Адилбаева ГУля Шанбаевна
Көктебе ауылы, жамбыл атындағы орта
мектебі
Нүрпеисов Мужамеджан
ТарМПИ, магистр педагогики
Бастауыш сынып оқушыларының
адамгершілік
мәдениетін қалыптастыру
«Келер ұрпақ
алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы
Н.Назарбаевтың сөзі жайдан-жай айтыла салған жоқ [1,4
б.]. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер
қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен
өлшенеді. Өркениет біткеннің өзегі – білім,
ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Білімді
ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола
алады. Оқушының
жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм.
Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды
ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын
дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана
бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн
қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның
педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы
бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың
қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын
кезеңi.
Қазіргі таңда мемлекетіміз жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие берудің аса маңызды проблемалары қатарына адамгершілік нормаларын
дәйекті
сақтауға
негізделген саналы тәртіпті қалыптастыру
міндетін қойып отыр.
Тәрбиенің негізгі
міндеті – қоғамның қажетті талаптарын әрбір
баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік
адамгершілік стимулдарына айналдыру.
Әсіресе, көп
көңіл бөлетін мәселе – адамгершілік тәрбиені
күшейту.
Қазақстан
Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік
ұғымына былай деп анықтама берілген.
«Адамгершілік» - адам
бойындағы гуманистік құндылық, әдеп
ұғымы, «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді
ұғымдармен мәндес.
Халықтық
дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі
жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады.
Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге
түсетін мынадай адамгершілік белгілерін атап өтуге болды:
-
адамды қастерлеу;
кішіпейілділік; әділдік; қанағатшылық;
-
сыйлау; сену; ар-ұятты
сақтау; имандылық пен рахымдылық; ізеттілік т.б. [1,8 б.].
Қазіргі таңда еліміз
әлеуметтік-мәдени жағынан болсын, рухани
құндылықтар тарапынан болсын үлкен
жаңалықтарға бет бұрып отыр. Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi
де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi
мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру,
яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан
бастап адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi
оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық,
әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен
қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз,
әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет.
Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама
ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк
мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне
ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi
таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам
бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа
үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептi, ар-намысы биiк
оқушылар тәрбиелеу.
Бастауыш сынып
оқушыларының оқу әрекетi басым. Жас бала - жас
шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады.
Сондықтан да бiлiм негiзi бастауыш мектепте қалыптасады деп
айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi
көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп
түсiнуiмiз керек.
Қазiргi
қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және
рухани – адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы
қуантарлық жағдай. Бүгiнде
Қазақстанның бiлiм беру жүйесi
дүниетанымдық адасудан арылуда.
Бiрiншi кезекте, әрбiр адамның,
азаматтың, оқушының жанын, рухын, санасын
сауықтыруға мемлекет, әрине мүдделi, сондықтан
бұл мәселенi бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде
шешудi көздейдi. Осыған байланысты төмендегiдей түйiндi
сөздердiң мәнi мен мағынасын қайта қарап,
айқындау қажеттiгi туады. Бiлiм беру тұжырымдамасының
оқытудың рухани адамгершiлiк мәдениетiнiң
тұрғысынан алғандағы iзгiлiктiлiгi, функциялылығы
және табиғилығы: Қорыта келгенде, сабақ үрдісіндегі
оқушының тұлғалық қасиетін
тәрбиелеуде мынадай ерекшеліктерді ескеруіміз керек: [2,4 б.].
-
оқушының
ақыл-ой мәдениетін дамыту;
-
оқушының
адамгершілік-имандылық құндылығын қалыптастыру;
-
оқушы мен
мұғалімнің қарым-қатынасы арқылы
оқушы дүниетанымы қалыптасып, баланың
ақыл-парасаты толысып, еңбекке, рухани-адамгершілік деңгейі
біртіндеп дамитынын ескеру;
сабақ тақырыбына
жай ұлттық педагогика элементтерін оқушының
адамгершілігін арттыруға тиімділігін көрсету[6,4 б.].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030/
Назарбаев Н.Ә. – А.: 1997
2
Занков В.В. Избранные педагигические труды /
В.В. Занков– М.:1990
3
Выготский Л.С. Педагогическая психология/ Л.С.
Выготский– М.:1980
4
Зиглер Л. Теория личности / Л. Зиглер– М.:
Питер, 1999
5
Макаренко А.С. Шығармалары 1 т/ А.С.
Макаренко– М.: 1967
6
Алдамұратов Ә. Әдептілік
негіздері/ Ә Алдамұратов– А.: Санат, 2009