Современные методы преподавания / 5 Научная мысль информационного века

Магистр-оқытушы Нарықбай Роллан Таженұлы

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ (Түркістан)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСIН ЖЕТIЛДIРУДIҢ ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жетiлдiрудiң проблемасы педагогика ғылымының даму барысының барлық кезеңiнде өзектi мәселенiң бiрi болып келедi.

Бiлiм берудегi елеулi бетбұрыстар 60-шы жылдардан басталды. Оқытудың теориясы мен практикасын дамытудың жаңа идеялары анықталды. Сол кездегi бiлiм реформасы жалпыға бiрдей бiлiм беру мен мазмұнның ғылыми деңгейiн жоғарлатуды мақсат еттi. Бiрақ, жеке тұлғаның қабiлетi, бейiмдiлiгi, оның қызығушылығы iс жүзiнде ескерiлмедi [1]

Мектеп тәжiрибесiнiң нәтижелерiнде бұл бағдарламаның артықшылықтары мен кемшiлiктерi айқындалды, оны жетiлдiре келе 1981-жылы орта мектептерге жаңа бағдарлама ендiрiлдi. Бұл кезеңдегi басты жаңалықтар-пән аралық байланыстарға көңiл бөлiнуi, оқушылардың бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерiне қойылатын талаптардың анықталуы, оқу материалының берiлуiнiң нақтылануы, бағалау нормасының енгiзiлуi, оқытудың техникалық құралдары дамып, оларды оқытуда қолданудың әдiстемесiнiң дамуы болды. [2]

Оқытудың педагогикалық технологияларын жасап, iс – тәжiрибеге енгiзудiң басты қажеттiлiгi қазiргi мектептердiң оқу сапасы жағынан төмен нәтиже көрсетуiнен болып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы 3-4 жылда жүзеге асырылып жатқан мектеп бiтiрушiлерiн жоғарғы оқу орындарына тесттiк тұрғыда қабылдау қорытындысы талапкерлердiң 27-30% құрайтын бөлiгiнiң мемлекеттiк стандарт талабынан төмен (“2” бағасына сәйкес келетiн) нәтиже беретiнiн көрсетiп отыр. Демек мектептерге дәстүрлi әдiстер мен тәсiлдерден гөрi тиiмдiлiгi жоғары, жаңа сападағы дидактикалық құрал қажет. Дүние жүзi педагог-ғалымдардың пайымдауынша мұндай құрал болып оқытудың педагогикалық технологиясы табылады. Педагогикалық технологияның кәдуiлгi әдiстемеден басты айырмашылығы – оқыту процесiнiң нәтижелi болуына кепiлдiк беруi. Әрине оқу процесiн, оқытудың әдiстемелiк жүйесiн (мақсат, мазмұн, әдiс, түр, құрал) технологиялық негiзде жобалағанда озық әдiстер мен тәсiлдер жобаның компоненттерi ретiнде оған кiредi. Сонымен қатар педагогикалық технология оқушының ынтасын, өз бетiмен танымдық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып, дамытуға тиiстi. [3]

Осы себептi де ЮНЕСКО дамыған елдерде “нәтиже беруге бағытталған мектеп” моделiн енгiзудi ұсынып отыр. Сондықтан пәндердiң оқыту әдiстемесiмен қоса оған педагогикалық технология негiзiнде оқыту педагогика ғылымының болашағы зор болып отыр. Cол себептен де бiз өз зерттеу жұмысымызда физиканың дәстүрлi оқыту әдiстемесiн, деңгейлiк саралап оқыту педагогикалық технологиясы негiзiнде жетiлдiрудi мақсат етiп алдық.

Педагогикалық технология әдiстемелiк жүйенiң жобасы болғандықтан ол мақсат қойылуын (диагностикалық дәл анықталуы), мазмұнға (оқушылардың өз бетiмен жұмыс iстеуiне бағытталған), әдiстерге (жоғарыда айтылды), оқыту түрiне (форма), онда қолданылатын құралдары да өз талабын қояды. Мұнда мазмұн мен әдiстеменнiң аралығы жақындай түседi.

Қазақстан Республикасы жоғарғы бiлiм беру мемлекеттiк стандартының тұжырымдамасында айқын көрсетiлгендей қоғамымыздың жаңа әлеументтiк тапсырыстары, өз кезегiнде оқу бағдарламаларын өзгертудi, оқытудың жаңа технологияларын енгiзудi көздейдi.

