История
А.Ж.Азирбекова
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті
«Қазақстан
тарихы» кафедрасының
аға оқытушысы, тарих
магистрі
Қызылорда,
Қазақстан
1920-1930
жылдардағы Қызылорда Қазақ Ағарту Институты
Аңдатпа. ХХ
ғасырдың 20-30 жылдар Қазақстан тарихындағы
қайғылы кезеңдердің бірі болып саналады. Дәл осы
күрделі кезеңде еліміздегі білім беру, ағарту және
мәдени даму жұмыстары Халық Ағарту Комиссариатының
құзырында болды. Комиссариат жұмысы Кеңестік
мәдени саясатында басты орын алды. Республикадағы барлық
мәдени және саяси-ағарту жұмысты анықтайтын
және бағыттайтын орталық мекеме болып саналды.
1925 жылы еліміздің астанасы Қызылорда
қаласына ауысқандықтан Қазақ халық
ағарту институты осында көшірілді. Автор мұрағат
мәліметтеріне сүйене отырып Қызылорда қазақ
ағарту инстиутының 1931-1932 жылдардағы білім беру
қызметі мен оқу-өндірістік жоспарына талдау жасаған.
Мақалада 1931 жылы Алматы қаласында өткен өңірлік
педагогикалық конференция нәтижесінде қабылданған
қаулыға талдау жасалған. Әр өлкенің
ерешелігіне байланысты жаңа пәндердің енгізілуі яғни
Қызылорда өңірінде ауылшаруашылығы жақсы
дамығандықтан қосымша мал шаруашылығы, ауыл
шаруашылығы пәндері енгізілгендігі көрсетіледі.
Сондай-ақ, ағарту институтының осы жылдары алдын-ала
даярлық тобы, негізгі және мұғалімдер курсына
қанша оқушы қабылданғандығы және енгізілген
пәндердің сағат сандары мен семестрлер көрсеткішіне
талдау жасалынған.
Оқу-өндірістік жоспарға
жаңадан енгізілген пәндерді жүргізу үшін
институтқа маман кадрлар шақыртылды. Алайда бұл уақытта
республикамызда жоғары білікті мамандар тапшы еді. Дегенмен
Қызылорда Қазақ Ағарту Институты сол тұста
көптеген қазақ жастарын мамандар қатарына
толықтырған бірден-бір мекеме болғандығын бүгінгі
күні Қызылорда мемлекеттік облыстық мұрағат материалдары дәлелдеп отыр.
Тірек сөздер: Қазақ
Ағарту Институты, мұрағат, оқу-өндірістік жоспар.
Халық ағарту Комиссариаты 1920 жылдың қазан
айында Кирревкомның Халық Ағарту Бөлімі негізінде 4-12
қазан аралығында І Бүкілқазақтық
кеңестер съезінің шешімімен құрылды[1; 28б].
Комиссариат
жұмысы Кеңестік мәдени саясатында басты орын алды.
Осыған байланысты, Орталық Атқару комитеті
республикадағы барлық жұмысшыларды және ағарту
бөлімдерін құрылған комиссариат қарамағына
жіберу үшін керекті қаулылар қабылдай бастады. Сонымен,
Халық Ағарту комиссариаты республикадағы барлық
мәдени және саяси-ағарту жұмысты анықтайтын
және бағыттайтын орталық мемлекеттік мекемеге айналды.
Қазақстанда жоғары оқу
орындары тек ХХ ғ.20-жылдардың аяғы мен 30- жылдардың
басында ғана ашыла бастады. Сондықтан, жергілікті
ұлттық мамандар даярлауда Халық Ағарту
комиссариатының үлесі зор болды. Құрылу кезінде
комиссариат жергілікті халық ағарту бөлімдерінің
жиылыстарын шақырумен, сауатсыздықты жоюмен, Сібір Халық
Ағарту Бөлімі мен Түрікмен Халық Ағарту
комиссариаты арасындағы қарым-қатынасты нығайту
мәселелесімен айналысты. Осыған байланысты 1921 жылы 25
қаңтарда өткен І Жалпы қазақ ағарту
конференциясында резолюция қабылдады[1; 29б].
Резолюцияда республикадағы мәдени
және саяси-ағарту жұмысының біріккен жоспарының
қажет екендігі айтылды[2;14б]. Жоспарда тәрбие және білім
беру мекемелерінің жүйесін қалыптастыру, халық арасында
сауатсыздықты жою, мәдени күштерді есепке алу және
жұмысқа тарту мәселелері қаралды.
