Сураншиева Р.К., Ибрагимова А

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ – ТҰРАР

 

Қазақ халқының болашағы үшін өмірінің соңына дейін жанқиярлықпен елі мен жеріне басын бәйгеге тігіп өмір кешкен дара тұлға Тұрар Рысқұловтың өмірге келгеніне 120 жыл толып отыр. Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда қазіргі Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш деген жерде дүние есігін ашқан. Халықтың езгіге қарсы наразылығын қолдаған Тұрардың әкесі Саймасай болысты атып өлтіріп, абақтыға жабылады. Жалғыз ұлын өштескен біреулер өлтіріп қоймасын деп, түрме бастығы Приходьканың тілін тауып , баласын қасына алады. Түрме бастығында жалшы болып жүріп, сауатын ашады. Әкесі Сібірге айдалып бара жатып «Балам мен Жолақ шоқпармен әділетсіздікке қарсы күрестім» қамалғаным темір тор. Мынау айдаһардай ысқырған патша өкілімен терең білім алып, оның тілін меңгерсең ғана алысуға болады. Сондықтан, халыққа қорғаныш боласың. Білім алуға ұмтыл деген әке сөзі Тұрардың санасына мәңгілік жатталып қалады. Тұрар алты жасқа келгенде шешесі Қалипа сүзек ауруынан қайтыс болған. Түлкібас, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы нағашысы Қырғызбай отбасында тұрып, Қырғызбаев деген фамилиямен Меркідегі орыстар мен түземтіктерге арналған мектепте 1915 жылға дейін оқиды. Тұрар оқуын Пішпек ауыл шаруашылық университетінде жалғастырған. 1916 жылы шілде айында Меркіге оралып, Ақкөз Қосановтың басшылығымен болған патшаға қарсы көтеріліске қатысады. Сөйтіп жүріп, училишені үздік аяқтайды. Ақкөз батыр бастаған Досмайыл Сырғабайұлы қоштаған көтеріліс тұншықты. Кейіннен кеңес өкіметі орнағанына қарамастан тұтқыннан босаған Ақкөз батырды орыстар Шуда ұстап, өлермен етіп соққыға жыққан. Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде сақтаулы жазбасында, «оқуды бітірген соң Меркіде соттың хатшысы әрі көшірі, бұдан кейін білімді жетілдіру деген ниетпен Самара орта ауыл шаруашылық училишесіне құжат тапсырдым. Бір сөздің жалғауы дұрыс емес деп, емтихан тапсырған 250 адамның арасындағы жалғыз түземдік екенімді еске алмастан құлатып жіберді» деп жазыпты. Одан соң Ташкент мұғалімдер институтына түскісі келеді. Бұл жерде оның мұсылман баласы екенін алға тартып, оқуға қабылдамай қояды. Ал осы оқу орнына түсу үшін жазған диктантында ол бір ғана тыныс белгісінен қате жіберіп, «5» деген баға алған. Тұрардың сол жазған диктанттың көшірмесі архивте сақтаулы. Оқуға қабылданбаған соң , оқу ағарту министріне арыз жазып, оқуға қабылданғанмен бітіре алмадым. Мен Әулиеата уезіндегі үйіме және Жетісуға кетіп қалдым. 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін Меркіге оралып «Қазақ жастарының революциялық одағын» ұйымдастырдым. Осы уақытта мен Ташкент совдепінен келген большевиктермен алғаш рет таныстым. Сол сәттен бастап дерлік большевик болдым. 1917  жылы совдеп өкілдерімен қызметімді бұрынғыдан да дамыта түстім. «Бұқара-революциялық жастар одағын құруға кірісіп те кеттім».

