Филолгические науки
1. Методика преподавания языка и
литературы
Нұрекешова Г.Р. - ф.ғ.к.,
қауымдастырылған профессор м.а.
Омарова А.А. - Ая-11-1 оқу
тобының
студенті
Қызылорда
Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Жалпы орта мектепте шетел
тілі сабағын ұйымдастырудың маңыздылығы
Еліміз егемендік алған
алғашқы жылдардан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде.
Бүгінгі жаhандану дәуірінің талабына сай білім беру барысында
оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық
әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын
қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
Ғылым мен техниканың дамуымен
әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады.
Осының бәрі табиғат байлығына адам миы мен
күшінің жұмысынан туады. Әр адамның ойы мен білімі
әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен
оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі
дүние бір- бірімен байланыста дамитынын, адам мен адамның
және қоғам мен қоғам арасындағы
аралық қатынасты да қадағалай білген жөн.
Қазіргі кезде ғалымдар оқыту процесінде дидактикалық
мақсатты шешуде оқытудың белсенді формаларына бет
бұруда оқытушының білім алушылармен педагогикалық
қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі
таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін
арттырады, сондай-ақ ол студенттің жеке тұлға ретінде
ерекшелігін ашуға және оның шетел тілі мәдениет
аралық қарым-қатынас құралы ретінде
меңгеруіне бағытталады. Аталған мәселені шешу
үшін педагогтар мен әдіскерлер оқыту процесінде
оқытудың белсенді формаларын қолдану керектігіне
тоқталды.
Осыған орай оқушылардың белсенді жұмысын
қамтамасыз ету үшін оқушылардың бір мәселені
бірігіп шешуде өз бетінше белсенді, танымдық
шығармашылық әрекетін қамтамасыз ететін тәсілдерге
баса назар аударылуда.
Оқушылардың
білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада
жүзеге асып барады. Латын
сөзі «форма» сыртқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің
құрылымы дегенді аңдатады. Оқуға байланысты форма
екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2)
оқу-ұйымдастыру формасы.
Дидактикалық категория ретінде оқу
формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін
білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, əдістері
мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына,
қатысушылар құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді.
Оқушылар санына, оқу уақыты
мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы
болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу
формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық
сыныптық, ұжымдық, жұптастық,
дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық
жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте,
мұндай топтастырудың (классификация) жетілген ғылыми
негіздемесі əзірге болмай тұр. Дегенмен, осы тұрғыдан
оқу формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру
мүмкін.
Тілді
меңгеруде ең маңыздысы – лексика. Басқа білім
салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алу себебі кейбір
сөйлеушінің сөзінде граматикалық қателер
кездескенімен адамдар арасында қатынас болуы мүмкін.
Айтушының не айтқысы келгенін тыңдаушы түсінеді. Лексиканы
меңгеру үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылады.
Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы
түсіндірген жөн. Абстрактілі мағыналы сөзді
түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл
көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі
дегеніміз – сөздің мағынасын контекст арқылы,
синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас
бөліктерін талдау арқылы түсіндіру. Контекстерде
грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен
басқа сөздердің барлығы оқушыларға
бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары
жаңа сөздерге аударылады. Яғни граматикалық материалды
түсіндіруде қазақша мысал келтіріп, берілген мысалды
ағылшынға аударып, екі тілдегі ұқсастық пен
айырмашылықтарға тоқталған жөн. Содан кейін
ағылшын тілінде жасалу жолын (ерекшелігін түсіндіріп өтетін
граматикалық материалды бекіту үшін, практикалық жаттығулар
көп жасалу керек, мүмкін болса, көбіне
оқушылардың өз өміріне байланысты мысалдар келтірген
жөн. Оқушыларды міндетті түрде сұрақ
қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек,
бірақ ол жаттанды түрде болмауы тиіс. Әсіресе, төменгі
сынып оқушыларына сұрақ қою кезінде өзімнің
қолданатын әдісіме тоқтала кетейін: Who? What do(ing)? Where?
When?
Мысалы:
The children are playing in the yard now. – деген сөйлемді алатын
болсақ, сөйлемдегі әр сөзге қойылатын арнаулы
сұрақтарын анықтап алған жөн. Сонда
оқушылар сөйлемдегі артикльдің, жалғаудың
көмекші етістіктің орнын ауыстырып алмайды. Қысқасы,
грамматикалық материалды өткенде, негізінен, ана тілімен салыстыра
түсіндірген тиімді, оның ана тіліндегі біліміне сүйенген
жөн. Оқушы бұл тілдердің ұқсастықтары
мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс та,
тез игере алады. Демек шетел тілін оқыту барысында оқушыларды
тілдік материалмен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға
оның қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс
айтуға, жазуға, оқуға дағдыландырып
төселдіру керек.
Шетел
тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел
тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту.
Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым
коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және
жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара
мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу
қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз
ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік
дағдылар енеді]. Жалпы орта мектепте шетел
тілін оқыту барысындағы интерактивті режимдегі сабақты
ұйымдастырудың жолдары екі үлкен бағыт бойынша
белгіленеді.
Танымдық
бағыт бойынша:
-
Оқушының лингвистикалық дүниетанымын
қалыптастыру;
-
Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық
қабілеттерін жетілдіру;
-
Пікірталас мәдениетін жетілдіру;
-
Оқушылардың логикалық ойлауының бір ізді болуын
қалыптастыру;
Коммуникативтік,
практикалық бағыт бойынша:
-
Тілдік сауаттылығын арттыру;
-
Оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын
қалыптастыру;
-
Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;
-
Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен
талаптарды меңгерту;
-
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бұл
міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің
(мұның қай-қайсысы да тіл арқылы баланың
логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық
дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне)
қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Ахметова А.К. Принципы
технологий и содержание образовательной
программы. – Алматы, 1995.
2. Амандықова
Г., Мұхтарова Ш., Баймұқанова Б., Бисенғалиева А. “Шет
тілін оқыту әдістемесі”: Оқу құралы - Астана: Фолиант, 2007 - 168.
3.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика . –
Алматы: Дарын, 2004.
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика , - Алматы, 2000.
5. Бұзаубақова К.Ж.
Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМу, 2003.