8. Педагогическая психология

Баетов Көпжасар Дүрменұлы, Филос.ғ.к., профессор

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті

Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы

 

ОҚЫТУ ПРОЦЕСIН МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ        ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕТIЛДIРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

          Әлемдiк өркениет деңгейiне көтерiлуге талпынған кез келген елдiң, ұлттың  өз мақсатына жету жолындағы басты қаруы - ұлттық рухани құндылықтарды негiзге ала отырып, әрбiр жеке адамның бiлiм алуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының „Бiлiм туралы” Заңында да бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың басты ұстанымы ретiнде азаматтардың тұлғалық, психологиялық, физиологиялық, интеллектуалдық даму деңгейiн арттыру үшiн олардың үздiксiз бiлiм алуын қамтамасыз ету мәселесi қарастырылған. [1]  Қоғамның белдi  тұлғасы болып саналатын жеке адам да сол қоғамнан тыс қалмас үшiн өзiн-өзi үнемi жетiлдiрiп отырады.

Бұл мақалада кез келген адамның үздiксiз бiлiм алуын қамтамасыз ету бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырумен тығыз байланысты. Себебi, ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерi, жаңа ақпараттық технологиялардың  мүмкiндiктерi адамның интеллектуалдық, шығармашылық, гуманистiк потенциалының даму мүмкiндiктерiн арттыруға септiгiн тигiзетiндiгi сөзсiз. Атап айтқанда:

-       ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесiне енгiзу жөнiндегi нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру;

-       компьютер техникасымен қамтамасыз етудiң әлемдiк көрсеткiштерiне   жету үшiн орта бiлiм беру ұйымдарын одан әрi компьютерлендiру;

-       орта бiлiм беру ұйымдарын интернет желiсiне қосу;

-       бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде қашықтан оқыту технологияларын әзiрлеу және енгiзу;

1)   жаңа ақпараттық технологияларды оқыту процесiне енгiзудi қамтамасыз ететiн ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыстарды жүргiзу;

2)   ақпараттық және телекоммуникация технологияларын бастауыш және кәсiптiк бiлiм саласында қолдана алатын мамандар даярлау;

-       оқытудың инновациялық технологиясын қалыптастыру;

Мультимедиалық технологиялардың таным процесiн дамыту мүмкiндiктерiн қарастыру үшiн, алдымен таным, танымның сезiмдiк және логикалық формалары ұғымдарына тоқтала кетейiк.

Адамның сана-сезiмiнiң дамуы таным процесi арқылы жүзеге асырылады. Таным дегенiмiз табиғаттағы заттар мен құбылыстардың қасиеттерi мен өзара қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесi ретiнде бейнеленуi. Таным процесiнде адамның өзiн қоршаған орта туралы алған бiлiмi тереңдей түседi, заттар мен құбылыстардың шынайы болмысын тани алады. Таным процесiнiң негiзгi заңдылықтарын гносеология таным теориясы зерттейдi. Таным теориясы арқылы болмыс жөнiнде ұғымның қалыптасуы мен дамуы, оның ақиқаттылығы мен объективтiк қатынастары айқындалады. Таным процесiнiң даму жолы да диалектикалық материализм тұрғысынан қарастырылады. Диалектикалық материализм таным процесiнде бейнелеу  ұстанымын басшылыққа алады, ал оның қозғаушы күшi практика болып табылады. Бейнелеу - танып-бiлуге тиiс объектi мен танушы субьектiнiң арасындағы қарым-қатынас.

 Теория - ғылыми танымның ең жоғарғы нәтижесi. Теория белгiлi бiр ғылым саласында басшылыққа алатын идеялар жүйесi. Теория мен әдiс философиялық iлiмнiң жүйесiн құрайды[2].

