8. Педагогическая психология

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Баетов Дүйсенбек Мыңжасарұлы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Өнер» факультеті

«Дене тәрбиесі» кафедрасы

 

Н.Ә.Назарбаев ұсынған жаңа ұлттық идеяның мазмұны да қоғамдық дамуға басқаша, осы заманғы тұрғыдан қарау үрдісіне сай айқындалған. «Көп ұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету» - деп жазды ол «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» - деген еңбегінде [1].

Әлем тарихында патриоттық тәрбие және әскери патриоттық туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен. Әлемдегі өркениеттің дамуындағы ерекшеліктер дінмен, салт-дәстүрлермен, әртүрлі этникалық факторлармен өлшенген .

Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді.

Елбасы өзінің теориялық еңбектерінде, мақалалары мен сөздерінде «қазақстандық патриотизм» деген ұғымда әр қырынан ашып көрсетіп келеді. Ол үшін өз отандастарының, ғылыми тілмен айтуында қоғам организміндегі өзінің саяси еркіндігін айқын сезінетін және өз Отанын саналы түрде таңдаған азаматтар болуы шарт.

Сонда ғана әрбір азамат өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін терең пайымдайтын болады. Ел өміріне қатысты сан алуан проблемалардың баршаға бірдей жақын әрі түсінікті болуы да осыған байланысты.

Әрине, Қазақстанды шын мәнінде өз Отаны деп санаған адам басқа елдерге жалтақтап солардың көмегімен өзіне әлдебір жеңілдіктер алуға, немесе болған артықшылықтарын сақтап қалуға ұмтылмас еді. Бірақ отандастармен тағдыры ортақ екендігін терең сезінген жан басқа түскен қиындықтарды да бірлесе күш жұмсап жеңуді ойлары анық. Өздерін казактардың көсеміміз, орыс тілділердің тілеуқорымыз деп кеуде қағатын, қазір тағы да бізде бірнеше мемлекеттік тіл мен қос азаматтық болмаса, республикадағы демократияның күні қараң қалады деп бай-балам салып жүрген кейбір саясатшылардың елге іріткі салатын ыландарының сыртында белгілі бір көзқарас жатқанын ұмытуға болмайды. Оларға тәуелсіздік деген сөз түрпідей келеді. Тіпті жан-жақты байланысты нығайту, кең араласу, келісім мен ынтымақтастықты нығайту деген ұғымдарға көбіне біржақты ғана қарайтыны байқалады.

Осы орайда қазақ ұлтының қоғамдағы біріктіруші рөлін күшейту деген қағидаға тағы бір орала кеткен жөн сияқты. Бұл процестің нәтижелі өрбуі тек қазақтарға ғана байланысты емес екендігін ашық айту керек.

Бұл ретте Ә.Нұршайықов «қазақстандық патриотизмді» қазақ ұлтының мүддесімен байланыстыра келіп басқа ұлттар мүддесін жоққа шығармайтын келелі пікір айтады. Ол азаматтардың құқықтық еркіндігі, басқа ұлттардың қазақ халқының дәстүрін сыйлауы, олардың қазақ мемлекетінің намысын қорғауы, қазақ елін жатсынбай, жүрегімен сүйе білуі, ұлттық тіл, діні, ділімізді сақтауға кедергі жасамай қолдау тауып жатса міне, осыларды қазақстандық патриотизмнің белгілері деп санайды.

«Патриотизм» ұғымын талдай келе ол: «патриотизм дегенде, әуел бастан ақ туған жерін, ана тілін, елдің әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеп, қастерлеген. Бұл патриоттық сезім ерте заманнан-ақ қалыптасқан  Мұның терең мағынасына ұлтжандылық жатады», - деп көрсетеді.

       Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс еуропалық және американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды. Сондықтан халықтық педагогика негізінде студенттердің бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында өзінің сара жолы болады деп есептейміз. Қазақстан әрі батыс, әрі шығыс елі ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет.

Азаматтарды әскери қызметке дайындап патриоттық сезімін қалыптастыру қазіргі кезде батыс европаның барлық елдерінде қолға алынған. Мысалға, Германия, Ұлыбритания, Франция мектептерінде және жоғары оқу орындарында  офицерлерді дайындауда арнайы пән ретінде әскери кәсіптік бағытын қалыптастыруда оқытылады [3].

Этнопедагогиканы зерттемей және пайдаланбай жеке адамды толыққанды тәрбиелеу мүмкін емес. Қазіргі кезде қоғам алға қойып отырған тәрбие міндеттерін шешуде этнопедагогика дәстүрлері мен тәжірибесін педагогика ғылымының әдістемелік-теориялық қағидаларымен біріктіруді көкейкесті мәселе ретінде қарастырған.

Біз ұлттық спорт ойындарында патриоттық тәрбие берудің студенттердің бойында патриоттық тәрбие қалыптастыратынын өзіміздің ғылыми еңбегімізде талқылап қарастырып тәжірибелік жұмыстарда қолданамыз.

Халықтық педагогикадағы атамекенге сүйіспеншілікті дамыта отырып біз студенттердің бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуді ұсынамыз.

Ғылыми зерттеулерді оқып-үйреніп талдауда, педагогикалық тәлім-тәрбиеде, студенттерге патриоттық тәрбие беру ғылымының теориясын өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін көруге мүмкіндік берді.

