Куанышкызы
Улбосын
1курс
магистранты
,КазМемкызПУ,
Кейіпкер
жан дүниесін суреттеудегі психологизмнің маңызы
Оқырман
деңгейін арттыру, талғамын жақсарту жолында жазушы позициясы
айтулы орынды иеленеді. Себебі,
бұл жолда олар негізгі шешуші рөл атқарады десек те
қателеспейміз. Бүгінде психологизм тақырыбы кеңінен қозғалып
келеді. Қаламгер туындыларына кеңінен психологиялық талдау
жасауға ынталы зерттеушілер қатары да көп.
Шығарманың кереметтігінен көбіне оқырман қауым
психологияға көп
көңіл аудара бермейді. Сондықтан да болар, бұл
тақырыптың маңыздылығы неде? Қажеттілігі неде? –
дейтіндер де табылып жатады.
Қазақ әдебиетіндегі көркемдік психологияға
тоқталудың маңыздылығын айқындап алу қажеттігі туындайды. Ол үшін жазушы қаламынан
шыққан туындыдағы
басты кейіпкер болсын, қай кейіпкердің болсын, ішкі
толғанысын суреттеу негізгі мақсат па деген сұрақ
төңірегінде ой тарқатып көрген абзал. Әрине, оқып отырған шығарма ішінен кейіпкердің ішкі
толғанысы, сезімі, ойы, эмоциясы,
психологиясы жайлы ешетеңе берілмесе, ол
ешбір оқырманның көңілінен шықпайды.
Кейіпкер мен оқырман арасында ешқандай байланыс болмайды. Жазушы да бірте-бірте өз оқырманынан
қол үзуі мүмкін. Сондықтан да адам
мінез-құлқын, ішкі
сезімін көркем тілде жеткізе білу жазушының негізгі мақсаты
һәм міндеті болуы тиіс.
Алайда осы
айтылғандарға қарап,
әдебиет психологиялық процестерге көп
көңіл бөледі деген ой қалыптаспауы керек. Шын мәнінде
психологиялық процестермен психология ғылымы айналысады. Ал
әдебиет үшін психологияның
заңдылықтары маңызды емес, ол бар болғаны
адамның қоғамдық өмірдегі орнын, әлеуметтік
түп тамырын, солардан туындайтын психикалық
құбылыстарды зерттейді. Бақсақ, бұл жерде
үлкен айырмашылық бар. Әдебиет үшін, көркем
әдебиет үшін адам бойындағы ерекше сезімдер маңызды
екен. Сондықтан да әдебиет үшін адамның ішкі
дүниесін сипаттау ғана мақсат емес, әдебиет үшін
адамның характерін ашып, образын айқындау, әлеуметтік
мәнін сипаттау маңызды. Қазақ әдебиетінде адам
психологиясына баса назар аударған психологи жазушылардың бірі –
М.Әуезов. Оның алғашқы кезде жазған әңгімелерінен бастап және
қазіргі қазақ прозасы психологизмді жеке мәселе етіп
қарауға, зерттеуге
көп мүмкіндік береді.
Повесте ауызекі сөйлеу тілі көп психологиялық
жүк көтеріп тұрады. Қазақ әдебиетінде
қалыптаса бастаған образдар мен творчестволық әдіс
түрлері М.Әуезовтің алғашқы
әңгіме-повестеріндегі образдар әлемімен өрбиді.
Мәселе жазушы кейіпкер психикасын ашу үшін тау көрінісін
жалаң идеяға айналдырмай, қаһарманның
табиғатпен, бетпе-бет кездескен шақтары шынайы табиғи суреттелетін. У.Фолкнер:
«Мені жазушыдан гөрі оның суреттейтін образдары көбірек
қызықтырады», -деген сөзі осы айтылғандарды
нақтылаған секілді. [3, 55б].
Психологиялық талдау жасауда кейіпкер мінезінің
құбылысын, сөйлеу мәнерін,
қозғалыс-қимылын айқын бояумен, жарқын
детальдармен аша білу – жазушыдан шеберлікті талап етеді. Образ жасаудың
диалог, монолог, портрет сияқты ортақ түрі болғанымен, оны қолдану тәсілдері,
яғни образды мүсіндеу тәсілдері әр суреткерде әр
басқа. Ол жазушының түйсіну, көре білу ерекшелігіне,
көркемдік талғамына, шеберлік сырына байланысты.
Сонымен психологизм
жүйесінде кез келген сыртқы деталь ішкі процестермен байланысып,
ара қатынаста болып, психологиялық бейнелеу мақсатына
қызмет етеді. Психологиялық стиль үшін абсолютті түрде
психологиялық емес детальдың пайда болуы мүмкін емес деп
есептеуге болады.
