Магистрант Дюсекина Гаухар

«Тұран - Астана» университеті, Қазақстан

 

Экономикалық талдау – инвестициялық стратегияның құрамдас бөлшегі

 

Инвестиция – бұл экономиканың алуан түрлі салаларына ұзақ мерзімді капитал салымы. Инвестицияның тура нақты түрлері - өндіріс орнына жаңа техникалық жабдықтар алуға және қаржылық салым акциялар мен мемлекеттің құңды қағаздарын сатып алу үшін жұмсалады. Бірінші жағдайда өндіріс – инвестор қаражатын сала отырып, өзінің өндірістік капиталын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор өз қаржылық капиталын арттырады, дивидендке ие болуы – құнды қағаздар кірісі деп саналады.

Стратегияның таңдау процесінің өндеу кезеңдерінде, ол жоба және талдаудан (бағалаудан) құралады. Қойылған мақсаттарға жету үшін бірінші кезеңдерде стратегиялардың жобалары жасалды. Мұнда ен басты мақсат - альтернативті стратегиялардың  көп болуы. Стратегияның екінші кезеңінде мемлекеттін даму мақсаттарына байланысты, парабарлық (адекватность) деңгейіне дейін істеліп және олардың әралуандылығы үшін  жалпы стратегия қалыптасады. Жалпы үшінші кезеңде мемлекет стратегиялар баламалары талданады және негізгі мақсаттарға жету үшін олар жарамдылық дәрежесінен бағаланады. Мына кезеңдерде жалпы стратегиялардың толтырылуы нақтылы ұстаумен негізделеді.

Стратегияның дамуы кульминациялық моментті, альтернативті варианттардың талдауы мен түрлердің бағалауын қарастырады. Стратегияның сондай-ақ бағалау мақсаттарын таңдауы, мемлекет болашақта өз жұмысын  максималды тиімділікті қамтамассыз үшін. Тиісті стратегиялық таңдаудың негізі, мемлекеттік айқын концепциясының дамуын айтуымыз жөн. Сондықтан мұқият таңдалған альтернативті стратегия зерттеледі  және бағалананды. Осыған байланысты көп санды факторлар қабылдауды назарға алу тиіс: тәуекел, өткен стратегия тәжіребесін, уақыт факторларын және де тағы басқасы [1].

Шетел инвесторлары жоғарыда айтылған шарттардың арқайсысын қарастырып, бағалайды. Инвестициялық ахуал мен инвестициялық тәуекел өзара байланысты. Инвестициялық ахуал неғұрлым қолайлы болса, инвестиция тәуекелдігі де шағын болады. Көптеген инвесторлар Қазақстанның маңыздылығын, оның ірі нарығына жақындығында, жеке нарықтық потенциалын  арттыруында деп түсіндіреді. Қазақстан өзінің табиғи шикізат, энергия көздерімен жақсы қамтылған. Территориясы (2,7 млн. кв. км) көп елдерден қомақты болып келеді. Қазақстан мұнай мен табиғи газдың ірі өндірішілерінің бірі, бірақ игерілмеген  өте зор аймақтары бар, инвестиция тартылса қолданылуы да мүмкін. Біздің республика әлемде көмір кенінен 3-ші орында, темір рудаларын, мыс, алюминии, никель, фосфат шикізатынан алда. Республика алтын шығарудан әлемде үшінші орында. Болашақ та игерілмек қара, түсті металдардың бағамы АҚШ долларымен 245,7 млрд долларды құрайды немесе 2,4 млрд АҚШ долларын құрайды. Эксплуатациялық шығындар 160-180 млрд доллар, потенциалды кіріс 50-67 млрд доллар, тау кен өндірісіне инвестиция тартылуы қажет. Өзінің еңбек ресурстарының ыңғайы жағынан Қазақстан бұрынғы кеңес елдері арасында төртінші орынды иленеді [2].

Қазақстандық ғалымдар инвестициялық ахуал факторын реципиент – елдерде іс-әрекеттің өкімет пен қатысты, қатысты еместілігіне қарап бөлінеді (Кесте-1). Әлемдік тәжіребеден үйрену инвестициялық ахуал құрылымдарын нақтылап, екі түрлі маңызды қарым-қатынасқа итермеледі, біріншісі түрлі факторларды бағалау, бағдарлау.