Ал, ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген болжамға негiзделген теория гипотеза болып саналады. Әдiснамалық (зерттеу әдiстерi туралы iлiм) тұрғыдан ғылыми теория мынадай мiндеттер атқарады: 1) түсiндiру объектiнiң болмысын, мән-мағынасын, даму заңдылықтарын ашу;   2) болжау теориялық зерттеу объектiсiнiң болмысын, iшкi табиғатын ашу арқылы оның болашақтағы даму бағытын көрсету; 3) әдiснамалық мiндет - әрбiр ғылыми теория ғылымның сол саласының дамуына жол ашу;   4) практикалық мiндет - ғылыми теория қоғамның дамуына, ғылым мен техниканың жетiлдiрiлуiне пайда келтiру үшiн практикада қолданылуы тиiс.

Танымның қалыптасуы ұзақ және күрделi процесс. Таным процесiнде тұлғаның өмiрге, қоғамға, болмысқа деген көзқарасы дамиды. Қоѓамдаѓы кез келген мєселені тиімді, дұрыс шеше алатын, еңбек іс-єрекетіне жєне танымдық іс-єрекетке қабілетті адамды тұлѓа деп айта аламыз.

Түйсiк деп сыртқы дүние мен құбылыстардың жеке қасиеттерiнiң адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуден пайда болатын мидағы бейнелердi түсiнемiз. Сонымен, түйсiк сананың сыртқы әлеммен байланысы.

Психологияда адамның түйсiне алу қабiлетiн сезгiштiк деп атайды. Ол абсолюттiк және айырма сезгiштiк деп екiге бөлiнедi. Абсолюттiк сезгiштiк сезiм мүшелерiнiң әлсiз тiтiркендiргiштердi, ал айырма сезгiштiк тiтiркендiргiштердiң арасындағы болмашы айырмашылықты түйсiне алудың дәрежесiн көрсетедi. Түйсiктер өзiнiң табиғаты бойынша экстерорецептивтi (сыртқы) және интерорецептивтi (iшкi мүшелер арқылы), проприорецептивтi (бұлшық еттер арқылы) болып бөлiнедi.

Ақпаратты өңдеу барысында түйсiк екi жақты әрекеттi орындайды: қандай жүйе басымдық рөл атқарады және сол үшiн қандай мақсат қойылады. Мысалы, графикалық ақпаратты өңдеуде түйсiк образды және вербальды кодтау жүйесi ретiнде қатысады, бiрақ, образды жүйенiң әсерi жоғары болады. Ал, мәтiндiк ақпаратты өңдеуде, керiсiнше, вербальды кодтау жүйесi басым болады да, образды жүйенiң әсерi аз болады. Абстрактылы ақпаратты өңдеуде толығымен вербальды жүйе қолданылады, образды жүйе әрекетсiз қалады.

Түйсiкте заттар мен құбылыстардың жеке сапалары мен қасиеттерi сәулеленетiн болса, қабылдауда олар мида тұтастай  зат күйiнде бейнеленедi. Қабылдауда заттардың және құбылыстардың формасы, дыбысы, түсi, дәмi, иiсi т.с.с. қасиеттерi тұтас күйiнде толық бейнеленедi. Қабылдау түйсiктегiдей бiр анализатордың ғана емес, бiрнеше анализаторлардың бiрлескен әрекетiнiң нәтижесi. Мәселен, сабақта көрсетiлген бейнемәлiметтi көру және есту анализаторларының өзара байланысып жұмыс iстеуi нәтижесiнде қабылдайды. Қабылдау ерiктi және ерiксiз болып екiге бөлiнедi. Ерiксiз қабылдаған ақпараттың 24 сағаттан кейiн 50%-ы ұмытылады екен. Студенттiң немесе оқушының оқу материалын өз ықтиярымен қабылдауы, оның зейiн аударуына байланысты. Зейiн аударуды сенсорлық (көрiнетiн, естiлетiн) немесе ойлау оқиғаларына ақыл-ой күш-жiгерiн шоғырландыру негiзiнде анықтауға болады. Зейiн деп адам санасының қандай да бiр нысанаға бағыттала тұрақталуын айтамыз[3].

