Жекеева С.С., Марал Г.А.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан

Кәсіпорындарға автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуде туындайтын мәселелер

Бүгінгі таңда компьютерлік технологияларды қолданбай  кәсіпорындарды тиімді басқару мүмкін емес. Бағдарламалық өнім мен әзірлеуші-фирманы дұрыс таңдай білу - бұл бухгалтерлік есептің автоматтандырылғандығын белгілейтін бірінші баспалдақ. Бүгінгі күні ақпараттық жүйе (АЖ) таңдау мәселесі  төл мәселеден стандартты рәсімге айналып барады. Бұл жағдайда Қазақстандық кәсіпорындар шетелдік кәсіпорындарға қарағанда біршама артта қалуда. Шетелдік кәсіпорындар, әдеттегідей, АЖ енгізуде және модернизациялауда  бірнеше ағымдық тәжірибеге ие. Дамыған батыс елдерінде төртінші АЖ ауысымы іске қосылуда. Ал Қазақстандық кәсіпорындарда негізінен бірінші немесе екінші ағымдық жүйе қолданылады.

Көптеген Қазақстандық кәсіпорындардың басшылары қазіргі аралас компьютерлі жүйе туралы өте аз біледі және стандартты басқару есептерін шешу үшін жеке бағдарламалар даярлайтын, арнайы бағдарламашылардың  үлкен штатын ұстайды.

Көптеген отандық басшылар үшін аса тиімді  компьютер жүйесін таңдау шешімі жаңалық болып табылады, ал бұның салдары кейінгі бірнеше жылдарға кері ықпалын тигізеді. Себебі, бұл кәсіпорын талаптарына (масштабы,бизнес ерекшелігіне және т.б.) сай келетін аралас АЖ қолдану арқылы басшыларға шығындарды азайтуға және кәсіпорынды толығымен басқаруға мүмкіндік бере алады.

Бірнеше жылдардан бері кәсіпорындарды автоматтандыру ұғымының астарында тек компьютерлендіру мен корпаративті жүйе жасау ғана емес, сонымен қатар компьютерлер де, жүйелер де, бағдарламалық қамтамасыздандыру да, ал ең бастысы ақпараттық тасқынды ұйымдастыруды жасайтын ақпараттық жүйе болып табылады. Қазақстандық кәсіпорындарға ақпараттық жүйе (АЖ) енгізу тәжірибесін сараптай келе, кез-келген аралас өнім өндірісінде АЖ толығымен енгізілмейді немесе компания басшылығы оны мүлдем қолданылмайтындығын байқауға болады [1].

Бүгінгі күнгі іске қосылған енгізулерді сараптау бойынша, АЖ жасаудың бірнеше сәтсіздіктерін көруге болады:

1. Біріншіден, дайын батыс жүйелер нақты компанияның нақты құрылымынан алшақ идеалды бизнесс-процесстерге бағытталғандықтан. Ал нақты ұйымдар, компаниялар мен корпорациялар идеалды емес,керісінше басқару иерархиясы көзқарасынан өте ауыр болып келеді. Сонымен қатар, формалды иерархия көбінесе нақтымен тығыз байланысады.

2. Екінші себебі – ол тарихи тұрғыдан жүйелерді жасаумен бағдарламашылар айналысқан, сондықтан олар автоматтандырылған жүйелеу теориясына байланысты құрылған. Адамды есепке алмайтын, бітеу автоматтандырылған процесс жасалды. Нәтижесінде бұндай жүйе бар орта менеджментті қабылдамады. Сондықтан орта буын басшылары бұндай жүйені енгізуге қарсы болады.

3.Үшіншіден – бұл нақты мәселелер сараптамасының жобалау баспалдағында жеткіліксіз болуы. Мысалы, Батыста, негізінен АҚШ, тапсырыс беруші компанияларда, әдеттегідей автоматтандыруды жоспарлайтын және сараптайтын, яғни не керек, не тиімсіз, жүйе жалпы қалай құрылған және ол қандай әрекеттер жасайтындығын белгілейтін арнайы бөлімшелер бар. Ал отандық компанияларда бұндай бөлімшелер жоқ [2].

Тәжірибе бойынша, егер тапсырыс беруші толығымен жүйені білсе және оның қалай жұмыс істейтіндігін түсінсе ғана жоба жетістікке жете алады. Бұл дәстүрлі әдістердің ішіндегі ең қиыны, тек кәсіпорын басшысы жобаға зейін қойса, оның барлық ерекшеліктеріне назар аударып, кәсіпорындағы барлық бизнесс үрдістерді ұйымдастыруды толығымен түсінсе ғана нәтиже көзге көрінеді. Бұл болмаса, басшы жүйе шығаратын сандарға сенбеушілікпен қарайды, себебі ол бұл сандардың неден шығатындығын және бұған кім жауапты екендігін білмейді.

Бүгін ақпараттық жүйе жасауға жаңаша тұрғыдан келу керек. Жаңашылдығы, арнайы бір аралас өнімді жасау жүйесінде емес, жүйені нақты жобалап, содан соң арнайы бағдарламалық есептеулер арқылы іске қосу болып табылады.

Көбінесе, автоматтандыруға мынадай көзқарастан қарайды: барлығын автоматтандыру керек, сол себептен күшті аралас жүйе сатып алып, оны модульден модульге енгізу. Бірақ содан кейін ғана қаражаттың босқа жіберілгендігін және алынған нәтиженің ойдағыдай емес екендігін байқайды. Тәжірибе жүзінде компанияның нақты бір мәселесін шешу үшін электронды пошта мен Excel білген жеткілікті болады. Кей кезде тек бірнеше арнайы және арзан қосымшаларды енгізіп, оларды аралас платформа базасында немесе тиісті жерінде байланыстырып, ERP-системы жұмысын қолдану жеткілікті болып келеді. Бұл сұрақтардың барлығын жобалау кезінде шешіп алған жөн, яғни күтілетін нәтижені шығындармен салыстыра отырып автоматтандыру құралдарын таңдау қажет.

Қорытындылай келе, тапсырыс берушіге және тапсырыс жеткізушіге АЖ жасау үшін кез келген ПО таңдамай тұрып, нені автоматтандыру керек екендігіне сараптама жасап алып, содан соң бірақ жобалаумен айналысу керек. Басқаша айтқанда, тек нақты жобалауға дейінгі зерттеу, содан соң бірақ нақты компанияны басқару құрылымының барлық ерекшеліктерін есепке ала отырып жобалау арқылы ғана барлық тапсырыс берушілер мен жүйелік интеграторлар ұмтылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуден тиісті нәтиже шығады.

 

Әдебиеттер:

1.                 Васкевич Д. Стратегии клиент/сервер. - К:"Диалектика", 1996.

2.                 Дейт К. Введение в системы баз данных. - К:"Диалектика", 1998.