әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

халықаралық қатынастар факультетінің

халықаралық құқық кафедрасының

аға оқытушысы А.С. Тойшыбеков

 

Халықаралық конвенцияларда халықаралық бала асырап алудың құқықтық реттелуі

 

Халықаралық бала асырап алу үдерісіне жаңа мемлекеттер қосылып отырады. Әдетте, осындай мемлекеттерде, осы қатынастарды реттейтін арнайы заңнамалары болмайды, нәтижесінде көптеген заң бұзушылыққа әкеліп соғады. Яғни, халықаралық бала асырап алуды реттейтін нақты құқықтың нормаларын бұзбай (өйткені мұндай нормалар жоқ), адам құқықтарын, адамгершілік нормаларын немесе иммиграциялық заңнамасын бұзады. Осындай бұзушылықтар БҰҚ-на жеткен кезде, мемлекетте жанжал пайда болып, соңында халықаралық бала асырап алуға байланысты арнайы заңнаманың шығарып және оны қабыладауға әкеліп соғады. Бұл жайт Кореяда, Үндістанда, Бразилияда және көптеген басқа мемлекеттерде болған. Оңтүстік Еуропадағы алғашқы және әйгілі жанжалдың бірі 1991 жылы Румынияда болған. Көп жылдар бойы бұл  мемлекетте түсікті алып тастау тыйым салынып, қалаусыз балалар саны өскен, бірақ бала асырап алу құбылысы өте сирек болған. Румынияның заңнамасында халықаралық, сонымен қатар ішкі бала асырап алу тәртіптерінің  толық регламентациясы болған емес. Саяси режим ауысқаннан кейін, орта табысы бар батыс елдерінің азаматтары ақылы бала асырап алып, көптеген ата-аналар өздерінің балаларын асырап алуға беріп отырған. Делдалдарсыз бала асырап алу, асырап алушыларға, арнайы агенттіктер арқылы асырап алуға қарағанда арзанға түскен.

Батыс елдердің БАҚ және құқық қорғау ұйымдары Румыниядан көптеп бала асырап алуға сонымен қатар заңсыз, адамгершіліксіз әрекеттерге қарсы ірі компания ұйымдастырған. Румыния Үкіметі осы мәселені кезінде байқамағандай, румынияның балаларын шетелдіктермен асырап алуға тыйым салып, жедел түрде жаңа үкіметтік жүйесін қалыптастырған. Ол, елдегі барлық халықаралық бала асырап алуға байланысты рәсімдеу мен оларды дайындау қызметін атқаратын, бала асырап алу жөніндегі Ұлттық Комитет. Сол кезде неке және отбасы Кодексіне өзгертулер енгізілді. Осы мақсаттарға арналған үкіметпен бөлінген ақшасы сонда да аз болды. Румыния бала асырап алуға байланысты ақша сомасын өндіріп алудан бас тартып, халықаралық бала асырап алудың рәсімделудің ауыр шығынын толығымен салық төлеушілерге жүктеген [1, 261-265 б.].

Румыния, балаларды сатуға байланысты айыпты тоқтау мақсатында қатал шараларды қолданған.

Бала асырап алу туралы ең тиімді, Оңтүстік Кореяның заңнамасы болып табылады. 1976 жылы бала асырап алу туралы арнайы актіге сай, шетелдіктермен кореялық балаларды асырап алу, баланың тұрғылықты жеріне байланысты сотта жүзеге асырылады. Балалар мен асырап алушыларды таңдаумен лицензиясы бар кореялық агенттіктер айналысады. Ал бақылауды, қадағалауды, методикалық басқарма мен халықаралық бала асырап алуға қатысты мемлекеттік саясатын анықтаумен әлеуметтік қорғау мен Денсаулықты қорғау Министрлігі айналысады. Сәйкесінше, мемлекет халықаралық бала асырап алуды жедел ұйымдастыру мен шығынның ауыртпалығын өзіне жүктемейді. Бұл балаларды жанұяға сеніміді орналастыруды жақсы жағынан танытқан, мемлекетті шығынға ұшыратпайтын екі он жылдықпен тексерілген жүйе.

