Жекебаева Р.Д., Хамза А., Хамза Б.

Южно Казахстанский государственный педагогический институт, Казахстан

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, 
ал оқуды, ізденуді тоқтатқан да оның мұғалімдігі де жойылады»
К. Д. УШИНСКИЙ

Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әлауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздык іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кендігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Білім беру қоғамның және еліміздің экономикасы тұрақты өсуін қамтамасыз ету негізгі факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан білім беруді реформалау, 12 жылдық оқытуды енгізу қажет болды. Қазірга уақытта жеке қызметімен ерекшеленетін жоғары деңгейлі кәсіби құзырлылығымен білікті педагог қажет. [1]

    Ұстаз әрдайым даму үстінде сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді.

  Бұл іс- әрекет болжамы:

-           білім саласында болып жатқан қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым таныстыру;

-           өз әріптестерінің әртүрлі формадағы сабақ ұйымдастыру тәжірибесін оқып үйрену;

-           жаңа білім тұжырымдамасымен, бағдарламаларымен т.б. танысу.

Өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін мұғалім әртүрлі курстарға қатысады, сол сияқты өз білімін арттырумен шұғылданады.

 Ожеговтың анықтамасы бойынша өз білімін арттыру дегеніміз « басқаның көмегінсіз,өз бетімен дайындалу арқылы білімін арттыру, кәсіби- әдістемелік білім мен біліктілігін тереңдетуге және кеңейтуге, пәндік дайындық деңгейін көтеруге бағытталған.

Өз білімін арттыру мұғалімнің тұрақты іс-әрекеті болғандықтан, оған кіретіндер:

·       белгілі мәселеге байланысты ғылыми зерттеу жұмысы;

·       кітапханаға бару, ғылыми – әдістемелік және оқу кітаптарын оқу;

·       педкеңеске, мұғалімдердің пәндік секцияларына қатысу;

·       өз әріптестерінің сабағына қатысу, сабақты ұйымдастыру;

·       сабақты өткізу әдістемесі т.б. сұрақтар жөнінде пікір алмасу;

·       әртүрлі формадағы сабақтарды, сыныптан тыс іс- шараларды және оқу материалдарын теориялық талдаудан, практикалық өндеуден өткізу. [2]

Мемлекеттің кадрлық саясатының негізгі мақсаты қазақстандық білім беру сапасымен мемлекеттің  жоғары әлеуметтік-экономикалық даму екпіндерін қамтамасыз ететін интеллектуальды және кәсіби қор құру болып табылады.  Жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне өту нәтижеге бағытталған, психолог-педагогикалық кадрларды кәсіби дайындауды ұйымдастыру мақсаттың, мазмұнынның және технологиясының мәселелерін реттейді. Әдістемелік шешімнің бірі құзырлылық тәсіл болып табылады, сәйкес   кәсіби дайындаудың мақсаттық бағдары басқарушының, мұғалімнің, мектеп психологының кәсіби-тұлғалық құзырлылығын қалыптастыру болып табылады.

Жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасына сәйкес өзін-өзі ұйымдастыруға талпынатын және өмірде  өзін көрсете білетін, жауапты, шығармашылық тұлғаны тәрбиелейтін жоғарғы кәсіби педагог дайындау керек. Сонымен  кәсіби түсінік пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психологиялық-педагогикалық білімді және іскерлігімен қатар педагогтың тұлғалық потенциалына оның адамгершілік қасиеті, білімпаздығы, ой-өрісі болуы керек. Заманауи жағдайда 12 жылдық білім беруге көшу аралығында орынды және жылдам жаңа әдістерді,  тәсілдерді, оқыту түрлерін қолдану қажеттілігімен әдістемелік жұмыстар көбеюде.

Өзідігенен білім алу пәндік дайындық деңгейін жетілдіруге, кәсіби-әдістемелік білімін және іскерлігін кеңейтуге, тереңдетуге бағытталған.

Мұғалімге өздігінен білім алуға себеп болып табылады:

·          ақпаратпен күнделікті жұмыс. Сабаққа, баяндама жасауаға, тәрбие сағатына, мерекелерге, олимпиадаларға және т.б. дайындалуда жаңа ақпаратты іздеу және талдау қажеттілігі туындайды. 

·          ынта және шығармашылық. Мұғалім – шығармашылық мамандық. Шығармашылық адам жылдан жылға бір күнтізбелік жоспармен жұмыс істей, қайталана беретін баяндаманы оқи алмайды.

·          Заманауи ғылымның екпінді өсуі.

·          Қоғам өмірінің өзгеруі. Бұл өзгерістер біріншіден оқушыға әсер етеді, олардың дүниетанымдарын қалыптастырады.

·          бәсекелестік. Ата-ана баласын мектепке алып келгенде  білікті, жақсы пән немесе нақты бір мұғалімнің снсбына беруді сұрайды.

·           қоғамның пікірі. Мұғалім өзінің «жақсы» немесе «жаман» деуіне немқұрайды емес. Нашар  мұғалім болғысы келмейді.