Өркендеудің құтты қасиеті іспеттес бір ұғым бар. Ол - патриотизм. әрине, мәселе көп шуылда емес, бүлкілдеген күре тамырды бойлап қуалап, санды- санаға бәтуаны-берекеге айналдыруға көмектесетін сиқырлы сезім жайлы. Ол томағы-тұйыққа емес, салмақты салиқалыққа бастайды, жансызға жан береді. Ортақ иманға айналса, алмайтын қамалы жоқ. Осының бәрін бір ғана «патриотизм» деген» ұлы ұғымға сиғызсақ, уақыттан алыс кетпес едік деп ойлаймыз. Өйткені ол өзің жаралған топырақпен өскен ортаға деген ізгі сезімді ғана білдірмейді. Аясы әлдеқайда кең ұғым. Тіршілікте төл табиғи орта ерекшеліктерін тиімді пайдалану, алғы ұрпақтар тәжірибиесі арқылы жинақталып, тарихи зерде кілтіне айналған патриотизмді өркениет мүддесіне қолдана білу де сол тектен. Ең бастысы елдің бірлік, халықтың қасиет - қазыналарын қастерлеу мен ертеңге деген сенім сияқты сезімдерді оятатын да осы патриотизм. Оның қоғам дамуына айрықша орын алатын құдіретті рухани факторға айналуының сыры да осында жатыр.

Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау, жанашыр болу - адамгершіліктің белгісі. Ендеше отаншылдық - сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін - өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті нағыз азаматтықты қалыптстыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезініп, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді» делінген.

Көп ұлтты Қазақстан Республикасы үшін патриоттық сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.

Патриоттық рух - қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкүндік беретін бірден - бір күш.

Патриоттық сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде шіркін бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан - байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қалай аман сақтаған деп таңданамыз. Өз сауалымызға өзіміз жауап тауып «Найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақылдың ісімен» - деп мақтанамыз. Ешбір қатесі жоқ. Тегеурінді күштің тетігі жүрек қуатынан нәр алғанда ғана қозғалысқа келмек. Ұлан майдан ұлы істе де жеке дара жекпе-жекте де рухы мықты ұтады. Жайшылықта әрқайсысы бір түйе айдап, жеке жайылатын жұртымыздың ел басына күн туғанда бір төбеге жиылып, бір ауылына ұюы, бір жағадан бас, бір жеңнен - қол шығарып, тастүйін тегеурінді күш болып аттануы осындайда бәрімізді танытар сүйеніш ретінде қарайды. Оның аясы әдеттегі тарихи ойланым зердесінен кеңірек. Қазақ қоғамының бүгінгі сипаты және оның алдында тұрған қазіргі тың тұрпатты міндеттерге сәйкес  өріс алған.

Сонымен, зерттеу барысында теориялық тұрғыда негізделіп алынған нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр:

-                         дене тәрбиесі негізінде  патриоттық тәрбие берудің деңгейін педагогикалық тұрғыдан қарастыру, студент тұлғасында патриоттық қасиеттерді дамытуға бағытталған патриоттық тәрбиенің бағыт-бағдары студенттерге қазақ этнопедагогикасының негізінде патриоттық тәрбие беруге болатындығын анықтады;

-                         студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм ерекшеліктері студенттердің патриоттық тәрбиесіндегі қазақ этнопедагогикасының құндылықтарымен ұштастыруының дәлелденуі студенттерге патриоттық тәрбие берудегі қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизмнің мәнін ашуға мүмкіндік туғызды.

-                         қазақ этнопедагогикасының негізінде патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісінің негізделуі осы тәрбие процесінде патриот студент тұлғасының қалыптасуына  нақты жағдай туғызады;

-                         студенттерге дене тәрбиесі негізінде  патриоттық тәрбие беруде ұлттық құндылықтарды қолдану студенттердің патриоттығын қалыптастырудың тиімділігін арттырды;

-                         біз ұсынып отырған педагогикалық жүйе студенттерге патриоттық тәрбие беруде дене тәрбиесі негізінде  шектелмей, қазақ халқының дана тұлғаларының мұрасын танып білуге, қастерлеуге жол аша отырып толық қанды патриот студент тұлғасын қалыптастыруға негіз болады.

Жоғарыда келтірілген теориялық қағидалар мен іс-тәжрибе жұмысының нәтижелерін пайдалануға төмендегідей ұсыныстар беруге негіз болады:

-                                         -жоғарғы оқу орындарында студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақ этнопедагогикасының материалдарын қолдануда «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курс бағдарламасын пайдалануға болады;

-                                         Республикамыздың жоғары оқу орындары студенттерінің патриоттылығын арттыру үшін газет-журналдар шығарылып, теле хабарлар ашылып тұрақты беріліп тұрса тиімді болар еді;

-                                         -студенттерге патриоттық тәрбие берудің негізінде қазақ халқының ұлттық ойындарын ғылыми тұрғыда зерттеліп, қазақ этнопедагогикасына байланысты зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, басқарылып үйлестіріліп отырылса педагогика ғылымына қосылған үлес болар еді.

Әдебиеттер:

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. – 2006. - №250

2. 1975Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның Білім және ғылым қызметткерлерінің ІІ – съезі // Егемен Қазақстан (қыркүйек), 2007.

3. Ешімханов С.Е. Патриотическое воспитание школников во внеурочное работе в годы Великой Отечественной войны: автореф. ... к.п.н.: 13.00.01. - Алма-Ата,