Румыния мен Оңтүстік Кореяның заңнамаларында қазіргі уақытта қалыптасқан тенденциялары, шетел балаларын өз азаматтарымен асырап алу үшін қабылдамай, өздерінің балаларын шетел азаматтарына асырап алуға беріп отырған, елдерде халықаралық бала асырап алу бойынша ұлттық заңнамалары қалыптасқан кезде көрініс тапқан. Бұл көбінесе Латын Америка, Африка мен Азияның дамушы және кезінде социалистік ел болған Шығыс Европа мен Азия елдері.

Бала асырап алудың өзіндік «ретке келтіру факторы» ретінде ұйымдардың қалыптасуы маңызы зор. Олар: Бала асырап алудың ұлттық комитеті (Румыния), лицензияланған агентстволар (Солтүстік Корея), тәуелсіз делдалдар (Италия), соттар (Оңтүстік Корея). Ресейде аккредетитті алмаған қоғамдық және жеке ұйымдар, қызмет етуге тыйым салынады. 

Ресейдің азаматы болып табылатын азаматтарға, бала асырап алуға рұқсаты,  бала тұрып жатқан территориясындағы Ресей Федерациясының атқарушы билік органдарының субъектілерімен беріледі. Уақыт өте келе, әр түрлі мемлекеттерде бала асырап алу туралы арнайы заңнама актілері пайда бола бастады. Шетел балаларды асырап алуға қатысты коммерциялық қызметті тоқтату мен балаларды ұрлауға қатысты құқыққа қарсы әрекеттері, 25 қазандағы  «балаларды ұрлау азаматтық аспкетілері туралы» қабылданған Гаага Конвециясында қарастырылған. Қатысушылары: Франция, Канада, ГДР, Швейцария, АҚШ, Испания, Польша, Греция, Израиль, Грузия, Түркменстан және тағыда басқа мемлекеттер. Конвенция, келісуші мемлекеттерде ұсталып отырған немесе заңсыз қоныс аударған балаларды шұғыл түрде қайтаруды қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, қорғау құқығы немесе келісуші бір мемлекеттің құқығы басқа мемлекетте сақталуын қамтамасыз етуі кепілденген. 

Халықаралық жеке құқықтың шетелдік бала асырап алу саласының  даму тенденциясы болып, сәйкес істердің сот өндірісі табылады. Мысалы Финляндияның 1979 жылы қабылданған «бала асырап алу» туралы Заңына сай, оның тәртібі екі кезеңге бөлінеді: консультация беру мен сот шешімі бойынша бала асырап алуды растау. Консультацияның басты мақсаты, сот бала асырап алуды растағанша, баланың мүдделерін бақылау мен оның ата – аналарына, бала асырап алушымен келіссөздер жүргізу және әрекеттер арқылы көмек көрсету. Қажет жағдайда консультация, бала асырап алу толығымен болған соң да берілуі мүмкін.

Шотландияның 1978 жылғы Заңы бойынша, сот өз юрисдикциясымен, бала (қыз баланы ) асырап алушылармен берілген арызы бойынша, оларға ата-аналық құқытары мен міндеттері берілуі туралы бұйрық шығарады. Осындай бұйрық биологиялық  ата-аналарымен, қамқоршыларымен, бала мен ата-ананың арасындағы өзара барлық құқықтары мен міндеттерін жояды. Бірақ, егерде шартпен немесе басқа да құжатпен, қамқоршының құқығы бала асырап алу туралы бұйрығымен жойылмайды делінсе, онда қамқоршының құықтар мен міндеттері тоқтатылмайды. Бала асырап алу туралы арызды, тұрғылықты жері Ұлыбританияда, 21 жасқа толған ерлі-зайыптылар мен некеге тұрмаған жеке тұлғалар да бере алады. Бала асыранып алу үшін қамқоршысы мен ата – ананың рұқсаты қажет. Егерде ата – аналар өздерінің міндеттерін атқармаған жағдайда рұқсаты қажет етілмейді [2, 71-72 б.].

