Тағашбаева Л.А.
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан
КӨПТІЛДІ ОҚЫТУ -
БҮГІНГІ КҮНГІ ЕҢ БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК
Тәңірдің
адам баласына жасаған үлкен сыйы – ол тілі. Тіл адамның
адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі,
ұлт намысының биік шыңы, елді тұтастырудың,
танытудың кілті. Адами болмыс пен ұлттық болмыс сынды егіз
ұғымның да негізі тілде. Тіл арқылы кісінің жан дүниесін
түсінесің. Тіл –асыл мұра, бабалар сөзі ғана емес
халықтың нағыз өзі. Тіл – адам баласының
ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе
жактқан мол қазынасы, басты байлығы.
Әр тіл
өзінше бір әлем. Қай халықтың болса да алтын
діңгегі, ұлттық санасының негізі, іргетасы, тектілік
белгісі, қозғаушы күші- тілі.
Туған елім- тірлігімнің
айғағы,
Тілім барда айтылар сыр
ойдағы,
Өссе тілім, менде
бірге өсемін,
Өшше тілім, мен де
бірге өшемін!- деп, ақын
Ә.Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса
да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті,
ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды,
ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес,
өмірдің талай сынынан өткен, өскелең
талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды
ақиқат десек, жаңылмаймыз.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері мемлекет тарапынан
білім беру саласы бірнеше рет реформадан өтіп, заман талабына сай
жетілдірілуде. Осы межеге жету үшін бүгінде білім беру саласы
кешенді қолдауға ие.
Қазір заман дамыды, бір ғана мемлекеттік тілде сөйлеп
қою қателік. Тіл білу ешқашан да артықтық
етпейді. Себебі, көптілділік- қазіргі заман талабы.
Елбасы
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты
халыққа Жолдауында «Тілдердің
үштұғырлығы» деп аталатын мәдени жобаны
жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлемдегі
үш тілді қатар қолданатын білімді де білікті ел ретінде
танытуымыз қажет екенін және «мемлекеттік тіл-қазақ
тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс тілі мен
ғаламдық экономикаға табысты интеграциялану
тілі-ағылшын тілі болуы тиіс» - деп ерекше атап көрсеткен болатын.
Олай болса,
осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? Жас
ұрпақ туған тілдің туын көтеріп, орыс,
ағылшын тілдері арқылы жаһанның игіліктеріне ие бола
ала ма деген сұрақтар көкейде тұратыны белгілі.
Еліміз алдына
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті іргелі 50 елдің
қатарына қосылу жөнінде өршіл мақсат қойып
отырған қазіргі тұста, ең әуелі мемлекеттік
тіліміздің бәсекеге қабілеттілігін күшейту басты
міндетке айналмақ.
Қай
елде болмасын оның мемлекеттік тілінің мәртебесі жоғары
тұруы табиғи заңдылық. Өйткені, әлемдік
қоғамдастықта мемлекеттік тіл сол елдің мемлекеттік
сипатының айқындаушысы, ұлттық саясатының
көрсеткіші саналады. Міне, осы
бағытта еліміз, ең әуелі, мемлекеттік тіліміздің
мәртебесін арттырып, оны кезең-кезеңімен
қолданысқа енгізуді көзеп келеді. Бұл мәселе тек
қана қазақ халқы ғана емес, елімізде
тұратын өзге ұлт өкілдері де іждағат танытып
отырғаны қуантады. Елбасы Қазақстан халықтары
Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде «Он бес жыл
ішінде аюға да тіл үйретуге болатындығын» айта келе, ана
тіліне келгенде енжарлық танытатын қандастарымызды
ұлттық намысқа шақыра отырып, ендігі уақытта
мемлекеттік қызметтегі әрбір шенеуніктің мемлекеттік тілді
білмегені үшін нақты жауапкершілікке тартылатынын қатаң
ескертті.