Міні, осындай аса күрделі көріністердің қанат жаюын  қамтамасыз ететін білімді де саналы, сөзі өтімді, ісі мығым іскер азаматтар қажет еді. 1918 жылдың сәуір айында Меркі орыс түземдіктер мектебінің түлектері басшылық жұмыстарға тартылды. Тұрар Рысқұлов әулеті уездік советінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Сол кезде Тұрар қол қойған , сарғайған тарихи құжаттар архивте сақтаулы. Ашаршылық белең алып, халық ортасында жұқпалы аурудың таралуына басты себепкер болды. Көздері ашық Тұрар Рысқұлов, Қайырбек Сармолдаев, Сыдық Ұлан, Мақсұт Жылысбаев, Үсіпәлі Нұршанов бастаған азаматтар бел шешпей еңбек етті. Жер-жерде 17 тегін тамақтану орындары ашылды. Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің 50-ші қорында толық келтірілген құжаттар  сақтаулы. Тұрар Рысқұлов жеткілікті түрде қаржы бөлуді сұрап, жоғары билікке хат жазғаны (ЖОММ 50- қор) 1 тізімде 1 бума 10 –бума 1 –іс сақтаулы . Ақпан революциясының жұмысына кірісіп 1920 жылы 1-8- қыркүйекте Бакуде болған шығыс халықтарының 1 сьезіне қатысады. Ресей мен Азербайжан арасындағы дипломатиялық қатынасқа үлес қосады. Халықтық комиссариятта қызмет етіп жүргенде Азербайжанға барып Азербайжан компартиясының 3 сьезінде сөз сөйлейді. Түрік Республикасының Түрік компартиясын  құруды ұсынады. Сол кезде Германияда оқып жүрген Түркістен студенттерінің жағдайын біліп тұрады. Жоғарғы оқу орындары мен техникалық училишелердің қалыптасуына үлес қосады. 1928 жылы қазақ университетін ашқан. Тұрардың ұсынысымен Алматы қаласының аты Алматы болып аталады. 1924 жылы Қазақстанның партиялық басшылығына Ф.Голошекин тағайындалады. Айлакер  де қатыгез Голошекинді тағайындағандағы Сталиннің көздегені қазақтың еркіндік пен тәуелсіздікке бастаған көсемдерінің көзін жою болды. Қазақ халқын қызғыштай қорғап, шырылдаған Тұрарды Қазақстаннан алыстатады. Қызметін жоғарылатқан сылтаумен 1924 жылдың күзінде Коментерннің өкілі етіп Монғолияға жібереді. Билік өз қолына тиген Голошекин коллективтендіру саясатымен мемлекетке астық пен ет дайындаудың  Сталиндік жоспарын сылтау етіп, күнкөріс малды түгел өкіметке өткізуді мәжбүр етті. Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын деген Голошекиннің ұранымен ауылда тігерге тұяқ қалмады. 1925 жылы Тұрар Бейжінге барып, Монғолия мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынасты жақсартуға ат салысты. 1926 ж Орталық Комитеттің хатшысы В.Молотовтың қол қоюымен РСФСР сов нарком председатель орынбасары болып тағайындалады. Голошекин басқарған кезде қолдан жасаған алапат аштық орнап ,халық қырыла бастады. Архивтен 4 жасқа дейінгі балалардың жаппай қырылғаны жөніндегі жан шошырлық мәліметті кездестіреміз. Дерек бойынша 4 млн 120 мың адамды құраған қазақ халқының 1млн 700 мыңы аштықтан қырылған. Жоғары лауазымды билікте отырса да жаны күйзелген Рсықұлов 1932 жылы 28-қыркүйегінде Сталинге ашық хат жолдаған. Сталин еш жауап қатпаған соң 1933 жылдың 9-наурызында тағы хат жазады. Сталин тағы үнсіз қалады. Халық үшін ештеңеден тайынбайтын Тұрар Сталинмен бетпе-бет кездесіп, Қазақстанға қордан тұқым босатуын , колхоз малын етке өткізуді тоқтатуын сұрады. Жан-жаққа босқан елді атамекеніне қайтару керектігін дәлелдеді. Қазақ елі тілінен, мәдениетіне айырылу қаупі төніп тұрғанын қайсарлықпен жеткізді. Әупіріммен , Сталиннің келісімін алған Тұрар Қазақстан басшыларына Орта Азия .