Экономические науки/8. Математические
методы в экономике
Серкебаева Л.Т.
Костанайский государственный университет имени
А.Байтурсынова, Республика Казахстан
Халықтың өмір
деңгейін
негізгі фактор арқылы
корреляционды-регрессионды талдау
Халықтың өмір
деңгейі адамның тіршілік әрекетінің қандай да
болса бір жағын сипаттайтын, көрсеткіштер жүйесімен
анықталады. Бөлек қасиеттері бойынша келесі топтастыру бар: жалпы
және жеке; экономикалық және
әлеуметтік-демографиялық; объективные и субъективные; бағалық
және натуралды; сандық және сапалық;
статистикалық көрсеткіштер және т.б.
Халықтың өмір
деңгейін сипаттау үшін бірнеше көрсеткіштер болғанына
қарамастан, оны дәл сипаттайтын, негізгі көрсеткіш ретінде
орташа айлық еңбек ақы мөлшері табылады. Барлық басқа
көрсеткіштердің негізінде осы көрсеткіш жатады. Еңбек
ақы халықтың табысының көзі болып табылады.
Оның шамасына адамдардың қажеттіліктерінің қамту
деңгейлері байланысты. Табыстары жоғары адамдар өз
материалдық, сонымен қатар рухани
қажеттіліктерін қанағаттандыруға
мүмкіндіктері бар. Сондықтан да халықтың өмір
деңгейін көтеру бағыты ретінде халықтың орташа
айлық еңбек ақы мөлшерін көтеру жөн.
Болжамдаған байланысты
дәлелдеу үшін корреляционды-регрессионды талдау әдісін
пайдаланамыз.
Екі айнымалы арасындағы
корреляционды байланыс деп бір айнымалының басқа айнымалының
шартты математикалық функционалынан байланысын атайды.
Регрессионды талдау кезінде У
кездейсоқ шамасының Х кездейсоқ емес тәуелсіз шамасының біржақты байланысын
қарастырады. Бұл жағдайда У тәуелді айнымалысын
нәтижелік, эндогенді айнымалысы деп, ал Х айнымалысын - себепші, болжамдайтын, экзогенді айнымалысы
деп атайды.
Корреляционды-регрессионды талдау
процессін келесі деректер негізінде қарастырайық.
Кесте 1 – Бастапқы деректер
|
Облыс |
Халықтың өмір деңгейінің
индексі, У |
Орташа айлық еңбек ақы мөлшері,
Х1 |
Халықты дәрігерлермен қамту (10000 адамға есептегенде), Х2 |
Күндізгі білім беру мектептер саны, Х3 |
Тіркелген қылмыс саны, Х4 |
Аумақтық өнім көлемі (бір
адамға), Х5 |
Бөлшек тауар айналымының көлемі (бір адамға),
Х6 |
|
Ақмола |
10 |
47794 |
29,5 |
654 |
6234 |
0,69 |
0,078 |
|
Ақтөбе |
16 |
60375 |
47,6 |
472 |
5588 |
1,13 |
0,21 |
|
Алматы |
8 |
49715 |
21,1 |
756 |
8495 |
0,44 |
0,06 |
|
Атырау |
25 |
129009 |
30 |
202 |
3517 |
3,51 |
0,16 |
|
БҚО |
12 |
69455 |
30,9 |
435 |
4688 |
1,2 |
0,13 |
|
Жамбыл |
7 |
43951 |
25,7 |
472 |
5437 |
0,35 |
0,06 |
|
Қарағанды |
13 |
57611 |
46,6 |
590 |
10883 |
1,09 |
0,19 |
|
Қостанай |
7 |
49130 |
25,3 |
612 |
7943 |
0,78 |
0,09 |
|
Қызылорда |
9 |
60227 |
31,4 |
293 |
3639 |
0,89 |
0,08 |
|
Манғыстау |
21 |
112907 |
36,7 |
128 |
2923 |
2,34 |
0,11 |
|
ОҚО |
10 |
48610 |
29,5 |
1031 |
9268 |
0,37 |
0,04 |
|
Павлодар |
10 |
56113 |
38,7 |
431 |
8911 |
1,11 |
0,13 |
|
СҚО |
9 |
45755 |
25,6 |
633 |
4655 |
0,67 |
0,08 |
|
ШҚО |
7 |
53496 |
40,5 |
776 |
17823 |
0,65 |
0,16 |
|
Астана
қ-сы |
28 |
98864 |
74,7 |
84 |
3963 |
2,03 |
0,32 |
|
Алматы
қ-сы |
28 |
95139 |
74,1 |
242 |
12694 |
2,26 |
0,66 |
Нәтижелік У факторы ретінде
халықтың өмір деңгейін белгілейміз, ал әсер етуші
факторлар ретінде кестеде берілген басқа факторлар.
Microsoft Excel электрондық
кестесінде «Анализ данных» пакеті арқылы
маңызды әсер етуші факторларды анықтау үшін
жұптық корреляция коэффициенттерінің матрицасын есептейміз.
Бұл инструменттін нәтижесі 2
кестеде көрсетілген.
2 кесте – жұптық корреляция
коэффициенттірінің матрицасы (ЖККМ)

ЖККМ арқылы халықтың
өмір деңгейі мен келесі көрсеткіштер арасындағы
байланыс анықталады: орташа айлық еңбек ақы
мөлшері (корреляция коэффициенті 0,89); бір жанға есептегенде жалпы аумақтық
өнім көлемі (корреляция
коэффициенті 0,88); халықты
дәрігерлермен қамту (корреляция коэффициенті 0,75); бөлшек тауар айналымы (корреляция коэффициенті 0,73).
Осыған сәйкес, орташа
айлық еңбек ақы мөлшерін маңызды әсер етуші
фактор ретінде таңдаймыз.
Халықтың өмір
деңгейін орташа айлық еңбек ақы мөлшерінен
байланысты моделін анықтайық У=a+b*X.
Microsoft Excel
электрондық кестесінде «a» және «b» параметрлерін есептейміз: a=-3,21;
b=0,0003. Регрессия теңдеуі келесі түрге ие болады:
У=-3,21+0,0003*Х. Бұл
теңдеуді болжамдау үшін пайдаланамыз.
Облыста орташа айлық еңбек
ақы мөлшері 100000 теңгеге тең деп болжамдаған
жағдайда, жұптық регрессия моделі көмегімен
есептелінген өмір деңгейінің мөлшері келесі У=-3,21+0,003*100.000=26,79. Осындай
мәнге тең өмір деңгейі сол аумақтың
жоғары деңгейлі аумақтардың топтарына жататының
дәлелдейді.
Жұптық корреляция
коэффициенті 0,89 тең болғандықтан, халықтың
өмір деңгейінің көрсеткіші орташа айлық
еңбек ақы мөлшерімен тығыз және тура байланыста
деп айтуға болады, сондықтан да халықтың өмір
деңгейін көтеру үшін, орташа айлық еңбек
ақы мөлшерін өсіру жөн.
Литература:
1.
Брошюра «Регионы Казахстана» Агентство
Республики Казахстан по статистике Астана, 2010/ 24 стр.
2.
Н.Ш.Кремер, Б.А.Путко.
Эконометрика. Под редакцией профессора Н.Ш.Кремера. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2006.