Қарастырып отырған мәселе, әр түрлі мемлекеттердің арасындағы екі жақты ынтымақтастық, аймақтық және басқа да дәрежедегі көлемде көрініс тапқан. Осындай шарттардың жалыпы саны көп емес. КСРО-да , кейін РФ ратификацияламаған, 1965 жылы «Бала асырап алудың шешімдерін мойындау мен қолданатын құқытың юресдикциясы» туралы Гаага Конвенциясы қабылданды. Мұнда, бала асырап алудың іс жүргізу аспектілері, соның ішіндегі бала асырап алудың ісін шешу саласында, қатысушы – мемлекеттердің органдарына құзіреттерін бөлу критериилері орын тауып, ал басқа мәселелері қарастырылмаған. Конвенция бала асырап алушы мен асыранушыға арналған талаптар бекітеді.

Ең маңызды конвенциялардың бірі болып, келесілері табылады:

·                        1989 жылы 20 қарашда қабылданған БҰҰ ның «Бала құқықтар туралы» Конвенциясы;

·                        1993 жылы 29 мамырда қабылданған «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастығы туралы» Гаага Конвенциясы [3];

·                        1967 жылы 24 сәуірде қабылданған «Бала асырап алу туралы» Европа Конвенциясы [4];

·                        1980 жылы қабылданған «Халықаралық балаларды ұрлау азаматтық аспектісі  туралы»  Конвенциясы [5].

1989 жылы 20 қарашда қабылданған БҰҰ ның «Бала құқықтар туралы» Конвенциясында бала (қыз баланы) асырап алудың жалпы қағидалары анықталған. 1994 жылы Қазақстан Республикасы бұл конвенцияға қосылған.

Конвенцияның 21 бабына сай, қатысушы мемлекеттер бала асырап алу кезінде, ең алдымен баланың мүддесі туралы есебімен қамтамасыз етіп отыру қажет:

·                        Бала асырап алу, қолданылатын заңнамалары мен тәртіпке сай тек қана құзырлы билікпен жүзеге асырылуы қажет;

·                        басқа мемлекетте бала (қыз баланы) асрырапу алу, балаға күтім жасаудың альтернативті әдісі ретінде қарастырылуы мүмкін, егер бала жанұяның тәрбиесіне берілмесе немесе орналастарыламаса, егер бала туылған мемлекетте балаға кез келген қолайлы күтімнің жасалуы мүмкін болмаса;

·                        мемлекеттің ішінде бала (қыз баланы) асырап алуға қатысты қандай кепілдер мен нормалар қолднылса, дәл сондай нормалар мен кепілдер басқа мемлекетте баланы (қыз баланы) асырап алуды жүзеге асырған кезде қолданылуы қажет;

·                        басқа мемлекетте бала (қыз баланы) асырап алынған жағдайда, баланы орналастыру , сол тұлғаға қатысты ақталмаған қаржылық пайдаға әкелмеуін қамтамасыз ету үшін, мелекет барлық қажет деген шараларды жасауы тиіс [6].

«Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы» Конвенцияға Гаагада 1993 жылғы 29 мамырда қол қойылған және «Баланың құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясы, «Әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы» БҰҰ декларациясы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1986 жылғы 3 желтоқсандағы 41/84 қарары негізінде қабылданған,  52 елмен қол қойылып, 76 елмен ратификацияланған.

Конвенция асырап алынатын баланың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оның негізгі құқықтарын құрметтеу және балаларды ұрлау, сату немесе олармен сауда жасаудың алдын алу, сондай-ақ екі мемлекет тарапынан бала асырап алу процесінің заңдылығын және баланың ең жақсы мүдделерін ескере отырып, баланы бала асырап алушылардың отбасына орналастыру және оның негізгі құқықтарын құрметтеу және балаларды ұрлау, сату немесе олармен сауда жасаудың алдын алуды бақылау мақсатында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге шақырады.

