Филолгические науки

5. Методы и приемы контроля уровня владения иностранным языком

 

Нұрекешова Г.Р. - ғылыми жетекші, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а.

Төрединова Ш.Ж. - Ая-11-1 оқу тобының студенті

 

Қызылорда Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Ересектерге арналған оқу курстарында ағылшын тілі сабақтарын ұйымдастырудың аспектілері

 

ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасындағы қайта құрулар, экономиканы дамыту жолындағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның жедел ақпараттану үдерісі мен қарқынды дамуы білім беру саласына қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру үрдісіндегі үйренушілердің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. 

Тіл саласын меңгерту үшін білім орталықтарында түрлі жұмыстар атқарылуға тиіс. Бір ескеретін нәрсе, оқушылардың білім деңгейі, ойлау қабілеті мен зеректігі, оқуға қызығушылығы мен оны орындау шеберлігінің, ықыласының әртүрлі екендігі. Бұл жағдайда оқытушының байқампаздығы мен интуициясы, шыдамдылығы мен шеберлігі, әрбір білім алушымен ерінбей, уақытпен санаспай жеке жұмыс істеуі ғана оң нәтиже береді.
Егер оқушыда ынта мен ықылас, шетел тілін үйренейін деген қызығушылық пен талапшылдық болмаса, білім беруші қанша жанын салып, оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін қолданып оқытса да нәтиже беруі екі талай. Демек білім беруші мен білім алушының арасындағы қарым-қатынас пен байланыс екі жақты болуға тиіс.

Білімді қалыптастыру амалының негізгі мақсаты мұғалімдер алған білімін білім алушылардың дамуына және олардың түрлі жаңалықтарды енгізуге, бүкіл өмір бойына алатын біліміне қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Ағылшын тілін оқу курстарында үйрету амалдары білім алушыларға жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, тілге және тілін үйренетін елдің мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі мүмкіндік беріліп, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндіктерін кеңейтеді, үздіксіз қарым-қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете алады, міне осының барлығы білім алушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді. 

Қоғам дамуындағы ақпараттар кеңістігінің кеңеюі және ақпараттық технологиялардың орасан зор қарқынмен дамуы жеке тұлғаның ерекше ақпараттық мәдениетінің қалыптасуын қажет етіп отыр. Білім беру жүйесінің ақпараттану жағдайында оқу үдерісінің тиімділігін едәуір жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқытуда пайдалану белсенді және табысты қолданылып жүр.

Ересектерге арналаған оқу курстарында ағылшын тілін үйрету деген білім беруші мен білім алушы арасында қарым-қатынасты қалыптастыратын диалогты оқыту. Нәтижеге бағытталған оқу процесінде тіл үйренушілерді бірінші орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір білім берушіге білім алушыларды белсенділендіретін оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді, өйткені бүгінгі күні оқу процесі бұрынғыдай «үйрету», «оқыту», «беру» сынды сыртқы ықпалды білдіретін етістіктерден құралмай, «ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру», «басқару» сияқты ұғымдардан тұрады.

Шетел тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін білу қазіргі уақытта маңызды кәсіби талап болып табылады. Шетелде немесе шетел серіктестермен жұмыс жасау ағылшын тілін жоғары деңгейде білу арқылы ғана мүмкін. Ал жихангездік базалық білімді талап етеді. Қызықты, әрі жоғары төленетін жұмысқа тұру үшін ағылшын тілін білудің маңызы өте зор.

Ересектерге арналған оқу курстарында ағылшын тілін үйрету бағдарламаларында әртүрлі деңгейдегі құзыреттіліктер топтастырылған:

- халықаралық нарыққа шығатын қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың қызметкерлеріне арналған корпоративті ағылшын тілі курстары ұйымның салалық қажеттілігіне байланысты қалыптастырылады.

- жеке сабақтар – ересектерге арналған жекелей оқу нысаны түрлі тапсырмаларды шешу тиімділігін арттырады: шетел тілін меңгеру деңгейін арттыру, жеке мәселелерді шешу, кәсіби тілді үйрену, шетелде жұмыс жасауға немесе іссапарға қажетті деңгейді меңгеру, байланыс дағдыларын іске асырады.

- 6 және 12 адамы бар топтардағы сабақтар білімді арттыруға, ағылшын тілін қолдануды кеңейтуге бағытталған.

- балаларға арналған ағылшын тілі (Funny English for Kids) – бұл балаларда тіл кедергілерін алып тастаудың бірегей әдісі. Сабақтар ойын ретінде орындалады және үй жұмысын орындауды талап етпейді. Сабақ барысында балалар шетел тілін үйренеді, шетел мәдениетімен танысады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әбдіғалиева Қ. Осы заманғы педагогикалық технология // Қазақстан мектебі – 2001, №2, 8-13 бет.

2. Фирсов В.В Дифференциация обучения на основе обязательных результатов обучения. - М: - 1984.

3. Мұхамбетов С.Қ. Педагогика, Ақтөбе, 2001.

4.  Педогогика. Дәріс құралы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003, Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық Университеті

5. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: Дарын, 2004.