Педагогические науки/5. Современные методы преподавания.

Аға оқытушы Ибраев Абилқасим Зейдінұлы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық кахақ-түрік университеті Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ - ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

 2004 жылғы жолдауда ел Президенті: «реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы педагогтың өмірге келуі болуға тиіс» деп, ал 2005 жылғы жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.

Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру»,- деген еді. Сонымен бірге 2004 жылы 12 қазанда білім беру қызметкерлерінің ІІІ съезінде елбасы жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесін қоғамдық қажеттілік деп атап көрсеткен еді: «Структурные преобразования должны быть обеспечены опережающим развитием системы подготовки кадров учителей. Нужен педагог новой формации». Осыған байланысты жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесі жан-жақты талдау, талқылау нысанына алынды [1; 2].

Қоғамның жаңа сападағы педагог мамандарына деген сұранысын орындау мақсатында 2007 жылғы жаңа білім заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері» атты 11-баптың 9-бөлімінде «оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» көрсетілді [3].

Жаңа тұрпатты мұғалім дайындау ең алдымен жоғары педагогтік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарымен анықталады. Мемлекеттік стандарт орта мектеп мұғалімін дайындау мазмұны мен деңгейінің міндетті минимумына қойылатын талаптарды көрсетеді.

 «Стандарты фиксируют те общеобязательные знания, умения и навыки, которыми должен обладать молодой специалист, чтобы получить соотвествующую квалификацию и уровень личностных качеств» [4].

 Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде стандарт – кіріктірілген пәнаралық категория, оның мәні меншік түрлері, еңбек нарығының дамуы, үздіксіз білім беру, кәсіптік оқытудың әр түрлі болуы жағдайларындағы бүкіл білім беру жүйесін қамтитын күрделі көп салалы және көп деңгейлі объектінің нобайы болуында.

  Стандарт (ағылшынның standard - норма, үлгі) кең мағынасында үлгі, эталон, нобай ретінде қолданылып, басқа объектілерді осылармен салыстыру кезінде бастапқы үлгі қызметін атқарады. Нормативті-техникалық құжат ретінде нормалар, ережелер, стандарттау нысанына қойылатын талаптарды белгілеп, құзіретті органмен бекітіледі.

  Мемлекеттік білім стандарттары білім беру кеңістігінің тұтастығын сақтап, үздіксіз білім беру, академиялық мобильділік, қаржы және материалдық-техникалық ресурстарды рационалды қолдануды қамтамасыз етеді. Стандарттар жеке тұлға, мемлекет сұраныстарына сай келіп, оларды жүзеге асыруына мүмкіндік беруі [5] және нақты айқындалған эталондарды негізге алуға тиіс. Сонда ғана стандарттар экономика дамуы мен ғылыми-техникалық ілгерілеуге жағдай жасайды.

Отандық және әлемдік білім беру практикасы мен әлеуметтік саясатта жаңа категория ретінде мемлекеттік білім стандарттары:

- қазіргі кезеңдегі білім беру мақсаты мен мазмұны, оны жаңарту жолдарын қайта ойластыру құралы;

Білім беруді модернизациялау кезінде бірқатар мәселелер туындайды Алғашқысы - осы қазіргі жүйедегі бар жақсы дәстүрлерді сақтап қалу. Екіншісі - алдыңғы жылдары білім беруде қоғам үшін пайдалы болған мәселелерді қайта қалпына келтіру. Үшінші - негізгісі: білім беру жағдайын қоғам сұранысына сай өзгерту. Сонда, модернизациялау дегеніміз - білім беру жүйесін жетілдіру, жаңа мазмұнмен толтыру.

Әлемде соңғы он-он бес жылдағы білім беруді модернизациялаудың кейбір ерекшеліктеріне тоқталып өтсек, оны іргелендіру мәселесі қойылып отырғанын көреміз. 2000 жылдың күзінде АҚШ сенаторы Гленнің басқаруындағы комиссия «Пока еще не слишком поздно» (бұл сөздер мәтін ішінде де бірнеше рет қайталанады) тақырыбындағы құжаты жарияланды.