Конвенция алғаш рет халықаралық бала асырап алуды, халықаралық және үкіметаралық танып ресми қалыптастырған. Конвенця ратификациялаған мемлекеттерге, бала асырап алу мен баланы таңдау үрдісін реттеу үшін, Конвенцияның жағдайдын бақылап отыратын орталықтанған органды құруға ұсынады. Сонымен қатар осы мәселемен айналысатын (аккредитациядан өткен жеке тұлғалар мен балаларды жанұяға орналастыратын агенстволар) арнайы  институыттын құруға ұсынады. Конвенцияда көрсетілгендей, келісуші мемлекеттерде бала асырап алудың тануын қамтамасыз етудің, шетелдік бала асырап алу баланың мүддесімен жүріп жатудың кепілі болып табылады. Конвенция қатысушы мемлекеттердің орталықтанған органдардың, олармен уәкілденген ұйымдардың міндеттерін және бала асырап алудың тәртібін реттейді. Бала асырап алудың Конвенциясының 23 бабына сай, сол мемлекетте қалыптасқан құзырлы органдамен куәландырған мемлекет, осы Конвенцияға сай, басқа Келісуші Мемлекеттерде заңдық күші бар деп саналады. Егер бала асырап алу, баланың мүдделерін есепке ала отыра, сұратушы мемлекеттің жария тәртібіне қайшы келген жағдайда ғана бала асырап алуды танудан бас тартылуы мүмкін (24 бап). Бала асырап алудың салдары анқталады. Халықаралық бала асырап алу қызметіне байланысты ешбір адам қаржылық ақталмаған немесе өзге де пайда табуды көздемеуі қажет (32 бап).

1993 жылға Конвенцияда шетелдікпен  бала асырап алу анықтау тәртібі анықталады. Олардың ең негізгісі әрине, баланың тұрғылықты тұрып жатқан мемлекетінде орналасытруға қарағанда, шетелдікпен бала асырап алу баланың мүддесіне жауап беруі туралы қортытынды болып табылады [7].

Конвенцияның қағидалары мен негізгі жағдайлары:

Мақсаты: Халықаралық бала асырап алуға қатысушыларды, балаларды, биологиялық ата-аналарын мен бала асырап алушыларды қорғау, сонымен қатар балалар саудасы мен басқа да зұлымдықтарды болдырмау.

Конвенцияда, алғаш рет  халықаралық бала асырап алудың, халықаралық және үкіметаралық тануы ресми түрде қалыптасқан.

Конвенция балаларды орналастарудың келісідей артықшылықтарды атап көрсетеді:

1.                     Мемлекет, бала өзінің жанұясының қамқорында қалу үшін мүмкін деген шараларды қабалдау керек. (Преамбула)

2.                     Бала туылған елде асырап алу

3.                     Халықаралық бала (қыз баланы) асырап алу

Конвенция қатысушы-мемлекеттердің арасында балаларды асырап алу үшін минималды стандарттар мен шараларын, сонымен қатар баланың

мүддесіне сай келетін халықаралық бала асырап алуды қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік шараларын анықтап отыр.

Әрбір ел, Конвенцияға сай анықталған міндеттерді орындайтын және сол елдің байланыс жасайтын ұйымы болып табылатын орталықтанған мемлекеттік органды тағайындау қажет. 6-9 баптар.

Жіберуші мемлекерт, «қандай балалар асырануы және биологиялық ата-аналардың жаұяларынан шығарылу мүмкін», деген анықтауларына жауап береді. Мемлекеттер, барлық бала асырап алуға қатысатын жақтардан «еш бір ақысыз» келісімдерін алуды қамтамасыз ету кажет. 4 баптың  b және 3 тармақары.