Комиссариаттың басты мақсаты төмендегідей
болған:
- Халық ағарту ісіндегі
теоретикалық, жобалық және идеялық басшылық;
- Халық арасында барлық
саяси-ағарту жұмысына басшылық;
- Балалар мен жасөспірімдер арасында
әлеуметтік тәрбие ісіндегі басшылық;
- Әдеби-баспа ісіндегі басшылық.
Өлкенің мәдени өміріндегі
елеулі оқиға - 1925 жылы Қызылорда қаласының
республика астанасы болуына байланысты Орынбордағы Қазақ халық ағарту
институтының ауысуы болды. Көшірілген Қазақ Халық
Ағарту Институтының бастаған түрлі оқу
орындарының оқушылары мен ұстаздары қаланың
рухани өмірін жандандырды. Үлкен қиыншылықтармен,
қаржы және кадр тапшылығына орай Қызылордада жастар мен
ересектердің сауатын ашу курстары ашылды. Осы жылдары Қызылорда
бүкіл республикаға халық ағарту ісін жолға
қоюда үлгі болды. Институтта бірқатар көрнекті мамандар
ұстаздық етті, мысалы 1928 жылы мұнда Сәкен Сейфуллин
«Қазақ әдебиеті» курсынан лекция оқыған [3, 43
б].
Халық Ағарту Комиссары болған
С.Садуақасов өзінің «ҚазАКСР-гі халық
ағарту ісінің жағдайы мен міндеттері туралы» атты мақаласында:
а)
өнеркәсіпке, ауылшаруашылыққа және мемлекеттік
аппаратқа кәсіби мамандар даярлау;
б) ұлттық мәдениеттің
дамуына өз әсерін тигізетін ғылыми және мәдени
кадрларды даярлау қажеттігін атап өткен [3; 44 б].
Қызылорда облыстық
мұрағатындағы 1930-1931жылдардағы мәліметтерге
жүгінсек, біз Қызылорда Қазақ Ағарту
Институтының оқу үдерісі туралы мәліметтерді көре
аламыз.
1931-1932 оқу жылы Қызылорда
Қазақ Ағарту Институтының он жылдығымен
сәйкес келеді. Осы жылдар аралығында институт Қазақстан
мектептеріне жоғары педагогикалық мамандар даярлаумен айналысты[4,
11 іс].
1931 жылы мамыр айында Алматы қаласында
өңірлік педагогикалық конференция өтті. Онда
ағарту институттарының оқу бағдарламалары,
оқу-өндірістік жоспарлары және жаңа пәндерді
енгізу мәселелері қарастырылды. Конференция барысында
қабылданған қаулы негізінде, әр өлкенің
ерекшелігіне байланысты педагогикалық жұмыстарында арнайы
мамандықтарды енгізу қажеттігі сөз болды. Мысалы,
Қызылорда халқының басым бөлігі мал
шаруашылығымен айналысқандықтан және мал
шаруашылығының орталығы ретінде Қызылорда
Қазақ Ағарту институтында ауылшаруашылығы мен
малшаруашылығы мамандығына қатысты оқу-өндірістік жоспарға арнайы пәндер
енгзілді. Сондай-ақ, Қазақ Ағарту Инстиуттарында
жүргізілетін пәндердің
номенклатурасы жасалып, пәндердің семестрлік, жылдық
оқу сағаты анықталды.
Осыған сәйкес, Халық Ағарту
Кеңесінде көрсетілген шешімге байланысты, Қазақ
Ағарту Институтының оқу-өндірістік жоспары дайындалды.
1930-31 жылдары Қызылорда Қазақ
Ағарту институтының құрамы төмендегідей болды:
- Алдын-ала
даярлық тобы -3
- Ағарту
институтының негізгі курсы -2
- Мұғалімдер курсы - 2
- Жұмысшылар факультеті курсы-1
Жаңа семестрлер бойынша ағарту
институты:
·
Негізгі топта- І, ІІ, ІІІ, ІV семестр;
·
Алдын-ала даярлық тобында-І, ІІ, ІІІ семестр;
·
Мұғалімдер тобы- І, ІІ, ІІІ, ІV семестр бойынша білім берді [4,
11-іс].
·
1931 жылы тамыз айында Қызылорда Қазақ Ағарту
Институтының алдын-ала даярлық тобына қабылдау жүрді.