Бұл құжат АҚШ үкіметіне арналғанымен, әлемнің көптеген елдері сабақ алатындай қорытындыларға келген. Баяндаманың өн бойынан байқалатын басты идея: математика және жаратылыстану ғылымдарына тиісті көңіл бөлмеген елдің үміті аз. Сондықтан, «әлі де кеш болмай тұрғанда» осы мәселені жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асуы керек.

Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұғалімдер жаңаны меңгере отырып, мәселені тұтастай қамтудан гөрі, дайын нақты дидактикалық тәсілдерді меңгеруге ұмтылады. Біліктілігін жоғарылату курсында олар, әдетте, жалпы әдіснамалық мәселерді қарастыратын маман емес, сабақ жоспарлары мен жеке инновациялық әдістемелік тәсілдерді көрсететін әдістерге қызығушылық білдіріп жатады. Педагогикалық ғылымның әлі күнге дейін эмпиризммен, «тұрмыстық педагогикамен» шектелуі, көптеген құбылыстардың сипаттау сатысында ғана болуы қынжылтады.

Ақпараттық технологияларды меңгерген жаңа тұрпатты мұғалімді дайындаудың жалпыпедагогикалық және пәндік құрамын ажыратуға болады. Жалпыпедагогикалық құрамы жалпы оқу мен тәрбие процесінде ақпараттық технологияларды қолданудың жалпы бағыттары; пәндік құрамы оқу пәндерінің (қазақ тілі, тарих, математика, физика т.б.) ерекшеліктерін көрсететін арнайы бағыттар [6].

Компьютердің адам әрекетінің құрал-сайманы және принципиалды түрдегі жаңа оқу құралы ретіндегі негізгі ерекшеліктері мынада:

1.Компьютер шектеусіз ақпарат көлеміне және оны сараптауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қолжетімді ақпарат көлемінің бірден артуы адамзаттың ақпараттық мәдениетіне «тікелей қатысу» феноменінің сапалы түрде пайда болуына мүмкіндік береді.

2. Компьютер адамның танымдық-зерттеу қызметінің әмбебап құралы.

3. Компьютер техникалық қызмет өнімдерін сақтаудың жаңа белсенді формасын қамтамасыз етеді.

4. Компьютер дәстүрлі жазудан кейінгі екінші орында тұрған таңбалау құралы болып табылады, оның көмегімен жедел ақпаратпен алмасу жүзеге асады. Осылайша, таңбалау-символдық құралдар мен тілді қолданудың принципиалды жаңа саласы пайда болды.

Осы айтылғандарды ескеріп, жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастыру нобайы 6-схемадағыдай болу керектігін ұсынамыз. Онда білім стандарттарына және оқу пәндері мазмұнына толықтырулар енгізілуі керектігі көрсетілді. Сонымен бірге оқу-педагогикалық тапсырмалар (бұдан кейін - ОПТ) қолдану; арнайы курс бағдарламаларын ұсыну; компьютерлік программа сценарийлерін жасау тығыз байланыста жүзеге асып отырады. Олар белсенді оқыту технологияларымен ұштасып, ақпараттық құзыретілікті қалыптастыруға әкеледі. Байланыстың мұндай түрлері жоғары мектептегі ақпараттық ортаның оқу үрдісінің мазмұны, әдістері мен формаларына ықпал етуімен сипатталады.

Сонымен, қорыта келе, білім беруді ақпараттандырудағы әлемдік тенденцияларды көрсету және олардан қалыс қалмау үшін, мемлекеттік білім беру стандарттарының барлық блоктарындағы пәндердің мазмұнын қайта қарап, толықтыру керек.

Әдебиеттер

1. ҚР жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Жоба. 2005 жылғы 18 тамыз.

2. Проект концепции высшего педагогического образования РК, Астана, 2005. //Казправда, 18.08.2005, С.5.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы. ҚР Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы №80 Жарлығымен бекітілген. //Егемен Қазақстан. 2006, 1 сәуір. 5-7 бб.

4. Безруков А.А., Безрукова Н.П. Формирование информационной культуры студентов естественно научных факультетов педагогического вуза. // Информатика и образование. 2004. №2. С.86-94.

5. Зимняя И.А. Ключевые компетентности как результативно-целевая основа компетентностного подхода в образовании. –М.,2004. С.21.

6. Данильчук Е.В. Методологическая система формирования информационной культуры будущего педагога. –М., МГОПУ, 2003. 354 с.