8. Педагогическая психология

Баетов Биназар Көпжасарұлы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті

Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы

 

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бұл мақалада дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданушылардың жас ерекшелігіне сұрыпталуы саралана отырып кейбір  нұсқаулар берілген.

Кез келген дене немесе ақыл-ой жұмысы ағзаның күйі мен әсерленістерінде бірқатар өзгepicтep туғызады. Бұл өзгepicтepдің, жас кезеңдеріне сәйкес ерекшеліктері  байқалады. Балаларда ақыл-ой еңбегі әдетте қимыл белсенділігімен, яғни бұлшық еттің жұмыс icтeyiмeн қатар жүреді. Ал бұлшықеттің жұмысы өз кезегіндe орталық  және шеткі жүйке жүйелерінің қызметімен  байланысты. Сондықтан әрбір жас кезеңдеріндегі физиологиялық мүмкіндіктерді ескере отырып, тәрбие процестерін, оқу сабақтары мен тынығуды дұрыс ұйымдастыру керек. Бұл — баланың ойдағыдай өciп жетілуіне, денсаулығын нығайтуына, оның жұмыс қабілеттілігін сақтауға жәрдемдесетін  қолайлы жағдайларды туғызу. Ол үшін  оқу мен балалар тәрбиесінің   барлық  жақтары күн режимін  сақтаумен, жүйке жүйесі мен бұлшықет аппаратына түсетін ауырлықты жасқа сәйкес нормалаумен, тұрмыс жағ­дайын дұрыс қарастырумен, жақсы тынығумен тығыз байланыс­ты болуы тиіс [1].

Баланың физиологиялық мұқтаждықтарының толық қанағаттандырылмауы  қалыпты тіршілік  әрекетінің  бәсеңдеуіне, қолайсыз түрткілерге төзімділіктің кемуіне, жұқпалы ауруларға шалдығуына, организм жүйелері арасындағы өзара байланыстың бұзылуына әкеп соғады және жоғары жүйке қызметіне тepic әсер   етеді.

Бастауыш класс оқушыларының  ой еңбегін ұйымдастыруға қойылатын талаптар бұдан да күрделі. Сабақтың ұзақтығы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес белгіленуі тиіс. Балаларға тән қозу және тежелу процестерінің   шоғырлануының   нашар  дамуына  сай олар өздерінің  зейінінің  5-7 жаста— 15 минут, 8-10 жаста — 20-минут, 11-12 жаста — 25 минут бойы сақтай алатындығы  анықталған.

Осы уақыт өткеннен кейін балаларда сылбырлық, ұйқы келушілік  пайда  болып, зейін  төмендейді. Сондықтан  мұғалім ой еңбeгін  қажет ететін жұмыстар үшін сол жастағы балалардың шамасы  келетіндей  уақыт мөлшерін жұмсау керек.

Мұны бастауыш класс оқушыларының күн режимін  жасағанда ескеріп отыру қажет. Күнделікті өмірдің  белгілі ырғақпен  ұйымдастырылуы орталық жүйке жүйесінде іс-әрекеттің алмасуына көмектесетін әpi оны жеңілдететін  күрделі шартты рефлекстік  байланыс түзеді.

Күн режимі әр баланың жасы мен жеке ерекшеліктеріне сәй­кес жасалады. Бастауыш класс оқушыларының күн режимін жасаған кезде тынығу мерзіміне және оларға  күндіз шамадан тыс күш түспеуіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, баланың жеке басының үйлесімді  қалыптасуы қажетті шара болып саналатын ой  және дене еңбегінің   ұштасып отыруын ескерген жөн. Баланы отбасы мен мектептегі еңбекке қатыстыру қажет, әр күн режимінде таңертеңгілік жаттығулар мен дене шынықтыру, қимылды  ойындар  орын алуға  тиіс. Балалар тәулігіне  кемінде 3 сағат таза ауада серуендегені  дұрыс.

