Современные методы преподавания / 5 Научная мысль информационного века

Магистр-оқытушы Жилисбаев Нагашбек Келисбекович

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ (Түркістан)

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ  ОЙЫНДАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Тәуелсіз елімізді әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосу біздің негізгі мақсатымыз және Отан алдындағы борышымыз. Осы мақсатты жүзеге асыруда біздің жасөспірімдердің орны ерекше, өйткені еліміздің туын биіктен желбіретіп, 50 елдің қатарына енгізу үшін білім сусынымен терең қаруланған, денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Біздің елімізде дене тәрбиесі мен спорт бұқаралық сипат алған. Әрбір адамның дене тәрбиесімен шұғылдануы оның жеке басының міндеті деп айтуға болады. Ұлттық ойындардағы қимыл - қозғалыс әрекет - бұл бала денесінің барлық мүшелерінің дамуы және денсаулықты сақтау факторларының бірі. 

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша,  біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,-деген болатын [1]. Білім беру жүйесінің алдындағы маңызды міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары.

Дене тәрбиесі үдерісінде ойын - жасөспірімдердің өмірінде алатын орны ерекше. Ойындардың әдіс – тәсілдеріне қарап жылдамдық дамытатын ойындарды ерекше атып өтуге болады. Себебі, ойынға қатысушылар белсенділікпен қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатысады. Ойын ережелеріне байланысты өздерінің алға қойған мақсатына жете алады.

Ойын – сан алуандылығына қарамастан өткізілу ережелеріне байланысты, жасөспірімдердің жас ерекшеліктерімен дайындық деңгейлеріне байланысты таңдалады. Себебі ойындардың мазмұны өмір сүріп жатқан ортаға байланысты.

Ұлттық ойындардың басым көпшшілігі топтарға бөлініп ойналады. Кейбір ойындар спорттық ойындармен жергілікті ойындарға дайындық ретінде қолданылуы мүмкін. Дене тәрбиесі үдерісінде ойындарды сабақ ретінде қолдану жасөспірімдерде дене тәрбиесінде туындаған кейбір мәселелерді оңай шешуге, денсаулығын жақсарту арқылы қимыл-қозғалыс дағдыларын арттыруға ықпалы өте жақсы. Тәрбиелік жағынан ойындар Отаншылдық, патриоттық сезімдерге, батылдықпен табандылыққа үйретеді. Сауықтыру мәселесіне ұлттық ойындардың тигізетін әсері көп. Мысалы жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу сияқты жаттығулар олардың икемділік қабілеттерін дамытады.

  Ұлттық ойындар ойыншылардың қарым-қатынасын орнататын ережелерге сай бөлінеді. Сол арқылы олар қажетті ойын түрлерін таңдап алуы тиіс. Мысалы:

«Әуе таяқ». Ойын ережесі бойынша ойнаушылар бірнеше топқа бөлінеді. Олардың біреуі таяғын әуелете лақтырып, екіншісі оны өз таяғымен көздеп, тигізу керек. Таяқты лақтырушы мен көздеуші жеребе бойынша анықталады. Егер ойыншылар екі топқа бөлінсе, таяқтарын көп тигізген көп жеңген болып есептеледі [2].

Ойын кезінде балалардың жылдамдық, ептілік дағдылары дамиды. Мұндай ойындардың қатарына «Шеңбер жарыс», «Доп алып қашу», «Орамал байлау», «Көз байлап жарысу», «Еңбектеп жарысу» ойындары жатады. Ойындардың негізгі мақсаты дене қозғалысының жедел дамуына ықпал ету және де баланың тез қимылдау икемділіктерін дамыту, жылдам қимылдауға үйрету. Жасөспірімдерді төзімділікке, күштілікке үйрететін ойындар көп тәжірибені қажет етеді, себебі ойындардың балаларға ауырлық түсетін ойын түрлері де болуы мүмкін. Мұндай кезде олардың жас ерекшеліктері, денсаулық деңгейлеріне де ерекше мән беру қажет. Жүректің қатты соғуына, қатты шаршату сапасын, тыныс алу жолдарына қиындық келтіреді. Төзімділікпен күштілікке үйрететін ойындар балалардың жан-жақты дамуына оң ықпал етеді, оларды төзімді, күшті болуға икемдей отырып, олардың сана сезіміне де әсер етуі мүмкін. Балалар үшін пайдалы ойындардың қатарына күрес түрлері, бірін-бірі көтеру, арқан тартыс ойындары кіреді. Бұл ойындар ойналып жатқан кезде бақылауда болуы қажет. Себебі ер белалар мен қыз балалар арсында ерекшеліктер болуы мүмкін. Себебі ер балаларға қарағанда қыз балаларда күші аз болады, сондықтан қыз балалар мен ер балаларды араластырып, екі топта да күштілікті, жылдамдықты теңдей қарастыру қажет. Шыдамдылық пен күштілікті дамытатын тек ұлттық ойындар емес олардың қатарына спорттық ойындарды да жатқызуға болады.

