Абдрахманова
Жанар Жумабаевна
Алматы
қаласы
ҚазМемқзПУ,»курс
магистранты
жетекшісі
п.ғ.к., У.К.Кансеитова
ШЕТ ТІЛІН
ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ АНДРОГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІН
ҚОЛДАНУ
Кілттік сөздер: андрогогика, ересектер, шетел
тілі, мотивация, ұстанымдар, әдістер.
Нарықтық
қарым-қатынастың күшті дамуымен сипатталатын
қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда жеке
фактордың айқындалуы әлеуметтік тәжірибе мен
ғылымның жаңа бағытта дамуына алып келді және
білім-алға дамудың жетекші факторына айналды, ал білімді адам-дамушы
қоғамның баға жетпес құндылығы.
Үздіксіз білім беру идеясы
андрогогикамен тығыз байланысты. ХХ ғ.70 жылдары ересектердің
білім алу рөлінің артуына байланысты андрогогика
педагогиканың бір бөлігі болып дамыды, бүгінгі күні ол
мақсаты мен ұстанымы айқындалған, ересектердің
оқыту технологиясы мен теориясы жасалған, өмірлік және
кәсіптік тәжірибеге ие және жаңа білімді игеру
үшін жоғары деңгейлі мотивация мен жетістіктерге ие .
Ересектерді оқыту
нақты, дәл, айқын және оның әлеуметтік
–психикалық, кәсіби тұрмыстық жеке мәселелерімен,
жағдайларымен алынған білім, білік, дағды және жеке
қасиеттерінің әрі қарай қолдануымен тығыз
байланысты. Оқыту жүйесінің нәтижелі, өзекті
болуы үшін ең алдымен оқыту жүйесінің
ұстанымдарын айқындап алу керек [1].
Анрогогикалық оқыту әдістемелік
және ізденіс ұстанымдарының жинағынан
құралады. Олар:
1. Өзіндік жеке ізденудің артықшылығы бұл
андрогогикалық оқыту әдісіндегі негізгі оқытудың
түрі болып табылады.
2. Топтық өзара іс әрекеттердің ұстанымдары.
Бұл ұстаным бойынша мұғалім мен білім алушының
сондай-ақ топтағы өзге де білім алушылардың
топтық іс әрекетінің нәтижесінде сабақты
жоспарлау, оны жүзеге асыру, бағалау мен оқыту үрдісін
коррекциялау арқылы жүзеге асырады.
3. Оқытуды жекешелендіру. Білім алушының психо-физиологиялық
және когнитивті ерекшеліктері, оқытудың мақсаты мен
нақты білімнің талаптарын ескере отырып жеке оқыту моделін
құрастыру.
4. Оқытудың мән-мәтінділігі. Бұл ұстаным
бойынша бір жағынан ізденушінің өмірлік нақты
мақсаттары мен қоғамдағы әлеуметтік рөлі,
өзіндік жетілу бағыты
қарастырылса, екінші
жағынан уақыт пен кеңістіктегі ізденушінің тұрмыстық, әлеуметтік,
кәсіптік қызметтері ескеріледі.
5. Оқыту нәтижесінің өзектілігі. Бұл
ұстаным бойынша білім алушының оқыту барысында алған
білім, білік, дағдыларын тәжірибе жүзінде пайдалану.
6. Оқытудың элективті ұстанымы. Білім алушыға
оқыту мақсаты, мазмұны мен формасын, әдістері мен
құралдарын, уақыты, өткізілу орнын таңдауда
еркіндіктің болуы ескеріледі [2].
Жоғарыда аталған
ұстанымдарды жүзеге асыру барысында оның қажетті
әдістері айқындалады. Қазіргі кезде шет тілін
оқытудың бірнеше әдістемесі кездеседі. Әрбір әдіс
өзіндік ерекшелігімен айқындалады, кейбірі артықшылығы
мен көп қажеттілікке ие болса, кейбірі керісінше. Андрогогикалық
оқыту жүйесінің негізінде шет тілінен білім берудің
әдістерін үлкен екі топқа атап айтқанда негізгі
және арнайы оқыту әдістері деп бөліп қарастырады.
Андрогогикалық оқыту жүйесіндегі негізгі қолданылатын
әдістер: қателіктермен жұмыс әдісі, ойын әдісі,
рөлдік моделді зерттеу әдісі, әлеуметтік өзара іс
әрекет, идеялар мен жобаларды презентациялау әдісі.
Мұндағы жобаларды
презентациялау әдісі дидактикадағы негізгі тәсіл болып
табылады. Білім алушының ағылшын тілін меңгеруде оның
психологиялық мүмкіншіліктерін қоса ескеру, жұмыстарға
бағытталған тапсырмалардың көп бөлігін орындау
кезінде өзара қарым-қатынас байланысын ескеру жетістікке
жетудің ең негізгі шарты болып табылады.
Тіл дайындығының артықшылығы мен басқа да
аспектілерін анықтау үшін тапсырмалардың деңгейі мен
күрделілігін ескеру керек. Г.О.Барвенконың жүргізген зерттеуі
бойынша білім алушылардың 70% аудио тыңдау кезінде, 50%
сөйлеу мен 30 % жазбаша, 10% оқу тапсырмаларын орындау кезінде
тапсырма күрделілігін сезінеді [3].
Андрагогикалық
оқыту жүйесіндегі арнайы
оқыту әдістері: семинар, дискуссиялар, проблемалы оқыту әдісі мен
когнитивті карталар, құралдар мен ойлау тренингі, рефлексия
тренингі, имитациялық ойындарды моделдеу әдісі,
психодиагностикалық дамыту тренингі, интерактивті және
имитациялық ойындар әдісі. Аталған әдістерді интернет
жүйесін пайдалана отырып
қолдануға болады.
Интернет
жүйесіндегі оқыту ақпаратының мазмұнына
негізделген гипермәтіндік әдістерді андрогогикалық моделде
қолдану аса тиімді болып табылады. Ол шет тілін әр түрлі
деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді. Интернеттің
ажырамас бөлігі болып табылатын интерактивті режимдер негізінде
оқыту мұғалім мен білім алушының бірлескен іс
әрекетін тудырады. Бұл кезде интернет бір мезетте оқыту орнын
қызметін атқарады яғни оқыту сайтында интерактивті
тапсырмалар, дистанциялық оқыту жүйесінің
әдістерін және
әртүрлі оқыту материалдарын шет тілін оқытудың
түрлі формасы мен типін қолдануға болады [4].
Сонымен, мынадай қорытынды
жасауымызға болады: ересектерді шет тілін оқыту жүйесінде
андрогогикалық білім беру моделін қолдану дәстүрлі
оқыту әдістеріне қарағанда өзіндік
артықшылықтарға ие. Моделдің негізгі және арнайы
әдістерінің көмегімен білім алушы өзінің білім,
білік, дағдыларын шығармашылық қабілеттерін пайдалана
отырып, тиімді және оңай түрде шет тілін тәжірибе
жүзінде меңгеруіне мүмкіндік туады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Домашнев А.И. и
др. Методика преподавания английского языка в
педагогическом вузе. М.,
2010ж.
2. .Основные направления
в методике преподавания иностранных языков в
XX вв. / Под ред.
М.В. Рахманова. М., 2008ж.
3. Василькова, Т.А. Основы андрагогики: учебное
пособие / Т.А. Василькова. – М.: КНОРУС, 2009. – 256 с.
4. Змеёв С.И. Технология
обучения взрослых: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений – М.:
«Академия», 2002.