Авторлық құқық аясындағы тауар-ақшалық
қатынастар жүйесі
Утегенова
Г.А.
Қорқыт
Ата атындағы ҚМУ-нің
оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі
Қазіргі кезеде жүзеге асып отырған заңнамада
авторлық құқықтар субъектілерінің
құқықтық қатынастарын салықтық
реттеуге байланысты әлі көптеген мәселелер шешімін
таппаған және осы институттың қызметтің әртүрлі
аяларында қолданылуына орай көптеген ашық сауалдарды
қалдырады.
Шығармашылық нәтижесі – туынды қоғам дамуы,
прогресі үшін қажет. Шығарманың бұл процеске
қосылуы тікелей немесе басқа өнімдерге алмастырылуы
арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Авторлық
құқықпен және сабақтас
құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002
жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығы
Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік
құқықтары жөніндегі комитетінің
авторлық құқықпен және сабақтас
құқықтармен қорғалатын туындыларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі
қызметін регламенттейді және "Авторлық
құқық және сабақтас
құқықтар туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының (Бұдан әрі Заң),
"Әділет органдары туралы" Қазақстан
Республикасының Заңының, "Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік
құқығы жөніндегі комитетінің
мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы
үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 411 қаулысы
негізінде жасалды [1].
Авторлық құқық объектілерінің тауар ретіндегі экономикадағы
қозғалысы, осындай меншік нысанының әртүрлі
объектілерін жасауға қатысатын шығармашылық
еңбекті өлшеу міндетін қояды. Авторлық авторлық
құқық объектілерінің
шығармашылық өлшемі тұрғысында,
еңбек мазмұнында шығармашылық мән-жайлардың
орын алуы адамның қосымша физикалық та, рухани да күш
салуын қажет етеді. Алдыға қойған мақсатқа
жету үшін туынды иегері неғұрлым көбірек күш
салуы тиіс, олай болса, шығармашылықтың сандық
жағына анықтама беру қиынға түседі.
Сол себепті де, адам қызметі нысанының бұл саласын
өлшеу үшін жұмыс уақытын пайдалануға болмайды.
Шығармашылықтың сандық бағамын келесі екі жол
арқылы: шығармашылық
шығындарын есепке алу арқылы; шығармашылық
еңбек нәтижелерінің сандық жағын белгілеу
арқылы жүзеге асыруға болады [2].
Шығармашылық өлшемі ретінде еңбек
қиындығы, күрделілігі есептелінуі мүмкін. Себебі,
неғұрлым маңызды мағынаға ие еңбек
ретіндегі шығармашылық, адам еңбегінің басқа
көріністеріне қарағанда, неғұрлым жоғары
маманданғандықты, неғұрлым көп шығындарды
және көп тәжірибені қажет етеді.
Авторлық құқық объектілерінің тауар ретіндегі
тұтынушылық бағамы,
шығармашылық нәтижесінің тұтынушылық
бағамы сапалық және сандық сипаттамаларға ие.
Сандық жағы (салмағы, көлемі және т.б.)
кейбір жағдайларда шығармашылық еңбекке кететін
шығындар көлеміне тікелей байланысты. Шығармашылық еңбектің
нәтижелері мен эффектісі көпшілік жағдайларда оны алу
үшін қажетті жұмыс, еңбек санына емес, адамның
шығармашылық жұмысының жалпылама көлеміне тікелей
байланысты. Шығармашылық қызмет нәтижелері – осындай
орасан зор еңбектің кейде қарапайым ғана көрінісі
болып табылады.
Авторлық құқық объектілерінің тауар ретінде
құндық бағамын қолдануға байланысты бірнеше көзқарастар
қалыптасқан. Біреулер бұндай бағамды жүзеге
асыруды мүмкін емес дейді, екіншілері бұндай бағамды тек
шығармашылық нәтижесі дүниеге келіп жатқан жерде
ғана жүзеге асуы тиіс дейді, осындай әртүрлі пікірлерді
шексіз жалғастыра беруге болады [3].
Авторлық құқық объектілеріне деген сұраныстың жай меншікке,
мүлікке сұранысына қарағанда ролі
жоғарырақ, ал бұл өз кезегінде шығармашылықты
қолдау, шығармашылық аясында басқаруды жүзеге
асыру, нарықтық экономика жағдайында санаткерлік меншік
объектілерінің бағасын, құнын белгілеу жүйесінде
көрініс табады.
Авторлық құқық объектілері құнының түрлеріне келетін
болсақ, олар келісім-шарттық,
монополиялық және шекті болып бөлінеді. Келісім-шарттық құн
шығармашылық қызмет нәтижесінің табиғатына
тікелей байланысты, себебі, ешкім осы туындыны жасауға кеткен
шығындарды орташа шама түрінде де көрсете алмайды. Монополиялық құн
ұғымы келесідей тұрғыда түсініледі: авторлық
құқық объектілерінің жаңалығы - әлемдік жаңалық болуы
мүмкін, ал оның авторы – оның жалғыз ғана иегері
болып табылады. Ал бұл тауар, әсіресе қоғамдық
айналымға қосылатын объект, шекті
құнға ие болады және оның құны
осы шектен асқан кезде тұтынушы, сатып алушы оған деген
қызығушылығын жоғалтады. Сатып алу-сату объектісіне байланысты тәжірибеде осы
құндардың бірі қолданылады.
Құн қалыптастырудағы келесі мән беретін
фактор болып авторлық және сабақтас
құқықтар объектілерін пайдаланудан алынатын әсер
(соның ішінде, экономикалық та) табылуы тиіс. Сату-сатып алу
тәжірибесінен көретініміздей, мысалы, жаңа
өнертабыстар, ноу-хау, туындылар саудасындағы тәжірибеде
әсер құнына байланысты сатушы мен сатып алушы арасында
тығыз, белсенді қатынастар туындайтындығы көрініс
табады. Осы әсер құны сауда-саттық тараптарының
екеуін де қанағаттандыратын мөлшерде белгіленеді.
Басқа факторлардың қатарында бәсекелестік, авторлық
құқық объектілерінің оригиналдылығы, тиімділігі, қажеттілігі және
т.б. сияқты факторларды атап өтуге болады.
Авторлық құқық объектілерінің экономикалық айналымға
түсуі мынандай тәсілдер арқылы жүзеге асуы
мүмкін: объектілерді сату-сатып алу; арендаға беру (лизинг); заңды тұлғаның
жарғылық капиталына салу; инвестиция
объектісі ретінде, соның ішінде венчурлік түрде; жекешелендіру объектісі ретінде; осы объектілерді сақтандыру және т.б.
Авторлық құқық аясында тауар-ақша қатынастарын пайдалану
тәжірибесінен басқа меншік түрлеріне қарағанда
бірнеше ерекшеліктерге ие екендігін байқауға болады.
Бұлардың көпшілігі осындай меншік нысаны объектілерінің
шығармашылық табиғатымен, сондай-ақ, оларды
құқықтық қорғау ерекшеліктерімен
тікелей байланысты. Яғни, авторлық құқық объектілерін сату-сатып алу нәтижесінде оның бір
тұлғадан екінші тұлғаға толық өтуі
жүзеге аспайды, олай болса, осы тауардың бірнеше сатып
алушыға сатылуы жүзеге аысырлуы мүмкін. Кейбір
авторлардың пікірінше, бұндай жағдайда
шығармашылық қызмет нәтижесінің емес, авторлық және сабақтас құқықтардың
сатылып-сатып алынуы жүзеге асады. Бұл тауарларға қатысты құн
заңдылығы, сұраныс және ұсыныс
заңдылықтары ерекшеліктерін белгілеудегі қиындықтар
оған баға белгілеуде, айырбас эквивалентін табуда және т.б.
қиындықтарға әкеледі.
Авторлық құқық объектілері иегерлерінің ақшалай сыйақыларды
пайдалануға байланысты тәжірибесі бұндағы
тауар-ақша қатынастары тек формалдық сипатқа ие
екендігін дәлелдейді.
Осының барлығы санаткерлік меншіктің осы саласын,
бағатын одан әрі дамыта түсуді қажет етеді. Себебі,
онсыз санаткерлік-шығырмашылық өндірістің
экономикалық қатынастарын тиімді пайдалану қиынға
түседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Авторлық
құқықпен және сабақтас
құқықтармен қорғалатын туындыларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы
нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі №
146 бұйрығы.
2 Годме П.М. Финансовое
право. М.: Прогресс, 2000, 445 бет.
3 Бланк X. Права исполнителей //
Авторское и смежное право: Сборник докладов. М., 2001.