М.Әуезовтің «Көксерек» повесінің  әдеби – көркемдік мәнінде суреттеу ерекшелігі

 

М.Әуезовтің әлем әдебиетінің алтын қорынан лайықты орын алған классикалық шығармасы –«Көксерек» повесі болып табылады. Себебі, «жазушының оқшаулау тұрған шығармасы «Көксерек» көлемінің мөлшеріне қарамай-ақ, мұны повесть қатарына жатқызуға болады» деген пікірлер бар [67, 37б.]

М.Әуезовтің бұл әңгімеге байлансты авторлық мотивациясы мен көркем мәтіндегі суреткерлік шеберлігі арақатынасын өз алдына жеке тақырып етіп алатын болсақ,  әдебиет тарихындағы кесек тұлғалардың көбінде негізгі бір сүбелі, белгілі бір дәуірдің тарихи немесе шындық болмысын терең, жан – жақты ашуға жеткізетін басты тақырыптары болады да басқа тақырыптары сол басты тақырыптардың айналасында өрбіп, толықтыру, кемелдендіру міндеттерін атқарып жүретін жәйттер жиі кезігеді. Бұл пікірді Мұхтар Әуезов жөнінде де айтуға болады. Әуезовтің басты тақырыбы,  көркемдік ойының арқауы – Көксерек. Көксерек образын  жасау оның бүкіл жасампаздық, шығармашылық өмірінің өн бойына созылды деуге әбден болады.

Мұхтар ұлы ғұлама ғалым ғана емес, ұлы суреткер. Ол Көксеректің әдеби образын жасауда да аса игілікті нәтижелерге қол жеткізді. Яғни повестері Мұхтардың көркемдік ойдың – образды ойының жемісі. Ал, Көксерек тек образды ойдың ғана емес, Мұхтар үшін логикалық ойдың да объектісі еді. Адамзат ойының екі саласы – логикалық ой мен көркемдік ой Мұхтардың басында тамаша жарастықпен табиғи қалпында ұштаса келіп еді. Повестте көркем шығарма болған соң оған күнде толып жатқан қияли элементтер, суреткерлік бояулар, сезімдік толғаныстар көбірек араласып кетеді. Ал, «Көксеректің» негізгі идеялық тұғырнамасы таза болмыстан алынған. Мұнда өте - мөте фольклорлық сызбалар, ғажайып оқиғалар тізбегі немесе астарлы философия жоққа тән. Бұл классикалық көркем прозаның объективті шындығының қаламгер дүние танымында болған болмысқа сәйкес оқиғаға негізделе отырып,  қағазға түсуі.

Суреткер қай шығармасында болмасын бірінші кезекте адам жанының терең иірімдерін, тағдырын, арман – үміт, тілегін жазады. Сол арқылы адам табиғатының күрделілігін, адамның асқақтығы рухани және әлемінің тазалығы екенін зерделейді. Сол арқылы адамның әлеуметтік фактор ғана емес, ең алдымен рухани фактор екеніне  ой тастады. Қай қоғамның болмысының бас байлығы да, құндылығы да – адам. Адамның жасампаздығын ғана емес, тағдырының түпсіздігін де толғаған қаламгар  Мұхтар Әуезов проза жанырында пейзаж, табиғат көріністерінің сан қырлы, озық, биік көркемдік талаптар мүдесінен табылған үлгілерін молынан кездестіреміз.  Әңгіме желісі «Қарадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат- қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа боз қараған, тобылығы басқан». [66 б.] Осынау шағын географиялық аумақта басталып, сол маңда аяқталатын повестің сюжеттік қаңқасында пейзаждық көрінстері аса дәлдікпен суреттеледі.  Мысалы, май айының суретіне: «Бастары көгеріп, бүрленіп қалған қараған...», «...жуалардың, жас шөптердің исі», нақты мысал болса; қыс:  «Жарық айлы түнде тұмсығынан бұрқырап бу...», «Аязды кунде табанының астындағы қар шықыр – шықыр...»; көктем: «Жылы күн ұйқыны көп келтіреді, тамақтың артынан бойды көп сергітеді, етті шымырлатады.», «...қалың қараған арасында ұйығып та алды» деген сияқты сөздермен нақты бейнеленіп отырғанын байқаймыз.

«Көксеректің» сюжеті үнемі тартыс, қақтығыс үстінде (Көксерекке байланысты) дамып,көксеректің күшік кезінен бастап, арлан болғанға дейінгі уақытта оның қоршаған ортасымен қақтығысқа баруы және сол шиеленістердің бәріне де Көксеректің өз пайдасынан гөрі қайғылы күйге көп ұшырауы (қара ала төбетпн қақтығысы, үйрлі қасқырдың басшысы көк шолақты тұғырынан тайдыруы, ақ қасқырммен кездесуі, ақыры жұбының адамдар қолынан қаза тауып, күшіктерінің өз тағдырын құшуы) табиғаттағы курес заңдылығымен өзектестіріп суреттеле келе, оқиғалар тізбегі, ондағы қайғылы халдер, шығарманың көркемдік шешімі, бәрі- бәрі де реалды сұлу табиғат аясында суреттелген.

Демек, барлық болмысқа қатысты нәрселер уақыт пен кеңістіктің үздіксіз өтпелігімен сәйкесе отырып, оқырманға күдік тудырмастай шындықпен түсіндіріледі. Және шығармадғы уақыт пен кеңістіктің шағындығы да ондағы кейпкерлер санының аздығымен де тікелей байлансты. Ең басты сюжет Көксеректің эволюциялық өсуі мен өлімі арасын қамтиды. Тіпті, Құрмаштың қазасы да шығармадағы басты трагедиялық хал деп сенімды айта аламыз. Бұл қаза оқиғаның шарықтау шегі сияқты болғанымен, нағыз шиленіс туғаннан өлгенге дейінгі  Көксеректің жолсыз көрген қиянаты еді. Және өзінің жартылай асыранды өмірі де өлімге душар етті.«Қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлиды» дейтін көне тәмсілдің жүзеге асуында да астарында шындықтың бар екеніне тағы бір көз жеткізді десек артық айтқан болмас едік.

Тақырып жағынан реалистік тұрғыда сан алуан бояуларды шеберлігімен қолдана отырып, өз мүмкіндігіне орай  жаңа тынысты мотивты жазылған шығарма. Автордың шағын көлемді оқиғаға мол мағына сидырып, болмыстық қыр – сырын бейнелей отырып, сөздік қорын молынан пайдаланып, өзіндік стильмен қол таңбасын қалтырып, жаңа бір шоқтығы биік шығарманы дүниеге әкелгенін куәсі болдық.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Біздің Мұхтар Алматы: жазушы, 1976 – 431 б

2. XX ғасырдағы қазақ әдебиетіАлматы: атамұра, 67 -37 б. 2008

3. Әуезов және әлем әдебиеті Алматы: қазақ университеті, 2001 – 66 б.

4. Мұхтар Әуезов «көксерек» осылай туған. Жас Мұхтар, Алматы: Жалын, 1977

5. Ұлы тұлға ұлағаты, Алматы:  2002

6. М .Әуезов «ұлы тұлға ұлағаты» Алматы: 2002