Қабылдаушы мемлекет, бала асырап алуыларға консультация алу мүмкіндігін қамтамасыз ету және үміткерлердің бала асырап алуға қатысты талаптарына сай келуін анықтауы қажет. 5 баптың а және б тармақтары.

Конвенция жоғарыда келтіріп өткен 5 және 4 баптарына сай шарттарды орындамағанша, болашақ бала асыра алушылар мен биологиялық ата-аналармен немесе қорғаншылар арасындағы кез келген қарым-қатынастарына тыйым салады.

Жіберуші елдің бала асырап алушылардың орталықтанған органдарынан мыналарды талап етеді:

1.                     Баланың шығу тегіні туралы ақпараты бар есебін дайындау. (жеке басын, бала асырап алудың заңи мүмкіндігі, биографиялық мәліметтер, әлеуметтік қоршаған ортасы, жанұялық мәліметі, медециналық мәліметі, баланың ерекше қажеттіліктері мен жанұясы жайындағы мәліметті қоса алғанда)

2.                     Заңнамаға сәйкес, болашақта бала бұл ақпаратқа жіберілуі үшін баланың шығу тегі мен биологиялық ата-аналардың мәліметі туралы, медециналық ақпаратты сақтау қажет.

3.                     Жіберуші мен қабыладушы мемлекеттер, бала асырап алумен байланысты заңсыз қаржылық пайданы болдырмау мен Конвенцияға қайшы келетін барлық тәжірибені жою шараларын қолдану қажет. 8 бап.

Бала асырап алу жөнінде қызмет көрсететін агенстволар мен жеке тұлғалар, орталықтанған органдардан аккредитацияланған немесе орталықтанған мемлекеттік органмен анықталған аккредитациялық ұйымнан

рұқсат алған кезде ғана, бала асырап алудың бөлек жағдайларын өткізуге өкілеттілігін иелене алады.

Бала (қыз баланы) асырап алу жіберуші мемлекеттің жарлығымен шеліген болса, Конвенцияның басқа да қатысушы – мемлекеттерінде танылуы қажет. Осы жағдайда ғана, қабылдаушы мемлекетте қайтадан бала асырап алуды қажет етпейді [7, 1-14 б.].

1967 жылы 24 сәуірде қабылданған «Бала асырап алу» туралы Европа Конвенциясы Страсбург қаласында жасалды. Оны көбінесе бала асырап алу туралы салдары мен материялды – құқықтық нормаларды унификациялауға бағытталған 18 мемлекет ғана ратификациялаған (Австрия, Ұлыбритания, Германия, Греция, Дания, Италия, Латвия және тағыда басқа). Осы Конвенцияда бір мемлекетте жасалған бала (қыз баланы) асырап алу, басқа қатысушы мемлекетте орныдалу шарттары анықталған. Конвенция асырап алынған бала, асырап алушының туған баласындай құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Яғни, 18 жасқа толмаған, некеде тұрмаған және заңмен кәмелеттік жасқа толмаған деп анықталған балаларды асырап алу деген сөз [4].

1980 жылы қабылданған «Халықаралық балаларды ұрлау азаматтық аспектісі» туралы Конвенциясы. 1980 жылы қабылданған Конвенцияда бекітілген негізі мәселелерінің бірі, қатысушы мемлекеттің бірінде ұсталып отрыған немесе заңсыз көшірілген балаларды қайтаруды қамтамасыз ету. Мүдделі тұлға баланы қайтару үшін аранйы өтінішімен бару қажет: осы Конвенцияда өтініш берушінің жеке мәліметтері бар құжаттарды және өтнішті ұсыну тәртібі, баланы заңсыз көшіргендігі туралы ақпараты мен жағдайы бекітілген. Өтініш, балаларды қайтару шараларын жүзеге асыру үшін, осы Конвенцияның қатысушыларымен арнайы қалыптастырған, мемлекеттердің орталықтанған органдарына берілуі керек. 

