Есбол Г.Ш

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай  мемлекеттік университеті,Қазақстан

Ахмет Байтұрсынұлы – Алаш рухының жанқияр тұлғасы

Бүгінгі де Қазақстан егемендікке қол жеткізгеннен бері бұрынғы ТМД елдерін артқа тастап,елбасы қалағандай ’’барысқа’’ ұқсап,дамыған 30 елдің қатарынан шығуға бел буған мемлекетпіз.Дүниежүзінде орын тепкен жаппай экономикалық интеграция, Батыс пен Шығыс құрлықтарды мекендеген дамыған және дамушы елдердің арасында материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеу үдерісінде бәсекелестікті тудырды. Бұл-әрине,диалектикалық заңды құбылыс.

Президентіміз Н.Назарбаев медиофорумда сөйлеген сөзінде: ''Cондықтан біздің жағдайда экономиканың өзара сіңісуіне кедергі жасау көп мөлшерлі шығынды өндіріс және тиімсіз басқаруды қорғау екендігін білдіреді. Толық құнды қызметтестіктен,әлемдік экономикадан жекеленуден бас тарту тоқыраудың кеселі.Қазақстан ешбір жағдайда әлемдік экономикаға интеграциялау курысынан бас тартпайды'' [1] деген болатын.

Қазақстан бүгінде халықаралық экономикалық қоғамдастықтың толық құзырлы мүшелігіне ие болды. 2010 жылдың 1қаңтарынан бастап Беларусь, Ресей және Қазақстан  Кедендік Одағы жұмысын атқара бастады. Осы Одақтың  мақсаты мен маңыздылығы туралы А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ экономика құжырасының меңгерушісі ,э.ғ.д, профессор С.Жиентаев «Жас өркен» жорналына берген: ’’ Үш ел арасындағы тауар мен сауда-саттық мөлшері 2010 жылы -34%,2012 жылы-7,5% өсіп келеді... Интеграциялық қоғамдастыққа қатысушылар...әріптестер тарапынан артық қысымды көрмеуі тиіс. Қазақстан ЕуЭО одақтың болашақ қатысушысы бола отыра экономиканың шикізат бағытын және отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғауды...ойластыратын экономикалық саясат жүргізуі қажет.’’ [2] әрдайым өз қақын қорғап, бізге ғана тиімді болатын қам-қарекетке бару керек деген сұхбаты, сонау, ХХ ғасыр басындағы алаштың  аяулы арысы Ахмет Байтұрсынұлының: ''...Түбі қалай болады деп қобалжымалық... Дауылды жауын ету қолымыздан келмесе де,... Дүниенің төріне ұмтылғандар төрден орын алып жатыр.'' [3]  деген өсиетін еске түсіреді.

Ахаңның асқақ арманы үкіметтің қабылдаған 2050 Стратегиялық бағдарламасы негізінде ой-дағыдай жүзеге асып жатыр. 2015 жылдың 1 қаңтарынан Беларусь,Ресей және Қазақстан арасында Еуразиялық экономикалық одақ келісімі жүзеге асты.Енді сыртқа шығатын тауарлар шикізат түрінде емес,бәсекелетікке төтеп бере алатын сатуға сапалы өнім шығаруды іске асыру керек.

Қазақстан қазіргі жапай ғаламдасу заманында көпвекторлы ақылмандық саясат ұстануда.  1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ толыққанды мүшесі болды. 2011-жылғы 12 ай ішінде Қазақстан тысқары жерлерде  Австрия, БАЭ, Малайзия, Түркия, АҚШ, Франция іскер топтарының қатысумен 8 бизнес-форум мен роуд-шоу және 7-ші Дүниежүзілік Ислам Экономикалық Форумын өткізді. «РК-ЕС» Х11 Ынтымақтастық кеңесі отырысының (Брюссель қ.) т.б. жұмыстарына қатысты. Сумитомо Корпорэйшн (Жапония) - «Қазатомөнеркәсібі» «ҰАК» АҚ мен «Сумитомо Корпорэйшн» арасындағы жерде сирек кездесетін металдарды игеру мен өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандум қабылдады. [4]

Кеңестік Одақ уақытында жер жүзі танымайтын Қазақстаның өрелі істеріне Батыс пен Шығыс әбден қанықты және үлгі тұтатын болды.  Алаш саңылағы Ахмет Байтұрсынұлының аңсаған:

Кірлетпей келген сақтап анам бұрын,

Ордаңды шала қоймас енді құрым.

Алыстан әлде қандай жат көргенсіп,

Кіргендер тамсанатын танып сырын. [5] деген мақсаты орындалып жатыр. Қазақстанның 2012-2014 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктері біздің өңірлік көшбасшылықтың барынша дамуына жан-жақты алғышарттар туғызды. 2009 жылы 2 қазанда Түркі тілдес мемлекеттердің (СТЯГ) Нахичеван қаласындағы (Әзербайжан) 9 Саммитінің барысында Елбасымыз Н.Назарбаевтің бастамасымен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісім қабылданды. 2012 жылы 22-24 мамырда өткен 5 Астана экономикалық форумы, ондағы қозғалған мәселелердің қомақтылығы мен кең ауқымды бағдарламасы, оның әлемдік деңгейдегі маңыздылығын баршасы 2014 жылғы нарық дағдарысы қыспаққа алғанда ғана, АҚШ пен Батыс Еуропа елдері амалсыз мойындауына тура келді.

Қазақстанда іске асып жатқан әлеуметтік және саяси әлеуметтік реформалар күнбе күн Батыс Еуропа, Америка мен Азия құрлығындағы мекен еткен елдердің қызығушылығын арттырып отыр. Біздің елдің өркендеу жолындағы ауыз толтырып айтатындай  жетістіктерімізді, олардың тамсана қарап үлгі тұтуға тұратындығы бүгінде тарихи фактыға айналды. Енді, кейінге көз жүгіртсек, Ахаң 1927 жылы 27 қарашада « Еңбекші қазақтың» 1000 нөмірінің жарық көруіне арналған өлеңінде:

Көсем болдың,жұртшылықтың қазығы,

Шөлде-сусын,қарын ашқанға азығы.

Қайратыңды,еңбегіңді бағалап,

Сөзсіз тарих алтынменен жазуы .[6]

Шүкір, тоба Алаштың біртума саңылағы А.Байтұрсынұлының ақ тілегі орындалды. Болашақ жас буын, енді алдымызда қандай ауыр кезең болмаса да, ұрпақтар сабақтастығының  жүріп отыратынын мықтап естерінде сақтауы  керек.

                                Қолданылған әдебиеттер

1.Н.Назарбаев. Медиофорумда сөйлеген сөзі.- Жас өркен.- №4,2014ж.-6 бет.

2.С.Жиентаев.Жас өркен.Түйінді мәселелер және болашақ.- №4,2014ж.-7бет.

3. Байтұрсынұлы А.Шығармалар жинағы.-6 том,2013ж.-21бет.

4. Н.Назарбаев.Қазақстан халқына Жолдауы.27.01.2012.Әдістемелік құрал (түсініктемелік).-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2012.-Астана.-59 бет.

5. Байтұрсын А.Көп томдық шығармалар жинағы.Туған тілім,5 том.-Алматы,’Алаш баспасы’,2006.-177бет.

6. ’’Егемен Қазақстан ‘’«Еңбекші қазақтың 1000 нөмірінің жарық көруіне арнау»2014,20.12.№248.-13бет.