Современные методы преподавания / 5 Научная мысль информационного века
Магистр-оқытушы
Жилисбаев
Нагашбек Келисбекович
Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ (Түркістан)
ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ
ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Еліміздің
Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез –
құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен
айналысқан адам ар- ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан
дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл
ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз
тәжiрибемнен бiлемiн», - деуi тарих сахнасының төрiнен спорт
қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi. [1]
Дене мәдениеті
– жалпы мәдениеттің бір саласы. Адамзат баласы жаратылғаннан бастап рухани дами келе,
осы мәдениет салаларын өз қолымен жасап келе жатыр. Ал адамзат
баласын, табиғатты, тау, өзен, көлдерді, жан-жануарларды
Ұлы күш, Ұлы ақыл иесі жаратты. Адамзат баласына сана
берді. Санасы, жаны, рухани жетілуі себепті адамзат баласы үйлер,
сарайлар, керемет архитектуралары бар
қалалар салды. Ғылымды игерді, космосқа ұшты,
техниканы, экономиканы дамытты. [2]
Негізгі дене мәдениетінің міндеттері -
біріншіден, адамдардың өмірге керек қимылының ептілігі
мен дағдысын қалыптастыру, дене қасиеттерінің
деңгейін дамыту; екіншіден, осы жинақтаған қасиеттерді
(базаны, негізді) адамдардың қалап алған мамандықтарына
(кәсіптік, спорттық т.б.) қолдану. Негізгі дене
тәрбиесі жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде,
жоғарғы оқу орындарында, оқу-тәрбие
мекемелеріндегі дене тәрбиесі сабақтарында, әр түрлі
жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі. Ол еліміздегі ересек
адамдардың дене дайындығы
деңгейін арттыруға, денсаулықтарын нығайтуға,
жұмысқа ынтасын, төзімділігін дамытуға
көмектеседі.
Дене мәдениетінің бір саласы - спорт,
бұл түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары
жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер
түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының
жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты – спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету,
сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін
дамыту.
Дене мәдениеті өсіп келе
жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру
саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке
тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты
болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық
еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан
сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.
Ғалымдардың
зерттеулерiне сүйенсек, елiмiзде соңғы жылдары
халықтың табиғи өсу деңгейi және туу
көрсеткiштерi төмендеп, ауру өсіп, өлiм-жiтiм
деңгейi артқан. Әсiресе, балалар денсаулығы өте
алаңдатарлық жағдайда, елімізде екi миллионнан астам балалар
мен жасөспiрiмдер асқынған ауру түрлерi бойынша
диспансерлiк есепке тiркелген.
Мемлекет үшiн
адамның денесінің сау болуы нақты материалдық
мәнi бар кұбылыс. Қазiргi нарық заманында- денi сау
адам үлкен маңыздылыққа ие. Елiмiздiң
өндірістiк потенциалы мен қорғаныс кызметiне тiкелей керi
есер етіп отырған жағдай, елдiң ертеңгi болашағы,
жалпы орта мектептеріндегі оқушылардың денсаулықтарының
өте төменгi деңгейде болуы. Әскер қатарына
қызмет етуге шақырылған жастардың денсаулық
жағдайларына байланысты көпшiлiгi керi қайтарылуда. Мектеп
табалдырығын аттаған бiрiншi сынып оқушылары мен қолына
аттестат алғалы тұрған түлектердiң
денсаулығын салыстырған зерттеушiлер, мектеп түлектерiнiң
денсаулығының 4-5 есе төмен екенiн байқаған.
Тарихи деректерді
сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы
өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне
көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық
өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі
арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл
қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл
кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары
қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны
қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
Қоғамдық құбылыстар
сияқты дене мәдениетінің ең басты әлеуметтік қызметі барлық
Қазақстан халықтарының тәрбиесіне ықпал ету
болып табылады. Әрине,
тәрбиелеу қызметі тек бір дене мәдениетіне тән деп
айтуға болмайды. Адамды
өмірдің өзі, әртүрлі қарым-қатынастар
арқылы, яғни мектеп, жоғары оқу орны,
кәсіподақ, жастар ұйымдары және т.б. тәрбиелейді. Қазіргі
уақыттағы жоғары білімнің мақсатына жаңаша
түсінікпен қарасақ, оны дамытудың
басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын,
дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік кабілеттілігі биік,
гуманистік ойлауы басым, информатика ілімімен қаруланған
адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа
ұрпағын қалыптастыру.
Дене мәдениетінің
кәсіби бағыттылығы - мәдениеттің негізгі
жүйелерінің тармағының бірі ретінде
кәсіби-қолданбалы дене даярлығы түрінде жүзеге
асырылады, яғни адамның тиімді кәсіби қызметіне
нақтылы даярлыққа жетуіне мүмкіндік туғызатын
оның міндеттеріне арнайы қолданбалы білім, сапа, біліктілік,
дағдыларды қалыптастырады [2].