Дене мүмкіндіктерін өз ықтиярына бағындырып, ойындарды өз еркімен ойнау, ережелерін пайдалана білу шапшаңдықпен жылдамдықты талап етеді. Қимыл-қозғалыстарының шапшаңдығы дене тәрбиесі үдерісіндегі ойындар негізінде жүзеге асады. Дене жеңілдігін, дене шапшаңдығын дамытатын негізгі жаттығулардың көпшілігі доп пен ойналатын ойындарда болады. Бұл ойындарда қимыл-қозғалыстарының жан-жақты жетілуіне себеп болатын жаттығулар пайдаланылады. Мысалы, өрмелеу, жүгіру, секіру, лақтыру элементтері бар ойындар. Мұндай қозғалыстағы ойындар жасөспірімдердің дене бітіміне әсер етіп, олардың икемділік, шапшаңдық, төзімділік қасиеттерінің дамуына өз ықпалын тигізеді. Шапшаңдық пен икемділікке үйрететін ойындарға «Үйрек ату», «Ақсүйек», «Қармақ» сияқты ұлттық ойындар жатады.

Қозғалыс ойындарын әдетте жаппай әдіспен жүргізеді. Қатысушылар мүмкіндігіне қарай екі-үш топқа бөлінеді және әр топта ойын өз бетінше жүргізіледі. Топтық әдіс те жетекші ойыншыларды екі топқа бөліп, оларға әртүрлі ойындар береді. Қозғалыс ойындарына үйрету әдістемесі оқу процесінің жалпы принциптеріне, заңдылықтарына негізделеді. Оның тиімділігі дидактикалық принциптерді іске асырумен байланысты[65].

Күрделі ойынның мазмұнын бірден түсіндіру пайдасыз екендігін дәлелдеген ғалымдарымыз ойындардың бірнеше кезеңнен түсіндіру қажеттігін ұсынған:

1-кезең – ойынмен таныстыру (аты, негізгі сюжет, негізгі ережелер)

2 – кезең одан әрі зерттеу

3-кезең ойын мазмұны және ережесіне өзгерістер енгізу.

Осындай кезеңдерді ескерген жағдайда біз бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс ойындарында олардың анатомиялық-физиологиялық жетілу ерекшеліктерін, ойынға икемділігін бақылап отырып ойнатамыз. Себебі олардың бұлшық еттерімен сүйектері жетілмеген, сондықтан көп күш қажет етпейтін ойындарды, қозғалыс жаттығуларын қысқа уақыт ішінде ойналатын ойындарды ұсынамыз.

Бастауыш сыныпта балалар ойын баласы болғандықтан ойын сабақтарында белсенділікпен қатысады. Бір-бірімен жарысу әдісінде олар қимыл-қозғалыстарын бақылап отырады. Ойын арқылы балалар қимыл-қозғалыс дағдыларын арттырса, екінші жағынан олардың саналылық жүйесі жүзеге асады. Ойын әрекеттеріндегі белгілер сөзбен берілуі қажет, себебі олар сөйлеуді дамытады және құрал –жабдықтар әртүрлі формада, олар қызығатындай дәрежеде болуы тиіс.

5-6 сынып жасөспірімдердің бұлшық еттерінің даму кезеңі, бірақ күшке толық ие емес. Олардың өсіп жетілген ағзасы оттегіні қажет етеді, тыныс алу жолдары дамиды. Бұл жастағы жасөспірімдер ойын тактикасы мен техникасына жетік меңгереді. Ойындардың әдіс-тәсілдерін таңдап, жекпе-жек күрес тәсілдерін терең меңгереді. Қимыл-қозғалыс ойындары дене тәрбиесі үдерісінде барлық сабақтарға енгізілуі қажет. Ойындар сабақтың негізгі және қорытынды бөлімінде жүргізіліп, күштілікпен жылдамдықты дамытатын ойындар сабақ үдерісінде жүргізіледі. Бірақ бұл ойындардың ұзақтығы 20 минуттан аспау керек. Әрбір ойындар ережелері мен ойналады. Сабақта ойындармен бірге гимнастикалық және жеңіл атлетика жаттығулар пайдаланылады. Гимнастикалық жаттығулар мен бірге жеңіл атлетикалық жаттығулар сабақтың бастапқы бөлімінде жүзеге асады. Кейбір жағдайларда жасөспірімдердің шаршағанын шығару үшін қимыл-қозғалысты ойындарды сабақтың қорытынды бөлімінде берген дұрыс[3].  

