Туған тілдің толғағы.

                                                                                      КазНАИ им. Т Жургенова

                                                                 Магистрант 2-го курса Максат Сабитов

 


         Өшсе тілім, менде бірге өшемін.- деп, ақын Ә. Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны әрі ары. Тіл жай сөз мес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқатдесек, жаңыла қоймаспыз. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. «Ана тілі - халық болып жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі» - деп, Ж. Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, тәуелсіз тіл. Тіл - ұлтттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» - деген болатын.
       Қ. Р Президенті тұңғыш елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады»- дей келіп, «Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Қазақ тілі- біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз. Оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үйлесімімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мүраға қалдыруға тиіспіз. Бұл- өзін қәдірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.»- деген ашық ұстаным айтты. Елбасы биылғы жолдауында «Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды!»-деп, алып қашпа пікірлердің барлығыны нүкте қойғандай болды. 
Ең тәтті де - тіл, ең жұмсақ та – тіл,
Ең ашты да - тіл, ең қатты да – тіл!
Тіл - ұлттың жан дүниесі. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. Тіл - ұлы, құдіретті. Біздің болашағымыз – ана тілінде! Ал, елдің болашағы-жастарда! Яғни ұлттың тіліне біздер өскелең жастаржанашырлықпен қарап, оның дамуына титтейде болса үлесімізді қосып, мәдени орталарда, тіпті көшедегі ауыз екі қарым-қатынас кезінде өз тілімізде сөйлеп, өз тілімізде жазудан бастауымыз керек. Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды» деген. Тағдыры талай талқыға түссе де тамыры құрғамай, құрдымға құламай, бүгінге жетіп, тәуесіздігіміздің жаршысы болған қазақ тілі қашанда қадірлі. Міне, сол тілдің мәртебесін өсіру мақсатында біздер өнер адамдары қаншалықты ат салысу үстіндеміз. Қазіргі көптеген өнер ошақтарында, теледидарлардағыжүргізушілер, қазіргі таңдағы жас эстрада әншілері, тіпті мемлекеттік қазақ театрларындағы өнер иелерінің өздері қазақ тілінің негізгі заңдылықтарын сақтамай, оның еш бір байыбына бармай, тіл тазалығын, сөз байлығын, сөз әуезділігін, сөз мәнерлілігін дұрыс жеткізе алмай жатады. Ал біз керісінше өнер адамдары жалпы халықты қазақ тілінде қалайша дұрыс сөйлеуді, өз ойымызды қалай дұрыс жеткізуді үйрететін бірден бір әсер етуші күш болуымыз қажет.
        Қазақ алфавитіндегі 42 әр
іптің сайдың сақасындай анық, таза, айқын, әуезді, мәнерлі болып айтылуы өнерлі жастарға, оның ішінде актерлік мамандықты таңдап алған дарын иелеріне ауадай қажет. К.С. Станиславский айтқандай сөз әріптері таза айтылмаған жерде балға түсіп кеткен арадай міңгірлеп,сөз дыбыстарын мұрынға салып мыңқылдап, тыныс алу жолдарын дұрыс шынықтырмағандықтан сахнада ентігіп, ырсылдап, гүрсілдеп, келеңсіз айғайлап сахнада айтылатын ойды, идеяны жеткізе алмай әлекке түсіп жатады.К.С.Станиславский: «Артист үшін сөз- жай ғана дыбыс емес, образ қоздырушы. Сондықтан сахнада сөзбен қарым- қатынас жасаған кезде сөзді құлаққа емес , көзге айту керек»,-дейді. Актер ауызымен айтылған сөзді көрермен көру керек.
     «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады», «Сөз жүйесін табады, мал иесін табады», «Қиыстырып қаласаң-отын жанар, қисындырып айтсаң- халық нанар», «зекетсіздің малы арам, тілсіздің дауы арам» дегендей - қазақ тілі өзінің таза түрінде, бірнеше ғасыр біздің заманымызға дейін, өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді, көңіл көтеріп, керегінде жанға тиіп, ашындырып, өтін сыртқа шығарып, долдандырып, қысылтаяң-қатал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып, ер намысын, ел намысын, адамгершілік арын, қан майданда, қырғын соғыста қасиетті тудай жоғары көтеріп, текті сезім оятып – туғызып , адам түгілі жағдайдың көмейіне құм құйып, ауызын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл болған емес пе еді???,- дейді Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атамыз өзінің 1944 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысына жолдаған Қазақ тілі туралы пікірінде. Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми-әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам құрылыстары мен салт- санасының жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері. 
     Тілдің көмегімен өнер - білімге, мәдениет - ғылымға жетіп, өткен-кеткенмен әлемді танып,өзімізді жұртқа, әлемге танытаммыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, өз бабамызды, үй ішімізді, қоғам-халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгереміз - сондықтан «өнер алды қызыл тіл» - дегендей адам баласының байлығында тілден артық не бар?! . М. Жұмабаев «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы сары далада үдере көшкен тұрмысы- асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр»-деп, баға берген екен.Уақыт өткен сайын туған тіліміз тәжін қайта киіп, тағына мініп, мәңгілік салтанат құруы үшін сахна адамдарына, өнер иелеріне артылған аманаттың жүгін сезіне бересің. Сахнаның иесі тілдің киесіне бағынатынын да санаңа шегелей түсесің. Қазақтың өнері – қазақтың тілі бар жерде ғана өркендей бермек, қазақтың тілі бар жерде ғана керек.
Алматы.