Баланы ұстау мен заңсыз көшірілуі орын тапса, бұл мәселе сұратып отырған мемлекеттің сот немесе әкімшілік органымен шешіледі. Бұл мәселені қарастыру үшін 6 апталық мерзім белгіленген. Сонымен қатар, мәселенің шешілуіне қармастан, бала заңсыз көшірілген (немесе ұсталған) күннен бастап бір жыл өткен соң, бала қайтаруға жатқызылады. Баланы заңсыз көшірілуіне қарамастан, шетел мемлекетте оның өмір сүру жағдайы өте жағымды болса, баланың қайта оралуы оған физикалық немесе психикалық зақым келтіру мүмкіндігі туралы дәлелдерді келтірген болса, баланы сол мемлекетте қалдырудың ең негізі себебінің бірі болып табылады. «Көшірілу» немесе «ұсталу» түсігінің квалификациясы, сонымен қатар осы анықтамалардың заңсыз әрекеттері ретінде, қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында емес, конвенцияның жағдайларымен анықталады [9, 40-47 б.].

1980 жылғы Конвенция, қорғаншы және қамқоршы мәселесін реттелуіне байланысты жағдайларды қарастырмайды. Дегенмен, Конвенцияның 3 бабында, қорғаншы құқығы баланың тұрғылықты жерінің мемлекетінің сот шешімінің немесе заңның негізінде пайда болуы туралы коллизиялық нормалары бекітілген. Осыдан, қорғаншы (немесе қамқоршылықты) орнату және қамқоршы бола алатын тұлғаларға шарт қою үшін , сонымен қатар балалардың бөлек категориясын қосымша шарттарының негіздері, бала тұрғылықты тұрып жатқан жері бойынша емес, мемлекеттің құқығы бойынша анықталады деген сөз.

1980 жылғы Конвенциядағыдай 1993 жылғы Конвецияда да әрбір қатысушы мемлекетте бала (қыз баланы) асырап алуға қатысты мәселелерді реттеу қызметіне жататын, орталықтанған органның мекемелері қарастырылған: асырап алушы бала (қыз баланың) туралы ақпаратты ұсыну; конвенция шарттарнының орныдалуын бақылау; баланы уақытқа қорғаншылыққа алу туралы шараларын ұйымдастыру [10, 334 б.].

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.                     Семейное право зарубежных европейских социалистических стран. – М., 1979. – 309 с.

2.                      Жайлау Ж. Международное усыновление: национальное законодательство Республики Казахстан и международный опыт.// ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы.- 2004. № 2 (14). - 71-72 бет

3.                      Конвенция о защите детей и сотрудничестве в области межгосударственного усыновления (Гаага, 29 мая 1993 г.).// http:// www. revolution.allbest.ru/law

4.                      Европейская конвенция об усыновлении детей (Страсбург, 24 апреля 1967 г.) (утратила силу).// http://revolution.allbest.ru/law

5.                      Конвенция «O гражданских аспектах международного похищения детей» 1980 г. Конвенция «O защите детей и сотрудничестве в отношении иностранного усыновления»1993 г. //http://revolution.allbest.ru/law

6.                      Конвенция ООН о правах ребенка от 20 ноября 1989 года. //http:// www. urlit.ru

7.                     Казахстан ратифицировал конвенцию о защите детей и сотрудничистве. Источник: ИА Новости Казахстан, 14 мар 2010.//http://www. resurs.kz/news/detail/1403

8.                      Издание Департамент программ и услуг холт интернешнл чилдренз сервисез. Альтернативы и лучшие варианты регулирования международного усыновления. 16 ноября 2009. -1-14 c. // http: //www. holtinternational.org

9.                      Дюжева О.А.: Проблемы законодательства о международном усыновлении // Государство и право. 1995. N 6. С. 40-47

10.                  Корнеева И.Л. Семейное право. Практикум. — М.: «Юристъ», 2000. – 350 с.