Сөз
жоқ, бүгінгі ғаламдық ақпараттық
дәуірде ағылшын тілі экономиканың да, саясаттың да
ортақ тіліне айналып отыр.
Тіл
мәселесін сөзге тиек ете отыра, Н.Ә.Назарбаев
қазақстандықтардың жаңа ұрпағы
ең кем дегенде үш тілді
болып,қазақ,орыс және тағылшын тілдерін еркін білуі тиіс екендігін
айтты.Сонымен қатар ағылшын
тілін кеңінен білмейінше,ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту
қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды
балаларын үш тілде оқытуға шақырады.
Тіл -ұлттық
мәдениеттің белгісі,оның қайнар көзінің
кілті.Тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде
қарау-бір жақты ғана құбылыс.Тіл, сонымен
қатар,ұлттық ойдың,ұлттық сананың
көрсеткіші.
Осы
тұрғыдан алғанда үш тұғырлы тіл саясатын
қалай түсінеміз? Қазақ, ағылшын, орыс
тілдерінің ара қатынасы қандай болмақ?
а)
Қазақ тілі – үш тілдің ең бастысы (Н.Назарбаев). Бірден-
бір мемлекеттік тіл. Қазақстан кеңістігінің заңды
қожасы. Қазақ тілінің құқығы
толық кепілденбей, Қазақстанда баянды тыныштық,
мемлекеттік біртектілік болмақ емес.
ә)
Ағылшын тілі –халықаралық басымдылықтағы тіл.
Болашақта «арсыздана жалынбау үшін, заңсыз зорлығына
көнбеу үшін, теңдік дағуасына жету үшін»
бұл тілді үйрену керек. Онсыз көзің ашылмайды. Балам
адам болсын десең ағылшын тілін үйренуі тиіс.
б) Орыс тілі
– кезіндегі империяның, биліктің тілі. Қазіргі заманда қарым-қатынас тілі.
Білімгерлердің
үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру
барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді: білімгерлердің
үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту
технологияларын тиімді пайдалану; заманауи интерактивтік және
инновациялық технологияларды пайдалану; үш тілде де
қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр
білімгердің тілдік қабілетін толық ашу; сөздік
қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін
пайдалана алу; танымдық қызығушылығын
қалыптастыру.
Ел
Президентінің Жолдауында көрсеткендей,шәкірттеріміз
әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі
халықаралық деңгейіне
көтерілуі керек. Ағылшын тілін білу-өмір талабы.Әлемдік
білім кеңістігінде еркін самғау үшін
дүниежүзі
халықтарының өзара түсінісуі тілі-ағылшын тілін білу алдағы
уақытта қажеттілік ретінде маңызды рөлге ие
болады.Шәкірттеріміз қазақ тілін толық әдеби
нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білуі
қажет. Ал ғалымдарымыздың зерттеуінше,бала жас кезінде тілді
қиналмай еркін меңгереді. Осы ретте Білім және ғылым
министірлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап
үйретуге назар аударуы –дұрыс талап. Бүлдіршін жаста
меңгерілген білімнің
іргетасы берік,мықты болады деп ойлаймыз.Балаларымыздың
бірнеше тіл білуі олардың танымдық көзқарасының
кеңеюіне игі әсер етеді.
Қазақстан алпауыт мемлекеттер алдында өз келбетін таныта білуі керек, ал
мұндай әрекет үшін дүние жүзі мойындаған
ағылшын тілін игеру аса қажет, қазақтығымызды,
салт-дәстүрімізді, имандылылығымызды өз жерінде
ғана емес, өзге шет жерде де дәлелдей алатын тіл
–ағылшын тілі.Жаны қазақ, жүрегі елім деп
соғатын, ана тілін еркін меңгерген
білімді ұрпақ өз елінің табысы мен жетістігін әлем мойындаған ағылшын
тілінде өзгелерге танытып жатса, нұр үстіне нұр емес
пе?
