Еуразия технологиялық университеті
6М050600 «Экономика», 1 курс
Огузов Илимжан Огузович
Қазақстанның
индустриялық-инновациялық стратегиясы аясында еңбек
қатынастарын реттеу және жақсарту
жолдары
“Қазақстан-2050”
Стратегиясының ұзақ мерзiмдi басымдықтарының бiрi
болып Қазақстандықтардың денсаулығын, бiлiмi мен
әл-ауқатын арттыру шаралары белгiлендi. Осы орайда
республиканың мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаевтың “Бiзге әлеуметтiк
саясаттың тұтас тұжырымдамасы қажет” деп міндет
қойған болатын [1].
Сондықтан да ел басшылығы
бұрынғы жүйенiң бүгiнгi жағдайға
сәйкес келмейтiнiн ескерiп, нарықтық экономика талаптарына
жауап беретiн әлеуметтiк қорғаудың жаңа
үлгiсiн жасауға бел буды. Қазақстан
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту
жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет
басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс ХІІ съезінде
берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық –
жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына
Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның
2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші
кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020
жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді
бағыттарына сәйкес әзірленді.
Алда
тұрған индустрияландыру өңірлерді бірқалыпты даму
саясатынан өсудің жоғарғы әлеуеті мен
жоғарғы экономикалық белсенділікке ие қалалар мен аумақтарды
дамытудағы дәлме-дәл әдіске ауысуды талап етеді.
Бағдарлама
экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге
қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және
теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарлама
экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған
саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі
құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2010 –
2015 жылдарға арналған стратегиясының,
«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы»
бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы
басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі
тәсілдерін біріктірді.
2015 жылға
дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды
мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі
қайта бөлу және қайта өңдеу үшін
жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың
дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі
инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру
саясатының негізгі басымдығы болмақ.
Индустрияландыру
саясатының табысты іске асырылуының негізгі шартына өндіріс
факторлары өнімділігінің өсуі және ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
жатады (1-кесте).
1-кесте – Қазақстан Республикасын 2003-2015
жж. үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
мемлекеттік бағдарлама
|
Бағдарламаның мақсаты |
Экономиканы
әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттігін
арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін
қамтамасыз ету |
|
Міндеттері |
-
экономиканы әртараптандыруды және оның
бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін
басым секторларын дамыту; -
экономиканың басым секторларын
дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және
инвестициялық жобаларды іске асыру; -
индустрияландыру үшін қолайлы
орта жасау; -
экономикалық әлеуетті
ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде
экономикалық өсу орталықтарын құру; -
экономиканың басым салаларын дамыту
процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын
қамтамасыз ету |
|
Іске асыру мерзімі |
2010
– 2015 жылдар |
|
Қажетті
ресурстар мен қаржыландыру көздері |
Мемлекеттік
бюджет және ұлттық компаниялар мен мемлекет қатысатын
ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, кәсіпорындардың,
ұйымдардың қаражаты. Республикалық және
жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі жоспарланатын
кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде
нақтыланатын болады. |
|
Нысаналы индикаторлар |
Мыналарды:
- ЖІӨ-ні
кемінде 7 трлн. теңгеге, 2008 жылғы ЖІӨ-нің шамамен
50 %-на, нақты мәнде ЖІӨ-нің өсімі 15 %-ын
құрайды; - ЖІӨ
құрылымындағы өңдеуші
өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 % деңгейіне
дейін; - шикізаттық емес экспорт үлесін
экспорттың жалпы көлемінің кемінде 40 %-ы деңгейіне
дейін; -
шикізаттық емес экспорт көлемін өңдеуші
өнеркәсіптің жиынтық өндіріс
көлемінің кемінде 43 %-ы деңгейіне дейін; - өңдеуші өнеркәсіптегі
еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге; - агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек
өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір
адамға 3000 АҚШ долларынан бастап кемінде 2 есеге; - мемлекеттік мекемелер мен
ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингінің,
ұлттық холдингтер мен компаниялардың тауарларды сатып алуда
қазақстандық қамту үлесін – 60 %-ға
дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда 90 %-ға дейін; - инновациялық белсенді
кәсіпорындардың үлесін жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындар санының 10 %-на дейін ұлғайту; -
шикізаттық емес сектордың өзіндік
құнының құрылымындағы көлік
шығыстарының үлесін кемінде 8 %-ға; -
ЖІӨ-нің энергия қажетсінуін 2008 жылғы
деңгейден кемінде 10 %-ға азайту. |
|
[2] |
|
Индустрияландыру
саясатының тиімділігі бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін
экономиканың басым секторларын дамытуға шоғырландыру,
сондай-ақ олардың тиімді институттары мен өзара әрекет
ету тетіктерін қалыптастыруға байланысты болмақ.
Индустриялық-инновациялық
дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 жылға дейiнгi кезеңге
арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға
қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары
қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық
бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс
[3].
Стратегияның
басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға
ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң
тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзімді
жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн
жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi
өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында
бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа
негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер
өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық
саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге
түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық
кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi
өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда,
өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай
әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және
баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Экономиканың
шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң салалық және
секторлық стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.
Стратегияның
мiндеті:
-
өңдеушi
өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын
8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда
2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және
ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
-
өңдеушi
өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн
арттыру;
-
кәсіпкерлiк ахуалды,
құрылымды қалыптастыру және жеке секторды
ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты
жетiлдiретiн қоғамдық институттарды ұстау,
қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып,
нақты өндiрiстерде қосылған құн
тiзбегiндегi элементтердi игеру;
-
ғылымды көп
қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа
негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
-
елдiң экспорттық
әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен
қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;
-
сапаның әлемдiк
стандарттарына көшу;
-
дүниежүзiлiк
ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге
қосылу арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне
және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды үдету
болып табылады.
Стратегия
мынадай қағидаттарға негiзделедi:
-
жеке сектормен серiктестiк;
-
инвестициялық және
инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің
шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен
қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға
бағытталуы;
-
өнеркәсiптi
жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету
жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен
ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға
мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау
көрсету;
-
қосылған
құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға
мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
-
тең бәсекелестiк
жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны
қалыптастыруды қамтамасыз ету;
-
қандай да болсын жеке
сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;
-
индустриялық
саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды
қалыптастыруға бағытталуы.
Аталған
қағидаттар сақталғанда және экономика
құрылымында түбегейлi сапалық өзгерiстер
болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға
қойылған мақсаттар мен мiндеттердi шешу
Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға
қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Стратегия
Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге
арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады
және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың
шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң
тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
2014 жылғы 17
қаңтардағы Мемлекет Басшысының жолдауына сәйкес
жаңа модельді енгізу 2015 жылдың 1 шілдесіне көзделген,
осыған байланысты есептерді өзектендіру жүргізілуде.
![]()

1-сурет –
Қазақстан
Республикасындағы еңбек нарығының негізгі
индикаторлары 2008-2013 жылдар
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, 2010 жылы
8415,0 адам болса, 2006ж 7901,7 мың адамды құрады, 2008пен
2013 жылмен салыстырғанда 16 пайызға өскен, Жалдамалы
қызметкерлер 2010 жылы 5238,8 мың адам, 2008 жылы 4640,5мың адам болса
салыстырғанда 101 пайызға өсіп отыр. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, 2010 жылы
2664,6 мың адам болса, 2006 жылмен 2620,4 салыстырсақ 113
пайызға өсіп отыр.
Экономикалық тұрғыдан енжар халық, 2013 жылы 3500,3
мың адам болса 2008 жылмен 3476,9
мың адам салыстырсақ 101 пайызға өсіп отыр [4].
Қорытындылай келе бүгін Қазақстан
бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына және
Халықаралық сауда ұйымына енуді көздеп отыр. Осы
мақсатта Қазақстанда ішкі және сыртқы нарықтарда
бәсекеге қабілетті өндіріс көлемін жақын арада
өсіруге мүмкіндік беретін ұлттық инновациялық жүйе
қалыптастырылып жатыр. Ұлттық инновациялық жүйені
қалыптастыруда 2003-2015 ж.ж. арналған
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясы елеулі роль
атқармақ. Индустриалды-инновациялық саясат жылына
8,8-9,2%-дан кем емес экономикалық өсу қарқынын
қамтамасыз етумен қатар ЖІӨ. көлемін 2000 жылмен
салыстырғанда 2015 жылы 3,5 еседей өсіреді деп күтілуде.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 ҚР
Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050» бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы, 17 қаңтар 2014 ж.
2 ҚР
Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 – 2015 жылдарға
арналған стратегиясы. А. 2002.
3
Джумбаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы. Оқу
құралы.-Алматы,2013.
4 Бизнестің
жол картасы 2020 бағдарламасы.