“Право”/ 1. История государства и права.

 

магистр юридических наук Э.О.Тойлыбекова.,

магистр юридических наук Г.А.Утегенова

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Қазақстан-2050 Стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт

 

Жолдауда атап көрсетілген білім беру саласындағы игі бастамалардың бір бөлігі ғана.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйетін болсақ, Елбасының Жолдауын Қазақстанды қарыштататын, оның білімі мен ғылымының көкжиегін кеңейтетін, ұлтын зерделі әрі зейінді болуға талпындыратын құжат деп нық сеніммен айтуға болады. Себебі бұл құжаттың мұраты – мығым, мақсаты айқын.

Елбасының болашаққа арналған стратегиялық құжатты жария етуі Қазақстанды жаңа белеске шығаруға арналған. Аталған құжатта жеті бағыт бойынша нақты міндеттер тұжырымдалып берілді.

Елбасымыз атап өткендей, алдағы кезеңдерде әлемде өте үлкен өзгерістер болмақ. Сол өзгерістердің соңында қалып қоймай, алдында жүру және сол өзгерістерді бөтен біреуден күтіп отырмай, Қазақстанның өзі жасау жағы баса айтылды. Ол үшін қазақстандықтардың, сондай-ақ қазақ халқын бәсекелестікке қабілетті болуға тәрбиелеу және қалыптастыру қажет. Ұзақ мерзімді қамтитын Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Стратегиясы болашаққа, жас ұрпақ пен жастарға арналып отыр. Оның жүзеге асырылуы барлығымызға қатысты. Сол себепті де одан ешкім тыс қалмауы керек.

Елбасы өз сөзінде еліміздің болашақтағы даму жоспарын айта келіп, жастарды тәрбиелеуге байланысты мәселелерге де тоқталды. Себебі, бұл Стратегия ұзақ мерзімге арналған. Жастар соны жүзеге асырудың бел ортасында жүруі тиіс. Ал біз жастарға рухани-мәдени тәрбие беріп, олардың жан-жақты азамат болып қалыптасуына ықпал етуіміз қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдуының «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдарының» 4-бөлімінде: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» [1] деген тұжырымдамасында жеткіншек жастар мен болашақ маманның сауатылығы мен білім, біліктілігіне ерекше мән берілген.

Мемлекет басшысының 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму бағдарламасы туралы айтқан сөзінен түйгеніміз, ендігі жерде біздің барлық іс-қимылымыз осыған жұмылдырылмақ. Сөз жоқ, осынау аса ауқымды да, күрделі міндет барша қазақстандықтардың жұмыла күш жұмсауы арқасында ғана мүмкін болмақ. Елбасы шегелеп айтқандай бұл символикалық дата емес. Бүкіл әлемдік қауымдастық алға бағдар етіп ұстап отырған нақты мерзім.

Осы орайда мен «Қазақстан 2050» Стратегиясына сәйкес жүзеге асатын жаңа саяси бағыт республикадағы барлық ұлт өкілдері мен ұлыстардың ойынан шығып отыр деп санаймын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Астанадағы жаңа опера және балет театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанда ешкімнің де ұлттық ерекшелігіне немесе тіліне қарай конституциялық құқы бұзылмайтынын бірнеше рет атап көрсетті.

Әсіресе, қызметке қабылдар кезде немесе жоғары оқу орнына құжат тапсырғанда, оған түскенде осы аталған конституциялық нормалар бойынша біздің көп ұлтты елімізде бір республика азаматының құқығы шектелсе, онда бүкіл Қазақстан халқының құқығы аяқ асты етілді деп есептеуіміз керек деді Елбасы. Мемлекеттегі азаматтардың заңдық және әлеуметтік құқын сақтауға және қорғауға қатысты бұдан артық қалайша айтуға болады.

Студенттің жоғарғы оқу орнындағы өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады. Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалы болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес [2].

Құкықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды.

Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау. Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде - бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтың мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.

Адамның құқықтық мәдениеті - күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек, бұл сұрақтарға заң, философия, психология, социология, медицина т.б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.

Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасты тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.

