Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға-оқытушысы Қалиев Нұржан Қажымұханұлы

Түркістан қаласы

ХАЛЫҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ НАНЫМ- СЕНІМДЕРІН АРЫТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын мәдени-рухани болмысы, жалпы адамзаттық тарихтың, мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады.

Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, спортқа бейімдеу, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдары осы жұмыстың негізгі өзекті бағыты болып табылады.

Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2050» дамуы [1] жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамындағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек [2].

Қазақтың тұрмыс- тіршілігінде қалыптасқан салт- дәстүрлер ұлттық ойындардың пайда болуына, оның ережесінің қалыптасуына тікелей әсері бар екендігін ескере келіп дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық ойындар арасында кездесетінін салт- дәстүрлерге жекелей тоқталу керек деп санаймыз.

Салт- дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи көне құбылыс деп қарап, оны адамдар өмір сүретін ортадағы өзіндік ерекшелерді ескеретін, атадан балаға берілетін рухани мұра деп санау керек.

Ел арасында қалыптасқан салт-дәстүрлер тарихи- қоғамдық формациялардың, ел арасына сіңген діннің, табиғаттың әсерінен уақыт өткен сайын кейбіреулерінің жылдам өзгеріске түсетіндігімен қатар, кейбіреулерінің ел арасында өте көнеден келе жатқандығын байқауға болады. Салт- дәстүрлердің адамдардың кәсіптік- шаруашылық еңбек ету ерекшеліктеріне, жыл мезгілдеріне, діннің ықпалына қарай бейімделген түрлерін көруге болады, оған бір мысал ретінде баланың тұсау кесу рәсімін айтуға болады. Мысалы қазақ- қырғыз халқы арасында тұсау кесуге арналып арнайы той өткізу рәсімі бар. Осы той кезінде жиналған адамдар ішінен тұсау кесемін деген үміткерлер арасында жаяу жарыс ұйымдастыру дәстүрі бар. Осы жарыс кезінде кім жүйрік болып бірінші кесе, сол бала тұсауын кесу құрметіне ие болады. Осы салттың басты мақсаты- бала өскенде сол жүйрік адам сияқты болсын деген тілектен туған ырым. [3].

Адамдардың салт- дәстүрлерді орындауы, сақтауы өз еріктерімен іске асырылатын болғандықтан орындалу сапасы, орындаушының бір немесе көптеген адамдар болуы оны іске асырушылардың мақсаттарынан туындайды.

Қазақ халқының арасында таралған ойындардың барлығының мазмұнында белгілі бір мақсатты іске асыру ниетін көруге болады, сонымен қатар кейбір ойындарды адамдардың жеке өзінің шешімі бойынша ойының тәртібін мүлдем басқаша орындауына мүмкіндігі болатындығымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда ойынның түпкі мақсатының орындалуы еске алынып орындау жолына еркіндік беріледі, осылай ойнау көбіне балалар ойындарында кеңінен қолданылады.

Балалар ойын кезінде немесе ойнау алдында ойын тәртібін өзара келісіп алулары жиі кездеседі, келісілген шарттың ойын үстінде орындалмауы ойынның тоқтатылып, кімнің дұрыс немесе бұрыс орындағаны туралы бір шешімге келгенше талқыға түсуі, немесе ойынның мүлдем доғарылуына дейін әкелуі ықтимал кездері болады.

Қазақ халқы өткізілетін той, берiлетiн ас мейрамдарды алдын ала ақылдасып, жоспарлап орны мен күнін белгілеген. Қажет болған жағдайда көбінесе үлкен іс шараны бірігіп орындау мақсатында «сауын» айтылған. «Сауын» мақсаты өткізілетін ас-тойлар шығынын бөлісіп көтеру. Алдын ала өткiзiлетiн ойындар мен жарыстар түрлерiн белгiлеп қоятын болған. Жұртшылыққа хабарлайтын арнаулы «хабаршы» адамдар тағайындалған. Тойды,мерекені тамашалауға жиналған жұрт хабарлаушы адамдардың көрсеткен орындарына жиналып, өздері көрулеріне қолайлы жер таңдап орналасқан осы орналасу кезінде ер адамдар мен әйел адамдардың топталып жеке отырулары байқалады [4].

 Біз бұл тарауда ұлттық ойындардың барлық түрлерінде кездесетін дәстүрлер, наным -сенімдер, жол-жоралғыларды көрсетуді мақсат етпедік. Біз зерттеу тақырыбына ғана байланысты ұлттық ойындар қатарынан қазіргі кезде спорт түріне айналып республикалық деңгейден асып халықаралық жарыстар өткізіліп жатқан қазақ күресі, ұлттық ат спорты, тоғызқұмалақ және саятшылық түрлерін алдық.

Балуандық өнерге байланысты халық арасында таралған салт- дәстүрлер.

Қазақ халықы арасында балуандарды белдесуге шығарудың дәстүрлері әр жерде әртүрлі болғандығы байқалады. Балуан шығарушы жақ өзінің балуанының жеңуін қалап ол туралы мақтау мен мадақтауды аямаған. Балуанды атқа, түйеге мінгізіп әкеліп,елді таңдандыру,қарсыласының мысын басу мақсатында ноқталап,шынжырлап алып шыққан. Қарсыласының үрейін ұшырып қорқыту мақсатында «түйе палуан», «өгіз палуан» атанған палуандарды кілем шетіне шынжырлап ұстайтын болған. Күжірейген дәу перілер аузынан көбік шашып, жер тарпып, аруақ шақырып, ақырып бақталасының мысын басуға тырысқан.

Ендеше, қортындылай айтқанда жоғарыда аталғандарды талдай келе салауатты өмір салты деп, біз өз қызметін денсаулығын сақтауға, нығайтуға және жақсартуға бағыттаған дара тұлғаның өмір салты деп түсінеміз, сондықтан да ол өмір салтының басқа жақтарын іске асыру мен дамытудың шарты мен алғышарты болып табылады. халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жастардың бойына сіңіру, баланың салауатты өмір салтына, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастырып тәрбиелеуге аса мән берген жөн.

Салауатты өмір салты жүйесі мен мазмұндық сипаты жеке тұлғаның дене, рухани, мәдени дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтық педагогиканың құрамды бір бөлігі болып табылатын ұлттық қимылды ойындарды пайдалану жас ұрпақтың заман талабына сай бірлікте, өз Отанын сүйе білетін, оны көркейту үшін күресу қолынан келетін өз халқының патриоттарын, адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеуге қызмет етеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1        Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – Алматы: Білім, 1997. – 257 б.

2        Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2008. - 216 б.

3 Профилактика наркомании средствами физического воспитания и спорта: Метод.пособие / Под ред. Л.И.Орехова. -Алматы, Lem, 2006. – 65 с.

4 Канагатов И.Б. Правила соревнований по национальным видам конного спорта. – Астана: Агентство по туризму и спорту РК, 2004г. – 16 с.