Ағарту Институтының негізгі және мұғалімдер
тобының І семестрдегі, яғни қатысушылардың
тамыздағы қабылдау
көрсеткіші төмендегідей:
|
І семестр |
ІІ семестр |
ІІІ семестр |
|
Алдын-ала даярлық тобы |
Алдын-ала даярлық тобы |
Алдын-ала даярлық тобы |
|
44-44 |
48 |
- |
|
І семестр |
ІІ семестр |
ІІІ семестр |
|
Негізгі топ |
Негізгі топ |
Негізгі топ |
|
39 |
- |
37 |
|
І семестр |
ІІ семестр |
ІІІ семестр |
|
Мұғалімдер курсы |
Мұғалімдер курсы |
Мұғалімдер курсы |
|
39 |
- |
17 |
Мұрағат
мәліметтеріне сүйенсек Қызылорда Қазақ
Ағарту Институтына мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, неміс,
қазақ тілдері пәндерінен дәріс беретін арнайы мамандар
шақыртылды. Шақырылған педагог мамандар орта, жоғары
мектеп педагогтарының талаптарына сай болды. Тек, бір
қиыншылығы кәсіби біліктілігі жоғары мамандардың
жетіспеуі еді[5, 14-іс].
Тарихтан
белгілі Қазақстанда жоғары оқу орындар тек ХХ
ғасырдың 20- жылдардың аяғы, 30- жылдардың
басында ғана құрыла бастаған.
Ал енді, Қызылорда Қазақ
Ағарту Институтының 1930-1931 жылдардағы нақты
оқу-өндірістік жоспарына тоқталып өтсек. Оқу
процесі төрт семестр және бес цикл бойынша жұмыс жасады. Атап
айтсақ:
1. Қоғамдық-саяси цикл.
2. Жалпы білім беру циклі.
3. Педолого-педагогикалық цикл.
4. Арнайы цикл.
5. Тәжірбие.
Төмендегі кестеде әрбір циклге
қарайтын пән атаулары және сағат сандары мен
семестрлері көрсетілген[4, 11-іс ].
Кестеде көрсетілген мәліметтер қазақ тіліне
аударылмай сол күйінде жазылған.
І.
Қоғамдық-саяси цикл
|
№ |
наименование |
Всего часов |
І |
ІІ |
ІІІ |
ІУ |
|
1 |
Ист.клас.борьбы |
174 |
6/90 |
6/84 |
- |
- |
|
2 |
Экономгеография |
146 |
4/60 |
4/56 |
2/30 |
- |
|
3 |
Политэкономия |
120 |
- |
- |
8/180 |
- |
|
4 |
экономполитика |
86 |
- |
- |
2/30 |
4/56 |
|
5 |
Метод.линг.негр. |
58 |
2/30 |
- |
- |
2/28 |
|
|
Итого: |
584 |
12 |
10 |
12 |
6 |
ІІ.Жалпы білім
беру циклі
|
№ |
наименование |
Всего часов |
І |
ІІ |
ІІІ |
ІУ |
|
1 |
Казах.яз. и литература |
189 |
4/60 |
3/42 |
3/45 |
3/42 |
|
2 |
Русский яз. и литература |
335 |
8/220 |
5/70 |
5/75 |
5/701 |
|
3 |
Немец. Яз. и литература |
146 |
4/60 |
2/28 |
2/30 |
2/28 |
|
4 |
математика |
234 |
6/90 |
6/84 |
4/60 |
- |
|
5 |
Осн.естестесвозн. |
236 |
8/120 |
4/56 |
4/60 |
- |
|
6 |
Агр.и орган основ. с-х |
56 |
- |
- |
- |
4/56 |
|
7 |
ИЗО |
116 |
2/30 |
2/28 |
2/30 |
2/28 |
|
8 |
МУЗО |
117 |
2/30 |
2/28 |
2/30 |
2/28 |
|
9 |
Военизация |
117 |
11 |
2/28 |
2/30 |
2/28 |
|
Итого: |
1546 |
36 |
26 |
24 |
20 |
|
ІІІ. Педолого-педагогикалық
циклының құрамына-педология, педагогика және оқытудың комплектілеу
әдісі пәндер енген.
ІV. Арнайы цикл
құрамына-жаратылыстану, химия, жер-геология және минералдар,
жалпы және жеке малшаруашылығы, физика, математика пәндері
енді.
V.Тәжірбие түрлері:
педагогикалық, педологикалық, оқытудың комплектілеу
әдісі, жеке әдіс, ауылшаруашылығы және индустрия,
еңбек, жалпы-қоғамдық жұмыстар енді[4, 11-іс].
Ағарту Иститутының оқу
үдерісі жоғарыда аталып өткен бес цикл негізінде жұмыс
жасады. Алдын-ала даярлық тобы, негізгі және мұғалімдер
курсының оқу
бағдарламалары бес циклге бекітілген пәндер негізінде білім берді.