Маңызды түрде атап өтерлігі, елде неғұрлым инвестициялық ахуал төмен болса, соғұрлым капиталды тартудағы шығын да ұлғаяды. Барлық факторларға талдау инвестициялық ахуалды бағалауға мүмкіндік береді, реципиент – елдің инвестициялық көрсеткіші рейтингті орын алады. Инвестициялық ахуал индексінен және оның жекелеген құрамдас бөліктерінен шетел инвестициясы ағыны байланысты, бұл тәуелсіздік ерекшелігі түрлі сипатта, мысалы, рейтинг таблицасында бірінші – үшінші орынды иеленушілер (АҚШ, Ұлыбритания, Жапония), шетел инвестиция сомасының 50 пайызын құрайды.

Кесте 1 - Инвестициялық факторлар ахуалы

Үкімет әрекетімен байланысы жоқ

факторлар

Мемлекет әсері күшті салалар

- табиғи ресурстар молдығы;

- елдің геосаяси жағдайы;

- елдің технологиялық даму деңгейі;

- кәсіпкерліктің өркендеуі;

- қаржыландырудың потенциалды көзі ретінде жеке жинақ деңгеі;

- БАҚ-ның саяси-экономикалық өмір арнасындағы орны, рөлі;

- еңбекшілер біліктілігінің деңгеі;

- адами ресурстар өнімділігі;

- ақпараттық орта;

- реципиент – ел тұрғындарының шетел инвесторларға қатысы.

- шетел инвестициясына және шетел инвесторларына қатысты мемлекет тарапынан жүргізілетің саясат;

- құқықтық база, шетел инвесторларының қорғанысын қамтамассыз етуі;

- жеңілдікке негізделген салық саясаты шетел инвесторлары үшін;

- бюрократтық деңгейі реципиент – елдерде;

- ішкі тұрақты шығындардың деңгейі

(жұмыс күші құны, энергия, ресурс шығындары);

- саяси тәуекелділік деңгейі;

- өкіметтік даму бағдарламалары;

- инвестицияны сақтандыру жүйесі;

- ұлттық валюта тұрақтылығы;

- реципиент – елдердің халықаралық деңгейіндегі имиджі.

 

Оның ішіне мынадай тараулар да енеді:

-            экономикалық тұтқалар, мемлекеттік салымдарды оптимальды бөлу мен пайдалануға бағытталған;

-            аймақтық деңгейдегі инвестициялық жеңілдіктер;

-            өндірістің және мекемелердің жеке форма мен шіктерінің өсуіне бағытталған іс – шаралар.

Халықаралық агенттігі ынтымақтастығының несие рейтингінің қатары толыға түсуде, әлемдік деңгейде инвесторлар қызуғышылығы туындауда. Рейтингтік агенттік “Standart Poors” және “Moodys” әлемдік, халықаралық дәрежеде лидерлер болып рейтинг компанияларының төрінен орын алады. Аталған екі агенттік дивиденттер көлеміне қарай бағалау жүргізеді. Рейтингтік агенттіктер іс-әрекеті іскер, қабілетті инвесторлар үшін маңызды, ұзақ мерзімді инвестицияларға қолайлы екі агенттіктің жұмыстарындағы принципті сауалдар әдістемелер жиынтығы ретінде орын алады. Инвестициялық рейтингті көтерудің құрамдас бөлігі инвестициялық белсендікті жандандыру нәтижелері. Инвесторларды ынталандыру механизмдері салықтық, бюджеттік, қаржылық-несиелік реттеу жабдықтарының жиынтығын қарастырып, экономиканы инвестициялауға, өндірісті көтеруге, коммерциялық делдалдық әрекетті жандандыруға бағытталады [3].

Бүгінде көптеген елдер ұлттық экономиканы шетел капитал салымы үшін ашып қойды. Шетел капиталына бақылау, қатан регламент көптеген іс-шараларға жол ашты: ынтандыру, шетел инвесторларына қосымша кепілдеме ұсыну, инвесторлар негізгі мәнді преференциалды режимде ынғайлайды, бұның өзі инвестиция барысында кәсіпкерлерге шешім қабылдауға арқау болады. Келесі жеңілдіктер орын алған:

-                тура субсидиялар, зерттеу жұмыстарын өткізуге, нарықты тану үшін бөлінеді;

-                жеңілдікті жағдайлардағы зайымдар төменгі пайызбен және мемлекеттік кепілдік ыңғайында ұсынылуы;

-                қарқынды амартизация;

-                салық айналысының жеңілдіктері;

-                жергілікті персоналды оқыту шығындары төлемі;

-                түрлі ақпараттар мен кеңес орталықтарын құру;

-                еркін экономикалық аймақтар құру.

Инвесторларды ынталандыру құралы отандық шетел инвесторларына салықтық жеңілдіктер. Инвестицияны қолдау, марапаттау әдістері экономикалық шара. Салықтық ынталандыру шарасы дамыған әлемде салықтық демалыстар. Аталмыш жеңілдік жаңа фирмаларға ұсынылады, көптеген бері еңбек келе жатқандарға бұл жеңілдік тағайындалынбайды. Бұл ынталандырудың мәні салықтан өндіріс басталғаннан бастап немесе кіріс көзінің белгілі мерзімге дейін тағайндалымына қатысты. Кейде бұл жеңілдік мерзімі келесі кезенге төмендетілген жүктемемен ыңғайласады. Онтүстік Шығыс Азияда, мысалы, инвестиция ағының ынталандыру ерекше статус ұсынуымен байланысты. Ол статус «пионер» деп аталады. Осы статусқа сәйкес Сингапурде салықтан 40 пайызға дейін босатылу бар. Жеңілдік кезені салықта бес, он жыл және білікті жұмыс күшінің денгейіне де қатысты, зерттеу шығындармен байланысты. Қытайда шетел компаниялары 10 жыл көлемінде жұмыс атқарса, әрі қарай үш жылда екі есе аз төлеп тұрады. Тайландта салық жеңілділігінің шамасы өндірістің салалық ынғайына қарай анықталады және 3-тен 8 жылға дейін тағайындалады, ол одан кейінгі бес жыл ішінара босатылады. Салықтық ынталандырудың келесі түрі капитал инвестициясы мен салық несиелеріне жеңілдіктер. Салықтық жеңілдіктер түрін таңдау сапа қатысына байланысты. Инвестицияға салықтық жеңілдіктер АСЕАН елдерінде кең қолданыс табуда. Бұл ынталандыру мәні өндіріс кірісінің белгілі салықпен емес, инвестиция шамасына қатысты, ұсынылған жеңілдік жүктемелеріне байланысты.

Ынталандырудың басқа формасы - инвестициялық салықтық несие. Әлемдік тәжіребеде аталмыш жеңілдіктің кен қолданылуы ескі жабдықтарды алмастыруға, техника мен технологияның жаңа түрлерін енгізуге байланысты. Инвестициялық салық несиесінің айқындалуы ереже бойынша, жабдықтар құнының пайыздық көрсеткішіне, кіріске қатысты. Осылайша, салықтық несие де онтайлы жүйе. Мысалы, АҚШ-та 6 пайыздық салықтық жеңілдік капитал салымдарынан нысандарға үш жыл мерзімінде, 10 пайыздық жеңілдік жабдықтардың басқа түрлеріне беріледі.

Қазақстанда инвестициялық ахуалды өркендетудің  маңызды факторы – инвестициялық іс-әрекеттің заңдылық базасын реттеп отыру. Ол институционалды инвесторлар ретінде тұрғындар, кәсіпкерлер, мемлекет арасындағы қаражат көзіне байланысты әрекеттерді реттейді. Акционерлерімен  қатысына қарай  инвестициялық қорлар екі типке бөлінеді:

- бірлескен қор – ашық инвестиция қоры, ол акционерлер қорынан шығарылған акцияларды сатып алады, таза актив құны назарда болады.

- инвестициялық компания – жабық инвестициялық қор, өз акционерлерінен шығарылған акцияларын сатып алуға міндетті емес. Сонымен аталмыш әдіс мемлекет қызығушылығымен сәйкес келеді, жергілікті нарықта дамытуда  пайдасы зор.

Әдебиеттер:

1. Смаилов А. Инвестицялық тиімділік // «Саясат журналы», 2009 - №8. – с 31 – 37.

2. Сейтказиева А. М., Байкадамова А. Б. Инвестиционная деятельность предприятия. – Алматы.: Ғылым, 2009. – 187 с.

3. Ермеков А.  Инвестиционная деятельность в Республике Казахстан. – Алматы.: Ғылым, 2010. – 315 с.

Аннотация

В данной статье рассмотрен экономический анализ инвестиционных процессов в условиях рыночных отнашении.

Summary

In given article the economic analysis of investment processes in the conditions of market отнашении is considered.