Қазiргi заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық iлiмдер негiзiнде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Оқу процесiн технологияландыру басқа ақыл-ой талабына ғана негiзделген рационалистiк немесе технократтық деп аталатын дидактикалық парадигмамен әдiснамалық байланыста. Педагог рационалистердiң негiзгi мiндетi – оқу материалын меңгерудiң неғұрлым тиiмдi тәсiлдерiн iздестiру. Нақ осы модель төңiрегiнде оқытудың техникалық құралдарын қолданудың мүмкiн жолдары пайда болып, ол кейiннен оқыту технологиясы ұстанымдарына жалғасты. [4]

Педагогикалық технологияның ерекшелiгiн педагогикалық жүйенi жобалау тұрғысынан анықтау үшiн жобалаудың бiлiм беру аймағында оқыту жүйесi мен оның жекелеген компоненттерiн жасаумен шектелмейтiнiн ескеру қажет. Жобалау сонымен қатар оқушының интеллектуальдық даму заңдылықтарын, оқу iс-әрекетiнiң қалыптасу ерекшелiктерiн және педагогикалық басқарудың тәсiлдерiн зерттейтiн құрал ретiндегi әдiснамалық қызмет те атқарады. Оқыту технологиясының әдiснамалық қызметi жалпы стратегиялық үлгi – оқытуды жобалау, ұйымдастыру және жобаны жүзеге асыру арқылы анықталады.

 Педагогикалық технология – педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдiстерiн зерттеп, айқындаушы және педагогикалық процестi жобалаушы бiр бөлшегi. Ол – бiлiм стандартында көзделген оқыту нәтижелерiн қол жеткiзу жолындағы мақсат, мазмұн, әдiстер мен құралдардың бiртұтас қызметiн бейнелейтiн процесс.Мектепте оқыту технологиясы оқыту процесiне қажеттi психологиялық - педагогикалық iс-әрекеттердiң жүйелi кешенi - әдiс, тәсiл, амал, дидактикалық талап ретiнде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртiбiне, оқуға ынтасына, iс - әрекетiне игi әсер етедi және сонымен бiрге, мұғалiмдердiң педагогикалық iс–тәжiрибесiнiң нәтижелiгiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн оқу – тәрбие процесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Жоғарыда келтiрiлген түсiнiктерден, оқыту технологиясы дегенiмiз педагогикалық тәжiрибеде оқыту мен тәрбиенiң нақты көзделген мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен iс-әрекеттер тiзбегi екенiн көремiз.

Қазiргi таңда бiлiм беру iсiн реформалау “iзгiлендiру парадигмасы” негiзiнде бiлiм берудiң мазмұнды - әдiстемелiк негiзiн жүйелi өзгертуiн ғана емес, сонымен бiрге логикалық - әдiстемелiк негiздi жаңартуды анықтауды, педагогикалық жүйенiң жаңа парадигмасын жетiлдiрудi қажет етедi. [5]

  Бiлiм беру жүйесiн жаңартуда және жетiлдiруде алдымен жаңа негiзде әдiстемелiк жүйенi құру, содан соң дидактикалық процестi ескере отырып, педагогикалық жүйенi технологиялық негiзде құрған дұрыс деп есептеймiз. Мұндай жүйелiлiк тәжiрибеде барлық жаңа инновациялық идеялардың жүзеге асуына кепiлдiк беретiн саралап оқытудың педагогикалық түзу технологиясын құруға мүмкiндiк бередi.

Қорыта келе, неге осы уақытқа дейiн көп деңгейлi бiлiм берудi және кредиттiк жүйенi ұйымдастыру мен басқарудың, бiлiм сапасын бақылау мен бағалаудың, оқыту процесiн жандандырудың ғылыми негiзделген қарапайым педагогикалық технологиялары әлемнiң алдыңғы қатарлы университеттерiнде жасалмағандеген сұрақ тууы мүмкiн. Мұның жауабы оңай. Педагогикалық процесс өте күрделi, ашық жүйелер қатарына жататын объект, ал оны статистикалық заңдылықтарға сүйенiп, осы объектiлердегi өзара әсерлер мен құрылымдардың түзiлу процесiн зерттейтiн күрделi жүйелер туралы ғылым қазiр қалыптасуда.

Әдебиеттер

1. ҚР жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Жоба. 2005 жылғы 18 тамыз.

2. Проект концепции высшего педагогического образования РК, Астана, 2005. //Казправда, 18.08.2005, С.5.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы. ҚР Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы №80 Жарлығымен бекітілген. //Егемен Қазақстан. 2006, 1 сәуір. 5-7 бб.

4. Безруков А.А., Безрукова Н.П. Формирование информационной культуры студентов естественно научных факультетов педагогического вуза. // Информатика и образование. 2004. №2. С.86-94.

5. Зимняя И.А. Ключевые компетентности как результативно-целевая основа компетентностного подхода в образовании. –М.,2004. С.21.