Психологизмнің автордың адам концепциясы, әдеби
шығармадағы қақтығыс секілді категориялармен
өзара тығыз байланыста. Психология концепциясында адам
мәселесі бірінші орынға қойылады. Мысалы,
М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы»
повесіндегі басты кейіпкердің бойында туындаған ішкі
психологиялық қақтығысы арқылы 20-шы жылдардың
өзінде-ақ жазушы осы бір
күрделі өнердің, яғни психологизмнің
«тереңдетілген» түрін жақсы меңгергендігін
байқауға болады.
М.Әуезов аса
ірі пейзажист. Жазушы шығармаларының көпшілігі табиғат
суреттерімен басталып, алдағы
оқиғаларға жасалған фон іспеттес. Бәрі де
қазақ сахарасының көріністері. Бірақ олар
қандай шеберлікпен бірін-бірі қайталамастай берілген
десеңізші. Жазушы табиғат көркін жалаң тамашалаудан
аулақ. Кейде ол
жоғарыдағыдай алдағы оқиғаның
хабаршысы ретінде сезілсе, кейде қаһармандардың
қуаныш-сүйінішін, торығу, күйіну сияқты
көңіл-күйлерімен тығыз жымдасып кетеді. Табиғат
көркін тамашалау, соған ерекше мән беріп, мағына іздеу
– Бақтығұл кейпіне тән сипаттың бірі. Бұл
жағдай «Қараш-Қараш» повесінің он бойында үнемі
сезіліп отырады. Бақтығұл тау, дала тылсымымен оңаша
қалған сәттерінде олармен кәдімгідей сырласып отыратын
сияқты. М.Әуезов
шығарманың әрбір компонентіне ерекше мән беріп,
әрқайсысына өзіне лайық міндеттер жүктейді.
Жазушы қолынан шыққан портрет көбінесе,
іс-әрекет, сезім мен күй үстінде суреттеу, кейіпкер
портреттерін тек суреттеп қана қоймай, образ жасап жандандырып жібереді. Адам бейнесінің сырт
келбетін өте сараң суреттеліп, 2-3 штрихтың ғана
айналасына топталып тұрады. "Қараш-қараш» асуында
Жарасбайдың жолын тосып, сазарып телмірген
Бақтығұлдың сыны үрдіс қимылдың,
тентек мінездің адамын танытқандай. «Қалың қара
мұртты, көбік қарда түлкі болып отырған
қаракер қыранның қанаты сияқтанып, салбырап аузын
басып кеткен. Көзінде қанталаған қызыл бар. Сызданып,
қадалып, елде қандай от ойнағандай
жарқ-жұрқ етеді». [1, 65б].
Бұл да есте
қаларлықтай сурет. Себебі, мүнда бейнелі тіл, сонымен қабат есте
қаларлықтай тұтас бір картинаға салыстыра суреттеу бар.
Ұлттық
әдебиеттану ғылымында психология мәселесін алғаш болып
қозғағандардың бірі – А.Байтұрсынов. Оның
«Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде психологияға
қатысты құнды пікірлер бар,
әр заманда өзінің маңызын жоғалтпайтын
бағалы ойларын жазып қалдырған. Мәселен, адамның
психологиялық жағдайы, іс-әрекеті,
көңіл-күйі, сөз бен ойлау жүйесі т.б. бәрі
де көркем прозадағы психологиялық талдау өнері
арқылы жүзеге асырылатын көркемдік
құндылықтар. А.Байтұрсыновтың түсіндіруінде
сөз өнері, адам санасы үш негізге – ақылға,
қиялға, көңілге сүйенеді. Сондай-ақ
психологияны өзінің негізгі тақырыбы ете білген Ж.Аймауытов.
Оның: «Адамның өзін-өзі тануы үшін, өз
сезімдерін сынап, бақылау үшін сананың екіге жарылуы
қажет екендігін, әсіресе, өзін-өзі дұрыс, анық
бақылап, жазған жазушылардың шығармаларын
оқудың пайдасы зор екендігін ескертеді. Әсіресе,
жазушының...» Адамның жан құбылыстарын зерттеп, таныс
болу үшін, сол шығармалардағы кейіпкерлердің (тип)
бастан кешірген халдарын бақылау керек, өзін бақылауға
бұл құрал болады», - деген ойларына тоқтала кеткен
жөн [2, 27].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі.
Алматы, 1960. 65бет.
2. Ж.Аймауытов. Психология. Алматы. 1962. 27 бет.
3. У.Фолкнер. Избранное. Байхелия. 1946. 55б.