Қоғамда өмір сүруші әрбір жас ұрпақ сол қоғамның іс-әрекеті, межелер, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамнын еш жерінде жасырынып қалуға болмайды. Өкінішке орай, күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі өскелең ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр. Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Демократияны жетілдіру мемлекеттің жөне қоғамдық өмірдін құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:

- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;

- заңның орындалуын бекіту;

- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;

- жеке адамның, бүкіл жүртшылықтың мәдениетін котеру;

- заң қызметкерлерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасынын кіршіксіз таза болуы.

Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады [3].

Міне, сондықтан да жалпыға бірдей құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы тек құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы маңызды рөлге ие болады. Құқықтық мәдениетті тек азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырудағы айрықша мән беріп, оның мазмұны нәтижелі болуына үнемі көңіл аудартып жүр [4 11б.].

Негізгі мақсат мемлекет тұрғындарының құқықтық сана, құқықтық мәдениет деңгейі және құқықтық білімдерді меңгеру деңгейлерін көтеріп, құқықты оқыту жүйелерінің жұмыстарын жетілдіруде зор маңыздылық беріледі. Сонымен қатар заңдылықты нығайту, халыққа құқықтық тәрбие беру жөніндегі құқықтық насихат жұмыстарын кеңінен ұйымдастыруда мемлекеттің басты құқықтық мәдениетке әсер берер барлық құқықтық тәсілдерді қолдану арқылы орын алатыны белгілі. Бұны барша өздерін құқықтық мемлекет қатарына қосатын елдердің заңнамаларында толықтай дерлік пайдалану. Құқықтық мемлекетке барар жолда әсіресе жастарға құкықтық тәрбие берудің маңызы өте зор. Бұл бағытта жергілікті әділет және білім беру басқармалары ұйымдастырған, орта мектеп және кәсіби-техникалық лицей оқушыларының құқықтық тәрбиесін, оқуын нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық сабағын оқыту сапасын жақсарту, білім берудін барлық сатысында оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беруді енгізуді қамтамасыз ету мақсатындағы құптарлық жақсы бастамалары өркен жайып, игі жемісін бере бастады.

Құқықтық мәдениет құқықтық сана мен болмыстың бірлігінің бір көрінісі бола тұрып, тек қоғамдық болмыстың бейнесі ғана емес, сонымен бірге оған белсенді, оңтайлы әсер етеді. Құқықтық мәдениетке тән құқықтық нормалар, принциптер, мұраттар, тәртіп дәстүрлері мен үлгілері адамдарды ынтымақтастыққа жетелейді, құқықтық мемлекет қалыптастыруға әкеледі.

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды жетілдіру үшін құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың тікелей әрекеттесуі арқасында орын алатын құқықтық тәрбие қажет. Құқықтық тәрбие және заңдық білім жеке тұлғаның қоғамда әлеуметтенуінің маңызды институты болып табылады.

Шынайы демократиялық, әлеуметтік-құқықтық мемлекет ретінде демократиялық даму нәтижесінде қоғамның азаматтарының, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың жеткілікті деңгейдегі құқықтық құқықтық санасы мен құқықтық мәдениеті қалыптасқан мемлекетті ғана санаймыз. Дамыған құқықтық сана мен құқықтық мәдениетсіз құқықтық мемлекеттің басқа да белгілері де тиімді түрде жүзеге аспайды. Осылайша құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуының шарты деп санауға болады [5].

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының жастарға берер білімі, өнегесі өте зор. Сондықтан мұндай Президент Жолдауының дәстүрлі сипат алуы бізді қуантарлық жайт деп ойлаймын.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 14 желтоқсан 2012 жыл.

2.     З.О. Ашитов «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл

3.     Р. Әбсаттаров Азаматтық қоғам: мәні мен мазмұны: Демократиялық қоғам құрудың бір парасы - азаматтық қоғам туралы// Егемен Қазақстан – 15 желтоқсан 2004.

4.     Г.Т. Байжанова., Қ.Қ. Әділбекова. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды 2001жыл.

5.     Жұмахан Мырхалықов, Жөні бөлек Жолдау» М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор.