СЕЙІТЖАҒЫПАРОВА Ш.Ж.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
Мемлекеттік университетінің магистранты
ЖАҢА
ЖАҒДАЙДА ҰЙЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
халыққа жасаған жолдамасында түпкі
мақсат ретінде экономиканың
бәсекелестігін арттыру негізінде экономикалық
өсудің қалыпты және жоғарғы
қарқынына жету деп белгіледі.
Әлемдік экономиканың ғаламдану сатысында
еліміздің экономикасында өзінің шешімін күтіп
тұрған бірнеше мәселелерді атап көрсетуге болады.
Оларға экономиканың шикізатқа бағыттануы; әлемдік
экономика жүйесінде, еліміздің ішіндегі салааралық және
регионаралық интеграцияның әлсіздігі; ішкі
нарықтағы тауарлармен қызметке деген тұтынушылар
сұранымының кемдігі; өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымның дамымауы; кәсіпорындардың жалпы
техникалық және технологиялық деңгейде артта калуы;
ғылым мен өндірістің тиімді өзара байланыстарының
үзілуі; ғылыми-зерттеу және тәжірибе -
конструкторлық жұмыстарға қажетті көлемде
қаржының бөлінбеуі тағы с.с. жатады. Аталған
мәселелерді шешу жолдарының негізі ретінде Қазақстан
Республикасының 2003-2015 жылдары индустриялды - инновациялық даму
стратегиясын іске асыру нәтижесінде ұлттық инновациялық
жүйе құру болып табылады. Бұл жүйенің
негізгі элементтеріне ғылыми-техникалық саласы,
кәсіпорындардың инновациялық қызметі және
инновациялық инфрақұрылым жатады. Әр элементтің
атқаратын рөлі өте маңызды, дегенмен бұл
мақалада ұлттық инновациялық жүйеде
бастапқы элемент ретінде кәсіпорындардың инновациялық
қызметін сипаттап, жаңа техника мен технологияны өндіріске
енгізудің экономикалық тиімділігін шешу бағыттарын анықтаймыз.
Жалпы алғанда ұйымның инновациялық
қызметіне:
Ø
зерттеу мен өндірісті жаңа технологиялық деңгейде
дайындау;
Ø
ұйымдастыру, жаңа өнімдерді жобалау;
Ø
оларды өндіру алдындағы жұмыстарын жүргізу;
Ø
жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін
мамандарды қайта оқытып үйрету;
Ø
нарық коньюктурасын алдын-ала сараптау;
Ø
жаңа өнімнің өміршеңдік цикл
ұзақтығын анықтау мақсатымен маркетингтік
зерттеулер жүргізу;
Ø
өндірісті қайта жарақтандыру үшін
алдыңғы қатарлы машиналар, жабдықтар,
технологиялық желістерді сатып алу;
Ø
лицензиялар, ноу-хау, патент бойынша құқықтарды
иемдену тағы с.с. жатады.
Дамыған елдер
экономикасының
қайта құрылуының тарихи тәжірибесі
ең алдымен - инновация және оның жіктелуі, инновациялық
үрдіс, оны құраушы, инновациялық қызмет
және оның сипаттамасы сияқты инновацияның негізгі
категорияларын білуді қажет етеді. Экономикалық
категорияларға жасалған талдаудың мәліметтері,
зерттеудің анықталған ерекшеліктері мен жаңа
технологияны пайдалану шаруашылық тұлғалардың
инновациялық дамуының қазіргі замаңғы
тұжырымдамасын айқындайды.
Іргелі және
қолданбалы ғылымдар, технологиялар, ғылыми-техникалық
зерттеулердің дамуы мен ғылыми-техникалық революцияның
қол жеткізген жетістіктерін пайдалану ғылым мен техниканың
болашағын жүйелі, түбегейлі болжамайынша іске асуы
мүмкін емес. Әрине, инновациялық экономиканың
барлық саланы қамтуы жағдайына орай бұл процесс белгілі
дәрежеде дамыған мемлекетте немесе корпорацияда ғана
жүзеге асуы мүмкін.
Инновациялық
экономиканың мазмұнын негізгінен базалық түсініктемеден
бастағанымыз дұрыс.
Тура мағынасында инновация
(ағылшынның - innovasion) қазақ тілінде жаңаны
енгізу, жаңа нәрсені пайдалану үрдісі немесе ойлап табу мағынасын
береді. Жаңа идея немесе инновация (ағылшынның - іnnovasion)
жаппай қолдануға қабылданған сәттен бастап
жаңа сапаға ие болады. Бұндай өзгеріс
инновациялық үрдіс деп аталады, ал инновацияны нарыққа
енгізу - коммерциялау деп аталады. Жаңа идея тек ғылыми-тактикалық
жаңалығы болған кезде, өндірістік сатылым және
экономикалық тиімді болған кезде ғана жаңа технология
түріне немесе жаңа өнім түріне көше алады.
Инновация XIX ғасырда пайда болды деп саналады. Бастапқы
кезеңінде ол кейбір элементтердің бір жүйеден екінші
жүйеге енуі түрінде болды. Инновация заңдылықтарын
үйрену тек XX ғасырдың басында ғана қолға
алынды.
1911 жылы австрия, кейін американ ғалымы болған Йозеф
Шумпетер "Экономика теориясының дамуы" еңбегінде
инновация туралы ұғымды ғылыми айналымға
енгізді. Ол инновация
үрдістері туралы былай дейді: жаңа технологияны қолдану
кезінде пайда болатын жаңа өнімдер өндіріске жіберіледі,
жаңа сатылым нарықтары, жаңа шикізат пайда болады және
жаңа комбинациялық үрдістер ғылыми айналымға
енеді.
Жаңа нәрсені ойлап табу, жасау
әрқашанда қиын
және жаңа затты сату ісі
өзіндік ерекшелігі бар экономикалық қызметті көрсетеді, сондықтан да, барлық жаңа зат күнделікті үйреншікті құбылыстардан айрықша болуы себепті ол кез
келген ортада өз бағасын, өзіне лайықты орнын алуы
қажет".
Сонымен XX ғасырдың
үш онжылдығында әсіресе, технологиялық және
әлеуметтік-мәдени салаларда инновация теориясының іргетасы
қаланды.
Қазіргі заманның
өндіріс күштерінің даму үрдісіне заман өзгеруі
келіп қосылды: индустриаландыру процесі аяқталуға
жақын, ал оның орнына электрлі технология да келді.
Техниканың-ұйымдастырушылық
деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру
көрсеткіштері және өз деңгейінің
көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның,
ұйымдастырудың, басшылықтың және
ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар
жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға
айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру
деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану
деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек
құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да,
мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну,
айналым қаражатының айналымдылығы ретінде
өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды
қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық
деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы аталған
көрсеткіштер қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп
аталады. Бұларды талдау техникалық - ұйымдастырушылық
деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен
қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.
Техникалық және
ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру
шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:
• еңбек
өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны
және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқуы;
• материалдық
қайтарымның үстелуі,
материалдық
ресурстардың
шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
• негізгі
өндірістік
қорлардың қор қайтарымының үстелуі (қор сиымдылығының
төмендеуі), негізгі
өндірістік қорлардың салыстырмалы ауытқуы;
• айналым қаражатының айналым
жылдамдығының үстелуі, (босатып алу немесе байлау)
айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
• қарқындату есебінен еңбек, материалдық
және қаржы
ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді
шығару мөлшерінің үстелуі;
• пайданың немесе өнімнің өзіндік
құнының үстелуі;
• кәсіпорынның
төлем
қабілеттілігі және қаржы жағдайының
көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын
техникалық және технологиялық шешімдердің
үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз
байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің
ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік
заттарға технологиялық қарқындылық және
технологиялық басқарылатын процестерге, оның
бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты
болады.
Жобалауда, әзірлеуде
және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде
бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау
төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші
кезең — бұл инновациялық шараларды жүзеге асыру үшін
қажетті шығындарды анықтау;
Екінші
кезең - бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші
кезең— бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі
зкономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші
кезең — бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы
салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Өндіріс жағдайында
экономикалың тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:
• өнімде
және қызмет көрсетуде қолданыстағы
көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер;
• қолданыста заңды түрде белгіленген
өндірістік ресурстар
• қолданыстағы
кәсіпорынның
пайдадан нормативтік аударымы
және орталықтандырылған салалық қорлар және
резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың
мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;
• банкілердің
несие берудегі немесе
жеке қаржыларын
сақтау жөніндегі кәсіпорынның тәртібі мен есеп
ажырасу мөлшері;
• валюталық түсімдерді қайта есептеу
нормативтері, т.б.
Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы "Инновациялық қызмет
туралы" қабылданған заңының қазіргі
ғылыми-техникалық саясатты жетілдіруде орны ерекше. Осы заң
негізі инновациялық қызметті қоғамға енгізу мен
оны әрі қарай жетілдіру бірінші кезекте тұр.
Инновациялық қызметті қоғамда ғылымда,
әлеуметтік өмірде, саяси жүйеде, өмірдің
тағы басқа салаларында да кеңінен қолдануға
болады. Жаңа жетістіктерге қол жеткізу жолындағы ізденіс
және оларды дамыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді
қолдану заман талабынан туындап отыр. Инновациялық процестерге бет
бүру дегеніміз - бұрынғы даму жолдарын өзгерту,
қоғамның барлық саласының даму динамикасын
жаңарту, ғылыми-техникалық дамуға жаңа стимул
беру мақсатында жұмыс істеу.
Қазақстан
Республикасының кешегі, бүгінгі, ертеңгі даму
үрдістерін жан-жақты қарастыра отырып, қазіргі
кезеңдегі ғылым мен техника жетістіктерін өндірістік
пайдаланудың 2003-2015 жылдарға арналған
бағдарламасында осы мәселелер кеңінен көрсетілген,
алайда оны жүзеге асыруда көптеген кемшіліктер болып жатыр.
Қазақстан Республикасының Инновациялық
қызмет туралы заңында инновациялық кызметті
жетілдірудің басты бағыттары көрсетілген. Ендігі міндет осы
басым бағыттарды жүзеге асыру механизмін жетілдіру болып отыр.
Қазіргі кезеңдегі инновациялық қызметті
жетілдірудің басты жолы — бұл нақты саясаттың
алғышарттарын қалыптастыру мен шынайы инновациялық
қызмет субъектілерін ұйымдастырудан басталуы тиіс. Бұл
мәселелерді шешу, ең алдымен, елімізде Ұлттық
инновациялық орталық құрылуымен және барлық
істерге сол орталық басшылық жасауымен аяқталуы тиіс деген
ойдамыз. Жоғары оқу орындарында арнайы инновациялық
бағыттағы мамандықтар ашу керек — ол инновациялық
саясатты жетілдіру субъектілерін кеңейтуге жол ашады.
Инновациялық
прогрестің инновациялық саясатпен тікелей байланысты екендігі
ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, инновациялық
прогресті жаңа жағдайда
мемлекеттік реттеу былай түсіндіріледі:
- ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда ( белгілі бір
уақытта кәсіпорын өзін өзі қаржыландыра алмаса,
оған мемлекет тарапынан құрылған орталықтың
көмегі керек болады. Бұл өз кезегінде ғылыми
ізденістің тәуекелшілдік элементімен байланысын
көрсетеді;
- мемлекеттің
үйлестірушілік қызметін керек ететін және технологиялық
жүйелердің мызғымастығын анықтайтын кешенді
өндірісті білдіретін, өнеркәсіптің тиімділігін
арттыратын және технологиялық алға жылжушылыққа
әкелетін ғылым мен техниканың жетістігін жариялайтын жеке
басылымдар шығуы керек;
- ірі зерттеулерді
ұйымдастыру және оларды қоғамның
денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, қоршаған
ортаны қорғау, инфрақұрылым салаларында қолдану,
сонымен қатар мемлекеттік деңгейде тәжірибеден өткізу
мүмкіндігін қарастыру.
Инновациялық саясатты іске
асыруда өнеркәсіп, кәсіпорындар көбіне
экономикалық өркениетке ұмтылуға тырысады. Жалпы
мемлекетте жүргізілетін ғылыми-техникалық саясатты
қалыптастырудың негізгі принциптері төмендегідей:
— орта және шағын
бизнес субъектілерін инновациялық қызметке тарту, олардың
қаржылық-кредиттік салада толық мемлекет тарапынан
қамтамасыз етілуін талап ету;
— инновациялық саясатты дамытуға
халықаралық серіктестіктерді тарту және ұлттық
мүддені, интеллектуалдық әлеуетті қорғау;
— инновациялық саясаттың
экономикалық-әлеуметтік бағытын жеке-дара қарастыру;
—
әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін
ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттарын
таңдап алу;
— ғылым мен
техниканың басым бағыттарын іске асыру үшін ресурстарды бір
жерге топтастыру;
— ғылым — өндіріс — тұтыну жүйесіндегі
халықаралык еңбек бөлінісінің объективті
үрдістерін көрсету үшін, халықаралық
ғылыми-техникалық ынтымақтастықтар мен топтарға
мүше бөлу;
— осы жүйені
қолданысқа енгізіп, қалыптастыру үшін қажетті
орталықтың болуы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан
Республикасының "Инновациялық қызмет туралы"
Заңы. Астана, 2002.
2. Қазақстан
Республикасының 2003—2015 жылға арналған инновациялық
саясатты жетілдіру бағдарламасы. Алматы,
2003.
3. Қуатова А. Кәсіпорын экономикасы//Алматы,
2006
4. Стратегия
индустриально-инновационного развития РК на 2003-2015 годы // Указ Президента РК от\17.05.2003г. № 1096 // СЛГШ, 2003, ЛЙ
23-24.
5. Кембаев Б.А., Васильева Н.В. Роль государства в развитии инновациониой деятельности в
Казахстане. Аналит. Дозор. -Алматы: КазгосИНТИ,
2004.-566.