8. Педагогическая психология
Баетов
Дүйсенбек Мыңжасарұлы
Қожа
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ
түрік университеті
Қазақстан
Республикасы, Түркістан қаласы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ӨЗЕКТІЛІГІ
Егемен
Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті 50
елдің қатарына енгізу алдағы стратегиялық маңызды
мақсат болып табылады. Осы маңызды тапсырманы іске асыруда
өскелең ұрпақтың алатын орны зор, себебі
қандай да болмасын алға қойылған жоспарды іске асыру
үшін білімді және денсаулығы мықты ұрпақ
қажет.
Осы
болашақты қазірден бастап яғни мектеп жасына дейінгі
кезеңде тәрбиелеу кабылданған стратегиялық
жоспарың маңызды бір бөлімі болып саналады. Қандай
ұлт болса да өз жолын, болашағын айқындап, айналасына
баға береді, бір-біріне еліктейді, бір-бірінен үйренеді.
Мектеп жасына
дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге
көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру
саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы
маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында қалыптасқан
ұлттық халық ойын түрлерін баланың денесін
шынықтыру барысында үтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала
болып табылады, себебі халық арасында таралған ойындар
баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін
жерілдіретін әсерімен ерекшеленеді.
Соңғы
жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі
тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене
шынықтыруын нақты бір мақсатты бағытпен
дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау
қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей
әсері бар екендігі дәлелденуде.
Неміс
ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: «Дене тәрбиесін
қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс
салтының құрамдас бөлігі, адамдардьщ нақты тарихи
әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз
тәнді жетілдірудің әлеуметтік-мәдени
жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір
қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет
екендігін көреміз [105].
Қозғалмалы
ойындарды дене шынықтыру сабақтарына кеңінен пайдалануды орыс
ғалымы П.Ф. Лесгафт ұсынды. Ол балаларды ауыр гимнастикалық
жаттығулардан сақтандыруды, оның орнына табиғи
қозғалысты ойынды пайдалануды орынды деп дәлелдеді.
Лесгафт
ойынның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншіліктерін
бағалай отырып ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз
бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолы және
қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге
бір-бірімен жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа
баулуға, ойын барысында өздерін реттеп отыруы үшін ойын керек
деді [106].
Біз
өзіміздің зерттеуімізді мектеп жасына дейінгі үш, төрт,
бес жастағы балалармен жұмыс жүргізуге бағыттадык.
Үш топтық балалар арасындағы дене шынықтыруды
қалыпты дамытуды ұйымдастыру үшін қозғалмалы ойын
түрлерін ұлттық ойындар негізінде бірнеше топқа бөліп
алып қарастырдық және ойындарды қолдануда
күрделілік дәрежесіне бөлдік.
3-5 жас
аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты
фактор оның қимыл әрекетінің қаншалықты
дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты себебі
мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс
жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп,
ағза қорегін арттырады.
Бұл
жерде мақсатты қимыл-әрекетті ой-санамен ұштастыруы,
яғни ой-сана мен қимыл бірлігін біріктіргенде бала
өмірінің, денсаулығының жақсы дамуының
алғы шарты қалыптасатындығын көреміз. Сондықтанда
бала ағзасын дамыту үшін денесін шынықтыруды жүйелі
түрде өткізу қажет. Шынығу сапалығын
ұйымдастыру, қимыл-қозғалыс дағдысы, оны жасай
білу баланың интелектуалды және психикалық дамуымен,
тұлғаның мінезін тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Баланың
денесін шынықтыру барысындағы негізгі мақсат: бала
денсаулығын қорғап оны нығайтып, ағзаны
шынықтыру, дененің дамуының толық мәнді
нәтижесіне жету, дене құрылымының келісті өсуі,
ағзаның жасына сәйкес дамуы, организімнің
қорғаныс қабілетінің артуы, ақыл-ой және
еңбек жұмысының жақсаруы, тұлғаның
мінез-кұлық, ерік-жігерін, белсенділігін, дербестілігін
тәрбиелеу болып табылады.
Дене
тәрбиесінің келесі мақсаты ойын іс-әрекетінің
кең ортасын қалыптастыру, дененің қозғалыс
сапалығын дамыту оның ептілік, атап айтқанда
координациялық қабілетін, жалпы төзімділік,
жылдамдық-күштілік сапасы және тепе-теңдік сақтай
білуді үйрену, дұрыс мүсіннің қалыптасып,
майтабан болудан алдын-ала сақтандыру.
Ұлттық
ойын мен дене шынықтырудың бірлестігін дамытып, белсеңді
қимыл-қозғалыс әрекетіне
қызығушылықты тудырып, құндылығын
түсіндіріп, тәрбиелеу.
Дене шынықтыру
сабағы ұлттық ойынды ойнау балаға қуаныш,
жақсы көңіл-күй, өздеріне пайдасы бар керектік
екенін сезінгенде ғана мақсатына жетеді. Мектеп жасына дейінгі
балалардың дене тәрбиесін өткізу тәсілі дене
шынықтыру жаттығулары, ұлттық
қимыл-қозғалыс ойындары болып есептеледі. Дене
шынықтыру мен спорт баланың рухани және имандылық
тұрғысынан дамытуына да үлкен әсер етеді. Әр
халықтың ғасырлар бойы жинақтаған дене
шынықтыру жүйесінде ұлттық халық ойындары
пайдалылығы жағынын ерекше орын алатындығын көреміз.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасы. Тәлім-тәрбие
тұжырымдамасы // Қазақст
мұғалімі, 1995
2. Ақпаев Т.А., Адамбеков М.І.
Оқушылардың дене тәрбиесін
қалыптастырудың ілімдік және әдістемелік
негіздері. - Алматы, 2002
3. Уаңбаев Е. Дене тәрбиесінің
негіздері. – Алматы: Санат, 2000
4.Тайжанов
С. Дене мүмкіндіктерін тәрбиелеу үйрену. – Алматы:
Мектеп,
2004