ЖМ-2-047 тобының студенті Абзал Сафарханұлы
з.ғ.м., Н.Ж. Сaрсенбеков
Ұлтжандылық
– ұлағатты ұстаным
Отаншылдық, отан сүйгіштік, патриотизм (грек,
patris - Отан) - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне,
салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік
сезімі. Көшпелі казак өркениетінде отаншылдық ең
қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі кагандыгы
кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел
билеушілерінің отаншылдық үлгісі көрініс тапкан. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және 20-шы ғасырдың
басындағы А. Байтұрсынов., Ә. Бөкейханов., Ж.
Аймауытов., С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлер
отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге
көрсете білді. Әйтеке би «Өмірім халықтікі, өлімім ғана
өзімдікі» деп халыққа қызмет етудің,
отаншылдықтың айнасы бола білді
ҚР-ның Конституциясы «қазақстандық
патриотизмді» қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына
сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтергенімен, отаншылдық
ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері бар.
Қазақстандық патриотизм - ел азаматтарының
республиканың бүгінгі тұрақты өмірі мен
жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі
іспетті. Қазақстан Республикасы экономикасы тұрақты
елдердің қатарында және біз осы жетістігіміз үшін
қуанамыз және мақтан тұтамыз. Біз өткен
ғасырдың көптеген қиыншылықтарын
өзіміздің жігерлілігімізбен, батылдығымызбен,
қабілеттілігімізбен жеңе білдік, сонымен қатар келешекте
қандай ел болатынымызды көрсетіп те бердік. Аңсатқан
алтын ғасырды ата-бабаларымыз өздері көре алмаса да,
олардың ұрпақтары – біздер бейбіт өмір сүріп
жатқан жайымыз бар. Міне, осының барлығы сол кісілердің
ерлігі емес пе?! Бұдан шығатын қортынды, кіндік қаны
тамған жерді құрметтеу, ол жердің қасиетін
сезіну, өзге біреулердің ойран салуына жол бермеу және оны
қасық қынымыз, ақырғы деміміз қалғанша
адалдықпен қорғау – бұл патриотизм деп түсінемін.
Патриотизм
адамды ең бірінші адалдыққа жетелейді, ал адалдық
қай жерде болмасын адамның игі қасиеті. Атам заманнан келе
жатқан бұл ұлы қасиет өз дәрежесін
жоғарылатпаса төмендетпейді. Қарап тұрсақ, ақын-жазушылардың
көптеген нақыл сөздері, әншілердің туған ел
туралы шырқаған әндері біздердің елімізге деген
сүйіспеншілігімізді арттыруда. Бірақ, патриотизм тек мұндай
кішігірім ойлармен шектелуге тиіс емес, ол әр-бір адамның
қоғаммен қарым-қатынасының оң бағытта
жүруі, әр мамандық иесінің өз қызметін
дұрыс атқарумен, білім алушы жас жеткіншектер мен жастардың
толыққанды білімін игеруі, ғалым ағаларымыздың
биік белестерден өтуінің нәтижелері патриотизм
бөліктері, бұл біздің еліміздің көркеюіне
ықпалын тигізері айтпаса да анық. Міне, осындай патриотизм
қоғамы бар ел әрдайым прогресс үстінде болады.
Патриотизмнің көрсететін көрсеткіші әр уақытта
елдің, халықтың игіліктері үшін болмақ. Патриот
жастарды тәрбиелеу елдегі шешілмеген мәселелердің шешімін табуға, саяси
қақтығыстардың болмауына және ең бастысы
болашаққа нық сеніммен, қуатты күшпен,
жеңіске деген құлшыныспен қадам басуымызға жол
ашпақ.
Біздің Отанымыз – Қазақстан, байырғы
қазақ жері. Хақ Тағала қазақтың
маңдайына нәсіп еткен бұл кең байтақ атамекенді
мұсылманшылықтан ешқашан айнымаған ата-бабамыз
найзаның ұшымен, білектің күшімен, иманның
нұрымен қорғады. Кейінгі ұрпаққа мұра
етіп, аманат етіп қалдырды. Енді сол Отанды қорғау –
қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты
баянды ету – бүгінгі ұрпақтың, мұсылман
қазақ баласының азаматтық әрі діни міндеті
Қазақстан
кеше қандай еді, бүгін қандай, ертең қандай
болмақ?! Біз тарих
тауқыметін көп көрген елміз, бірақ та біз сол
қиыншылықтарға мойымадық, бұл ата қанымызда
бар қасиет және оны мықтап ұстап қалуымызға
тиіспіз. Біз Қазақстанның патриоты болып қаламыз!
Ата үмітін ақтауға, еліміздің көк туын
көкке желбіретуге ант етеміз!