Қазақ тілі мен әдебиеті
және орыс тілі мен әдебиетінің бағдарламалары Алматы
қаласында өткен өңірлік педагогикалық конференция мәліметтеріне негізделіп
жасалынған. Қалған жұмыстар мысалы,
пәндердің сағатын бекіту бағдарламасы,
қатысушылардың дайындығы және кабинеттердің
арнайы жабдықталуы сияқты мәселелерді шешуде Халық Ағарту
Комиссариатының тікелей тапсырмасы болмағандықтан жергілікті
ағарту институттардың құзырында қалды[4, 11-іс].
Қызылорда Қазақ Ағарту
Институтының әдістемелік жұмысына тоқталсақ,
оқу үдерісінде лекцияға аз уақыт беріліп, көбіне
білім алушылардың өзіндік жұмысына көңіл
бөлінген. Алдын-ала даярлық тобы мен негізгі топтарда сабақ
берудің негізгі түрі-бағдарламалық мәліметтерді
жай әңгіме түрінде яғни пікір алмасу және ішінара
білім алушылардың күшімен дайындалған жұмыстар
яғни көрнекі құралдар, кітаптар, арнайы
құрылғылар пайдаланылды[4, 11-іс].
Сондай-ақ,
Ағарту Институты жанынан келесі жұмыстар атқарылды:
- Институт студенттеріне саяси
үйірмелер мен курстар ұйымдастыру
- Әдеби және
техникалық үйірмелер
- Еріктілерден
құралған топтан қоғамдық жұмыстар
ұйымдастыру
- Үнемі қабырға
газеттерін шығару т.с.с.
Қорыта келе, қазақ жерінде
мәдени-ғылыми орындарының қалыптасу кезеңін екіге
бөлуге болады. Бірінші кезеңде, яғни репрессияға
дейінгі кезеңде, қазақ жерінде осындай орындарының
жоқ болғанынан, олардың жаппай салына бастауы. Бұл
кезеңдегі ерекшелік, мәдени-ғылыми орындарының
қалыптасуына қазақ зиялылары үлкен ықпал етті.
Бұл халыққа оң әсерін тигізді. Екінші
кезең, Кеңестік билік құрылымындағы
бюрократиялық жүйенің қалыптасуымен,
тоталитарлық-коммунистік жүйенің нығаюымен
ерекшелінеді. Бұл кезеңде шешімдердің көбісі
Жоғарғы Партия Органдарынан ұлттық мүддені,
ерекшеліктерді ескерілместен
қабылданып отырды. Сол кезеңдегі қазақ мәдениетін
мен ғылымын қалыптастырған зиялы қауым
өкілдерінің көбісі репрессияға ұшырады.
Мәдени-ғылыми мекемелер Коммунистік идеологияны бұқара
халық арасына енгізуші, таратушы басқармасына айнала бастады. Осы
кезеңдегі жағдайды анық ашып бере алатын, ол – Халық
Ағарту Комиссариатының құжаттары.
Демек, өткен ғасырдың 20-30 жылдары
Қызылорда Қазақ Ағарту Институтында ашылған
жұмысшы факультеттері, алдын-ала даярлық тобы мен
мұғалімдер курсы мыңдаған қазақ жастарын
мамандар қатарына толықтырды. Әрине, тоталитарлық жүйенің
зардабы институт жұмысына әсерін тигізбей қоймады. Зиялы
қауым қызметі қатаң бақылауда болып
үздіксіз қуғын-сүргін саясаты дәстүрге
айналды. Ағарту Институты коммунистік идеологияны бұқара
халық арасына енгізуші, таратушы органға айналғандықтан
осы кезеңдегі жағдайды анық ашып бере алатын институт
құжаттары екені даусыз. Сондықтан, бұл тақырыпта
әлі де көптеген талдау мен сараптауды қажет ететін
мәселелер бар. Болашақта бұл мәселе әлі де
зерттелу қажет.
Әдебиеттер:
1.Табылдиев Х. Қазақстанда
сауатсыздықты жою: тарихи тәжірибе мен тағылым:
Докт.дис.автореф. – Алматы. – 1997.
2. Таукебаева Ш.
Становление гоударственных учреждений Казахстана по образаванию, культуре и
науке (1917-1936 г.г.): Канд. дис.автореф. – Алматы. – 1999.
3. Абдразақова А.У.
Оңтүстік Қазақстанда мамандар калай даярланды //
Қазақ тарихы ғылыми-әдістемелік журналы, 2006, №6;
43-45 б.
4. Қызылорда мемлекеттік
облыстық мұрағаты.
Қор-№4, Тізімдеме-№1, Іс-11;
5. Қызылорда мемлекеттік облыстық
мұрағаты. Қор-№4,
Тізімдеме-№1, Іс-14