·          материалдық стимул. Мұғалім категориясы, аттестациялық комиссияның көзқарасы, премия, қосымша төлемақы, дәреже мен өкімет тарапынан марапат бұның барлығы мұғалімнің біліктілігі мен шеберлігіне байланысты болады. Жаңа білімді үздіксіз меңгермесе ондай дәрежеге жету мүмкін емес.

·          педагогикалық шеберлікті жетілдіруге қызығушылық. Білім алу өте қызық. Өзін-өзі білімдендіру бойынша әр мұғалімнің сабақтары, ескертулер, презентациялар, көрнекіліктер жинақталған өзінің әдістемелік жинақтаушысы болады. Өзін-өзі білімдендіру жұмыстары нәтижелі болып келеді, өйткені педагогтарда өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі қалыптасады. Сондай-ақ өзін-өзі тану мен өзін-өзі талдау түрлеріне ие болады және де педагогикалық шеберлікке дайындық жетіледі. Өзін-өзі білімдендіру көздері ретінде: теледидар, газет-журналдар, әдебиеттер, интернет, ақпаратты тасымалдайтын әртүрлі тасымалдауыштардағы бейне, аудио жұмыстар, ақылы курстар, семинарлар мен конференциялар, шеберлік-класстары, тәжірибе алмасу іс-шаралары, экскурсиялар, музей, көрмелер, біліктілікті жетілдіру курстарын айтуға болады. [3]

Біліктілікті жетілдіру формаларының ішіндегі қолайлысына тоқталатын болсақ, ол - әдістемелік алаң. Әдістемелік алаң - талқылаудың жан-жақтылығы. Ол бірнеше қарама-қайшы көзқарастар негізінде ұжымды алаңдататын жағдайлар туындаған кезде жүргізіледі. Талқыланатын сұрақтар алдын-ала ойластырылып, қалыптасады, қарсылас пен қолдаушы топ құрылады. Алаң қатысушылардың жалпы эрудициясы мен мәдениетін, кәсіби деңгейін анықтауға тамаша мүмкіндік береді.

Педагогикалық шеберханада тәжірибелі педагогтармен тәжірибе алмасуға, білім мекемесі төңірегіндегі педагогикалық тапсырмалардың практикалық шешімдері қарастырылады. Өз ісінің шеберлерімен ортақ жұмысты бірлесе отырып атқарады. Сәтті ойлар мен оқыту тәрбие-тәжірибесіндегі қолайлы тәсілдерді болашақта ендіру мен алмасу әдістемелік көріністің негізгі мақсаты болып табылады.

Кәсіби шеберлікті көтеру формалар біліктілікті жетілдіру үдерісінде мұғалімнің меңгерген білімі өздігінен меңгерген құндылық. Сондықтан оның барлығы мұғалімнің кәсіби өсуі мен тұлға болып қалыптасуының көрсеткіші.

 «Педагогикалық шеберхана» мен шебер-кластарға қатысу арқылы оқу үдерісінде гуманистикалық ортаны құру жолдарын көру мен бағалауға мүмкіндік туады. Осының негізінде, қиындықты шешуді бірлесе іздеу, оқу үдерісін жеке бағытталған, педагогикалық қызметтестік принциптерінің негізін тәжірибеде ендіру. Педагогикалық тәжірибені ғылыми тұрғыдан қарастыру белгілі бір ортақ көзқарасты ұсыну болып табылады. Мұғалімнің шығармашылық өсуіне әдістемелік жұмыс: қате арқылы өзін-өзі жеңу, күмәндану мен жетістіктер арқылы білімді жетілдіруге ықпалын тигізеді. Егер мұғалім мобильді, позитивті болса, мектептегі 12 жылдық білім де жоғарғы дәрежеде болады. Біздің ойымызша, оқушының негізгі құзырлықтары 12 жылдық бағдарламамен оқыту барысында бірінші сыныптан бастап толығымен қалыптасуы қажет. [4]

Сонымен, жаңашыл мұғалім- ол кәсіби маман. Оның негізгі қасиетіне үнемі өзін-өзі жетілдіру, эрудиция, еңбек мәдениетінің жоғарғы деңгейі. Болашақ мұғалім креативті, белсенді, әлеуметті жауапты, ой-өрісінің кендігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы басымды болуы керек. Мұғалімнің кәсіби тұрғыдан өсуі өзін-өзі білімдендіру қажеттілігінен туындайды.  Жаңашыл мұғалімге оның кәсібі- ол өзін-өзі жетілдірудегі тамаша мүмкіндік. Жаңашыл мұғалімге ең негізгісі жеткен белесінде тұрып қалмай, міндетті түрде еңбектеніп, алдыға ғана жүру. Өйткені мұғалім еңбегі ол шексіз шығармашылықтың тамаша көзі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Журнал «12-летнее образование» № 9, 2008.

  1. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
  2. Жексенбаева  У.Б. Какой быть 12- летней школе Казахстана / 12 – летнее образование № 5, 2005.

4.      Байжанова С.А. Основные направления концепции 12 - летнего образования РК: компетентности учителя и компетенции выпускника./ Білім - Инфо №2, 2008.