Оқыту процесi әрқашанда студенттiң немесе оқушының меңгере алатын ақпаратынан анағұрлым көп ақпараттан тұрады. Сондықтан да үлкен көлемдi ақпарат ағынын пайдалану кезiнде студенттер мен оқушылар зейiнiн тек қажеттi мәлiметтерге аудару керек. Когнитивтi психологияның мамандары зейiн аударуға келесi факторлар әсер етедi деп есептейдi: түйсiк, адамның көзiнiң ақпаратты өткiзу қабiлетi, қызығушылық деңгейi. Қызығушылық деңгейi студенттiң, оқушының оқу материалына терең үңiлуiне, бiлуге құмарлығының оянуына түрткi болады. Оқу пәндерiн салыстыруға, сол арқылы қандай да бiр ой қорытындысын шығаруға көмектеседi. Қызығушылық   деңгейдi   жоғарылатуды   әртүрлi    стимулдарды    (мәтiндiк, дыбыстық,  бейнелiк т.б.)  бiр  оқыту  жобасына  бiрiктiруге  мүмкiндiк беретiн мультимедианы, гипермедианы қолдану арқылы қол жеткiзуге болады.

Мультимедиалық технологиялар оқу материалын тұлғаның ақпаратты жеке қабылдау ерекшелiгiн ескере отырып ұсынуды жүзеге асырады.

Оқыту процесiнде ақпаратты өңдеудiң бастапқы кезеңiн сипаттайтын бөлiмi қабылдаудың көлемiн зерттеу болып табылады. Оқу құрылымының интерактивтiлiгi, мультимедиалылығы ақпаратты қабылдау көлемiн көбейтедi.

Танымның келесi әрi жоғары баспалдағы елестету. Елестету бұрын қабылданған, бiрақ, қазiр көз алдымызда жоқ заттың немесе құбылыстың бейнесiн жаңғырту. Қабылдау адамның сезiм мүшелерiне әсер ету арқылы жүзеге асырылса, елестету бұрынғы түйсiну мен қабылдау негiзiнде орындалатын процесс.

Сонымен, танымның сезiмдiк формалары ретiнде ұғымдарды қалыптастыру сатыларының сұлбасы мынадай жүйеде құрылады: түйсiк ® қабылдау ® елестету.

Ендi, танымның логикалық формаларын қарастырайық. Ұғым, пiкiр, ой қорытындысы танымның логикалық формаларына жатады. Танымның сезiмдiк және логикалық формалары өзара тығыз бiрлiкте болады.

Сонымен, оқыту процесiнiң басты мақсаты - студенттер мен оқушыларға табиғат пен қоғам жөнiнде ғылымда жинақталған бiлiмдi меңгерту, сол бiлiмдi өзiнiң күнделiктi өмiрiнде дұрыс пайдалана алатын iскерлiк, дағды қалыптастыру деп айта аламыз.

Танымның түйсiну, қабылдау, елестету сияқты сезiмдiк формалары арқылы бiлiм меңгерiледi десек, ұғым, пiкiр, ой секiлдi танымның логикалық формалары  арқылы   ебдейлiк,  ал,  танымның   iс-әрекет  секiлдi практикалық формасы арқылы дағды қалыптасады.

Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесiн жетiлдiрудiң мәселелерiн шешуге бағытталған бiр қадам болып табылады. Сондықтан да  бұл мәселелердi түбегейлi шешудiң жолдарын iздестiру, зерттеудi онан әрi жүргiзудi  талап етедi. Зерттеу нәтижесінде болашақта мынадай шаралар жүзеге асуы қажет деп таптық:

- жекелей пәндердi оқыту әдiстемесiнде  мультимедианы пән ерекшелігіне сай тиімді  қолданудың  жолдарын іздестіру;

- әрбiр  педагогикалық мамандықтың ерекшелiгiне сәйкес болашақ мұғалiмдердi мультимедиалық технологияларды пайдалануға даярлау мәселелерiн зерттеу.

Әдебиеттер

  1. Закон  „Об образовании” РК. - Астана, 1999.

  2.Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған   

     мемлекеттiк бағдарламасы//Егемен Қазақстан, 16 қазан, 2004.

 3. „Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың” мемлекеттiк бағдарламасы. - Астана,  

     1997.

 4. „Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiмдi ақпараттандырудың” мемлекеттiк бағдарламасы. - Астана, 2001.