Негізгі дене
мәдениеті – адамның өз шама-шарқына қарай
таңдап алған кәсіби және спорт мамандығын
жетілдірудің негізі. Ол жалпы білім беретін мектептерде,
оқу-тәрбие мекемелерінде қолданылады, әрі егде
кісілерге денсаулықты нығайтуға, жұмысқа ынтасын,
төзімділігін арттыруға көмектеседі.
Студенттерді
тәрбиелеуде басқа әртүрлі кәсіпорындар
ұжымы мен білім беру мекемелерінің оқушыларын шефке алып,
көмек беру жұмыстары оңды әсерін тигізеді. Олармен
әртүрлі спорт түрлері бойынша жолдастық кездесулер
өткізуге, спорт ғимараттарын жөндеу және қызмет
көрсетуде, спорт қондырғыларымен, құрал
жабдықтарымен қамтамасыздандыруда қолдан келетін
көмегін беру барысында бір-біріне жәрдемдасуге болады. [3]
Дене
мәдениетінің құндылықтары - әлеуметтік және кәсіби
бағдарланған, сол сияқты жеке тұлғаның
міндеттерін шешуге бағытталған дене мәдениетінің іс
жүзіндегі маңызды негізі.

жеке тұлғаның мақсатты бағыттығы
және мотивациялық бағытын, яғни оның дене
жетілуін, валеологиялық мәдениетін, сана сезімін,
әлеуметтік-психологиялық сапалары мен қасиеттерін дамыту,
бірегейлік және жеке тұлғалықты сезінуін
қалыптастыру, өзара қарым-қатынас
қабілеттерін ояту. кәсіби қызмет үрдісін және жағдайларын
«мәдениеттендіретін» идеяларды, концепцияларды, ережелерді
«инструментальды» білімді, практикалық біліктілікті, қажетті
сапалар мен қасиеттерді жинақтау және дамыту,
оларға табысты бейімделудің, адамгершілік мораль және
психологиялық дене күшін жұмсамай-ақ
орындаудың алғы шарттарын жасайды. қоғамда жеке тұлғаны қалыптастыру бойынша
білім беру - тәрбиелеу іс тәжірибесін уақытпен
белгілейтін мақсаттар, ұсынылымдар, талаптар, ережелер,
яғни оның дамыған дене мәдениетінің
деңгейінің мүмкіндігі бар, жалпы мәдени дамуы
және оның әлеуметтік рөлінің орындалуы
үшін қажетті және өзінің мәдениетті
салауатты өмір сүру бейнесінің қызметін
ұйымдастыруы ылады.
Дене жетілдірілуі -
адамға дене мәдениетінің ерекше әсер етуінің
барынша көрінуі.
Денені
тәрбиелеу - спецификасы
адамның дене сапаларын дамыту және жетілдірілуін басқару, сол
сияқты қозғалыс әрекеттерін үйретумен
қорытындыланатын тәрбие үрдісінің түрі.
Дене дамуы -
өмір сүру барысындағы адам ағзаларының
табиғи құрылымдық-қызметтік
(морфофункциялық) қасиеттерінің өзгеру процесі.
Психологиялық
дене дайындығы - мақсатты
бағыттағы процесс, арнайы шұғылдану жүйесі,
яғни оның іргетасы адамның психологиялық жағдайы
мен оның денінің саулығы арасындағы өзара
байланыстылық және өзара тәуелділік болып табылады.
Денеге білім беру - адамға әртүрлі
өмір жолдарында және қызмет түрлерінде дене
мәдениеті құралдарын пайдалану бойынша теориялық
білімдерді меңгеру, белгілі уақыт аралығында және кеңістікте
өз денесінің қозғалысын басқару,
қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын оқытып,
үйрету үрдісі.
Қозғалыс
белсенділігі - адамның салауатты өмір режімінің маңызды
компоненттерінің бірі, яғни оның негізінде жынысына,
денсаулық жағдайына сәйкес, дене мәдениеті мен спорт құралдарын
жүйелі пайдалануы [4].
Қозғалыс
біліктілігі - қозғалыс әрекетінің әдістерін
сапалы түрде меңгеру (ми қабығындағы кешенді
қозғалыстың, белгілі әрекеттің үлгісі),
яғни жаттығу құралдары мен әдістерін пайдалану
барысында дағдыға айналдыру.
Қозғалыс
дағдысы - қозғалыс
әрекетінің әдісін санадан тыс меңгеру деңгейі,
яғни қозғалыс әрекетін басқару іс-жүзінде
автоматты түрде жүзеге асады. Бұған
қозғалысты орындаудың жоғары сенімділігі
тән. Яғни, осы мәліметтерді схема түрінде
келтіріп, слайд шоу ретінде жасап көрсетуге болады.
Пайдаланған әдебиеттер
1
Назарбаев Н. Ә. Әділеттің ақ
жолы.-Алматы: Қазақстан, 1991.-282 б.
2
Теория и методика физического воспитания / Под. ред.
Л.П.Матвеева, А.Д. Новикова. – М.: Физкультура и спорт, 1976.- Ч.1. – 476с
3
Мухамеджанов Б. Қ. Болашақ дене
мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың
ғылыми-педагогикалық негіздері диссертацилық жұмысы
4
Әбділлаев Ә.К., Мұхамеджанов Б.К. Дене
мәдениеті Оқу әдістемелік құрал