Экономические науки/8.
Математические методы в экономике
Серкебаева Л.Т.
Костанайский государственный университет имени
А.Байтурсынова, Республика Казахстан
Қостанай облысы бойынша
халықтың өмір деңгейін есептеу және салыстыру
Қазіргі уақытта өмір деңгейі
түсінігінің бірнеше анықтамалары мен есептеу әдістері
бар.
Берілген мақалада
аумақтың өмір деңгейін есептеу үшін индекстік
әдіс пайдаланған. Бұл әдіс бір қалыпты емес
көрсеткіштерді біріктіру негізінде қалыптасқан. Бұл әдістеме көмегімен аумақтардағы
халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының
әр түрлі аспектілерін сипаттайтын
көрсеткіштері бойынша баллдар анықталады.
Баллдық бағаларды
анықтау үшін барлық аумақ бойынша
көрсеткіштердің диапазондық интервалдары есептелінеді.
Берілген көрсеткіштің ең жоғары және ең
төмен мәндері арқылы диапазон анықталады. Диапазондар
он тең интервалдарға бөлінеді, әрбір интервалға
оның нөміріне сәйкес келетін балл беріледі (1-ден 10-ға
дейін). Сол аумақтың барлық көрсеткіштері арқылы
10-баллдық шәкілі бойынша есептелінген
баллдар соммасы сол аумақтағы халықтың өмір
деңгейінің индексін құрайды. [1]
Жоғарыда анықталған
әдіс Қостанай облысының аумақтары бойынша өмір
деңгейінің индексін есептеп, салыстыруға пайдаланған.
Қостанай облысы
әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес 16 ауданнан
және облыстық мағынасына ие 4 қаладан тұрады:
Алтынсарин, Амангелді, Аулиекөл, Денисов, Жангелді, Жітіқара,
Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Мендықара,
Наурзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Қостанай қ-сы,
Арқалық қ-сы, Лисаков қ-сы, Рудный қ-сы.
Қостанай
облысы халқының өмір деңгейінің индексін есептеу
үшін төменде аталған көрсеткіштер пайдаланған:
·
орташа айлық еңбекақы төлемі;
·
жұмыссыздық деңгейі;
·
жалпы бөлшек тауар айналымының көлемі;
·
барлық мамандардың дәрігерлер саны, 10000 адамға есептегенде;
·
күндізгі жалпы бірім беру мектептердің саны.
Талдауға жататын бастапқы
деректер 1 кестеде берілген. [2]
1 Кесте. Қостанай облысы бойынша халықтың
өмір деңгейін құрайтын көрсеткіштер мәндері
(2010 ж)
|
Аудандар |
Орташа айлық еңбекақы төлемі, тенге |
Жұмыссыздық деңгейі, % |
Жалпы бөлшек тауар айналымының көлемі, мың.тенге |
Барлық мамандардың дәрігерлер саны, 10000
адамға есптегенде |
Күндізгі жалпы білім беру мектептердің саны |
|
Қостанай облысы |
29 249 |
7,8 |
46 473 337 |
25,5 |
654 |
|
Алтынсарин |
21 330 |
5,5 |
76 882 |
17,6 |
23 |
|
Амангельді |
19 908 |
6,7 |
182 947 |
12,9 |
27 |
|
Аулиекөл |
22 407 |
6 |
835 573 |
15,6 |
40 |
|
Денисов |
19 902 |
5,6 |
362 991 |
9,8 |
36 |
|
Жангелді |
19 376 |
7 |
116 307 |
6,4 |
25 |
|
Жітіқара |
25 622 |
8,6 |
903 028 |
15,2 |
27 |
|
Қамысты |
20 501 |
5,6 |
175 143 |
14 |
19 |
|
Қарабалық |
20 472 |
6,7 |
538 185 |
9,1 |
44 |
|
Қарасу |
20 742 |
5,4 |
582 950 |
11,3 |
41 |
|
Қостанай |
21 239 |
7,2 |
3 502 339 |
16,3 |
57 |
|
Мендіқара |
19 982 |
5,6 |
217 198 |
8 |
45 |
|
Наурзым |
19 496 |
6 |
68 526 |
10,5 |
14 |
|
Сарыкөл |
21 413 |
6,6 |
435 479 |
10,2 |
35 |
|
Таран |
26 565 |
6,5 |
232 295 |
12,3 |
36 |
|
Ұзынкөл |
20 343 |
5,6 |
139 095 |
8,4 |
35 |
|
Федоров |
21 108 |
5,5 |
361 139 |
14 |
43 |
|
Костанай қ-сы |
32 599 |
9,9 |
30 663 860 |
53,4 |
43 |
|
Аркалык қ-сы |
26 960 |
10,4 |
804 340 |
31,1 |
31 |
|
Лисаков қ-сы |
33 138 |
8,2 |
952 207 |
22,8 |
9 |
|
Рудный қ-сы |
37 807 |
8,4 |
5 322 853 |
28,6 |
24 |
Нәтижесінде барлық
көрсеткіштер топтары бойынша есептелінген индекстер 1 суретте
көрсетілген.

1 Сурет. 2010 жылдың нәтижесі бойынша есептелінген
халықтың өмір деңгейінің индекстері
Осылайша
айтқанда, қарастырылып отырған кезеңде
көрсеткіштер жиынтығы бойынша халықтың өмір
деңгейін сипаттайтын индекстері арқылы бірінші орында
Қостанай, Рудный қалалары, Аулиекөл, Қарасу,
Қостанай, Мендықара аудандары тұр. Осы аумақтарда
келесі көрсеткіштердің жоғары индекстері байқалады:
орташа айлық еңбекақы төлемі, күндізгі жалпы білім
беру мектептер саны, дәрігерлер саны (10000 адамға есептегенде),
тауар айналымының көлемі. Ал жұмыссыздық бұл
аумақтарда деңгейі төмен.
Екінші орын
Қарабалық, Федоров, Сарыкөл, Алтынсарин, Денисов,
Ұзынкөл, Амангелді, Жітіқара аудандарында.
Үшінші топқа
Лисаков, Аркалық қалалары, Қамысты, Жангелді, Наурзым
аудандары жатады.
Литература:
1.
Жеребин В.М., Романов
А.Н. Уровень жизни населения. – М: ЮНИТИ-ДАНА, 2002 г.
2.
Брошюра «Регионы Казахстана» Агентство
Республики Казахстан по статистике Астана, 2010/ 24 стр.