Сабақ  кестесінде оқу пәндерін  кезектестіріп  отыру ми қыртысының қызметін басқа бағытта  жұмылдыруды көздейді, сөйтіп  балалардың қажуына жол бермейді және педагогикалық талаптарға сай келеді.

Мектеп оқушыларының  жұмысқа  қабілеттілігі оқу күні бойында және апта ішінде тұрақты болмайды. Алғашында ол артады да, одан соң, организмнің  қажуына байланысты кеми бастайды. Физиологиялық  турғыдан  алғанда  оқушылардың  жұмыс   өнімділігін  көтеру  үшін, олардың ic-әрекетін үнемі түрлендіріп,  балаларды  жұмыстың бip түрінен  екіншісіне ауыстырып отыру қажет. [3]. 

Ic-әрекет түрін  ауыстырғанда әртүрлі  талдағыштардың тітіркену сипаты өзгереді де, бұрынғы қызмет атқарып тұрған ми қыртысы клеткаларының тежелуіне (тынығуына) мүмкіндік бepin, оқушылардың жұмысқа қабілеттілігі ұзарады. Мұнда дене тәрбиелік ми­нуты мен сабақ арасындағы  үзілістер ойдағыдай септігін тигізедi. Еңбекке  баулу  сабақтары да оқушылардың жұмыскерлігін  арттырады.Мектеп жасындағы балалардың оқу-тәжірибе учаскесі мен ауыл шаруашылығы еңбегімен айналысуы организмнің күш-қуаты мен физиологиялық қызметінің артуына қолайлы әсер етеді. Сонымен бipre мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы еңбегі  және өзіне-өзі  қызмет ету жұмыстары да пайдалы. Қоғамға пайдалы еңбек пен өзіне-өзі қызмет етуге қолайлы физиологиялық талаптар қойылады. Оларды күні бойына, апта мен айға арнап қатаң нормалау және мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне, жынысына, денсаулығына,  мүмкіндіктеріне, ептіліктер  мен дағдыларына сай келтіру керек.

Балалармен  жүргізілетін  мектептен тыс істер тәлім-тәрбие жұмысының  құрамдас  бөлігі   болып табылады. Олар сауықтыру шаралары мен дене дамыту  жағынан  жетілдіру негізінде  мәдени және жақсы демалуды көздейді. Физиологиялық  тұрғыдан алғанда әpбip дене тәрбие сабағы  организмге  түсетін  күшті  бірте-бірте  арттыру  негізінде  құрылады. Оның негізгі мақсаттары: денені жаттықтыру және шынықтыру арқылы балалардың  денсаулығын нығайту, дұрыс  қимыл  дағдыларын  қалыптасыру, жылдамдық пен пен тәрбиелеу, батылдықты, табандылықты, достық, жолдастық, көпшілдік сезімін  тәрбиелеу болып саналады [2]. 

Мектеп жасы қоғамның белсенді мүшесіне айналып қалыптасатын 7 жастан 17-18 жас аралығын қамтиды. Балдырған сәбиден мектеп оқушысы еңбекке, Отанын қорғауға дайын азаматқа айналады. Дәл осы жаста біздің елімізде жалпы білім беретін мектептерде және сонымен бірге, арнайы орта және кәсіптік-техникалық орта оқу орындарында жалпы көпшілікке орта білім беру іске асырылады.

  Дене тәрбиесі сабағы оқу орындарындағы барлық оқу-тәрбие процесінің бөлігі, маңызды бағыттарының бірі болып саналады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы  және мектеп гигиенасының негіздері. Алматы,  РБК, 1993.

2.     Дүйсенбин Қ, Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003.

3.     Матюшонок   М.Т., Турик  Г.Г., Крюкова А.А.   Балалар   мен   жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. /Аудармашылар: Тәжин О. жәнс т.б. Алматы: Мектеп, 1986.