Тенгебаева Мадина Қуанышбайқызы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы 

 №122 жалпы білім беретін мектептің

                                    бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш мектеп оқушыларына математика сабағын үйретуде  жаңа технология әдістерін пайдалану

Сабақтың тақырыбы: 8 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сандар қатарын қайталату, 8 санын қосу және алу. 8 санының құрамымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқу - танымдық,коммуникативтік, ақпараттық - технологиялық құзыреттіліктеріндамыту. Салыстыра білуге, таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке және ұқыптылыққа,білім сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, ақпаратты - коммуникативті технологиясы.т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, ойын сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта т. б.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабаққа назарларын аудару;
- Тренинг өткізу «Күлкі сыйлау».
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Бірге үйге қайтамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Берілген есептерді шығарып, сандар қатарын жазып келгендерін тексеру;
0 - ден 7 - ге дейін тура және кері санап, өткен сабақтарды еске түсіру.
Ойын: «Үйін тап»
III. Жаңа сабақ.
Жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақты хабарлау.(1-слайд)

Мынау жатқан қайшы                              

Ал «8» саны қайсы

Оның екі көзі

Сегізіңнің өзі

1.     Ауызша 8 санының пайда болуын, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6,7,8 сандар қатары қайталанып, 8 - ді басқа сандармен салыстыру пысықталып, 8 санының пайда болуы, кестені пайдаланып 8 санын шығару. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7,8 сандар қатарын құрастыру, 8 - ді 7 - мен салыстыру.
2. Оқулықпен жұмыс.
№1 8 санының құрамын түсіндіру. (2-слайд)

                  
№2 Өздік жұмыс. Жұлдызшалардың орнына теңдік немесе теңсіздік белгілерін тауып қою.  Ыдыстарды санап, салыстыру.(3-слайд)

                 

№3 Есептемей салыстыру.(4-слайд)

                

2.    Дәптермен жұмыс.
Әрбір оқушы өз бетімен орындау. Таяқшалардың суретін пайдалану арқылы қосындылар мен айырманың мәндерін дұрыс табу, 8 - ді басқа сандармен, 8 см - ді басқа ұзындықтармен салыстыру. 8 санының құрамын  жазып жаттығу.
3. Сергіту жаттығуы.(5 -слайд)

Ракета зымырап

Ғарышқа оны ұшырам

Аспанға қарап ай көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдім

4.Суреттермен жұмыс.

«Үйшік» ойыны.  8 санының құрамын табу. (6-слайд)

                  

«Кім жылдам» ойыны. Жасырынған санды табу арқылы 8 санының құрамын толықтыру. (7-слайд)

                 

«Қосылғыштардың орнын тап» ойыны арқылы  мәні 8-ге тең қосылығыштарды табу. (8-слайд)

               
IV. Қорытынды.
«Қанқыз» ойыны. Қанқыз туралы білімдерін қайталау арқылы үлгідегідей суретті аяқтап бояу.  (9-слайд)

                

«Көңілді паравоз» ойыны. Суретте берілген паравозды 8 –ге дейін толықтыру.   (10- слайд)

                

Ал, енді балалар сабағымызды қорытындылай келе, құрамында саны бар мақал - мәтел айтайық.
Жеті рет піш,
Бір рет кес.
***
Тоқсан ауыз сөздің,
Тобықтай түйіні.
***
Жігітке жеті өнер де аз.
***
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
***
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.

V. Бағалау.

Жетондар арқылы білімдерін бағалау. Данышпан атаның батасы алу.(11-12 слайд)

                          
VI.. Үйге тапсырма беру.
4-тапсырма теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыру.