Байсарова
Г. Г., Оспанова С. М.
Ш.
Есенов атындағы КМТжИУ, магистр
Тақырыбы
«Тұрғын аудандар мен ықшамаудандарды жоспарлау,
құрылыстар
салу және көркейту»
Тұрғындар
өмірінің әлеуметтік ұйымының толықтай
қамтылған өлшемі
тұрғын аудан болып саналады. Бұған
халыққа күнделікті және оқтын оқтын
қызмет жасайтын мәдени тұрмыстық мекемелер кіреді.
Жаңа
өнеркәсіптік орындар құрылыстарды салынып
жатқанда солармен бірге
жүргізуге тура келеді, өйткені жаңа
кәсіпорындарда жұмыс істейтін еңбекшілерге жағдай жасалуы тиіс.
Тұрғын
аудандар магистральді көшелермен, тек қана өнеркәсіптік
аудандармен ғана емес, сонымен қаланың басқа да
бөліктерімен, соның ішінде жалпықалалық және
аудан орталықтарымен, теміржол және су өатынасы вокзалдарымен,
парктермен және басқа халықты өзіне тартатын
аудандармен байланыста болуы керек.
Сонымен
қатар тұрғын аудан тұрғындарының
еңбек орындарына жетуіне арналған жүргінші жолдары
жүйесін қарастыру қажет. Бұл жүргінші жол
аллеяларының магистральді
көшелермен қиылысу нүктелері саны шама келгенше аз
болғаны дұрыс.
Қала
салушылардың мақсаты жүргіншілерге жер бетімен
қозғалыс жасауды қамтамасыз ету болып табылады. Бірақ
кейбір жағдайларға байланысты
жүргінші жолдарын жер астында тунельдерде салып онда дүкендер,
кафелер, мәдени тұрмыстық қызмет ету мекемелер мен
кәсіпорындарды орналастырады.
Бұл
жағдай маңызды түрде жүргіншілердің туннелде
болуын ыңғайлы және пайдалы етеді.
1.Тұрғын
аудандарды орналастыру
Cелитебті
аумаққа төмендегілер кіреді:
1) тұрғын ықшамаудандар және
кварталдар;
2) әкімшілік шаруашылық,
қоғамдық және мәдени тұрмыстық мекемелер мен орындар, участкелер;
3) жаппай пайдаланылатын жасыл өсімдіктер
алаңы;
4) көшелер мен алаңдар;
5) қызмет жасау сипаттағы жеке кіші
өнеркәсіптік орындар участкелері;
6) үй жай қоймалық нысандар участкелері;
7) сыртқы транспорттық жеке
құрылымдық участкелер;
8) резервті аумақ және пайданылмаған
участкелер.
2.Тұрғын аудандарын
құрылыстық аймақтандыру
Құрылыстық
аймақтандыру деп селитебтік аумақты әр түрлі
қабатты үйлері бар аумақтарға бөлуді айтады.
Құрылыстық
аймақтандырудың мақсаттары:
- қала және жеке аудандар
жағдайына байланысты тұрғын құрылыс
түрлерін таңдап алу;
- жер тегістігін есепке ала отырып
негізігі құрылыс түрлерін пайдалы орналастыру;
- табиғат жағдайын тиімді
пайдалана отырып маңызды қала элементтерінің шешімдерін табу.
Ондай элементтерге: жалпықалалық және аудандық
орталықтар, негізгі қала магистралі, алаңдар, өзен
жағалауы, қала кіреберістері, т.б. жатады. Бұл
мақсаттардың бәрі қала жоспарларында кешенді қаралып шешіледі.
Бұрынғы
кезде, қаланың бас жоспарында қала селитебтік аумағын
негізгі үш аймаққа бөлу қарастырылатын:
1)
көп қабатты құрылыстар;
2) 2-3 қабатты
құрылыстар;
3) 1-2 қабатты
құрылыстар.
Қазіргі
уақытта тиісті қабаттарға және сипатты
құрылсқа бөліп аймақтандыру қолднылмайды,
сонымен қатар қаладағы тұрғын аудандар аралас
қабатты құрылыстармен сипатталады. Аралас қабатты
құрылыс
құрылыстың әртүрлілігін және
көркемдігін жасауға мүмкіндік береді. Көп
зерттеулердің нәтижелеріне байланысты ғимараттарды салу мен инженерлік жабдыққа
және қала аумағын безендіруге кететін шығындардың шамасына байланысты, пайдалысы
аралас құрылыс болып табылады. Онда бес қабатты ғимаратардың
құрылыстары бірге қатар жүріп отырады. Әрине
бұл шешім қала кеңістігіне, құрылыс базасына
тікелей тәуелді.
3.Тұрғын
аудандар мен ықшамаудандарды
салудың шешімдері, қызмет ету сатылары
Қазіргі
кезде қаланың тұрғын аудандары тұрғын
ауданының негізгі құралымдық бөлшегі болатын
ықшамаудандарға
бөлінеді. Тұрғын аудандар мен
ықшамаудандардың қала
құрылыстық
шешімі әлеуметтік талаптарға жауап бере білуі тиіс.
Тұрмыстың
өзгеруі, балалар қоғамдық тәрбие
түрінің өркендеуі, тиісті
түрде мектеп жасындағы балаларға орта білім берудің, халыққа
мәдени тұрмыстық қызмет көрсетудің селитебтік аумақты дайындауда
үлкен маңызы бар.
Мәдени
тұрмыстық қызмет ету
мекемелерін, халық тұрақты түрде пайдалана
бермейді, сондықтан оларды әр түрлі керекті мезгілінде
пайдаланылады.
Қызмет
көрсетудің төрт сатысы болады:
Бірінші саты
халық күнделікті пайдаланатын мекемелер мен
құрылымдардан тұрады. Оларға кіретіндер: бала
бақшалар, мектептер, азық түлік және керек болса өндіріс тауарларының
дүкендері, асханалар, кафе, дәріханалар, тұрмыс
қызметінің ательесі (жөнжеу шеберханалары, қабылдау
пункттері). Қызмет көрсету радиусы 300-500м аралығында.
Екінші саты мәдениет үйлері, клубтар,
кинотеатрлар, кітапханалар, сауда орталықтары, босану үйлері мен
аудан ауруханалары, спорт орталықтары. Қызмет көрсету радиусы
1000-1200м.
Үшінші
саты бірінші және екінші
сатылардағы халықтардың келіп кетуінен әлдеқайда
сирек мекемелер мен кәсіпорындар. Бұған кіретіндер:
әкімшілік және шаруашылық кәсіпорындары, мәдениет
сарайлары, көрмелер, театрлар, цирктер, концерт залдары, ірі
кинотеатрлар, қалалық спорт орталықтары, қалалық
сауда орталықтары, арнайы ауруханалар
мен дәрігерлік орталықтар. Осы аталған кәсіпорындар мен мекемелердің
жалпықалалық, облыстық, кейде республикалық
маңызы бар. Оларға жету әдеттегідей қалалық
транспорттармен жізеге асады.
Төртінші саты
қала сыртындағы аймақтарда орналасқан
кәсіпорындар мен құралымдардан тұрады. Мұнда
халық қысқа
уақытта (мерзімге) немесе
ұзақ мерзімге демалуға жатады. Бұған
кіретіндер: су станциялары мен
жағажайлар, мейрамханалар, кафе, қонақ үйлер,
балық аулау, шаңғы тебу, және туристік базалар, демалыс
үйлері, шипажайлар, қала сыртындағы балалар
кәсіпорындары және
басқалар.
Ықшамаудандарда
жоғарыда көрсетілген қызмет радиусындағы (350-500 м)
бірінші саты мекемелері мен
құралымдары орналасады. Осыған байланысты бес қабатты
құрылыс және бір гектарға тұрғын
тығыздығы қораның 2800-3200 м2
тұрғын ауданы келетін ықшамауданда
тұрғындардың оңтайлы саны 6-9 мың адамды
құрайды. Аралас (5,6,16 және одан да көп
қабатта), көбіне
тоғыз қабатты құрылыста ықшамаудандар
халқының саны 16-18 мың адамға жетуі мүмкін.
Ықшамауданның
жоспарлануы мен салынуын, сонымен
қатар бүкіл селитебтік аумақты сипаттайтын негізгі
техникалық экономикалық көрсеткіштерді төмендегілер
болып табылады:
Тұрғын
құрылысының тығыздығы– бүкіл
салынған құрылыстар
ауданының тұрғын құрылыстары ауданына қатынасы негізінде табылады. Пайызбен өлшенеді.
Тұрғын
қорынының тығыздығы – тұрғын
ауданының ықшамаудан аумағына 1 гектарына тиісті шамасы.
Халық
тығыздығы – 1 гектар ықшамаудан аумағына келетін адам саны. Қарастырылатын техникалық экономикалық
көрсеткіштерінің санитарлық гигиеналық, сәулетті
жоспарлық және экономикалық маңызы бар.
Кіші
қалаларда селитебті аумақ бірінші ықшамауданға
бөлінген бір тұрғын ауданынан тұрады. Оған кіретіндер:
- ықшамаудандар;
- жысыл өсімдіктер;
- қала жасыл өсімдіктері;
- қала орталығы;
- тұрғын аудан
орталығы;
- ықшамаудан орталығы.

Сурет
1. 100 адамға арналған қала селитебтік аумақтың
сызба түріндегі жоспары.
Мұндай
қалада селитебтік аумақ халқы 30-35 мың адамға
тең жеке тұрғын аудандарына бөлінуі мүмкін.
Әр тұрғын ауданда сол
тұрғын ықшамдаудандарды біріктіретін өз орталығы
бар. Қаланың өсуіне
байланысты оның жоспарлық құрылымы күрделеніледі,
тұрғын аудандардың саны өсіп магистральдық көшелер жүйесі өркендеп
кеңейе түседі.
Үйлердің бір
біріне және олардың
квартал «қызыл
сызығына» байланысты орналасуы
кварталдардың төменгі құрылыс әдісін тудырады:
- периметриалды;
-топтастыра;
-қатарласа параллель;
-аралас;
Периметриалды салу
кварталды орап жатқан көше «қызыл сызығының» ішінде жүргізіледі.

Сурет 2. Ықшамауданды
периметриалды салу
Сәулеттілігі бойынша
бұл әдіс өзінің қарапайымдылығымен
көзге түседі, бірақ әр түрлі кемшіліктері бар:
1) квартал ішкі
кеңістігінің көше кеңістігімен байланысының
жоқтығы;
2)
тұрғын бөлмелердің әлем жарығы
бағытына ыңғайсыз орналасуы;
3) кварталдар кіші
өлшемді болғанда нашар желдетілуі;
4) мұндай
салыну түрінде ғимараттың бойлық өстері
аумақ еңкісі бағытымен салынады да цокольдік
қабаттың жер бетінен әр түрлі деңгейде болуы
ыңғайсыздық жасайды, кейде типті қосымша жер асты қабатын
салуды керек етеді.
Топтастыра
салу квартал өлшемдері
үлкен болғанда қолданылады және
тұрғын үйлердің топтаса орналасуымен сипатталады да,
квартал ішінде жасыл өсімдік алаңдары пайда болады. Оның
біртұтас перметриалды салуға қарағанда маңызды
артықшылықтары бар. Квартал ішіндегі тұрғын үйлер мен жасыл өсімдіктер
кварталдың жалпы сәулетті кеңістіктік шешіміне кіреді.
Ғимараттар арасындағы кеңістіктер ауланың желдетілуін
жақсартады. Жеке аулалардың жақсы желдетілуі үшін
топқа кіретін ғимараттар арасында үзілістер қарастырылады.

Сурет 3. Ықшамауданды
топтастыра салу.
Қатарластыра
параллель салу. Мұнда үйлер
көше бағыттарына қарай қатарласа бір біріне параллеь
орналасады. Бұл әдіс барлық үйлерді күн көзінің
шағылуына, желдетілуіне кварталдың ішкі кеңістігімен
және транспорт магистралімен бірдей жағдайға қою
үшін жасалады. Бұл әдістің кемшілігі - көшелерге ғимараттың
терезелері жоқ көлденең жағы бағытталуында.

Сурет 4. Ықшамауданды
қатарластыра параллель салу.
Бұл
әдістің артықшылығы – үлкен магистарльді
көшелердің бойында салынуының
ыңғайлылығы.
Адамдарды күн шағылысынан жақсы қорғайды.
Көшенің қолайлы сәулеттік бейнесін көшеде
және кварталда жасыл өсімдіктерді қолдану (пайдалану)
арқылы жасауға да болады.
Аралас
салу - алдыңғы үш
әдістің біріктіріліп жасалуы болады. Бұл әдістің
артықшылығы -
кварталдардағы ыңғайсыз орналасқан үйлердің
санын төмендетуге болатындығында. Ықшамаудандардың пайда болуы, қалада автомобиль
қозғалыстарының
өсіп тұрғындарға ыңғайсыздық
жасауы, санитарлық гигиеналық жағдайдың
төмендеуі, көше қозғалыстарында жарақаттар пайда
болуынан.
Қатардағы
кварталдарға қарағанда, ауданы үлкен
ықшамаудандарда
тұрғын құрылыстарын орналастыру
тұрғын үйлерді көше қозғалысынан
аластатуға кең мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұрынғы тұрғын
ауданды жекелеген кварталдарға
бөлгенде тұрғын бөлмелерін жарықтандыру, квартал
аралық аумақты желдету, жеткілікті көгалдандыру
мәселелерін шешу өте қиын болатын.
Мұндай
маңызды жоспарлау сұрақтары ықшамаудандарда
әлдеқайда жеңіл болады.
Ықшамауданды салғанда күн шұғыласы
мен желдетуге байланысты қалыпты
санитарлық гигиеналық жағдайлар жасау үшін
төмендегі негізгі талаптар орындалуы тиіс:
1) ғимарат
жарық әлеміне дұрыс бағытталған болуы керек:
a) ғимаратың
бойлық өстері солтүстіктен оңтүстікке бағытталуы
керек (меридиональды бағыттау);
б) ғимаратың
бойлық өстері диагональ бойынша орналасады (диагональды
бағыттау);
в)
ғимараттың бойлық
өстері батыстан шығысқа қарайбағытталады (ендік
бағыттау).
Қалыптасқан
тәжірибе бойынша ғимаратты барлық жаққа
бағыттауға болады, бірақ солтүстікке тұрған
бөлмелердің аз бағытталғаны жөн.
Оңтүстік
ендіктерде тұрғын бөлмелердің ең
ыңғайлы бағытталуы өңтүстік бағыт, ал
ыңғайсыздығы батыс, өйткені бөлмелер шектен аса
ысып кетеді.
2) көршілес
ғимаратар арасында жеткілікті түрде кеңістік болуы тиіс. Ғимараттар, олардың
тқменгі жағын ғана
емес, сонымен бірге олардың
жоғарғы қабаттарын да көлеңке баспайтындай етіліп
орналастырылуы керек. Қалыптағыдай
жарықтанылуы үшін мөлшері ең биік
ғиараттар арасында ажырасу
кеңістігі қарастырылуы тиіс.
Үйлер арасында
қашықтығының биік үйдің биіктігіне
қатынасы төмендегі кестеде келтіріліген.
3) тұрғын
үйлерді жарық әлеміне бағыттауда осы аудандағы
жел бағыты мен
жылдамдығы ең негізгі
факторлар болып саналады. Қала көшелерінің бағыты қала аумағын және сонымен
бірге тұрғын
ықшамаудандар аумағын жақсы желдетуге септігін тигізулері
керек.
Үстемдік
желдердің жылдамдығы онша
көп болмағанда,
көшелер бағыты жел бағытымен сәйкес келгені
дұрыс. Егер жел жылдамдығы анағұрлым немесе өз сипаттамсына
қарай желдер қолайсыз
болса, онда көшелерді бұл
желдер бағытына тік немесе
диагональды түрде орналасуы керек.
Ғимарат қима
беттері арасындағы
қашықтық, егер қима беттерінде терезелер
жоқ болса, онда ол өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы тиіс.
Ықшамаудан
аумағының пішіні:
-
Жалпы көше жүйелерінің жоспарлануына;
-
Қала аумағының табиғи
жағдайына;
-
Қолтума кедергілерге (теміржол торабы,
арықтар) байланысты болады.
Ықшамауданның
жалпылай сәулетті жоспарлық құрылымы
тұрғындардың тыныш, салауатты және ыңғайлы
өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауы керек.
Тұрғын
үйлердің, балалар мекемелерінің, дүкендердің,
автотұрақтардың өзара орналасуы ықшамауданда тұратын
адамдарға жеткілікті түрде тыныштық сақтаудың
талаптарына бағынышты болуы
керек. Ықшамаудан бақтарын
жоспарлағанда шулы ойындар
мен спорт алаңдарын бас орталалығында орналастыруға болмайды,
ол жер тыныш демалуға арналуы
тиіс. Мұндай алаңдарды бақтың қапталдарында
орналастырған дұрыс және ағаштар мен биік
бұталар арқылы безендірген жөн.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Комплексная оценка инженерно-геологических условий в
системе городского кадастра.- Алматы,1992
2.Н.Разақов «Қалаларды көркейту»
Астана, 2009 ж
3. Максимов В.А., Ипалаков Т.Т. Геоэкологическая оценка
земель в системе городского кадастра.-Усть-Каменогорск, 1999
4. Максимов В.А. Кадастровая оценка земель.
.-Усть-Каменогорск, 2000
5.Максимов В.А. Методическое пособие по экономической
оценке земель населенных пунктов.- .-Усть-Каменогорск, 1996