Еділ .Батыс Сібірге ауған қазақтарға жәрдем еткізуді басшылығына алды. Жер-жерге тікелей нұсқау беріп, ел жағдайын жіті қадағалап отырды. Орасан еңбегінің арқасында бір  ғана Өзбекстаннан 2683 адам Қазақстанға қайтарылып8975 бала балалар үйіне орналастырылды. Башқұртстан, Түркіменстан, Қарақалпақ, Ресей қалаларындағы қазақ босқындарына жәрдем шаралары жасалды. Қытайдағы қазақ босқындарының еліне ресми түрде қабылдана бастауына зор септігін тигізді. Тұрардың өскен ортасы мықты болды. Өмірдегі үзеңгілес серіктері де осал болған жоқ. М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин , А.Байтұрсынов ,М .Дулатов, І. Жансүгіров, Б .Майлин ,Ә. Бөкейханов, Х. Досмұханбетов ,О .Жандосов ,С. Бекқожанов ,Н.Төреқұлов, С. Асфандияров ,Н.Нұрмахов тағылар. Әйгілі М .Әуезов екеуі сырлас болды. Т.Рысқұлов орта Азиядан кеңестік кезде шыққан тарихшы екенін  мүйізі қарағайдай мамандардың өздері мойындайды. Алайда оның тарих пен экономика саласындағы еңбектері ,әдеби мұрасы зерттелмек түгіл бір жүйеге толық түсірілген де жоқ. Құдай қосқан қосағы Әзиза марқұм өзінің көзі тірісінде жазып бітіре алмаған «Қазақ халқының тарихы » еңбегін жоқтаумен өмірден өтіпті. Тұрармен кезінде бірге қызмет атқарған Файзолла Ходжаевтың таңдаулы еңбектерін өзбек өкіметі 1967 жылы басып шығарды. Бар жарық дүниеде 44 жыл ғана өмір сүріп , қазағым деп еңіреген Тұрар тіршілігінде көрмеген жақсылығын артындағы ұрпақтары үш жүздің тумалары асқақтатуымыз елдігіміздің куәсі. Келер ұрпақ жастар 44 жасында артында қалған егемен Қазақстан азаматтары атын асқақтатып қазақ елі алға жылжыған сайын әуелету парызымыз. Тау алыстаған сайын биіктейді деген аталы сөз осыны білдіреді. Өркендеген егемендік көк туын биік белеске асқақтата көтеріп келе жатқан қазақ елінің түп тамыры мықты орнауына бір кісідей адал да арлы тер  төккен  арманда кеткен дана тұлға Тұрар рухы мәңгі үш жүздің халқы тұрғанда өшпейді. Қайта жылдар озған сайын асқақтайды. Егемен еліміздің орасан жемісі мәуелеп , сол мәуелеген елімен атақ-даңқы самғап көтеріле беретіні сенімді. Дамыған демократиялық құқықтық мемлекетімді алға қарыштап бастап бара жатқан дара тұлға тұңғыш Президентіміздің ұлағатты жолдауларында өткен тарихи  тұлғаларды ешуақытта естен шығармауымызды шегелеп айтуын естен шығармауымыз керек. Өткенді еске алмай келешекке көз жүгірту дұрыс еместігін баса айтқан.

 

Әдебиеттер:

1.   Н.Назарбаев « Тарих толқынында  А., 1999ж

1.   Әбілтайұлы  М. Әбілдаев       Т. Рысқұлов моңғолияда   А. 1994 ж

2.   Бейсенбаев С.    Верный сын партий     1962 ж

3.   В. М. Устинов Зам пред Савноркома Российской Федерации. А 1988г

4.   В. М. Устинов Служение народу  А. 1984