Отбасында
ата-анасымен, бауырларымен ана тілінде сөйлесіп, ұғысып
өскен ұрпақ ешқашан өз тіліне жат бауырлық
жасамайды. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге
ұмтылу- өскелең
ұрпаққа қойылып отырған
өмірдің талабы. Осы тұрғыдан қарағанда,
оқушылырға үш тілде білім беру тәжірибесі де
өзінің жаңашыл талабымен құнды деп есептейміз.
Себебі көптілділік басты назарға алынады. Ел экономикасы мен
өыдірісін,тұрмысын
көтеру мәселелері де бүгінгітаңда шетелдік жаңа технологияларға
байланысты,осы ретте де ағылшын тілін білу қажеттілігі айқын
байқалады. Оқушылардың сабақ беру процесінде пайдаланып жүрген компьютерлерін игеру
де ағылшын тілінжақсы білуге байланысты,өмірдің
барлық саласында ағылшын тілін меңгеру қажетттігі
байқалуда.Сондықтан мектеп тәжірбиесінде үш тілде
оқыту сынағының қойылуы өмір талабынан
туындаған,көпшілік көңілінен шығатын
жаңашылдық деп қабылдау керек.
Бүгінгі
әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде
ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана
тілі ретінде меңгереді. Ағылшын тілі - жер бетіндегі ең кең қолданылатын тіл.
Қазіргі
кезеңде мектептерде, жоғары оқу орындарында ағылшын
тілін оқыту дұрыс жолға қойылған.
Оқушылардың, білімгерлердің
ағылшын тілін тек біліп қана қоймай,оның тарихын,ұлттық мәдениетін
білуге көп көңіл бөлінеді. Оқушылар, білімгерлер
олимпиада,конкурстарға жиі қатысады. Ағылшын тілі
сабағы оқушылардың, білімгерлердің тілін дамыту, сөйлеу
білік-дағдыларын қалыптастыру, яғни ағылшын тілін
қарым-қатынастық мақсатта оқыту,тіл арқылы
халықтың рухани байлығын,тарихын танытуды көздейді.
Шет тілін
үйрену – қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі
кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа
технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және
терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау,
көру қабілеттерін жетілдіру болып табылады. Шет тілін оқыту
процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу,
мәнерлеп оқу өте маңызды. Білікті, жан-жақты
дамыған, жас ұрпаққа білім беру ісіне бүгінгі
талап тұрғысынан қарай алатын мамандар дайындау
еліміздің даму талабы болып отырғаны сөзсіз. Осы
тұрғыда қазіргі таңда оқытушылар шет тілін
меңгеруде оқытудың инновациялық инновациялық
технологиясын тіл үйрету тәжірибесіне кеңінен енгізуде.
Сонымен қатар үш тұғырлы тілді насихаттауда, шетел
тілдерін үйретуде, жастардың тілдерді үйренуге деген
қызығушылығын арттыруда
да оқытушылар зор нәтижеге қол жеткізіп отыр.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен
ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту
мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып
табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы
бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа
саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру
бүгінгі күннің басты талабы.
Шетел тілі біздің мемлекетіміздің
халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін
тұлға аралық
және мәдени қарым-қатынастардың аса маңызды
құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық
байланыстарының сапалық өзгерістері адамның
практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің
сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта
ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі
саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын
адамды балабақша қабырғасынан оқытып шығару
–біздің қазіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін
тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт
қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының
тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына
түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді.
Елбасының:
«Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді
игеруге, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді
пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті
жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз
керек!» деген сөзі бізге үлкен жігер беріп, ұрпақ
алдындағы жауапкершілігімізді арттырады.
Әдебиет:
1.
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың
2015 жылға арналған
мемлекеттік тұжырымдамасы.
3. Қазақстан Республикасының 12-жылдық жалпы орта
білім беру тұжырымдамасы.
4. «Ұш тұғырлы тіл туралы», Егемен Қазақстан
газеті, 2008жыл, наурыз.