7-9 сынып жасөспірімдер үшін өсу кезеңі деп есептейміз. Бұл кезеңде жасөспірімдер күштілік, шапшаңдық, шыдамдылық ойындарына бейім келеді. Олар тосықтардан өту жаттығуларын, ұзақ жүгіруі бар ойындарды көп пайдаланады. Мұндай жаста шапшаңдық пен күштілік ұлдар мен қыздар арасындағы айырмашылықтар еленеді, себебі олар өздерінің дене бітімі талап еткен қимыл-қозғалысы бар ойындарды таңдайды. Қимыл-қозғалысы бар ойындарда мысалы, қысқа аралыққа жүгіру, күрес элементтері бар ойындар, лақтыру сияқты ойындарда ұлдар қыздарға қарағанда басымырақ келеді. Жарыс кезінде осындай ерекшеліктерді ескеріп, ұлдар мен қыздардың тепе-теңдігін сақтау керек.

Еліміздегі мектептер мен жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі жүйесіндегі ұлттық ойындар мен қимыл жаттығулары тек жеке тұлғаны дамыту емес, олардың педагогикалық, психологиялық тәрбиесін, рухани адамгершілік сипаттары мен мәдени құндылықтарын өзара ішкі бірлікте денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздеген.

          Жасөспірімдердің жеке тұлғасын жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы ұлттық ойындармен айналысу және қимыл - қозғалыс белсенділігі.

          Қазақстан Республикасында жасөспірімдердің дене тәрбиесіне өте үлкен көңіл бөлініп, орта білім беру орындарында дене тәрбиесіндегі жаттығулармен ғана шектеліп қоймай, сабақтан тыс үйірмелер, туристтік жорықтардағы ұлттық ойындар ұйымдастырылуда. 

Қазіргі кезеңдегі мектептердегі дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы ұлттық тәрбиенің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды негіздейді. Мектеп оқушыларына дене тәрбиесі сабағы теориялық қана емес, сондай-ақ практикалық бағыттауда қарастырылу керек. Себебі, әрбір жүйеленген жаттығулар жасөспірімдердің тұлғалық білім мен шеберлік дағдыларының дамуына тікелей ықпал етуі тиіс.

Жасөспірімдерді жан-жақты оқыту және олардың жеке тұлғасын дамыту әлеуметтік-педагогикалық проблема. Сондықтан білім мен тәрбиеге сусынданған педагогтардың алдында жеке тұлғаны ұлттық сезімге бай, отаншыл рухта тәрбиелеу басты міндеттердің бірі болып отыр. 

Қазіргі таңда, заманауи қоғам өмірінің барлық жақтарын сапалы түрде қайта өзгерту жағдайларында табысты еңбек қызметі үшін қажетті салауатты адамдарды физикалық даярлауға деген талаптар артуда. Дене шынықтыру қозғалысы, дене тәрбиесінің қазіргі заманға сай жүйесі салауатты өмір салтын жүргізуге, адамдар денсаулығын нығайтуға, олардың жұмыс қабілеттілігін, Отанды қорғауға дайындығын күшейтуге, жоғары өнегелі қасиеттерді, рух сергектігін, күш-жігер мен төзімділікті қалыптастыруға, дені сау және жарқын жас ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндігінше жағдай жасауға үнделген. Бүгінгі жастар жан-жақты білімді ғана емес, сондай-ақ рухани сұлу, денсаулығы мықты, шыныққан болуы керек.

 

Әдебиеттер

1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті  

    Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. -Астана, 2007.

2.Тайжанов С., Қонысбаев Н. Қозғалыс қимылдарына үйрету. – Алматы:  

  Дәнекер, 2004.

3.Қасымбекова С.И. Научно-педагогические основы формирования

   физической культуры учащихся молодежи. Дисс. д.п.н.: 13.00.04. -Алматы,   

   2002.