың мемлекеттік тетігінің бір бөлігі ретінде капиталды және ақша қаражатын жұмылдырады және оларды мемлекеттің қызығушылығын тудыратын салаларды дамытуға бағыттайды.

Банктік маркетинг банк өнімдерін өзіне тән белгілерімен келісілген өзіндік ерекшеліктерге ие. Банк өнімдері: уақыт аралығындағы ұзақтық, ақшамен байланыс, мүліктік шарттық байланыстардың қатысуы сияқты өзгешеліктерге ие.

Банк өнімі түрінде, банк жасайтын кез келген қызметті немесе операцияларды түсіну көзделеді. Негізгі және бөгде банк қызметтерін бөліп көрсетеді.

Клиенттерді тартуға, мақсатты аудиторияларға неғұрлым тиімді түрде ықпал ету үшін банктер коммуникациялық жүйенің өзіне тән үлгілік құралдарын пайдаланады.

Кейіннен коммерциялық ынталандыру жүйесі жүргізілгеннен кейін банк пен қарыз алушылардың арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, сол сияқты қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.

Сонымен мынандай қорытынды жасауға болады:

1.Әр елдің және әр банктің несие қатынастарын реттейтін несиелеу жүйесі орын алғанымен оларға бірдей моделді қолдану мүмкін емес, бұл жерде банктердің операция көлемі, ішкі ережелері, қойылатын талаптары болатыны сияқты, клиенттердің несие қабілетттілігін бірдей шартпен талдау мүмкін еместігін айта кеткен жөн.

2.Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару ұғымымен қатар, несие тәуекелділігі жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдауға байланысты атақты отандық және шетелдік авторлардың  еңбектері зерттелді.

3.Банк қызметіндегі несие тәуекелдері жүйесін басқару және оның ішінде қарыз алушы несие қабілеттілігін жүйелі басқару. Сол себепті, несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі және қарыз  алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін  ескерілуге тиіс.

4.Қазақстанда несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ, несие тәуекелділігін басқару жүйесінде  жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Сондықтан, несие тәуекелділігін  басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін олқылықтар және олардың мүмкін себептері зерттелді, несие тәуекелділігін талдаудағы басты міндеттер анықталды.

5.Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау мен бағалау үлкен шеберлікті талап ететін іс, сол себепті банктің қарыз алушының несие қабілеттілігін ұтымды бағалай алатын талдау кешені болғаны дұрыс.

6.Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару мен бағалаудың отандық және шетел тәжірибелерін қарастыра келе, әдістер мен әдістемелердің әр түрінің зерттеу барысында айтылған өзіндік ерекшеліктері мен басымдықтары бар, тек қарыз алушы субъектті жақсы тани біліп, тиісті әдістер мен әдістемелерді орынды қолдана білгенде ғана қарыз алушының несие қабілетін анықтауға мүмкіндік болады деп санаймыз, бұл жерде басты назар несие менеджерінің іскерлік қабілетінде болуы тиіс.

7.Несие портфелін талдай отырып, несие портфелінің сапасы төмендей бастаған банктерге қадағалау органдары тарапынан бірден несиелеу көлеміне байланысты немесе мерзіміне байланысты немесе уақытша несиелеу қызметін тоқтата тұру жөнінде белгілі бір шаралардың қолданылуы және осы мәселе ҚҚА тарапынан қолға алынуы тиіс. Осы тұрғыда несиелік ресурстардың басым бөлігін өндіріс орындарын ашуға жұмсасақ, еліміздің қаржыларын молайтуға, арзан ресурс пен қатар арзан өнімге, әлеуметтік тұрғыда жұмыспен қамтуға қол жеткізер едік, ал бұл дегеніміз ертеңгі күні заңды және жеке тұлғалардың несие қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетіндігінің дәлелі.

8.Тартылған қаражаттың құны (Тққ) несиелік ресурстың банк үшін арзан немесе қымбат көздерден алынуына байланысты болса, несие саясатындағы тәуекелдер құны (Нстқ) осы несиенің банк үшін қандай тәуекелділік (шығын мен залал ықтималдығы) әкелетіндігіне байланысты анықталуы қажет және банктің саясатымен белгіленгені дұрыс деп есептейміз.

9.ҚР Ұлттық банкпен ҚҚА қолданған «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» зерттеу материалдарына сүйене отырып қорытынды жасалды, респонденттер арқылы жинақталған «сауалнама жауаптары несие нарығын болжауда тиімді құрал екендігін көрсетті, бірақ уақыт тұрғысынан алғанда  бірнеше ескертпелерге ойлану және жаңадан дайындалған принциптерді ұстана отырып қызмет атқарып, практикаға енгізу қажет.

10.Болашақта ең алдымен ішкі қаржыландыруға, оның ішінде шетел валютасында сыртқы қарыз алуға емес, теңгедегі депозиттерге сүйенетін тұрақты банк жүйесін дамыту мақсатын алға қою қажет.

 

Әдебиеттер

 

1. Р.С. Сейтқасымова. Ақша, несие, банктер. Алматы: Ғылым, 2011

2. С.Б. Мақыш. Коммерциялық банктердің операциялары. Алматы: Ғылым, 2012

3.Каренов Р.С. Кадровый менеджмент. – Алматы: Ғылым, 2008

4.Нақыпова Г.Н. Қызмет маркетингі. Оқу құралы. Қарағанды. 2002

15. Усоскин В.М. Рейтинговая оценка деятельности коммерческих банков. // Банки Казахстана, 2000, № 6